kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Әдептен озбайық" тақырыбында ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға әдептен озбауды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының маңыздылығын ашу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Әдептен озбайық" тақырыбында ашық сабақ»

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп №3 ДБАОММИ Мерзiм 01.03.17ж

Мұғалiм Калымова А.К.

Сынып 9 «А» Оқушылар саны 20 Тақырып Әдептен озбайық

Құндылық: Дұрыс әрекет. Қасиеттер: әдептілік, мейірімділік, ізгілік

Сабақ мақсаты: Оқушыларға әдептен озбауды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының маңыздылығын ашу. 

Міндеттері:

- адами қарым-қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру;

- әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

- әдептілікке, мейірімділікке тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті.№1 « Нұрға бөлену» 3мин

Жайлап,жақсылап отырыңыздар.Арқаларыңызды түзу ұстаңыздар.Аяқ,қолдарыңызды айқастырмай,тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады.Денеңізді бос ұстап,көзіңізді жұмыңыз.

Нұр сіздің төбеңізден кіріп,денеңіздің ортасына қарай жылжып барады деп ойлаңыз.Кеудеңіздің ортасында гүл шоғы бар.Күннің жылуымен кеудеңіздегі гүл шоғының күлтелері бір-бірден ашыла бастайды.Сіздің жүрегіңізде әдемі,керемет гүл әр сезіміңіз бен тілегіңізді орындай гүлдей түседі.

Нұр біртіндеп түгел денеңізге жайылып жатқандай.Ойша осы нұрды қолдарыңызға таратыңыз.Сіздің қолдарыңыз нұрланып,тазарды.Енді қолдарыңыз тек жақсы,игі істер ғана жасап,баршаға көмектеседі.Нұр біртіндеп сіздің аяқтарыңызға тарап жатыр,аяқтарыңыз нұрланып,тазара түсті.Енді сіздің аяқтарыңыз тек жақсы қадамдар жасап,жақсы жерлерге игі істер жасайтын жерлерге ғана апарады.Олар нұр мен сүйіспеншіліктің құралы болады.Нұр сіздің аузыңыз бен тіліңізге де жетті.Тіліңіз шындық пенмейірімді сөздер ғана айтатын болады.Енді нұрды ойша құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз жақсы сөздер естіп,тамаша әуендерді еститін болады.Басыңыз жап-жарық болғандай,ол тек жақсы ойлар ғана ойлайды.

Нұр кеңейіп,сіздің денеңізден асып шықты,осы нұрды барлық туған-туысқандарыңызға,ұстаздарыңыз бен достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша ренжісіп қалған таныстарыңызға да бағыттаңыз.Нұр мен жылу олардың жүрегін толтырсын.Осы нұр барлық жер бетіне тарасын,ол жан-жануарлар,өсімдіктерге де жетіп,оларды өз жылуымен баурасын. «Ойша, Мен...Нұрмын, Нұр менің ішімде.Осындай нұрлы,сүйіспеншілік,тыныштық жағдайда сәл болыңыз».

Енді нұрды қайтадан өз жүрегіңізге салып қойыңыз.Нұрланған барша әлем сіздің жүрегіңізде.Жүрегіңізді осы тамаша жағдайда сақтаңыз. Біртіндеп көздеріңізді ашыңыздар.Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру: 6мин» Студент қыздың әңгімесі»

Ж Бейсенбаевтың шығармасын оқып талкылау.

Мәтінге байланысты сұрақтар: 

  • Жігіттердің іс-әрекеті сізге қандай ой қалдырды? 

  • Қогамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз? 

  • Әдеп нормаларының жас ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтары бола ма? 

  • Сіз өмірде қандай әдеп қағидаларын ұстанасыз? 


Ескерту

  1. Дәйексөз. 4 мин

«Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін» И. Гете

Дәйексөзді оқып, талқылау

Сұрақ: Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер?

1.Қыздар оқиды.

2.Ұлдар оқиды.

3.Барлығы хормен оқиды.

  1. Бейнеролик көру «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»

Сұрақтар:


  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

«Мейірімділік» тобы Қоғамдық орындарда, көшедегі әдептілік

«Кішіпейілдер» тобы Театрдағы әдептілік

«Ізгілік» тобы «Сыныптастардың телефонмен сөйлесу әдебі. 

«Әдептілер» тобы «Дұрыс жүру, тұру, әдепті бола білу – ұсақ-түйек емес»

Оқушылар төрт топқа бөлінеді,тапсырмалар беріледі.



  1. Топпен ән айту.

Муз: Ескендір Хасанғалиевтікі

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да..


Қуанышым, арай жүз

Сөйлесерміз талай біз

Бар ағайын жиналып,

Мәз боп саған қараймыз

Сендей бала ешкімде

Болмаған деп санаймыз


Не деп енді мақтайын

Айтуға сөз таппаймын

Мактап кетсем көбірек

Мен әжеме жақпаймын

Келші келші балашым

Бір иіскемей жатпаймын


Келші келші балашым

Бір иіскемей жатпаймын

Қарақат Әбдилдинаның орындауында

әннің сөзі, әуені.

  1. Үй тапсырмасы.

Отбасының әдептілік ережесін жазып келу.


  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қою.1 мин

Мұғалімнің сөзі: -Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Әдептен озбайық" тақырыбында ашық сабақ

Автор: Калымова Асель Кайратовна

Дата: 27.05.2017

Номер свидетельства: 418937

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(140) ""Әдептен озбайық!" тақырыбындағы өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары (9-сынып)"
    ["seo_title"] => string(73) "depten_ozbaiyk_takyrybyndagy_ozin_ozi_tanu_p_ninen_sabak_zhospary_9_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "486060"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1542389891"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) ""?дептен  озбайы?!  ""
    ["seo_title"] => string(15) "dieptienozbaiyk"
    ["file_id"] => string(6) "300307"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456686839"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) ""Әдептен озбайық""
    ["seo_title"] => string(18) "dieptien_ozbaiyk_1"
    ["file_id"] => string(6) "388751"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486416274"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Т?рбие са?ат "?дептен озбайы? !""
    ["seo_title"] => string(31) "t-rbiie-sag-at-dieptien-ozbaiyk"
    ["file_id"] => string(6) "258553"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448525474"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства