Открытый урок был проведен на постоянно действующем семинаре-практикуме педагогов-хореографов ГККП "Центр внешкольной работы" отдела образования акимата г. Уральска
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
- «айналма» – қолдың бас буынын «ішке», «сыртқа» айналдыру
- «қол сілтеу» – қолдың саусақтарын жоғары, төмен қайтару
- «жалын»– екі қолын алға созып кезек пен кезек сәл жөғары төмен
түсіріп қөтеру
- «қос жылан» - қолдың саусақтарын бүгіп ашып жыланша ирелеңдетеді
– «толқын» - екі қолын іспетте екі жаққа жайып толкындатады
Жүру әдістері
- табан жүріс - екі аяқтың табанымен еденді алма – кезек нық басып
жүру.
- өкше жүріс - екі аяқтың өкшесімен кезек басып жүру.
- екі аяқтың ұшымен кезек басып жүру.
- қос табан - оң аяқпен алға екі табан басады. Сол аяқ оң аяқтың
соңынан ілеседі.
Қыздардың іс әрекетінен туындайтын би қимылдары
- «шалқыма» –майысу
- «айналма» – қиғаш сызықпен айналу
Билер
- Қазақ биі «Шашу»
- Қазақ биі «Қара -жорға»
- Қазақ биі «Дала гүлдері»
Сабақтың тақырыбы: Қазақ биінің орындалу техникасы
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық нақышын айқындайтын би өрнектерін үйрету. Қазақ билерінің өзіндік ерекшеліктері мен орындалу өрнектерін жете білу үшін алдымен қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салтымен, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп келе жатқан қасиетті дәстүрлерімен танысу. Оқушыларды би өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, тұла бойының әсем жаратылуының қалыптасуына, сымбаттылыққа, кәсіби деңгейде билеуге үйрету.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін арттыру, шығармашылығын дамыту. Тәрбиелік: Би өнерінің сырларын ұғынуға, сұлулыққа, әдепті болуға тәрбиелеу. Өтілетін орны: «Би» залы. Сабақтың әдісі: Қазақ биінің қол элементтерімен жұмыс жасау.
Станокта жасалатын жаттығу
Тәжім (қыздар сәлемі)
Қыздардың иіліп сәлем беруі – бір тізерлеп отырып, екі қолды тізесіне қояды.
Қазақ би өнерінің әліппесі ең алдымен денені түзү ұстап үйренуден басталуға тиіс. Денені тік етіп ұстаудың шарты аяқты - I тік қалыпқа қоюдан басталады, содан соң станок жанында жаттығуларды жасау.
Жартылай және толық отыру
Арқаның барлық бұлшық еттері қатаяды, әсіресе, бел омыртқалардың бұлшық еттері қатайтылады. Орындалуы:
I-II-III- IV және V аяқ қалыптардан істелінеді, қол қимылдары мен бірге
Әр түрлі қимыл қозғалыстарды қосып істеу
Ілгері шығару, тік аяқты әрі бері қозғау
Аяқтың бұлшық еттері мен тізелер қатайтылып, шаптан бастап бар аяқтың басы екі жаққа ашылады.
I-II-V аяқ қалыптардан істелінеді, сырғи ашылып жабылуын бейнелейді
Әр түрлі қимыл қозғалыстарды қосып істеу
Лақтыру 25°
Бұл қимыл еденнен сырғи 25° биікке ытқи көтеріліп үш бағыттың бәріне жасалынады.
I-II-V аяқ қалыптардан істелінеді
Әр түрлі қимыл қозғалыстарды қосып істеу
Еденде аяқты айналдыра қозғау, аяқтың тұмсығымен шеңбер жасау
Ортан жіліктің жамбасқа біткен жердегі буындары екі аяқты екі жаққа бұруға әсерін тигізеді.
- I аяқ қалыптан тұрып істеледі
- Әр түрлі қимыл қозғалыстарды қосып істеу
Өкшеге арналған жаттығу
Аяқтың күшін, бұлшық еттері толып қатаяды
V аяқ қалыптардан істелінеді, қол ашылып жабылады
Ат шабыс қимылдарын орындау арқылы істеу
Үлкен лақтыру 90°
Аяқтың бұруларына жанбастын ашылуына, үлкен қадам жасауға, ықпал етеді.
I-II-V аяқ қалыптардан істелінеді, сырғи ашылып жабылуын бейнелейді
Әр түрлі қимыл қозғалыстарды қосып істеу
Зал ортасында орындалатын қимылдар
Қазақ биінің орындалу техникасы
Қазақ биінде екі қолды биге ыңғайлау ерекшеліктері
Зооморфтық ою-өрнектер — өрнектің негізгі композияциялық түрі. Зооморфтық өрнектер жануарлар әлемін бейнелейді.
Көшпелі қазақтар тамаша ақынжанды адамдар болған. Олар төрт түліктің, аң мен құстың түр-тұлғасының сұлу бітімін тани біліп, олардың бейне-бедерлерін ежелден-ақ қолөнерде қолдана білген. Зооморфтық өрнектердің ішіндегі ең кең тарағаны мүйіздерді бейнелеу еді. Бұл тек мүйіз тәрізді доғалы «қошқар мүйіз» емес, сонымен қатар осы өрнектің барлық түрлері мен композициясы: «мүйіз», «қос мүйіз», «сынық мүйіз». Халық шеберлері тек мүйіз ғана емес, сонымен қатар жануарлардың өзге де дене мүшелерін бейнелеуді кеңінен қолданған. Бұл жерде «түйе мойын» , «құс қанаты», «қаз мойны» бейнелерін атауға болады. Осы ою - өрнектермен үй заттары, жиһаз, қару - жарақ бұйымдары да әсем көркем безендіріледі. Қазіргі уақытта ою - өрнектер сәукеле, айырқалпақ, қамзолдың алдыңғы өңірі, аяқ киім қонышы секілді соңғы үлгідегі киімдерді әшекейлеуде қолданылады.
«Қошқар мүйіз» - зооморфтық өрнектердің ішіндегі ең кең тарағаны мүйіздерді бейнелеу еді
«Бота мойын» - шынтақтан ішке қарай бүгілген екі қол дененің екі жағында болады,екі қолдың екі басы екі иықтың деңгейінде, білезік буын тұсынан 900 бұрыш жасау арқылы екі алақан төмен қарата ұсталады, саусақтар бүгілген қалпында екі жаққа қарай бағытталады.
«Қызғалдақ» - бір қол алғашқы ұсталу қалпының 5-ші түрінде болады, ал екінші қол алақанды бір бүйірден алыстата жоғары көтеріледі, бірақ шынтағымен төменгі қолға тиіп тұрады.
«Оймақ» - қол саусақ қимылдарын бейнелейді
«Тюбетейка» - қыздар бас киімі.
«Қайтару» - айналу қол қимылдары
«Білезік ойнату» - екі қолдың білезіктен бүгілген екі басы саусақтарды төмен қарата бағыттаған бойда кеуденің алдында ұсталады, екі шынтақ денеден ажырамайды.
«Сыйлык» - екі қол мықын деңгейінде параллель түрінде алға қарай жіберілген, екі шынтақ денеге тақау, алақандар жоғары қарата жаюлы.
«Домбыра» - сол қол сол жақ бүйірге қарата созылады да шынтақ тұсынан бүгіледі, шынтақ жағы жоғары көтеріледі, қолдың басы алақанды жоғары қарата білезікпен бүгіліп, саусақтар желпуіш сияқты тарбита ашылады. Домбыра ішегін қағатын оң қол дененің алдыңғы жағында қысқартылған түрдегі алғашқы қалпында /1-ші/ ұсталады.
Екі қолдың негізгі қимылдары
Қол қимылы айналма – екі қолдың екі басы білезік буын тұсынан өзінен әрі қарай және кері қарай бүктетіле айналады.
Қол сілтеу – екі қолдың екі басын жоғарылы-төменді сілки сілтеу.
«Жалын» – екі қолдың басы емін-еркін ұсталып, алма кезек жоғары сілтей көтеріледі де екі шынтақтың алма кезек төмен түрілуі арқылы қайталанады.
«Қос жылан» – қолдың саусақтарын бүгіп ашып жыланша ирелеңдетеді.
«Толқын» - екі қолын іспетте екі жаққа жайып толқындатады.
Аяқ қимылын үйрену
Қол қимылдармен жүріс түрлері.
Жүру әдістері
- табан жүріс - екі аяқтың табанымен еденді алма – кезек нық басып жүру.
- өкше жүріс - екі аяқтың өкшесімен кезек басып жүру.
- екі аяқтың ұшымен кезек басып жүру.
- қос табан - оң аяқпен алға екі табан басады. Сол аяқ оң аяқтың соңынан ілеседі.
Жүріс түрлері
Қарапайым негізгі жүріс – екі тізені орташа бүгіп, кеудені тік ұстап, екі табанды толық басып жүру.
Өкшеден басталатын қарапайым жүріс
Бір жақ бүйірге қарай ең қарапайым жүріс - бір аяққа орташа тізе бүгу арқылы салмақ салып, алдыңғы, жетекші аяқты тізеден әрі қарай созып, табанын тірей басқан кезде тоқтатып барып жасалады.
Жүріс түрлері
Ауыспалы /үш түрлі/ жүріс– екі табанды толық басу арқылы жүріс жасау.Екі аяқтың ұшымен тура және емін-еркін жағдайда жүру.
Құс таңдай – екі аяқты орташа бүгіп, саусақтардың ұшымен бір жақ бүйірге қарай майда қадам жасау.
Атшабыс
Тепен көк – атшабыстың бірінші түрі, бір орында, салмақ салынып тұрған аяқтың ұшымен қайта-қайта көтеріліп, екінші аяқты тізеден 900 бүге алға қарай көтеру арқылы орындалады.
2-ші атшабыс – бір орында тұрып, өкшенің ішкі жағына дейін тізе бүгу кезінде екі аяқты алмакезек ілгері созу арқылы орындалады.
1-ші секіртпелі атшабыс – бір орында тұрып, бір аяқты артқа қарай тірей сілтеген болып, екінші аяқты тізеден 900 бүгіп алға қарай көтеру арқылы орындалады.
Жүру – бұл сыйымды, таралған ұғым, ол бидің ырғақты мәнерлі барлық компоненттерін қамтиды. Жүру қадамдар негізінде – қарапайым, еркін, өкшеге, аяқтын ұшымен
Қыздар биіндегі арнайы кимылдар
Қыздардың іс әркетінен туындайтын би қимылдары.
Ең қарапайым айналма - өкшемен алмакезек жүру арқылы жасалады.
Айгөлек 1– орташа тізе бүгіп, бір орында екі аяқты алмакезек толық табанмен басу арқылы айналу.
«Шалқыма» - төменге майысу арқылы жасалатын кимыл.
«Айналма» - қиғаш сызықпен бір бұрыщқа қарап айналу.
Билер
Қазақ биі «Шашу».
Шашу - ырғағы өте екпінді. Би халықтың әдет-ғұрып дәстүрлерінің бірі шашу (құрт, ірімшік, өрік-мейіз, теңге, т.б.) шашу сәтін бейнелейді.
Қазақ биі «Қара -жорға»
Қара жорға – бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға – қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы.
Қазақ биі «Дала гүлдері»
Дала гүлдері - табиғаттың бөлінбес болшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. Сондықтан әдемілік, сұлулықтың би мен бейнелейді.