Мектеп кабинеттері туралы түсінік беру, жаңа сөздермен таныстыра отырып, сөздік қорларын молайту, теориялық білімдерін практикада қолдану қабілеттерін қалыптастыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мектеп кабинеттері.»
Қазақ тілі 5 - сынып Сабақтың тақырыбы: Мектеп кабинеттері. Білімділік мақсаты: Мектеп кабинеттері туралы түсінік беру, жаңа сөздермен таныстыра отырып, сөздік қорларын молайту, теориялық білімдерін практикада қолдану қабілеттерін қалыптастыру; Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың топпен жұмыс жасау, тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру; Тәрбиелік мақсаты: Оқу ордасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, мәтінмен жұмыс. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, , ағылшын тілі, қазақ әдебиеті. Күтілетін нәтиже: грамматикалық және лексикалық тақырыптарды меңгеру Сабақтың көрнекілігі: слайдтар Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу;
Кезекшімен сұхбат;
І. Психологиялық дайындық (5 минут) тілек тілеу Біз бақытты баламыз, Ойнап, күліп аламыз. Жетілсін деп санамыз Оқып білім аламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (15 минут)
«Менің мектебім» тақырыбына шағын әңгіме жазу сын есімдерді қолданып.
Сын есімнің ережесі.
Өте жақсы, балалар! Үй тапсырмасы талапқа сай орындалған. Сонымен, қане, өткен тақырыбымыз қалай аталады?
Мектеп.
«Мектеп» сөзі қалай аударылады?
Школа, shcool.
Жақсы, балалар! Енді қазір «Тірек сөздер» стратегиясы арқылы өткен сабақты бекітейік. Тақтада көрсетілген тірек сөздер бойынша не айта аласыңдар?
Мектеп
Араб тілі үлгілі болу
Белсене қатысу оқушыларға арналған ережелер
Оқу орны жақсы оқу
1-қыркүйекте алғашқы қоңырау
Өте жақсы, балалар! Бағаланады
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Миға шабуыл» 5 минут стратегиясын қолданып кабинет суреттерін көрсету.
Енді тақтаға қарап, суреттерге назар аударып, бүгінгі тақырыпты айқындайық.
Сонымен балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады?
Кабинеттер
Өте жақсы, балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз; «Мектеп кабинеттері».
Олай болса, тақырып төңірегінде жаңа сөздермен танысып алайық.
Жабдықталған - оборудован
Мұғалімдер бөлмесі-учительская
Тарих кабинеті –кабинет истории
Қазақ тілі кабинеті – кабинет казахского языка
Ағылшын тілі кабинеті – кабинет английского языка
Шәкірт – ученик
Жақсы, балалар! Біз сендермен бірге жаңа сөздермен танысып алдық. Кабинет атауларының қазақша баламасын білдік, енді.
Топтық жұмыс. 10 Мәтінмен жұмыс
І-топқа тапсырма. Мәтінді оқып, аудару, есептік сан есімдерді теріп жазыңдар.
І-топқа тапсырма. Мәтінді оқып, аудару, күшейтпелі шырайда тұрған сын есімдердін астын сызыңдар.
ІҮ. Сергіту сәті. Поэзия минуты.
Топтық жұмыс. 5 Өнер сайысы. (жұмбақ, мақал-мәтел)
Жұмбақтарды шешу сайысы, жауаптарын үш тілде айту.