1.Жаңа сөздермен таныстыру .Сөздерді мұғалім оқиды ,оқушылар қайталайды.
2.Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады .
3.Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау .
а/ Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып,допты бір оқушыға лақтырады ,оқушы допты қағып алып,сөздің қазақшасын айтып ,допты мұғалімге қайтарады . Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады .Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.
ә/ Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады,ал
сол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп ,аудармасын жазады.
б/ Жаңа сөздер деректі заттар болса,оларды бір оқушы көрсетіп отырады ,басқа
оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады .Кейін оқушылар кезек-кезек тақта алдына шақырылып ,сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.
V Тапсырмалармен жұмыс
1-тапсырма Достық тақырыбына берілген өлеңмен жұмыс .Тапсырманы оқылым әрекетімен бастап,тыңдалым әрекетімен жалғастыру .Мәнерлеп
оқу сайысын ұйымдастыру.
2-тапсырмаҮлгі бойынша жұмысты жеке тапсырма ретінде орындату. Тапсырманы айтылым әрекетімен ұштастыру.
3-тапсырма «Сөйлеп үйрен»айдарымен берілген тапсырманы жұптық жұмыс түрінде орындату .Әр оқушыға өз достары туралы айтқызу.Тапсырманы жазылым әрекетімен ұштастыру.
Сергіту сәті
4-тапсырма Айтылым әрекетін оқулықта берілген сөйлемдермен жалғастыру .
Үлгі бойынша жұмыс жасауды үйрету .Жатыс септігінің орны мен маңызын түсіндіру
5 –тапсырма Жазылым әрекетіне берілген тапсырмамен жұмыс.Оқылым әрекетін практикалық жұмыспен жалғастыру .Сыныптағы оқушылардың орын
тәртібі бойынша оқушыларды сөйлету.
6 –тапсырма Айтылым әрекетіне берілген суреттер бойынша жеке жұмыс жасау.
VІ Сабақты бекіту
VІІ Сабақты қорытындылау .Оқушылардың білімін бағалау .