Ұзақмерзімді жоспардың тарауы: 3 бөлім «Отбасылық әдет - ғұрыптар» | Мектеп:Үржар ауданы, Ақшоқы ауылы «Тұрағұл Қоңыр атындағы орта мектеп –балабақша»КММ |
Күні:28.04 .2017. | Мұғалімнің аты-жөні: Секбаева Жазира Айтановна |
Сынып:5. Қазақ тілі | Қатысқандар: 15 | Қатыспағандар: 0 |
Сабақтың тақырыбы | Әдет - ғұрыптар |
Осы сабақтың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.Т/А4.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. 5.О4. Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру. 5.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: «Отбасындағы әдет - ғұрыптар» тақырыбы бойынша Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстырады Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, жинақы мәтін жазады. |
Кейбір оқушылар орындай алады: стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыра отырып, жинақы мәтін жазады |
Бағалау критерийі | Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстырады |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстырады Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: таным, ұғым, әдет, әдеп, салт, дәстүр |
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: |
Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Қалай ойлайсың, салт – дәстүр мен әдет – ғұрыптарда айырмашылық бар ма? 2.Сенің отбасыңда жиі қолданылатын дәстүрлер қандай? |
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы бойынша әлемдік құндылықтар жүйесіндегі отбасы құндылықтарын дәріптеу |
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы, әдебиет |
Алдыңғы оқу | Отбасы, тәрбие, салт – дәстүр туралы түсініктері қалыптасқан. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 10 мин. 2мин 3 мин 5 мин | C. «Таныстыру» жаттығуы. Әр оқушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: Мен, Айзере, айдай болып жүремін. Топқа бөлу Адасқан әріптер» арқылы оқушыларды әріптерден сөздер құрау арқылы 3 топқа бөлу. (Мейірім, әдепті,қамқор) І топ Мейірім ІІ топ Қамқор ІІІ топ Әдепті Қызығушылықты ояту С Миға шабуыл. Суреттерде не бейнеленген? Олар туралы не білесіңдер? Отбасылық салт – дәстүр, әдет ғұрыптар дегенді қалай түсінесңдер? | |
Сабақтың ортасы 28 мин 9мин. 10 мин 9 мин 2 мин | Тапсырма 1 С. Мәтінді үнтаспадан тыңдайды. Таным, ұғым, әдет, әдеп, салт, дәстүр сөздерінің мағыналарын түсіндіреді. ЖЖ. Оқушылар жұптаса отырып,«Іштей оқу»әдісі бойынша мәтін мазмұнымен танысады. Сұрақтар дайындап, қалташаға салады. Әр топтан бір немесе бірнеше оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді. Жұптар негізгі ойды анықтайды. Дескриптор Мәтінді оқиды Сұрақтарға жауап береді Негізгі ойды анықтайды ҚБ. «Көңілді смайликтер» арқылы ТЖ Тапсырма 2 «Кластерлер» әдісі Негізгі тақырып бойынша материалды графикалық ұйымдастыру тәсілі. 1.Ойдың,тақырыптың «жүрегі» болып табылатын басты сөзді немесе сөйлемді таза беттің ортасына (тақтаға) жазу керек. 2. Берілген тақырыпқа келетін, бейнелерді, фактілерді, ойды көрсететін сөздерді немесе сөйлемдерді жан-жағына «лақтырып» тастау керек. I – топ. II – топ. III – топ. Әр топ постермен қорғайды. Дескриптор ҚБ «Бас бармақ » әдісі арқылы Ж. Тапсырма 6 (оқулық бойынша) «Шашыраған сөздер» ойыны. Сөздерді орнына қойып, сөйлем құра. Баланың, тай, атайды, тойында, сүндет, барғанда, мектепке, әке – шешесі. Оны, дейді, тай, «бәсіре». Бағады, оны, үйретеді, бала, күтімге алады, ерекше. Мал бағуға, сол арқылы, үйренеді, еңбекке. «Бәсіре», атау, көңілін, баланың, өмірге, өсіреді, бейімдейді. Дескриптор: ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы Сергіту сәті: «Ұлытау – Жұмыр қылыш» бейне жазба. | А4 форматы, қарындаштар Слайдта суреттер ұсынылады Қарындаш, маркер, флипчарт |
Сабақтың соңы 5 мин. | C. Тапсырма 10 «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жаз. Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды? Балаң үйрек – ойлану. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек – көңіл – күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім? ҚБ. «Үш шапалақ» тәсілі арқылы қорытынды бағалайды. | Флипчарт, маркерлер |
Қосымша мәлімет |
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
Оқушылар жұптаса отырып, мәтіннің негізгі ойын анықтайды. Суреттер арқылы жоспар құрып, әңгіме жазады. “Мылқау пікірталас” әдісі арқылы аудитория өз ойларын талқылайды | Оқушыларды бағалау бес саусақ, Екі жұлдыз, бір тілек арқылы жүзеге асады. | Қазақстан тарихы,әдебиет пәндерімен байланысты Әлемдік құндылықтар жүйесіндегі Қазақстанның алатын орнын, болашақ идеологияның бағыттары қалай айқындалатынын білу |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз? Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен? Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге? | |
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты): 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |