Қазақ тілі, 6 - сынып
1. Дұрыс тасымалданбаған сөз:
а) құ-рылысшы; в) құрылыс-шы; с) тау-ық; д) та-уық.
2. Ашық буын:
а) -ор, -ар; в) -та, -те; с) бар, қал; д) -са, -тек.
3. Қосымшалы сөз:
а) айна в) журнал с) ор д) жүр
4. Жалқы есім:
а) алты в) маса с) Ақтөс д) өзен
5. Күрделі етістік:
а) құйды ма? в) су құйды с) құйып жүр д) құйдық
6. “Ұзын” сөзі мағынасына қарай нені білдіреді?
а) заттың түсін; в) заттың көлемін; с) заттың дәмін; д) заттың пішінін
7. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөз:
а) дәптерлер; в) келеді; с) кітабың; д) көкшіл.
8. Мағынасы жуық сөздер:
а) жақын-алыс; в) суық-ыстық ; с) биік-төмен; д) әдемі-сұлу.
9. Болымды етістікті тап:
а) барма; в) ойна; с) оқып отыр; д) жазба.
10. Болымсыз етістікті көрсет:
а) сұрама; в) жазып отыр; с) келді; д) барады.
11. Қаратпа сөзі бар сөйлем:
а) – Шырағым, Кәмаш, мына Қарасақаудың баласы саған бұлдірген әкеліпті.
в) Қызым құстың жемін әкелді. с) Балам мектептен келді.
д) Қарға ірімшік тауып алды.
12. Туынды зат есім:
а) дойбы; в) қызмет; с) жұмысшы; д) өнер.
13. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің сұрақтары:
а) Кім? Не? в) Не істеді? Неғылды? Қайтті? с) Кімдер? Нелер?
д) Қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда?
14. Есептік сан есімнің сұрақтары:
а) Нешінші? в) Қанша? Неше? с) Қандай? Қай? д) Неше? Нешінші?
15. Бірінші сыңары түбір тұлғада, екінші сыңары тәуелдік жалғаумен келген сөз тіркесін тап:
а) менің орным; в) тау қыраны; с) отпен ойнама; д) қыс түсті.
16. “Дәмі, дәрі, дәні” сөздерінің мағынасын өзгертіп тұрған дыбыстар:
а) қатаң дауыссыз дыбыс; в) ұяң дауыссыз дыбыс;
с) үнді дауыссыз дыбыс; д) жіңішке дауысты дыбыс.
17. Мәтін:
а) сөйлем в) әңгіме с) тақырып д) сөз
18. Ауыспалы мағыналы сөз:
а) адамның басы в) таудың басы с) қойдың басы д) тауықтың басы
19. Сөйлемнің байланысын анықтаймыз:
а) тыныс белгісі арқылы; в) сұрақ қою арқылы;
с) орын тәртібі арқылы; д) жазылуы арқылы.
20. Хат сөйлеудің қай түріне жатады?
а) ауызекі сөйлеу; в) мәнерлеп сөйлеу; с) жазбаша сөйлеу; д) жатпайды.
Қазақ тілі
1 – с | 6 – в | 11 – а | 16 – с |
2 – с | 7 – с | 12 – с | 17 – в |
3 – а | 8 – д | 13 – д | 18 – в |
4 – с | 9 – с | 14 – в | 19 – в |
5 – с | 10 – а | 15 – а | 20 – с |