kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ әдебиеті 6-сынып "Тортай мінер ақ боз ат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылығы:  «Тарихтың, мəдениет пен тілдің  біртұтастығы».

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ әдебиеті 6-сынып "Тортай мінер ақ боз ат"»

Бөлімнің атауы:

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Мектеп: Т.Аманов атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Серікқали Ж.Е.

Сынып: 6 «А»

Пән: қазақ әдебиеті

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/Ж.6.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

оқулық бойынша тапсырмаларды орындай алады. Өмірмен байланысты қойылған сұрақтарға жауап бере алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады;

Кейбір оқушылар орындай алады:

әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтай алады..

Бағалау критерийі

  • Сұрақтарға жауап береді;

  • Тақырыптың мазмұнын түсінеді;

  • Оқулықта берілген дағдылармен жұмыс жасайды;

  • Әңгімемен жұмыс жасайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Тақырып бойынша ойларын жеткізе алады

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Оралхан Бөкей есімін осы уақытқа дейін естіп пе едіңдер?

2.Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер?

3.Осыған дейін қандай шығармамен таныстыңдар?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылығы: «Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы».

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен сәлемдесу;

-Кезекшімен жұмыс жүргізу;

-Психологиялық ахуал тудыру

«Мен саған сенемін, себебі...» тренингін өткізу. Оқушылар бір-біріне жүрекшені беру арқылы бір-біріне деген сенімділіктерін білдіреді.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

«Попкорн» әдісі.

Өткен тақырыптар бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады. Сұрақтар попкорн ыдысының ішінде орналасқан. Оқушылар алмасып, біреуін таңдап, өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.

Попкорн ішіндегі сұрақтар:

1.Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесіндегі ертегі айтатын кейіпкердің есімі кім?(Аян)

2.Осы уақытқа дейін әдебиет сабағында қандай ертегілермен таныстың?(Аяз би)

3.Абайдың 31-ші қара сөзінде не жайлы баяндалады?

4.Абай Құнанбайұлының неше қара сөзі бар?(45)

5.Адам баласының екі түрлі мақсатпен дүниеге келетіндігін баяндайтын Абайдың қара сөзі?(7)

6. «Аяз би» ертегісіндегі Аяз бидің бастапқы есімі?(Жаман)

7. «Аяз би» ертегісіндегі хан?(Мадан)

8.Доспамбет жыраудың қандай толғауларын білесің?(«Қоғалы көлдер, қом сулар»)

9.Әлемнің екінші ұстазы атанған ғұлама?(Әбу насыр әл-Фараби)

10. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» нақылының авторы кім?(әл-Фараби)


















Сабақтың ортасы






ІІІ.Сабақтың мақсаттарымен және критерийлерімен таныстыру


Жарқын бейне –Оралхан Бөкей.

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді. Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен. Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды. 1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды. Оралхан Бөкей 1968 жылы республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. Оның журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалык қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны Алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды да жіберді. өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді. 1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.

Оралхан Бөкей 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде, Делиде қайтыс болды.


Жұптық жұмыс

1-тапсырма «Постер жасау». 1-ші жұп Наргиз бен Ораз әңгіменің кейіпкерлеріне мінездеме жасайды. 2-ші жұп Айым мен Ералы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасайды. Ал Аружан дербес сарапшы болады.Яғни, 2 жұптың жұмыстарын тыңдағаннан кейін, өзінің қорытындысын жасайды. Бірақ әр тапсырма сайын сарапшы ауысады.

Композияның не екенін есімізге түсіріп алайық:

1.Оқиғаның басталуы;

2.Оқиғаның дамуы;

3.Оқиғаның шиеленісуі;

4.Шарықтау шегі;

5.Шешімі.



  • «Серпілген сауал» әдісі

Орындалған тапсырмалар бойынша оқушылар бір-біріне сауал қояды:

1.Аружан, Ералының жауабы жайлы сен не ойлайсың?

2.Наргиз, Айымның жауабы өмірмен байланысты болды ма?

2-тапсырма. Венн диаграммасы. Жазушы әңгімесін өзге шығармамен салыстыру. Сайын Мұратбековтің «Жусан исі» шығармасының кейіпкері Аян мен Тортай бейнелерін салстыру. Бұл жолы Аружан Айыммен жұптасады, ал Ералы сарапшының орнына отырады.


3-тапсырма «Шындық, жалған»тәсілі. Жазушының өмірі мен әңгімеге қатысты деректерді айтамын. Егер шындық болса жасыл белгіні ал жалған болса қызыл белгіні көрсетеміз.

  1. «Жусан исі» әңгімесін Оралхан Бөкей жазған

  2. Тортай өзінің арманына жетті

  3. Оралхан Бөкей Шығыс Қазақстанның тумасы

  4. Тортай ертегісін үнемі «Баяғыда бір бай болыпты деп бастайды»




А3 парағы, маркер


А4 парағы, маркер
























6 сынып оқулығы



















































А3 форматтағы плакат













Бекіту кезеңі



















Үйге тапсырма беру









Рефлексия


Соғыстан кейінгі балалар мен қазіргі балалардың арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар? Тортай тәрізді балалар қазірде кездесе ме? Оны немен байланыстырар едіңіз?.



«Жылқы сұлбасы» стратегиясы бойынша бүгінгі сабағымызды бекітеміз.

Тақырыбымыз «Тортай мінер ақ боз ат» болғандықтан, бекіту мақсатында осы стратегияны қолданамыз, балалар. Яғни, сұлбаның аяқтарына әңгіменің негізгі идеяларын жазасыңдар. Ал, басына тақырыпқа қатысты өз ойларыңды енгізесіңдер. Денесіне өз қорытындыларыңды жазасыңдар.



Үйде «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі бойынша жоспар құрып келесіңдер.









Балалар, сендердің алдарыңда екі түрлі смайлик жатыр. Егер бүгінгі сабақ бойынша барлығын түсінген болсақ,бірінші смайликті, ал әлі де сұрақтарың бар болса, екінші смайликті есікте тұрған конвертке апарып салыңдар.



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ әдебиеті 6-сынып "Тортай мінер ақ боз ат"

Автор: Серікқали Жаннұр Ерболқызы

Дата: 16.09.2020

Номер свидетельства: 557643

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Қазақ әдебиеті пәнінен 7-сыныпқа арналған сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(61) "k_azak_diebiieti_p_ninien_7_synypk_a_arnalg_an_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "366336"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481013984"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "І.Жанс?гіров "К?й поэмасы""
    ["seo_title"] => string(23) "izhansughirovkuipoemasy"
    ["file_id"] => string(6) "278305"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453052176"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства