Ортасы | Мағынаны тану. «Ойлан, жұптас, талқыла». Топтағы оқушылар колледж туралы оқиды, жұптасып отырған оқушылар бір-біріне түсіндіреді. Одан кейін топ ішінде бірлесіп, ортақ пікір қалыптастырып тірек сызбасын салады, қорғайды. ТАРИХЫ Алматы құрылыс-техникалық колледжі Кеңес Үкіметінің Министрінің бұйрығымен 1969 жылы құрылды. Бастапқыда ол ҚКТУ-41 деп аталды (Қалалық кәсіптік техникалық училище), кейін атауы бірнеше рет өзгерді(АКТУ-13, КТМ-10, КМ-10). Өзінің атауының өзгергеніне қарамастан, колледж өзінің бастапқы мақсаты мен бағыты - жұмысшы кадрларды даярлау құрылыс саласын сақтап қалды. АҚТК базасында көптеген семинарлар, курстар, дәрістер өткізіледі, отандық және шетелдік мамандар шақырылады. Колледж қызметкерлері Германия, Швеция, Оңтүстік Корея, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Франция, Чехия елдердерінде біліктіліктерін көтеріп тұрады Колледжде: Оқу кезінде стипендия беріледі және тегін тамақтану • Түлектерге АҚТК мемлекеттік үлгідегі дипломдар беріліп және Алматы қаласында жұмысқа орналастыру кепілдігі беріледі • Колледжде 3 ай мерзімге дейін барлық мамандықтар бойынша құрылыс, автокөлік, электротехникалық бағыттары бойынша курстық даярлау және біліктілігін арттыру жүргізіледі Колледж ең заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген: 2 қабатты типтік оқу корпусы бар; 32 оқу кабинеті, оның ішінде 4 кабинет жалпы білім беру пәндері бойынша толық компьютерлік техникамен және интерактивті құралмен жабдықталған ; 8 оқу-өндірістік шеберханалар бар. Барлық шеберханалар жаңа құрал-саймандармен,арнайы киіммен,қол және электр жабдықтармен,материалдармен , оқу-көрнекі құралдармен қажетті өндірістік оқыту тізбегімен қамтамасыз етілген. Сылақшы,әрлеуші газэлектрдәнекерлеуші жарықтандыру жүйелерін монтаждаушы .Қазіргі уақытта колледж түлектері жұмысқа 100 пайыз орналасады. «Формативті сұрау» әдісін қолдана отырып, тақырыпты қалай меңгергендігін тексеру. Интерактивті тақтадан оқушыларға бірнеше суреттерді көрсету арқылы әр топқа мысалдар келтіруді ұсыну, талдау. Жаттығу жұмыстарын жасату. 1-тапсырма. Мәтіннен жарнама жасау Кластер Сұрақтар қою 2-тапсырма Көшіріп жазып, сөйлемдерді талдау Колледж студенттері әлеуметтік көмек ,ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Барлық шеберханалар жаңа құрал-саймандармен,арнайы киіммен,қол және электр жабдықтармен,материалдармен , оқу-көрнекі құралдармен қажетті өндірістік оқыту тізбегімен қамтамасыз етілген. Колледж ең заманауи материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. «Кім шебер?». Берілген мәтін бойынша диалог құрастыру Алматы құрылыс- техникалық колледжіне 9 сыныптан кейін оқушыларды келесі мамандықтар бойынша қабылдаймыз. 1) Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану(сала бойынша) 2) Ішкі сантехникалық қондырғыларды желдету, инженерлік жүйелерді жинақтау және пайдалану(сала бойынша) 3) Жиһаз өндірісі (сала бойынша) 4) Автокөлік құралдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету 5) Электрлік және электромеханикалық жабдықтар (сала бойынша) 6) Дәнекерлеу ісі (сала бойынша) 7) Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (сала бойынша) | Қадағалау, бақылау, ынталандыру. Топтар өзара «бір жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалау, өзін-өзі бағалау. Топтар өзара бағалайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Жұппен бағалау әдісі. |
Бақылау, қадағалау, нұсқау беру | Қадағалау, бақылау, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау нәтижелері бойынша бағалау. Сабаққа кері байланыс алу. Сұрақ қою арқылы да бағалау. | АКТ қолдана отырып мәтін құрастыру. Бейнелеу өнері, әдебиет. |
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ оқу мақсатына сәйкес өткізілді. Оқушылар етістер, олардың түрлерін ажырата білді. Етістерді қолданып мәтіндер құрастырып талдай білді. Сыныпта оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасай білді. Өзара бағалау жұмыстары жүргізілді. Сабақ бойынша жоспарлаған жұмыстарымның бәрі орындалды. Соның ішінде ақпарат құралдарды қолдана отырып өздігінен мәтін құрастыру, «Қарлы кесек» ойыны арқылы сабақты қорытындылау тиімді болды. Сабақта таймерді қолданып, уақытты тиімді қолдану қажет деп ойлаймын. Уақытты үнемдеу үшін сурет бойынша мәтін құрастыру барысында мәтіннің сөйлемдерін қысқарттым. | |
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. «Даналық ағаш» әдісін қолданып үй тапсырмасын сұрау табысты болды. 2. «Қарлы кесек» ойыны арқылы қорытындылау, «ББҮ» әдісін қолдана отырып, сабаққа кері байланыс алу тиімді болды. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісін қолдану арқылы оқушылар жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгеріп, тірек сызба арқылы класстерді қолдана отырып, жаңа тақырып бойынша ережелерді айтып, мысалдар келтіріп сабақты өздігінен меңгеруі тиімді болды. 2. Өзара бағалау, «Бір жұлдыз,бір тілек», «Бғдаршам» әдістерін қолдану арқылы бағалау және жұлдызшалармен ынталандыру оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырды.. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 1. Сабақта уақытты тиімді қолдану үшін таймерді қолдану керек. 2.Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау барысында оқушылардың бір-біріне ұсынысты дұрыс айта білуге үйрету. |