kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әңгіменің мазмұны арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне. автор көзқарасын бойлауға болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ

«№47 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП»















Ашық сабақ

Тақырыбы: М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе











Пән мұғалімі: Төребекова І.Қ









2014 – 2015 оқу жылы

Бекітемін:

Мерзімі: 16.01.2015 уақыты: 14.55 – 15.15

Сыныбы: 7 «Б»

Пәні: Әдебиет

Пән мұғалімі: Төребекова Іңкәр Қымбатқызы

Тақырыбы:

М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе

Мақсаты:

Әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне,автор көзқарасына бойлау

Міндеттері:

Білімділік - әңгіме мазмұны арқылы кейіпкерлер іс-әрекетіне,автор көзқарасына бойлау;

Дамытушылық – оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,мағынаны танып білуге ажыратуғы,ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік - табиғатты қорғауға аялап баптап күтуге,адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:

сын тұрғысынан ойлау сабағы

Қолданылатын

әдіс – тәсілдер:

сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Көрнекілігі және құрал жабдығы:

сызбалар, үлестірмелі қағаздар, плакат т.б

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

уақыты

мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушы ның іс - әрекеті

Ұйымдастыру

2 минут

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына назар аудару.

Кезекші мәлімдемесі тыңдалады

Үй тапсырмасын тексеру

10 минут

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Оқушылар жауабы тыңдала ды

Жаңа сабақты түсіндіру

20 минут

-Балалар, өзіміз оқып жүрген сүйікті пәніміз әдебиеттің адам өмірі үшін қандай маңызы бар?

(Иә, әдебиет өміртану құралы.Көркем шығарма арқылы өмірді таныта отырып,адамды тәрбиелейді.).

Ой қозғау. Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес.Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы.

Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя,талбесігі. Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді?

Ендеше табиғат дегеніміз не? Қалай түсінесіздер?


Қоршаған орта

Табиғат

Халық қазынасы

Ал табиғатқа шабуыл жасау,оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?

Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан ,бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі,олардың іс-әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі,яғни сюжеті Көксерек іс-әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.

  1. Оқиғаның басталуы—Қасқыр мекені.Бөлтіріктер тағдыры.

  2. Байланысы-Көксеректің ұяластарымен табысуы.

  3. Дамуы-Қарадыр еліндегі мазасыздық

  4. Шарықтау шегі-Құрмаштың қазасы

  5. Шешімі- Көксеректің жазасын тартуы.

( суреттері көрсетіліп,тұсына тақтаға ілінеді)

Міне, әңгіменің негізгі оқиғасы да есімізге түсті. Басты кейіпкерлер кімдер? (Иә,қасқырлар мен адамдар.)

Олай болса, біз қазір топ болып,екі топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз.Әр топтың жетекшісі өз тобынан жауап берген оқушыларды белгілеп отырсын.

Топтастыру. Екі топқа «Адам», «Қасқыр» сөздері жазылған плакат беріледі.Осы сөздер бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза бересіз.

Адам:

Қасқыр:

Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе-кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз Дайынбыз ба?

1.Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.

2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.

3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?

4.Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?

5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?

Талда. Көксеректің қатігездігін қай тұстарда байқадыңыз?

Толғаныс. «Синку-эй» әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.

1.Қасқыр

2. Жыртқыш,қомағай.

3. Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды

4. Қасқыр-түз тағысы, перзенті.

5. Бөрі,көкжал.


1. Аңшы

2. Қырағы,сақ

3. Атады,көздейді, аулайды,

4. Аңшы қансонарда аңға шығады.

5. Мерген.

Шығармашылық жұмыс: Қасқырға байланысты мақал-мәтел айтады.

  1. Қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды.

  2. Қасқырдың аузы жесе де қан,жемесе де қан.

  3. Ауыл иті болса да, бөрі келгенде бірігеді.

  4. Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар

Оқушылар жауабы тыңдалады

Қорытындылау

10 минут

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген

сұрақтарына жауап беремін.

1.Ауыл адамдары Көксеректі неге жек көрді,жазалады?

2. Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады?

3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?


Оқушылар жауабы тыңдалады

Бағалау

2 минут

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма

1 минут

М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша «Бөлтірікті қанша асырасаң да тауға қарап ұлиды» тақырыбына шығарма жазу.































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе

Автор: Төребекова Іңкәр Қымбатқызы

Дата: 16.01.2018

Номер свидетельства: 450214

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "М.?уезов  "К?ксерек" "
    ["seo_title"] => string(19) "m-uiezov-koksieriek"
    ["file_id"] => string(6) "128870"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415599399"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства