«Мен болашақ өмірді қалай елестетемін?» тақырыбына сурет салу.
«Отан» өлеңін жатқа оқу.
III Жаңа сабаққа кіріспе.
1 Бүгін сабақты ақын Мұқағали Мұқатаевтың өлеңімен бастаймыз.
Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем
Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
2 Өлеңді мәнерлеп оқып,сұрақтарға жауап беру.
А) Бұл өлең не туралы? (Туған жер,Отан туралы);
Ә) Отан деген не? (Отан деген адамдардың туып-өскен жері);
Б) Сендер қай жерде,қай мемлекетте туып өстіңдер? (Қазақстанда);
В) Қазақстан қандай мемлекет? (Қазақстан тәуелсізегеменді мемлекет);
Г) Сендердің Отандарың қай мемлекет?(Біздің Отанымыз Қазақстан).
Мұғалім: Міне Отан дегеніміз-ағынды өзен,асқар тау,гүл,қасиетті тіл,құдіретті үн,туып-өскен жер.
3.Сабақтын тақырыбын,мақсатын айту.
Қазақстан, Отан туралы білетін өлеңдерді еске түсіру, мәнерлеп оқу.
1-оқушы:
Отансыз адам өмірінде оңбайды,
Білесің бе?
Отанның сен не екенін
Екі өмір жоқ ,әрине,жоқ екі өлім.
Екі Отан жоқ
Жалғыз Отан мекенің!
Біздің Отанымыз біреу-ақ
Ол-Қазақстан!
2-оқушы:
Туған жерім нұр шашып, жарық берген
Қуаныш пен мол бақыт алып келген.
Он алтыншы желтоқсан шуақ болып,
Тәуелсіздік еліме алып келген.
3-оқушы:
Гүлдердің ертемен қауызын ашқанын,
Көктемнің көкпеңбек мөп-мөлдір аспанын.
Таулардың қол жетпес асқарын.
Ұнатам бәрін де,өйткені, ол Отан
Ұлы Отан! Тәуелсіз Қазақстан!
4-оқушы:
Отаным-өзегім сен,
От алдым өзіңнен мен.
Жаралдым топырағыңнан,
Нәр алдым өзіңнен.
5-оқушы:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер атамекен
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
6-оқушы:
Абай туған, Сәкен туған,
Құрметте, досым, қазақ жерін.
Қамбаға жылда мол астық құйған
Қазақстан-Республикам менің.
7-оқушы:
Отан-сенің ата-анаң,
Отан сенің бауырың.
Отан-өлкең, астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
Мұғалім:Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
*Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
*Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
*Туған жерің-алтын бесік.
*Отан-отбасынан басталады.
*Өзін-өзі білген ер бақытты,
Өзін-өзі билеген ел бақытты.
*Отан үшін отқа түс, күймейсің.
«Отан үшін отқа түс, күймейсің» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушы:тіліңді, жеріңді жаудан қорға, жан аямай елің үшін күрес деген мағынаны білдіреді.
Мұғалім: Міне,балалар, мақал-мәтелдердің өзінде тұнып тұрған тәрбие бар екен.
4. Интерактивті тақтамен жұмыс.
1 Слайд көрсету «қазақстан-менің Отаным».
2 Жаратылстану пәнінің мұғалімі ҚР-ның картасы бойынша қазақ еліне саяхат жасайды.
3 Балалар, сонымен біздер Қазақстан туралы жан-жақты мәлімет алдық. Енді тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасайық.
IV Жаңа сабақ.
1 Жаңа сөздермен жұмыс.
*Қуатты ел-мощная страна
*Еркін ел-вольная страна
*Ерікті ел-имеет право
*Астықты мемлекет-зерновое государство.
I топ-жаңа сөздермен сөйлем құру.
II топ-жаңа сөздермен сөз тіркесін құру.
2 Мәтінмен жұмыс. (60-бет,2-тапсырма).
а) мәтінді тыңдау (аудирование);
ә) мәтінді кезекпен оқу;
б) мәтінге сұрақтар құру, жауап беру.
1Біздің ел қандай ел?
2 Барлық халық қалай өмір сүреді?
3 Әркім не істеуге ерікті?
4 Біздің еліміздің балалары қандай?
5 Қазақстан қандай мемлекеттердің бірі?
в) диалог құру.
3 Мәтіннен тәуелдік жалғауда тұрған сөздерді табу.
4 Тақтаға екі топтан оқушылар шығып,сөздерді тәуелдейді.
I топ-Қазақстан, туған жер.
II топ-тау, ел.
5 Парақшамен жұмыс.
Менің
Сенің
Сіздің
Оның
Біздің
Сендердің
Сіздердің
Олардың
Қазақстанның
Отаны
жеріңіз
өмірлерің
астықтарың
мемлекетім
мектептеріңіз
достары
6.Жаттығу жұмысы. (3- тапсырма,61-бет)
7. Суретпен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құру (жазбаша)
I топ-сурет бойынша тәуелдік жалғауларын қатыстырып әңгіме құру.
II топ-сурет бойынша тәуелдік жалғауларын қатыстырып сөз тіркестерін құру.
V Бекіту. Кластер құру.
а)I топ.
ә) II топ. Рәміздері
мемлекеттік тілі
Қазақстанның Астанасы
Тәуелсіздігіне
Тәуелсіз
Бақытты
Егеменді
Қазақстан қандай мемлекет?
Қуатты
Ерікті
Астықты
Еркін
Бай
Мұғалім: Сонымен, Қазақстан бақытты, бай, тәуелсіз, егеменді ел. Шынында, біздің ел осындай керемет тамаша мемлекет. Осындай елде туып өскенімізге мақтан етеміз.
VI Сабақты қорытындылау.
Мұғалімнің сөзі:
Иә, мана сабақтың басында айтылған сіздердің мына сөздеріңізбенен осы сабақты аяқтайын деп тұрмын. Еліміз егеменді, тәуелсіз ел болып, болашақта бәріміз бақытты, қуанышты, қызықты, бейбіт өмір сүрейік.
«Шыңға жету» стратегиясы арқылы сабақты қорытындылау.
VII Үй тапсырмасы: 4-тапсырма, 63-бет. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұндау.