Просмотр содержимого документа
«6-сынып?а арнал?ан ?аза? ?дебиетінен саба? жоспары »
Гүлғайша Зияденқызы Макатова
Павлодар облысының
Павлодар қаласындағы
№26 жалпы орта білім беру мектебі
6 сынып. Әдебиет.Орыс тілді сыныбында
Тақырып: Ілияс Жансүгіров. Көкшетау («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Мақсат: Ілияс Жагнсүгіров шығармашылығы туралы білім беру, «Көкшетау» өлеңімен таныстыру арқылы өнер құдіретін көрсету.
Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын, танымдық белсенділігін арттыру,іздену ,ойлау әрекеттің дамыту.
Табиғат сұлулығын қадірлеуге,өнерді сүюге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу,түсіндіру,сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті,шығармалар жинағы,интерактивті тақта.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Тіл ұстарту: өткен сабақтар тақырыптары бойынша блиц-турнир сұрақтары бойынша қайталау,еске түсіру кезеңі
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім жазған?
Абайдың шын аты кім?
Қазақ тіл білімінің атасы кім?
Оның қандай мысалын оқыдыңдар?
Қай ақын жүз жыл жасаған?
Сәкен Сейфуллин «Дала» өлеңінде нені жырлаған?
ІІІ.Жаңа тақырыпты оқып-білу кезеңі:
Мұғалімнің алғы сөзі. Жаңа сабақты эпиграфтан бастайды
« Ілияс Жансүгіров –қазақ әдебиетінің көгіндегі аз ғана жарық жұлдыздардың бірі». Ә.Тәжібаев.
ІV. Сөздік жұмысы: Тақтадан сөздік жұмысына арналған сөздер көрсетіледі /слайд/
Негізін қалаушы-основатель
Қоғам қайраткері-общественный деятель
Құрбан- жертва
Қайрат,күш,қуат-сила,мощь
Халықтар бірлігі, ынтымағы- единство,солидарность народов
Үлес қосқан- внес вклад
Нәр-живительная сила
Рух-дух
Өнердің қуатты күші
Осы берілген сөздерді оқып,түсіндіру
V.Оқулықтағы І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына арналған мәтінді мұқият оқып шығып,өмірі мен шығармашылығына тірек сызба құрастырады. Дәптерлеріне жазады
Поэзия,проза,драма
жанрларында жазған
1894-1938 ж.өмір сүрген көрнекті жазушы,
жылдары қоғам қайраткері
Ілияс
Жансүгіров
Алматы облысында
туған «Танысы», «Күйші»,
«Дала», «Құлагер»,
«Жолдастар», «Кек»...
Репрессия құрбаны
VI. Теңеу,эпитет туралы тусініктерін қайталау
Теңеу-көркемдеп суреттеуде затты, құбылысты екінші зат, құбылыспен салыстырып бейнелеу.
Эпитет – заттың, құбылыстың сипатын, сапасын айқындайтын суретті сөз.
VII.Қазақтың көрнекті жазушысы Ілияс Жансүгіров өзінің бірқатар өлеңдерінде туған жердің табиғатын суреттейді.
Бұл өлең жазушының «Құлагер» поэмасынан үзінді екенін айтып өтеді.
Өлең мазмұны бойынша жұмыс:
1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар беріп,жауап алу
Көкшетаудың табиғатын ақын қалай суреттеген ?
Қандай теңеулер мен эпитеттер қолданған ?
3.Дәптерлеріне тауып жазғызу:
Ағын судай,таудан ұдай, сұлудың көзіндей, тоты құстай, қыз орман,
жасыл барқыт,асыл құндыз...
VIII.Рефлексия кезеңі:
Сабақтан алған әсерлері туралы ой бөлісу.
IX.Оқушыларды бағалау.
X. Үй жұмысын беру
Оқу бет 128-133, кесте – сызба бойынша жазушының шығармашылығын әңгімелеу, өлеңнен ұнаған шумақтарын жаттау.