kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасыдағы сүйіспеншілік. Адамзаттың бәрін сүй,бауырым деп.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: студенттердің «отбасы қоғамның бір бөлшегі» ретінде түсініктерін кеңейту. Отбасылық дәстүрлер мен ғұрыптарға қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыру. Отбасы мүшелеріне деген сыйластықты, жауапкершілікті және қамқорлықты дамыту.

Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау, «даналық сабақтары», бейне материалдарды көрсету, ойындар мен жаттығулар, өзін-өзі талдау.

Материалдар: хрестоматия, студент дәптері, аудио және бейнематериалдар, қағаз, маркерлер.

Сабақтың барысы:

Сәлемдесу рәсімі. Шаттық шеңбері.

«Аңсап күткен кездесу» жаттығуы

Нұсқау: Студенттерге бір-бірін бірнеше жылдар бойы көрмегендей сәлемдесу қажет. Педагогтың белгісі бойынша студенттер бір-біріне жақындап, әртүрлі әдістермен сәлемдеседі. Қол алысуға, құшақтасуға, тәжім етуге, бірін-бірі денесіне қол тигізіп, қағуға болады, сондай-ақ көп мағыналы көзқараспен қарап, айқын эмоцияларды көрсетуге де болады.

.
Отбасын жасайтын және нығайтатын күш –махаббат:әке мен шешенің, әке мен балалардың, шеше мен балалардың өзара сенімді, адал, шын берілген махаббаты. Алайда махаббат басқа бір жақтан, сырттан келетін шабыт немесе таң шапағы емес. Махаббат дегеніміз –орасан зор еңбек.

В.А.Сухомлинский

Өз үйінде бақытты адам ғана шын бақытты.

Л.Н.Толстой.

Дәріс-әңгімелесу.

Оқытушы. Отбасы – бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

 Отбасы қоғамның тұрақтылығы мен келесі ұрпақ тұрғындары санының орнын толтыруға мүмкіндік беретін, негізгі институттарының бірі болып табылады. Адам бүкіл өмірінің барысында әрқилы көптеген топтардың құрамына мүшелік еткенімен, тек отбасы ғана ешқашан ажырамайтын топ болып қала береді.  Отбасы әлеуметтік ұйымдасудың ең кеңінен таралған түрі болып табылады.  Отбасы ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап, швед тарихшысы Иоганн Якоб Баховеннің «Аналық құқық» атты еңбегінің жарық көрумен байланысты ғылыми тұрғыда қарастырыла бастайды. Баховен отбасының тарихы жөніндегі тарихи бастау ретінде ілкі заманның классикалық әдебиеттерін талдай келе, алғашқылардың бірі болып, көне дәуір аңыздарының әйел мен еркектің қоғамдағы өзара қатынастарындағы тарихи өзгерістерді  сипаттайтынын көрген. Маңызы жоғары әлеуметтік институттарды сөз еткенді біз олардың қатарынан бірінші жоспарда отбасын атаймыз.

Ертеде күн көрістің ауыр жүгін көтеріп, табиғи және әлеуметтік сілкіністер мен қырсықтарға төтеп беру үшін, отбасының көп жанды – бала шағалы болуын тілесе, кейін санының көптігі әрбір халықтың, елдің артықшылығы, құнды қазынасы саналған. Осылайша қоғамның әлеуметтік жағдайы, адамдардың онда жақсы өмір сүруі отбасының құрамына байланысты болған. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» дегенінің мәнісі де осында.

Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік-туыстық қарым–қатынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Әйтсе де онда өз бетімен кетушілікке жол берілмейді. Отбасы тіршілігінің ежелден-ақ қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері де жерде қалдырмайды, ал үй-ішінің шылбыр тізгінін қолында ұстаушылар да өз тараптарынан отбасының барлық мүшелерінің пікірін, тілек–ұсыныстарын елеп–ескеріп отырса, бұл, бір жағынан, ортақ мүддеге қызмет етеді, екінші жағынан, тәрбиелік, өнегелік мәні бар инабаттылық та болып табылады.

Отбасының бейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы – орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ата –ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балиғатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату–тәттілік,береке –бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне–көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер», «Көріп алған көріктіден көрмей алған текті артық», «Анасына қарап, қызын ал» деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендігін айтады. Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай аунап – қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз үйіне қайтып оралғанда, төрінің тарлығынан көсілгенде сирағы сыртқа шығып кетсе де, Жиренше шешен: «Ай-хай, менің боз үйім, кең сарайдай өз үйім», – деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында да «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке – өз үйі» деген тамаша нақыл бар. Алайда, бала онда ата–ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп,  әке мен шешенің жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп–инабат тағлымдарын алуы, оларды меңгеріп, іс жүзінде қолданудың ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр талап ететін жолынан өтуі тиіс. Соның бірі – үлкендердің ақыл-кеңесі, өсиеті. Мұны жай ақыл  айту, құрғақ насихатшылдық, қарттардың кәдуілгі әдеті деп қарау – қате. Онда сен жақсы бірдеңеге үйреніп қалсын деген ниет қана емес, үлкен өмір тәжірибесі, жастығына байланысты сен жете мән бере қоймайтын құнды сабақ бар. Соны құлаққа іліп, зердеге түйіп өскен жастан көп жақсылық күтуге болады. «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады», – деген ғой кемеңгер Абай.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасыдағы сүйіспеншілік. Адамзаттың бәрін сүй,бауырым деп.»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Отбасыдағы сүйіспеншілік. Адамзаттың бәрін сүй,бауырым деп.

Автор: Дармурзина Мамыр Дүкенбаева

Дата: 13.05.2017

Номер свидетельства: 414933

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства