kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Металдар, металдарды пісіруге дайындау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Металдар, металдарды пісіруге дайындау. Арнайы пән бойынша интегралды сабақ жоспары. Арнайы пән мен химия сабағы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Металдар, металдарды пісіруге дайындау.»

сабақтың № _______

№ урока__________

күні _________

дата _________

__________тобы

группа ________


Сабақтың тақырыбы: Металдар, металдарды пісіруге дайындау.

Сабақтың мақсаттары


Білімділік: Студенттерге металдардың атом құрылысына тән ерекшеліктерімен, олардың қасиеттеріне көңілін бөле отырып, дәнекерлеу өндірісіндегі металдардың пісірулуі туралы жаңа тақырыпты игерту. Студенттерге еліміздің қазба байлықтарымен Қазақстан металлургиясы және оның дамуына ғалым Қаныш Сатпаевтың қосқан үлесімен таныстыру.


Дамытушылық: Өзіндік жұмыс істеуге баулу, студенттердің ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған теориялық білімдерін іс - жүзінде қолдана білуге және пәндермен байланыстыра білуге үйрету; жалпы металдарға сипаттама бере отырып, Қазақстанның металлургиясы туралы мәлімет беру; жаңа технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру.


Тәрбиелілік: Оқушыларды периодтық кестедегі металдардың орнын, атом құрылысының ерекшеліктерін білуге және оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалды пайдалануға дағдыландыру, металлургия саласы бойынша кәсіптік бағдар беру, ойлау қабілетін дамыту, өз білімін өзі тексеріп бағалай білуге үйрету және іздемпаздыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы


Оқу құралдары: оқулық, интерактивті тақта, бор, слайдтық презентация, Д.И. Менделеев кестесі, кестелер.


Пәндер орасындағы байланыз: химия, материалтану, физика


Сабақтың мазмұны

  1. Ұйымдастыру кезеңі-2 мин

Студенттерді 4 топқа бөлу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер .

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай.

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай,-деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы

  1. Білімдерінің жан-жақты тексерісі -5 мин

1. Аl салыстырмалы атомдық массасы: (27)

2. Адамзат баласы қандай элементті алғаш өндірді? (Мыс)

3. Ең жеңіл металл. (Литий)

4. Темірдің атомдық салмағы? (56)

5. Сұйық металл? (Сынап)

6. Ең ауыр металл? (Осмий)

7. Ең қатты металл? (Хром)

8. Магниттік қасиеті бар металл? (Темір)

9. Электр тоғын ең күшті өткізетін металдар? (Күміс, мыс, алюминий)

10. Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық элемент? (Мырыш)

  1. Оқушылардың жаңа материалды белсенді және саналы түрде игеруіне дайындығы- 3 м

Жоспар:

  1. Металдардың периодтық жүйедегі орны.

  2. Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері.

  3. Қазақстан металлургиясында өндірілетін металдар (бейнеролик)

  4. Металдардық қорытпалары, болаттың қасиеттері.

  5. Металдардың пісірілуге дайындығы.

  1. Жаңа білімдерді игеру 20 мин

1. Химиялық элементтердің басым көпшілігі - металдар. Қазір белгілі болып отырған 110 элементтің 88-ы металдарға жатады. Химиялық элементтердің барлық топтарында металдар бар. Периодтық кестедегі металдар мен бейметалдарды өзара бөліп көрсету үшін II топтағы бериллийден VII топтағы астатқа қарай диагональ жүргізіледі. Сызықтың жоғары жағында қосымша топша металдарын есептемегенде, бейметалдар, ал төменгі жағында металдар орналасады. Олар I-III топтың негізгі топшасында жəне барлық қосымша топшаларында кездеседі. Металл атомдарының өзіне тəн ерекшелігі бар. Диагональ сызықтың дəл үстінде жатқан берилий, алюминий сияқты металдар екі жақты қасиеті бар екідайлы элементтерді құрайды. 2. Металдардың физикалық қасиеттері

Металл кристалындағы атомдар, иондар "электрон газымен" берік ұсталып, металдық байланыс түзеді дедік. Кристалдағы бос электрондарға тəуелді металдар белгілі бір ортақ қасиеттерге ие болады. Бұл қасиеттерге жылу жəне электрөткізгіштік, металдық жылтыры, иілімділігі, т.б қасиеттері жатады.

Электр жəне жылуөткізгіштігі

Электр өрісінің əсерінен электрондар бағытты қозғалысқа ие болады, сөйтіп, электр тогя пайда болады. Электрөткізгіштігі ең жоғары металдар күміс пен мыс, одан кейін алтын, алюминий, темір болып келеді. Ең аз электрөткізгіштік сынапқа тəн

Металдық жылтыры

Бұл металдардың өзіне тəн қасиеттерінің бірі-оны адамдар өте жоғары бағалап, кейбір көркемөнер туындыларын жасауға пайдаланады. Металдың бəрі де мөлдір емес, өзіндік жылтыры бар. Олар көбінесе сұр түсті болып келеді.

Иілімділігі (пластикалығы)

Металдарды соққанда, ұсақ түйіршіктерге бөлініп шашырап қалмайды, небəрі пішінін өзгертіп тапталады не жанашылады, яғни соғуға төзімді пластикалық қасиетін, иілімділігін көрсетеді.

Балқу температурасы

1000° жоғары температурада балқитын металдарды қиын балқитын, ал одан төмен болса, оңай балқитын деп бөлінеді. Ең оңай балқитын металл-сынап оның балқу температурасы 38,9 градус. Ең қиын балқитын металл-вольфрам, оның балқу температурасы 3390 градус, сондықтан оны элеткр шамынынң сымын дайындау үшін қолданады.

Кейбір металдар
  1. Сілтілік металдар:

    • Литий

    • Натрий

    • Калий

    • Рубидий

    • Цезий

    • Франций

  2. Сілтілік-жер металдар:

    • Магний

    • Кальций

    • Стронций

    • Барий

    • Радий

  3. Амфотерлі металдар (екідайлы):

    • Алюминий

    • Галлий

    • Қорғасын

    • Қалайы

    • Бериллий

    • Мырыш

  4. Бағалы металдар:

    • Рутений

    • Родий

    • Палладий

    • Осмий

    • Иридий

    • Платина


Металды пісіруге даярлау

Металды пісіру алдында металды тазалайды, түзетеді, таңбалайды, кеседі, жиектерін өндейді, иеді және бөлшектерін жинақтайды.

Түзету – илемді материалдың деформациясын жою үшін жүргізіледі. Табақты және сортты металды суық күйінде табақ түзету жанышпа білікте және баспақта түзетеді. Қатты майысқан металды ыстық күйінде түзетеді.

Таңбалау – бөлшектің өлшемін металға түсіру үшін жасалады. Таңбалау жеке, қима үлгімен, оптикалық және машиналық әдіспен жасалынады. Жеке таңбалау – өте күрделі үдеріс. Қима үлгі әдетте алюминий қаңылтырынан жасалады. Таңбалау үшін келесі құралдар қолданылады: сызғыш, бұрыштама, рулетка.

Оптикалы деп белгіленетін металл бетіне жобаланған сызба бойынша таңбалау әдісін атайды.

Металдың кесуі механикалық және термиялық болады. Механикалық кесу механикалық жабдықта орындалады: қайшыда, кеспе белдегінде және баспақта. Термиялық бөліп кесу өнімділігі төмен, қайшыға қарағанда, бірақ универсалды және түзу сызықты мен қисық сызықты профиль дайындамасын түрлі қалындықта орыдауға қолайлы.

Жиектерді термиялық және механикалық әдіспен даярлайды. Бір жақты немесе екі жақты қия кесікті жасау үшін екі немесе үш кескіш қолданылады. Білдекте жиектерді механикалық өңдеуде жинақтың нақтылығын қамтамасыз ету үшін, қиық жиек пайда болу үшін жасайды.

Металды ию қаңылтырды майыстыратын жанышпа білікте цилиндрлі және конусты бет жасау үшін жүргізеді.

Металды пісіруге қырнау (тазалау) – бұл оның бетінен кірді, майды, тотты, қылауды шашыраманы, отқабыршықты алып, тазарту үшін жасалады. Мұнда механикалық және химиялық әдістер қолданылады.

Механикалық әдіске бытыра ағымды және бытыра шашыранды өңдеу жатады, сонымен қатар металл қылшақпен тазарту, инелі жонғыш, ажарлы шеңбер және таспа жатады.Химиялық әдіспен майсыздандыру жасайды және пісірілетін бөлшектердің беттерін өңдейді. Екі әдісі бар: астаулы және ағымды. Бірінші әдісте бөлшектерді астауға кезекпен салады да (түрлі қоспаларымен) белгіленген уақытқа дейін ұстайды. Екінші әдісте бөлшек беттері кезекпен түрлі қоспалар ағымымен өңделеді. Соның нәтижесінде үзіліссіз тазарту жасалады. Химиялық әдістер өте тиімді, бірақ өндірісте ол әсіресе түсті металл тазартуда қолданылады.

Металды жегідеден қорғау үшін тазартудан басқа пассивирование немесе беттің грунтовкасын жасайды.

Бөлшектерді пісіруге жинақтау пісірме құрылымды кеңістікте өзара сай орналастыру үшін жасалады. Жинақтаудың уақытын азайтып, нақтылығын күшейту үшін түрлі құралдар қолданылады: қондырғы бөлшектер, қыспа механизмдер, стендтер, кондукторлар және т.б.

Пісірме түзілімі мен құрылымдарды көбінесе пісірме ұстатқышта айла бұйымдар көмегімен жинайды.

Ұстатқыштар – қысқа пісірме жапсарлар (15-50 мм, пісірілетін элементтің қалындығына және жапсардың ұзындығына байланысты). Пісірілетін бөлшектерді бекіту үшін ұстатқыш жапсардың қимасы негізгі жапсардан 1/3 болу керек. Ұстатқыштар арасындағы қашықтық әдетте 100 мм – ден 1 м дейін.

  1. Жаңа білімдерді бекіту 40 мин

  1. Металдардың түрлерін анықтау, олардың аталуы, реттік саны, период номері, топ номері, атомдық массасы, қандай элемент, валенттілік санын көрсету - 4 топқа конверт жасырылған тапсырма.5 минут

  2. Бұл кезеңде топ мүшелері ‘T’, “Б”, “Қ”, “С” әріптерді алып сол әріптерден басталатын құрал сайманды атайды.

Т- тескіш, түсеткіш, теміршебер, тұтас құрал, тіс кескіш,

Б- балта, балға белгісалғыш, бұранда, белгілегіш құралы, бұрғыш, бұрыштама, бұрағыш.

Қ- қайшы, қырғыш, қысқыш, қашау, қол құрал, қажаұты құрал.

С- сызғыш, съемник, станок, саптама, сызба құралы, сағалы құрал.5 мин

  1. Хмиялық элементтердің үш тілде айтылуы – 4 топқа конверт тапсырма.

1топ- (сутегі, водород, гидрогениум); (мыс, медь купрум);(күміс, серебро, аргентум)

2 топ – (қалайы, олово,станум); (алтын, золото, аурум); (қорғасын, свинец, плюбум)

3 топ – (көміртек, углерод, карбониум); (темір, железо, ферум); (мырыш, цинк, цинкум)

  1. топ (күшән, мышяк, арсеникум); (сынап, ртуть, гидраргирум); (күкірт, сера, сулфур)

5 мин

  1. Тақтада берілген суреттерарқылы оқушылар металлдар мен саймандардың атауын 3 тілде айтуы қажет. Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі.5 мин

Жауабы: Балта-топор-axe

Қалам-ручка-pen

Балға- молоток-hammer

Болат-сталь-steel

Кілт-ключь-key

Ара-пила-saw

Шеге-гвоздь-nail

Егеу-пилка-nail fail

Сызғыш-линейка-ruler

Алюминий-aluminium

Алтын-золото-gold

Қысқыш-кусачка-the plires platform

Мыс-медь-copper

Шойын-чугунь-iron

Электрод-electrode

Қолғап-перчатки-gloves

Қайшы-ножницы-scissors

Қашау-долото-chisel

Щетка-щетка-brush

Егеу-напильник-rasp

  1. Химиялық айналуларды жүзеге асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін шығарыңдар10 мин

Mg →MgO→Mg(OH)2→MgCl2→MgCO3→MgSO4 1 топ

Al→AL2O3→AlCl3→Al(OH)3→Al2(SO4)3 →Al(OH)32 топ

Сu→CuO→CuCl2→Cu(OH)2→CuO→Cu 3 топ

Fe →FeCl2→ FeCl3 →Fe(OH)3 →Fe2(SO4)3 →Fe(NО3)3 4 топ

  1. Капитандар сайысы. Бұл кезеңде капитандарға 5 сөз беріледі, сол сөзге капитандар өз сөзімен жасырынған сөзді өз тобына түсіндіруі керек.5 мин

1-топ

Трансформатор

Пісіру орынының түрлері

Амперметр

Еңбек

Өндіріс


2-топ

Мыс

Баластық реостат

Құрал жабдық

Жобалау

Кескіш құрал


3-топ

Электрод

Балқыту

Схема сұлба

Металл

Жұмысшының киімі


4-топ

Диформация

Егеу

Нүктелі жапсар

Маска

Құбыр

  1. Топтық жоба: Берілген қышқылдарға толық проектімен бейнелеп, қорғап шығу5 мин


Рефлексия: Алма ағашы көрсетілген түстер бойынша әшекейлеу.

Қызыл алма – сабақ өте қызықты, маған барлығы ұнады;

Сары алма – маған сабақ ұнады, бірақ мен барлығына үлгере алмадым;

Жасыл алма – сабақ қызықсыз болды, сондықтан да мен ештеңе істеген жоқпын;

Жолақты алма - мен барлығына үлгердім, бірақ сабақ онша қызықты болған жоқ;


Бағалау:

1 тапсырма-2 ұпай

2 тапсырма-3 ұпай

3 тапсырма-2 ұпай

4 тапсырма-5 ұпай

5 тапсырма-5 ұпай

6 тапсырма-3 ұпай

7 тапсырма-5 ұпай


Барлық ұпай саны – 25

“5” - 22-25

“4”- 18-21

“3” - 14-17

“2”- 10-13


  1. Үй тапсырмасы : Металдар тақырыбын мазмұндау, 118 беттегі №1-3 тапсырманы

жазбаша орындау.

Конспект- В.А Чебан «Пісіру жұмыстары» 96 бет







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Металдар, металдарды пісіруге дайындау.

Автор: Кумарбек Бахытнур

Дата: 10.04.2017

Номер свидетельства: 408092

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Металдар ж?не оны?  ?асиеттері."
    ["seo_title"] => string(35) "mietaldar-zh-nie-onyn-k-asiiettieri"
    ["file_id"] => string(6) "280040"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453309671"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства