8-сынып.қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Лиро-эпостық жыр туралы мәлімет беру,олардың ауыз әдебиетінің басқа түрлерімен ерекшелігін таныту.
2.Дамытушылық:Оқушылардың мәтінді талдау,саралау,даралау,жинақтау арқылы сөздік қорын ширату,ауызша,жазбаша тілдерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Отансүйгіштікке,ерлікке,адамгершілікке баулу,екі жас арасындағы адал,ғашықтық сезімдеріне тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
Мұғалім:1.Лиро-эпостық жыр туралы түсінік береді.
2. Мәтінді мәнерлеп оқиды.
3.Негізгі ой-түйінін ашуына негізіг бағыт береді.
Оқушы:1.Сөйлемдер арқылы мәтіннің әр бөлігінен негізгі ойды табады.
2. Ойын түріндегі тапсырмаларды орындайды.
3. «Қыз Жібек» жырының идеясын ашады.
Сабақтың типі:Жаңа оқу материалын меңгертусабағы.Жалғастыру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Сөз әдісі,сұрақ-жауап,тәжірибелік (тапсырмалар орындау).Логикалық әдіс,іздендіру.
Ұйымдастыру формасы:фронтальды,топтық,жеке.
Мотивация:Ребус шешу арқылы тақырыпты ашады,мәнерлеп оқу арқылы мәтін мазмұнын түсінеді,жарыс түрінде тапсырма арқылы мәтінге талдау жасайды.
Көрнекілік пен құрал-жабдықтар:Слайдтар,ғашықтық символы аққулар суреті,техника құралдары: компьютер ,интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс:Тарих,қазақ тілі,орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Жаңа тақырып
1.2.Мотивация .Ребус шешу арқылы оқушылар Қыз Жібек деген сөзді табады. (Интербелсенді тақтада сурет)
Сурет. Қыз+ жібек матасы
1.2Проблемалық іздендіру. (Сұрақтар қою арқылы)
-Қандай лиро-эпостық жырларды білесіңдер?
- Нәзік сезім деген сөзді қалай түсінісіңдер?
-Аққу ненің белгісін білдіреді?
- «Қыз Жібек» жырын аққулар бейнесімен салыстыруға бола ма? (Орыс әдебиетімен салыстыру)
-Осы жырға ұқсас орыс әдебиетінен қандай шығармаларды білесіңдер?
1.3.Мұғалімнің түсіндіруі:сөз әдісі арқылы жыр туралы түсінік беру.Соның ішінде ғашықтық,батырлық туралы түсініктерін қайталап,бекіту.
1.4.R-Рефлексия-Сонымен,бүгінгі сабақтың тақырыбы не деп ойлайсыңдар? (Ғашықтық,махаббат жыры)
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.8-беттегі мәтін
2.1Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды.
2.2.Таныс сөздер арқылы негізгі ойды түсіну.
2.3.Топтар жұмысы:мәтінді абзацтарға бөліп оқып,әр абзацтың негізгі ойын анықтайды.
А)Сөздікпен жұмыс.Ақжайық өзені-река Урал
Тұлпар-мифологический крылатый конь
Жыршы-народный певец,сказитель эпоса
Шашбау-лента,вплетаемая в косу
Сөздерді дұрыс оқу+аудару+дұрыс жазу+бір-біріне айту.
Ә)Топтардың жазбаша жұмысы талқылау.
-Әр топ абзацтағы негізгі ой түйінін беріп тұрған сөйлемдерді оқиды.Олардың іщінен кілт сөздерді табады,қалған оқушылар негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді дәптерлеріне жазады.
IV.Топ жарысы. Бекіту жұмысы.3.1.Мүмкіндік және міндетті деңгейдегі сұрақтарға жауап беру.
Бірінші болып орындаған топ жауабын оқиды,қалғандары толықтырып отырады, дұрыс жауапқа ұпай беріледі. Белсенді топ анықталады.
3.2.Бес жолды өлең құрастыру.
Зат есім-махаббат
Сын есім-таза,сұлу,құдіретті
Етістік-сыйлайды,сүйеді,күреседі
Сөйлем-Махаббат құдрет күші
Махаббат –ғашықтық сезім
V.R-Рефлексия-Сонымен,балалар,бүгінгі сабақта неге үйрендік? –Лиро-эпостық жырлар туралы. «Қыз Жібек» жырын оқыдық.
«Плюс. Минус. Қызықты»-рефлексиясы Әр топқа «Плюс. Минус. Қызықты»-рефлексиясы атты карточка беріледі.
Әр топтың жауабы тыңдалады.
V. Оқушылардың білімдерін бағалау.
VІ.Үй тапсырмасы. 1.«Қыз Жібек» жырын,мәнерлеп оқу,мазмұндау немесе диалог құрастыру
2. Ұнаған жыр кейіпкерінің сурет салып,сипаттау.