Просмотр содержимого документа
«"Гүл жасау" ашық сабақ.»
Балалар шығармашылығы үйі.
Сабақтың тақырыбы:
«Раушан гүлін жасау»
«Шебер қолдар» үйірмесі:
Жетекшісі: Шалдыбаева А.Ж.
Қарамеңді 2020жыл.
Сабақтың тақырыбы: «Қағаздан раушан гүлін жасау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:Білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту. Көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: Ұқыптылыққа, өз өз орнының тазалығын, техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: Сын тұрғысынан ойлау әдісінің үш кезеңін қолдану, қызығушылықты ояту, мағынаны таныту, ой-толғаныс.
Сабақтың көрнекілігі: Гүлдер, раушан гүлі туралы қызықты 10-дерек, үлгі.
Керекті құралдар: Түрлі – түсті қағаздар, қайшы, ыстық желім, қарындаш т.б.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, сурет.
Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі.
Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабақ: «Қағаздан раушан гүлін жасау»
-Балалар, қазір біз түрлі-түсті қағаздан үлкен раушан гүлін жасаймыз. Әрқайсымыз гүлдер туралы не білеміз, гүл сөзін естігенде ойымызға не келеді, соны айтайық. (Қуаныш көтеріңкі көңіл күй, туған күн, аналар мерекесі, сұлулық, қызыл-жасыл түстер, той-мерекелер).Бұл раушан гүлін қайда қолдануға болады?(сахна безендіруге,той-мерекелерге,сувенир ретінде сыйға тартуға)
Раушан гүлі туралы қызықты 10 деректер. әлемдегі ең танымал гүлдердің бірі раушан гүлі туралы сіз білмеген қызықты деректер ұсынады.
Раушан (роза) – әлемдегі ең әдемі гүлдердің бірі. Ол музыкаға, поэзияға және көптеген ұрпақтың махаббатына бөленген. Әлемде сыйланған раушан гүліне қарап, күлімдемейтін бірде-бір әйел жоқ шығар. Ал енді гүлдердің патшайымымен жақынырақ танысып көрейік.
Раушан – АҚШ, Иран және Англияның ұлттық гүлі.
Табиғи раушан майы – әлемдегі ең қымбат май. Ол алтын мен платинадан да бағалы. Ал бір келі раушан майын алу үшін үш тонна раушан күлтелері керек.
Әулие Валентин күні әлемде ең көп раушан гүлі сатылады. Бұл күні 3 миллионнан аса раушан сатылады.
Раушан гүлінің хош иісін үнемі иіскеп жүретін адам ақ пейілді және сабырлы болады. Себебі, гүлдің хош иісі адамның көңіл-күйін жақсартады.
Шекспир өз туындыларында раушан гүлін 50-ден аса атап өткен. Оның құрметіне ортасы ерекше раушан сұрыптарының бірі аталған.
Әлемдегі ең кішкентай раушан сұрыбы «Си» деп аталады. Оның үлкендігі күріш дәніндей ғана.
Германиядағы Хильдесхейм соборында әлемдегі ең көне раушан гүлі өседі. Ол раушан бұталары тіпті, ғимараттың төбесіне дейін жеткен. Бұл раушанға шамамен 1000 жыл болған. Алайда, ол соғыс кезінде зақымдалды, бірақ сақталып қалған тамырлар кейіннен тағы өскін берді. 1945 жылы бұталары қайтадан өсіп, әдемі гүлдермен жабылды.
Жабайы раушан тұқымы – итмұрында лимоннан да көп С витамині бар. Оның қайнатпасы денсаулықты нығайтудың тиімді құралы болып табылады.
Бұл таңғажайып гүл Ресейде алғаш рет XVI ғасырда пайда болды. I Петр патша кезінде бақшалар мен саябақтар раушан бұталарымен безендіріле бастады, ал II Екатерина билік еткен кезде раушан патша бағының патшайымы болды.
Раушаннның «Хамелеон» деген ерекше сұрыбы Жапонияда өсірілген. Ол раушанның күлтелері таңертең ашық қызыл түсті болса, кешке – ақ болады.
-Балалар, енді біз слайдқа қарап отырып үлгі арқылы түрлі-түсті қағаздардан үлкен раушан гүлін жасаймыз. Үлгі арқылы біртіндеп гүлдің күлтелерін құрастырамыз. Гүл құрылысын жүйелі жасап шығу үшін жасалу технологиясын 5 кезеңге бөліп, 5 түрлі жұмыс жасаймыз.
Жасалған бөліктері біріктіріліп желіммен жапсырылады. Әр оқушының жасаған гүлдері шығармашылығына, жұмыс жасау қабілетіне қарай бағаланады.
-Ой-толғаныс бағдарламасының үшінші кезеңі «Венн» диаграммасы.