Просмотр содержимого документа
«"Қазақстандағы демалыс орындары" қазақ тілінен сабақ жоспары»
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның демалыс орындары. Сабақтың мақсаты: Мәтін бойынша сыни қисынды сұрақтарға толық, дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Оқу жылдамдылығын, сапасын көтеру. Б және С технологиясымен күрделі білім, біліктілігін, ойлау қабілетін дамыту. Тілге ынтасын арттыру.
Тақтада жаңа сөздер жазулы. Олармен жұмыс жастау. Ең алдымен, олар 7 (жеті) сөзді 30 (отыз) секунд ішінде жаттайды. Содан кейін дәптерлеріне жазады. Тексеру бірінші белгі, барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.
Жаңа сөздер:
Аңыз-легенда асқақ – величавый, (-ая, -ое) демалыс орындары – зоны отдыха әңгіме – рассказы қайың – береза жабайы- дикий (-ая, -ое)
ІІ. Ұғынуды ұйымдастыру. Оқушылар оқулықтан бір парақты 3 (үш) минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатын жайында ескертуі тиіс.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, талдау. Қазақстанның демалыс орындары. Қазақстанда демалыс орындары көп. Қарқаралы, Алматы, Көкшетау, Баянауыл деген әдемі жерлері бар. Қарқаралы өңірі асқақ тауларымен, қалың орман-тоғай, үлкен-кішілі өзен-көлдерімен, түрлі жабайы аңдарымен белгілі. «Шахтер», «Тасбұлақ», «Жастар» және тағы басқа демалыс үйлері, Шайтанкөлдің табиғаты сұлулығы жағынан атақты. Қарқаралы ормандарында қайың мен қарағай өседі. Қарқаралы ормандарында жабайы бұғы, елік мекендейді. Тау сілемдерінде арқар өмір сүреді. Көлдері балық пен жабайы құстарға толған. Қарқаралы – біздің баба Қорқыт іздеген «Жер ұйық» деуге болады. Көкшетаудың табиғаты ерекше, әрі сұлу. Бурабай –Көкшетаудағы әдемі көл. Көлдің суы мөлдір және тұщы. Тауға қарай қарағай, қайын, шырша өседі. Көлдің айналасында көптеген демалыс орындары бар. Көкшетаудың ауасы таза, жанға жағымды. Көкшетауды Қазақстанның «Швейцариясы» деп атайды. Бурабайдың табиғаты туралы көптеген аңыздар мен әңгімелер бар.
ІІІ. Түсінудің алғашқы тексерілуі. (Екінші белгі, барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады). Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім оқушыларды рет ретімен емес. ООМ бойынша сабақтың тақырыбына байланысты тірек сөздерді қоса сұрайды. Оқушы түсінбеген жерлерін мұғалім түсіндіреді. 1. Қай жерді «Жер ұйық» дейді? Қарқаралыны 2. Қазақстанда нелер көп? демалыс орындары 3. Көлдің суы қандай? суы мөлдір және тұщы 4. Қарқаралы өңірі немен белгілі? тауларымен, орман-тоғай, өзен-көлдерімен, жабайы аңдарымен 5. Қазақстанда қандай әдемі жерлер бар? Қарқаралы, Алматы, Көкшетау, Баянауыл деген жерлер 6. Қарқаралыда қандай демалыс үйлер бар? «Шахтер», «Тасбұлақ», «Жастар» 7. Тауда нелер өседі? қарағай, қайын, шырша 8. Қарқаралыда қандай көл бар? Шайтанкөл 9. Көкшетауда қандай көл бар? Бурабай 10. Қарқаралы орманында нелер өседі? қайың мен қарағай 11. Көлдің айналасында нелер бар? көптеген демалыс орындары 12. Қарқаралы ормандарында нелер мекендейді? жабайы бұғы, елік 13. Көкшетаудың ауасы қандай? ауасы таза, жанға жағымды 14. Қарқаралы тау сілемдерінде нелер өмір сүреді? арқар 15. Бурабайдың табиғаты туралы нелер бар? көптеген аңыздар мен әңгімелер 16. Қарқаралы көлдері нелерге толы? балық пен жабайы құстарға 17. Көкшетаудың табиғаты қандай? ерекше, әрі сұлу 18. Бурабай қайда орналасқан? Көкшетауда 19. Шайтанкөл қайда орналасқан? Қарқаралыда 20. Көкшетауды қалай атайды? Қазақстанның «Швейцариясы» 21. Қорқыт ата қандай жер іздеген? «Жер ұйық» 22. Не туралы көптеген аңыздар мен әңгімелер бар? Бурабай
IV. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру: Сын тұрғысынан сұрау. Мұғалім оқушыларды рет ретімен емес ООМ бойынша сабақтың тақырыбын сұрайды. Меңгеру сапасын анықтау мақсатында сұрақтар бұрмаланып беріледі. «Иә» немесе «жоқ» («Дұрыс» немесе «Бұрыс») деген жауап беретін сұрақтар болмауы тиіс. Төртінші белгі барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады. 1. Бурабай Көкшетауда орналасқан. + 2. Қарқаралы шағын тауларымен белгілі. – 3. Қазақстанда демалыс орындары көп. + 4. Көкшетауда «Шахтер», «Тасбұлақ», «Жастар» және тағы басқа демалыс үйлері бар. – 5. Қарқаралы, Алматы, Көкшетау, Баянауыл деген әдемі жерлері бар. + 6. Шайтанкөл Көкшетауда орналасқан. - 7. Қарқаралыны Қазақстанның «Швейцариясы» деп атайды. – 8. Көкшетаудың табиғаты ерекше, әрі сұлу. + 9. Қарқаралы көлдерінде жабайы бұғы, елік мекендейді. - 10. Көлдің суы лас және тұзды. - 11. Қарқаралы - Көкшетаудағы әдемі көл. - 12. Көкшетаудың ауасы таза, жанға жағымды. + 13. Көкшетауды Қазақстанның «Швейцариясы» деп атайды 14. Көкшетаудың ормандарында қайың мен қарағай өседі. – 15. Көкшетаудың көлдері балық пен жабайы құстарға толған. - 16. Көкшетау ормандарында жабайы бұғы, елік мекендейді. - 17. Көкшетаудың тау сілемдерінде арқар өмір сүреді. - 18. Жазық жерлерде қайын мен қарағай өседі. – 19. Қарқаралы – біздің баба Қорқыт іздеген. + 20. Көкшетаудың табиғаты жаман. - 21. Бурабайдың табиғаты туралы көптеген аңыздар бар. + 22. Қарқаралы ормандарында жабайы бұғы, елік мекендейді. +
V. Талдау: Уақыт 5 (бес минут). 50 (елу) сөзден асу керек. Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. Бесінші белгі барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.
Бекіту: Қазақстанның демалыс орындары туралы сұрақ-жауап арқылы бекіту. Сабаққа шамалы талдау жасау. Жалпы баға шығару.
Қосымша тапсырмалар: 2-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
І деңгей. 1. Мәтіннен көптік жалғауларын табу. 3. «Көкшетау» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
ІІ деңгей. 1. Мәтіннен септік жалғауларын табу. 2-тапсырма. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар. Көлдерімен, ормандарында, көлдері, суретшінің, хайуанаттарымен, сілемдерінде.