ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Қазақ тілі пәні 5-сынып | 4-бөлім: Жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі 3-сабақ | |
Сабақ тақырыбы | «Бақа мен үйрек» ертегісі | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Боранғали Б.О. | |
Сынып: 5-сынып | Қатысқандар:15 | Қатыспағандар: жоқ |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Т.А.5.1.Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау. О.5.5.Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. Ж.2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу. | |
Сабақ мақсаттары (Бағалау критерийі) | Барлық оқушылар орындай алады: Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Топтық әрекетте ертегінің мазмұнындағынақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады, оқиғаны ары қарай болжайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап ертегі кейіпкерлеріне жазба дайындайды. |