kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ тілінен тест

Нажмите, чтобы узнать подробности

0783

1. Көп нүктенің орнына қайдауысты дыбысты қойғанда бір буынды сан шығатынын белгілеңіз. Б.р

  1. і
  2. е
  3. о
  4. ү
  5. ы

2. Зат есімге лайық қатарды көрсетіңіз.

  1. Еліктеу сөздер
  2. Есім сөздер
  3. Етістік
  4. Бейтарап сөдер
  5. Көмекші сөздер
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілінен тест»

0783

1. Көп нүктенің орнына қайдауысты дыбысты қойғанда бір буынды сан шығатынын белгілеңіз. Б...р

  1. і

  2. е

  3. о

  4. ү

  5. ы

2. Зат есімге лайық қатарды көрсетіңіз.

  1. Еліктеу сөздер

  2. Есім сөздер

  3. Етістік

  4. Бейтарап сөдер

  5. Көмекші сөздер

3. Сын есімді табыңыз.

  1. Мезгіл

  2. Қышқыл

  3. Сырт

  4. өнер

  5. найза

4. Топтау сан есімді табыңыз?

  1. Ондаған

  2. Алпыстай

  3. Екі жарым

  4. Екіден

  5. Қырыққа таяу

5. Көсемшені табыңыз?

  1. Жазған

  2. Жазба

  3. Жазбақ

  4. Жазар

  5. Жазып

6. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз: «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі».

  1. Егіншілік

  2. Ерлік

  3. Еңбек

  4. Достық

  5. Адамгершілік

7. Омоним болатын сөзді табыңыз.

  1. Құдірет

  2. Мін

  3. Бес-бестен

  4. Тәрбие

  5. Неге?

8. «Әлде» сөзінің қай сөзбен бөлек жазылатынын көрсетіңіз.

  1. Әлде(қандай)

  2. Әлде(кім)

  3. Әлде(қалай)

  4. Әлде(адам)

  5. Әлде(қашан)

9. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасын анықтаңыз:

  1. Лептік

  2. Күшейткіш

  3. Болжалдық

  4. Шектік

  5. Сұраулық

10. Негізгі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді табыңыз?

  1. Қыңқ

  2. Күмп

  3. Лып

  4. Арс

  5. Тыртың

11. Күрделі етістікті белгілеңіз?

  1. Ұшақ аспанға көтерілді

  2. Табысты еңбек

  3. Бес – тақ сан

  4. Нұрбек құлап қала жаздады

  5. Мен келдім

12. Баланы жаман үйретпеу керек. Жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз.

  1. Атаулы сөйлем

  2. Жақты сөйлем

  3. Жақсыз сөйлем

  4. Жалаң сөйлем

  5. Құрмалс сөйлем

13. төл сөздің алдынан автор сөзі келсе, қойылатын белгіні көрсетіңіз.

  1. Қос нүкте

  2. Көп нүкте

  3. Нүкте

  4. Үтір

  5. Нүктелі үтір

14. Тіл білімін зерттейтін ғылымды атаңыз.

  1. Археология

  2. Жаратылыстану

  3. Тарих

  4. Филология

  5. Философия

15. синоним сөздерді көрсетіңіз.

  1. Таңдау, таныс

  2. Несібелі, ырысы

  3. Сынау, зерттеу

  4. әңгіме, ертегі

  5. таңертен, түсте

16. дауыссыз дыбыстың түрін табыңыз.

  1. Жіңішке

  2. Езулік

  3. Ашық

  4. Еріндік

  5. Үнді

17. «Қара ала» сөзіндегі үндестік орнын көрсетіңіз.

  1. Біріккен сөзде

  2. Қос сөзде

  3. Күрделі сөде

  4. Тұрақты тіркесте

  5. Түбір сөзде

18. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды белгілеңіз.

  1. Қайран, менің жас күнім!

  2. Есімнен, сірә, кетпейді.

  3. Баяғы балғын балалық.

  4. Шақырсам дуысым жетпейді.

  5. Ұсынсам қолым жетпейді.

19. Есімдерден жасалған туынды етістікті белгілеңіз:

  1. Қалашыл

  2. Тақ

  3. Есім

  4. Елпілде

  5. Бағала

20. Мақсат үстеулі тіркесті табыңыз.

  1. Ертең барады.

  2. Төмен түсті

  3. Босқа әуре болма

  4. Бірден сөйледі

  5. әдейілеп кеді

21. Бастауыштың жасалу жолын белгілеңіз: Балар айналаға масаттана қарайды.

  1. Есімше

  2. Сын есім

  3. Сан есім

  4. Зат есім

  5. Есімдік

22. Зат есімнің толықтауыш қызметіндегі нұсқасын табыңыз.

  1. Сара келді.

  2. Гүл – жердің көркі.

  3. Жазықсыз жазалама.

  4. Кешегі жұмысты бітір.

  5. Батыр оралды.

23. Мына сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқысының баяндауышының сұрауы қалай, белгілеңіз: Ағасына көзінің астымен қарап, таңырайған шолақ танауымен шуылдай дем алып тұр.

  1. Не үшін?

  2. Неге?

  3. Қашан?

  4. Қалайша?

  5. Қайтіп?

24. Қыстырма сөзді табыңыз:

  1. Несін айтасын, біздің бақытымызға орай берілген жан ғой.

  2. Мә-ә-ә, онысы не?

  3. Оһ, дүние жалған-ай!

  4. Тоқтай тұр, бәлем!

  5. Күнім-ау, жұлдызың жанайын деп тұр-ау.

25. Қайталам қос сөзердің жасалу жолын белгілеңіз.

  1. 2

  2. 4

  3. 5

  4. 3

  5. 6

26. Бірігу арқылы жасалған жұлдыз аттарын табыңыз.

  1. Жетіқарақшы, ұлтабар

  2. Ақбозат, темірқазық

  3. Мырзашөл, қосаяқ

  4. Атауысз, Алакөл

  5. Қаражорға, есекқырған

27. Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтасты табыңыз:

  1. Сыйластық – адамның ақыл-ой, мінез-құлқын, санасы мен мәдениеттілігін аңғартатын қасиеттердің бірі.

  2. Жұмысын өнсін десең, өткенге өкінгің келмесе, әр минутынды ұқыпты пайдалана біл.

  3. Оқудағы қызы келіп еді, туыстары жиналып, той-думан өткізді.

  4. Үй іші мұздап, сырттағы ызғырық азынай бастаса, Бұзаубақ пен Айжан пештің жанына бөстекті төсеп, бір-біріне тығыла түсіп бір сүйіп отыратын.

  5. Ұсақ балалардың көпшілігі жеке-жеке тайға мініп, бірен-сарандары екі-екіден мінгесіп алып, Абайларға ілесе шапқанда, жұрттың бәрінің артында қалғаны Оспан болды.

28. Төл сөзді сөйлемді табыңыз:

  1. Апасының «кішкенесі» - 20 жаста.

  2. «Шұға айныса, амалым жоқ», - деді Әбдірахман.

  3. Розаның «Әлиясын» бүкіл қазақ сүйі тыңдайды.

  4. Өлеңдері «Жас Алашта» жарияланды.

  5. Естігенді ұмытас үшін не істеу керектігі айтылды.

29. Қандай тыныс белгісі жетпей тұр, белгідеңіз: Әділ, аман қайттың ба? Амандасады.

  1. Дефис

  2. Қос нүкте

  3. Сызықша

  4. Жақша

  5. Үтір

30. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде алайда, бірақ деген жалғаулықтар түсіп қалса, екі сөйлем арасына не қойылатынын белгілеңіз:

  1. Үтір

  2. Қос нүкте

  3. Үтір, сызықша

  4. Үтір, дефис

  5. Сызықша


0788

31. «О» дыбысы қандай дыбыс екенін белгілеңіз.

  1. Қатаң

  2. Дауыссыз

  3. Ұяң

  4. Дауысты

  5. Үнді

32. Жалқы есімді көрсетіңіз.

  1. Ақылбай

  2. Ауа

  3. Гүл

  4. Тау

  5. өзен

33. Сын есімді табыңыз.

  1. Сонау, мына

  2. Қызыл, көк

  3. Кітап, оқушы

  4. Әрине, мүмкін

  5. Бес, отыз

34. Есептік сан есімді көрсетіңіз

  1. Мың-мыңнан

  2. Мыңдаған

  3. Мың

  4. Мыңыншы

  5. Мыңдап

35. Тұйық етістікті анықтаңыз.

  1. Шегелеу

  2. Түсіндір

  3. Көрсет

  4. Көмектес

  5. Дәлелде

36. Архаиз сөзді табыңыз.

  1. Шаырақ

  2. Бетеге

  3. Саяжай

  4. Адырна

  5. Маржан

37. Дұрыс жазылған сөзді белгілеңіз.

  1. Моделге

  2. Моделмен

  3. Модельді

  4. Моделде

  5. Модельі

38. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

  1. Құрық

  2. Бүйрөк

  3. Күйүк

  4. Құлұн

  5. Жүрөк

39. Біріккен түбірден жасалған сөзді табыңыз.

  1. Көртышқан

  2. Алтын

  3. Жасыл

  4. Дара

  5. Әнуар

40. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз.

  1. Еш нәрсе

  2. Санау

  3. Кейбіреу

  4. Сонау

  5. үшеу

41. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасын анықтаңыз:

  1. Сұраулық

  2. Шектік

  3. Күшейткіш

  4. Лептік

  5. Болжалдық

42. Еліктеудің қай түрі, анықтаңыз: Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.

    1. Негізгі еліктеуіш

    2. Дыбыстық

    3. Туынды еліктеуіш

    4. Дара бейнелеуіш

    5. Күрделі бейнелеуіш

43. Жалпылауыш сөзі сан есімнен болған сөйлемді анықтаңыз.

  1. Айлалы батыр алдырмас

  2. Тіл – қылыштан өткір

  3. Отан – оттан да ыстық

  4. Өнерлі бала сүйкімді

  5. Шолпан, Дана – екеуі жарыста озып шықты

44. Азот, отегі, масса, лексикология терминдері қай стильде кездеседі, белгілеңіз.

  1. Публицистика

  2. Ғылыми

  3. Көркем әдебиет

  4. Ауызекі

  5. Іс-қағаздар

45. Дұрыс жазудың кепілі не, белгілеңіз.

  1. Орфографиялық сөздік.

  2. Терминологиялық сөздік.

  3. Аударма сөздік.

  4. Орфоэпиялық сөздік.

  5. Синонимдік сөздік.

46. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз.

  1. ИЛ-86-мен

  2. ГАЗ-51 ге

  3. см-ден

  4. см. ден

  5. смге

47. Сөз тіркесіндегі матасуды табыңыз.

  1. Он жеті

  2. Сегіз жас

  3. Сенің үйің

  4. Ала тай

  5. Айтып бер

48. Тыныс белгісі дұрыс қоылған сөйлемді анықтаңыз.

  1. Қазақстандағы ірі өзендер: мыналар Ертіс, Жайық, Сырдария.

  2. Қазақстандағы ірі өзендер мыналар: Ертіс, Жайық, Сырдария.

  3. Қазақстандағы ірі өзендер мыналар – Ертіс, Жайық, Сырдария.

  4. Қазақстандағы ірі өзендер мыналар; Ертіс, Жайық, Сырдария.

  5. Қазақстандағы ірі өзендер мыналар, Ертіс, Жайық, Сырдария.

49. Кезектес салалас сөйлемді табыңыз.

  1. Түнгі кезекте болғандықтан, шаршап та отырмын.

  2. Экологияны сақтайық, соған ат салысайық.

  3. Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады.

  4. Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр.

  5. Онымен әр кеңескен сайын әр түрлі жаңалықтар естимін.

50. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.

  2. Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып түрегелді.

  3. Екпей, егін бітпес, үйренбей, білім бітпес.

  4. Мен шаңғы теүіп жүремін.

  5. Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан, Кенжібек бұл кемшіліктерге кеңшілік, кешірім жасайды.

51. Қыстырма сөзді табыңыз:

  1. Тоқтай тұр, бәлем!

  2. Несін айтасын, біздің бақытымызға орай берілген жан ғой.

  3. Күнім-ау, жұлдызың жанайын деп тұр-ау.

  4. Мә-ә-ә, онысы не?

  5. Оһ, дүние жалған-ай!

52. Көп нүкте қай жерге қоылмайтынын табыңыз.

  1. Ойдың бас жағынан, арасынан, соңынан сөз қалдырылса.

  2. Ойға өте алшақ нәрсе қосылып кетсе.

  3. Ой белгілі себеппен бөліп-бөліп айтылғанда.

  4. Ой санамалап айтылса.

  5. Оқиға толық айтылмай тоқталса.

53. Қыстырма сөзге байланысты қоылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.

  1. Менің бұлай ашық, мойындап-отырғаныма кейбір бала, қайран.

  2. Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма – байқаймын – кейбір бала қайран.

  3. Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын, кейбір бала қайран.

  4. Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма байқаймын, кейбір бала қайран.

  5. Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын кейбір бала қайран.

54. Қойылмаған тыныс белгісін белгілеңіз: Абай жолы, Ботагөз романдарын оқымаған оқушы жоқ.

  1. Тырнақша

  2. Дефис

  3. Сызықша

  4. Үтір

  5. Қос нүкте

55. Мақалды көрсетіңіз.

  1. Ақылы асқанды аға тұт.

  2. Ат тұйяғын тай басар.

  3. Ақ түйенің карны жарылды

  4. Құрғақ қасық ауыз жыртар.

  5. Көптің құрығы ұзын.

56. Диалект сөзді табыңыз.

  1. Атыз

  2. Арық

  3. Алтын

  4. Қарық

  5. Опан

57. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсетіңіз.

  1. Кітаптар

  2. Балалар

  3. Құрылысшылар

  4. Ұндар

  5. Газеттер

58. Үстеудің қызметін анықтаңыз: Жата-жастана қонуымызды өтінеді.

  1. Бастауыш

  2. Анықтауыш

  3. Толықтауыш

  4. Баяндауыш

  5. Пысықтауыш

59. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

  1. Жандос қалада тұрады.

  2. Тәтем көршімен әңгімелесті.

  3. Екі қолын жылы суға салды.

  4. Түс ауа жайлауға келдік.

  5. Балаларға сыныпта секіруге болмайды.

60. Тыныс белгісі дұрыс қойылған диалогты белгілеңіз.

  1. - Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе.

  2. - Абайды да білемін? Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?

  3. - Абайды да білемін, Ол Құнанбайдың өлеңші-баласы емес пе?

  4. - Абайды да білемін. Ол Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?

  5. - Абайды да білемін. Ол – Құнанбайдың өлеңші баласы емес пе?


2787

61. Дұрыс жазылған сөді белгілеңіз.

  1. Күлай

  2. Ләззәт

  3. Күләндә

  4. Дүдамал

  5. Жәмила

62. Жалпы есім қатарын анықтаңыз.

  1. «Жас Алаш», «Парасат»

  2. Әйгерім, батыр

  3. Қала, көше

  4. Айна, Гүлдария

  5. Көпір, Ертіс

63. Сапалық сын есімді көрсетіңіз

  1. Үлкенірек

  2. Малды

  3. Түнгі

  4. Көтеріңкі

  5. Шоқпардай

64. Топтау сан есімді табыңыз

  1. Қырыққа таяу

  2. Екі жарым

  3. Ондаған

  4. Алпыстай

  5. Екіден

65. «Гөрі, үшін, сайын» шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз

  1. Тәуелдік

  2. Жіктік

  3. Демеулік

  4. Септеулік

  5. Жалғаулық

66. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз: «білімді өлмес – қағазда аты қалар, ұста өлмес – істеген заты қалар»

  1. Адамгершілік

  2. өнер-білім

  3. денсаулық

  4. достық

  5. ерлік

67. Біріңғай қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз

  1. ф, щ, ч, т

  2. с, б, в, н

  3. ү, х, р, л

  4. т, с, б, в

  5. ц, ш, й, һ

68. Біріңғай езулік, жіңішке дауыстылардан болған сөзді белгілеңіз

  1. мүсәпір

  2. бүлдірген

  3. еріншек

  4. жоңышқа

  5. бүлдіршін

69. Біріккен түбірден жасалған сөзді табыңыз.

  1. Әнуар

  2. Алтын

  3. Көртышқан

  4. Дара

  5. Жасыл

70. Болымсыздық есімдігін табыңыз

  1. Кімде-кім

  2. Ешкім

  3. Кімдер

  4. Қайсыбір

  5. Әлдекім

71. Етістіктің нақ осы шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.

  1. Тұрғанмын

  2. Тұратынсың

  3. Тұрасың

  4. Тұрарсың

  5. Тұрмын

72. Сөз тіркесінің өзіне лайықты басыңқы сыңарын көрсетіңіз: Ер қанаты - ...

  1. Ат

  2. Жылқы

  3. Серігі

  4. Қару

  5. Табандылық

73. Аралас құомалас сөйлемді табыңыз

  1. Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.

  2. Жалғасы қызық болды, олар таңға көз ілмеді.

  3. Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.

  4. Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.

  5. Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.

74. Азот, оттегі, масса, лекскология терминдері қай стильде кездеседі, белгілеңіз

  1. Ауызекі

  2. Ғылыми

  3. Публицистика

  4. Көркем әдебиет

  5. Іс-қағаздар

75. Кейінді ықпал әсерінен өзгеріске ұшырайтын сөзді табыңыз.

  1. Ара

  2. Қар

  3. Теп

  4. Бал

  5. Келу

76. Қысқарған сөзді тіркесті табыңыз.

  1. Талдықорғанда тұрады

  2. Аққулы көл

  3. Педколледжге барды

  4. Ата анасымен сөйлесті

  5. Күні бойы ойнады

77. Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз

  1. Пайда, мақтан – бәрі тұл

  2. Ол да, ол тұрған село да жас еді

  3. Жүрісімсіз кейде бүлкіл, кейде бөкен желіс.

  4. Саят өте еңбекқор еді

  5. Қар суы да, жаңбыр суы да – соның ырысы

78. Оңашаланған айқындауыш қатысқан сөйлемді табыңыз

  1. Қазытай өте орынды ақыл айтты

  2. Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой

  3. Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады

  4. Жұлдыздар сиреп, түн қараңғыланады.

  5. Сіздер маған өз халқыңызды, қазақ халқын, сүюді үйреттіңіздер.

79. Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз.

  1. Үлкендер төрде отыр, жастар босағада

  2. Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды

  3. Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді.

  4. Еңбек етсең ерінбей, тяды қарның тіленбей.

  5. Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.

80. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз

  1. Көп сағындырдың ғой, қуатым!

  2. Көп, сағындырдың ғой - қуатым!

  3. Көп, сағындырдың ғой қуатым!

  4. Көп сағындырдың ғой: қуатым!

  5. Көп сағындырдың ғой - қуатым!

81. Төл сөздің автор сөзінен соң орналасып тұрған түрін көрсетіңіз

  1. Ол бірде маған шынын айтты: «Сенімен сапарға шықсам, көңілім бір түрлі көтеріңкі болады»

  2. Мен колхозшыларға: «Өзім бұл жерде туғаным жоқ», - дедім.

  3. «Біз қайда жатырмыз?» - деп сұрады.

  4. «Біз қайда жатырмыз? – деді, - кеше кеткен жоқпыз ба?»

  5. «Иә, - деді Дина, басын изеп, - тіл мен үн арасында айырма жоқ»

82. «Кімің келіп кетті?» сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңыз

  1. көмекші етістік

  2. сұрау есімдігі

  3. дауыс интонациясы

  4. зат есім

  5. сұраулық шылау

83. Қыстырма сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгіні табыңыз.

  1. Менің бұлай ашық, мойындап - отырғаныма кейбір бала, қайран.

  2. Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын, кейбір бала қайран.

  3. Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма байқаймын, кейбір бала қайран.

  4. Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма - байқаймын - кейбір бала қайран.

  5. Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын кейбір бала қайран.

84. Дефис қойылмайтын орында көрсетіңіз.

  1. Қос сөздерде

  2. Екі сөзден тұратын қызмет, дәреже, атауларды білдіретін сөздер.

  3. Қарсы мәнді сөзердің қатар келуі

  4. Реттік сан есімдер цифрмен жазылғанда

  5. Қысқарған сөдер арасында

85. Диалект сөздерді көрсетіңіз.

  1. өнеркәсіп, сым, леген.

  2. Шәугім, шапа, меш

  3. Айыр, күрек, тырма.

  4. әдемі, көркем, сұлу.

  5. Табан, бекіре, шортан.

86. Көнерген сөзді табыңыз

  1. Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында

  2. өзі оңбаған ант ұрған

  3. отаның мен халқыңа еңбек ет

  4. ол жанын шүберекке түйді

  5. сексен түйе үстінде алтын жағлан орнаған

87. «Арманыма» - сөзіндегі соңғы қосымшаны табыңыз

  1. барыс септік

  2. тәуелдік жалғау

  3. септік жалғау

  4. көптік жалғау

  5. жіктік жалғау

88. мезгіл үстеулі сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Жомарт биыл келген

  2. Аяғы жазылды ма өзінің?

  3. Әйелдер Бәкеңнің үйін сыпырып жатыр

  4. Олар егіннен мол өнім алу үшін жанталасады.

  5. Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.

89. Негізгі еліктеу сөзді табыңыз.

  1. Быжың

  2. Сымпың

  3. Шіңк

  4. Кілтің

  5. Торсаң

90. Жақты сөйлемді табыңыз.

  1. Қатерліден осылай құтылар болар.

  2. Бүгін жиналысқа қатысуға тиіссіз

  3. Саған соны ғана айтқым келеді!

  4. Қап, ұят болған екен!

  5. Бұлт астында жылжыған ай.

3783

91. «О» дыбысы қандай дыбыс екенін белгілеңіз.

  1. Үнді

  2. Ұяң

  3. Қатаң

  4. Дауысты

  5. Дауыссыз

92. Күрделі зат есімді анықтаңыз.

  1. Ас

  2. Су

  3. Нан

  4. Азық-түлік

  5. Тағам

93. Сын есім нені белдіретінін белгілеңіз.

  1. Заттың ретін

  2. Заттың санын

  3. Заттың атын

  4. Заттың қимыл-әрекетін

  5. Заттың сынын

94. Болжалдық сан есімді анықтаңыз

  1. Сегізінші

  2. Бір жарым

  3. Отыз шақты

  4. Он-оннан

  5. Қырық

95. Көсемшенің жұрнағын белгілеңіз

  1. -ма, -ме

  2. -ды, -ді, -ты, -ті

  3. -атын, -етін, -йтін, -йтын

  4. –ар, -ер, -р

  5. –қалы, -келі, -ғалы, -гелі

96. Жіңішкелік белгісіне (ь) біткен сөзге дұрыс жалғанбай тұрған жалғауды табыңыз

  1. нольден

  2. лагерьге

  3. бинокльінен

  4. артельде

  5. рульді

97. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз

  1. бүйрөк

  2. жүрөк

  3. құрық

  4. күйүк

  5. құлұн

98. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз

  1. қарақұрт

  2. қосаяқ

  3. көкқұтан

  4. тасбақа

  5. жолбарыс

99. Туынды сөзді көрсетіңіз

  1. үсті

  2. соң

  3. қуырдақ

  4. алыстан

  5. қызғылт

100. Мына сөздерге көптік жалғауының дұрыс жалғанғанын табыңыз

  1. сүттер

  2. бірнеше кісілер

  3. 250 қойлар

  4. студенттер

  5. екі құрттар

1. «Ешқандай, ешқайдан» есімдіктерінің түрін анықтаңыз

    1. болымсыз етістік

    2. үстеуші есім

    3. белгісіздік есімдігі

    4. өздік етіс

    5. болымсыздық есімдігі

2. Қуанышты жасыруға болмайды. Сөйлем түрін анықтаңыз.

  1. Атаулы

  2. Құрмалас

  3. Толымды

  4. Жақсыз

  5. Жақты

3. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  1. Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.

  2. Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.

  3. Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.

  4. Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.

  5. Жалғасы қызық болды, олар таңға көз ілмеді.

4. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.

  1. Сөйлемді сауатты; құрастырған жөн деді мұғалім.

  2. «Сөйлемді сауатты, құрастырған жөн,» - деді мұғалім.

  3. «Сөйлемді сауатты құрастырған жөн,» - деді мұғалім.

  4. «Сөйлемді сауатты құрастырған жөн» - деді мұғалім.

  5. Сөйлемді сауатты: құрастырған жөн, - деді мұғалім!

5. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз

  1. Кітап

  2. өзек

  3. қазы

  4. от

  5. орыс

6. Синонимдік қатарды табыңыз

  1. көкшіл, көгілдір, жасыл

  2. жақсы, тәуір, оңды

  3. кеңет, тосын, мүлде

  4. келесі, ендігі, бұрынғы

  5. біреу, кейбіреу, әркім

7. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсетіңіз

  1. ендігәрі

  2. биыл

  3. әлдекім

  4. шегара

  5. былтыр

8. Сұраулық шылау қатысып тұрған қатарды көрсетіңіз

  1. сенейін(бе), сенбейін(бе)

  2. жаман әдетке үйрен(бе)

  3. Өтірік айт(па)

  4. Сен әкел(ме)

  5. Сен сен(бе)

9. сөз тіркесіндегі матасуды табыңыз

  1. Сенің үйің

  2. Ала тай

  3. Айтып бер

  4. Он жеті

  5. Сегіз жас

10. Дара бастауышы бар сөйлемді табыңыз

  1. Ұлжан – сыншыл адам

  2. Келе жатқан – Жамал

  3. Төрт жердегітөрт – он алты

  4. Республика сарайы адамға лық толды

  5. Оның еңбегі жанды.

11. Сапалық сын есім қатысып тұрған тіркесті табыңыз

  1. Мақалдың шөбі

  2. Көк аспан

  3. Он оқушы

  4. Ақылды адам

  5. Білгеннің пайдасы

12. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз

  1. Мен кеше сабаққа келген жоқпын

  2. Айжан дүкенге кетті

  3. Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.

  4. Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар.

  5. Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.

13. Сөйлеушінің біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей беруінің атауын табыңыз.

  1. Төлеу сөз

  2. Автор сөзі

  3. Қыстырма сөз

  4. Қаратпа сөз

  5. Төл сөз

14. Көп нүкте қай жерге қойылмайтынын табыңыз.

  1. Ойға өте алшақ нәрсе қосылып кетсе

  2. Ойдың бас жағынан, арасынан, соңынан сөз қалдырылса

  3. Оқиға толық айтылмай тоқталса

  4. Ой белгілі себеппен бөліп-бөліп айтылғанда

  5. Ой санамалап айтылса

15. Көнерген сөзді табыңыз

  1. Ол жанын шүберекке түйді

  2. Сексен түйе үстінде, алтын жағлан орнаған

  3. Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында

  4. Өзі оңбаған ант ұрған

  5. Отаның мен халқыңа еңбек ет

16. Күшейткіш үстеуі бар сөйлемді табыңыз

    1. Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған.

    2. Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді.

    3. Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға айырып алды.

    4. Шарасыздан айтқанға келісті.

    5. Аққасқа көлденең келіп, Көксеректі құлақ шекеден ала түсті.

17. Сөйлемнен еліктеу сөзді табыңыз. Қанаттары елбелеңдеген сұр жапалақ кеңк-кеңк етіп, төбеден қайта-қайта түнеріп өтті.

  1. Қайта-қайта түнеріп

  2. Кеңк-кеңк етіп

  3. Төбеден өтті

  4. Сұр жапалақ

  5. Түнеріп өтті

18. Сөйлемде кездесетін оқшау сөздің түрлерін белгілеңіз. Ей, сен, жаңылмасам, біздің қақпанға талай кездескен кәрі қасқыр көрінесің.

  1. Қаратпа сөз, жалғау

  2. Одағай сөз, қаратпа сөз

  3. Қаратпа, шылау

  4. Қаратпа, қыстырма

  5. Тек қана қыстырма сөз

19. Драмалық шығармалардағы ремаркаларға (автордың түсіндірмелері) қандай тыныс белгісі қойылатынын көрсетіңіз. Амангелді. Миша! Жайнаққа Әкет машиналарыңды!

  1. Қос нүкте

  2. Үтір

  3. Жақша

  4. Сызықша

  5. Тырнақша

20. Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз, белгілеңіз.

  1. Ғылыми тіл

  2. Публицистика тілі

  3. Көркем әдебиет тілі

  4. Ресми тіл

  5. Ауызекі тіл

1784

21. Синоним сөзді көрсетіңіз.

  1. Шын, өтірік

  2. Оқулық, оқушы

  3. Құнды, бағалы

  4. Қарулы, нашар

  5. Жаңбыр, дауыл.

22. Деректі зат есімді табыңыз.

  1. Сана

  2. Сызғыш

  3. Жайдары

  4. Жігер

  5. Адамгершілік

23. Өздік есімдігін табыңыз.

  1. өздеріңіз

  2. көрсеткіз

  3. мүлдем

  4. көңілсіз

  5. өркендету

24. Көсемшенің жұрнағын белгілеңіз.

  1. -ды, -ді, -ты, -ті

  2. –қалы, -келі, -ғалы, -гелі

  3. –ар, -ер, -р

  4. -ма, -ме

  5. -атын, -етін, -йтін, -йтын

25. Мына сөйлемге қай шылау лайық, көрсетіңіз. Кейбір өсімдіктердің өзінен сүт бөліп шығаратыны ертеден - ... белгілі.

  1. –мыс

  2. –ау

  3. –ақ

  4. –ді

  5. –ай

26. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз. Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.

  1. Егіншілік

  2. Еңбек

  3. Ерлік

  4. Достық

  5. Адамгершілік

27. Омоним болатын сөз қайсысы, табыңыз.

  1. Бес-бестен

  2. Неге?

  3. Құдірет

  4. Тәрбие

  5. Мін

28. Біріңғай еріндік дауысты қатысқан сөз қайсы, табыңыз.

  1. Бұлбұл

  2. Бұқтыр

  3. Болжалдық

  4. Бадыраю

  5. Барымталасу

29. Кейінді ықпалды табыңыз.

  1. Жұлдызша

  2. Екеуміз

  3. Ерлік

  4. Пәлеқор

  5. Сауншы

30. Мына сөздерге көптік жалғауының дұрыс жалғанғанын табыңыз

  1. 250 қойлар

  2. бірнеше кісілер

  3. екі құрттар

  4. сүттер

  5. студенттер

31. Күрделі сөзді табыңыз.

  1. Бақташылық

  2. Күркілдек

  3. Толқымалы

  4. Парасат

  5. Ақмола

32. Негізгі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді табыңыз.

  1. Тыртың

  2. Қыңқ

  3. Күмп

  4. Лып

  5. Арс

33. Автор сөзіне тән анықтаманы белгілеңіз.

  1. Біреудің айтқан нақты сөзі

  2. Қанатты сөз

  3. Екі адамның сөйлескен сөзі

  4. Біреудің сөзін жеткізушінің сөзі

  5. Біреудің сөзінің мазмұны.

34. Стиль түрін ажыратыңыз. «Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады».

  1. Іс-қағаздар

  2. Ауызекі сөйлеу

  3. Көркем әдебиет

  4. Ғылыми стиль

  5. Публицистикалық

35. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

  1. Мәдениет

  2. Қамысбай

  3. Машина

  4. Жанбады

  5. Добым

36. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді белгілеңіз.

  1. Қосаяқ

  2. Асқазан

  3. Тасбақа

  4. Атжалман

  5. Түйеқұс

37. Қосарлама қос сөзді табыңыз.

  1. Бақа-шаян

  2. Сұп-сұр

  3. Қайта-қайта

  4. Медпункт

  5. өзіне-өзі

38. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.

  1. Қысқы, басыңқы

  2. Қызыл ала, үлкенірек

  3. Бермес, назар

  4. Кеше, бүгін

  5. Гүлге, ерге

39. «Бағыныңқы», «Басыңқы» үлгісіндегі байланысы жоқ, өз мағынасынан айырылған сөздерді табыңыз.

  1. Он екі бала

  2. Бетімнен отым шықты

  3. Мен бармақпын

  4. Еңбекті сүйе біл

  5. Адал еңбек

40. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны табыңыз.

  1. Екі-үш күн күтерсің.

  2. Екі ұшты нәрсе екен.

  3. Баруға тиістісің бе?

  4. Адам – ардақты ат.

  5. Ертелі - кеш бір келер.

41. Толықтауыш қатысқан қатарды табыңыз.

    1. Мен жазда келдім.

    2. Ол да барар.

    3. Асанда кітап бар.

    4. Жуырда келмекші.

    5. Алға қарай тез адымда.

42. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Еңбек-ана, білім-қазына

  2. -Әй, Шығанақ, сыртын айтқанша, ішін айтсаңшы

  3. Ел орынға отыра, бір топ адам үйге кіріп келеді

  4. Шіркіннің киген киімінде бір кіршік болсайшы, бітімі де өзгеше

  5. Ексең егін, ішерсің тегін

43. Сызықша дұрыс қойылған жерді табыңыз.

  1. Біз – жиырма төрт екенбіз.

  2. Егер де – қолға түсіп қалсаң, мені білмейсің.

  3. Саябақтың ішінде жан жоқ – тым-тырыс.

  4. Біздің тоқталатынымыз – соңғысы.

  5. Сол – үміт әлі үміт боп келеді.

44. Тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді табыңыз.

  1. Жазу-белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты, ертеңгі ұрпаққа, жеткізу құралы.

  2. Жазу белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты ертеңгі ұрпаққа жеткізу құралы!

  3. Жазу: белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты, ертеңгі ұрпаққа жеткізу құралы.

  4. Жазу-белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты ертеңгі ұрпаққа жеткізу құралы.

  5. Жазу-белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты, ертеңгі ұрпаққа жеткізу құралы.

45. Сан есімді лайықты сөзімен тіркестіріңіз. Бір шөкім ...

  1. Нан

  2. Тұз

  3. Бұлт

  4. Шай

  5. Сөз

46. Үстеудің сөйлемде негізінен қандай қызмет атқаратынын табыңыз.

  1. Анықтауыш

  2. Бастауыш

  3. Толықтауыш

  4. Баяндауыш

  5. Пысықтауыш

47. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Білесің бе?

  2. Ол жақын жерде орналасқан.

  3. Білмесең, тыңда!

  4. Сен – оқушысың!

  5. Қыс.

48. Жай сөйлемдер арасына тыныс белгісін қойыңыз. Күн бесіндіге келген кезде Көркемтайдың аулы астаң-кестең болды кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып жастар тұрды.

  1. Қос нүкте

  2. Сызықша

  3. Нүктелі үтір

  4. Үтір

  5. Үтір, сызықша

49. Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын білдіретін сөзді табыңыз.

  1. Одағай сөз

  2. Қаратпа сөз

  3. Қыстырма сөз

  4. Төлеу сөз

  5. Төл сөз

50. Тырнақшаның қойылу себебін анықтап, дұрысын табыңыз.

Сарқылмас сөзі таудың бұлағындай,

Сиқыр сөз көлдің сұлу құрағындай.

Жортады желмаядай шал кеңеске,

«Осылай болған екен, шырағым-ай»

  1. Мақал

  2. Мәтел

  3. Сөйлем ішіндегі төлеу сөз

  4. Дәйек сөз

  5. Өлең ішіндегі төл сөз

3788

51. У дыбысы жіңішке болып тұрған сөзді көрсетіңіз.

  1. Табу

  2. Сену

  3. Жағу

  4. Жабу

  5. Жазу

52. Қосарлану арқылы жасалған сөзді табыңыз.

  1. Көкшіл

  2. Ашудас

  3. Құрбы-құрдас

  4. Қазақтың тілі

  5. Жезтырнақ

53. Жалқы есімді табыңыз.

  1. Облыс

  2. Көше

  3. өзен

  4. қала

  5. ертіс

54. Қатыстық сын есімді табыңыз

  1. ащы дәм

  2. қызғылт орман

  3. орманды алқап

  4. тәуірлеу қағаз

  5. жап-жасыл жер

55. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасын анықтаңыз:

  1. Сұраулық

  2. Шектік

  3. Күшейткіш

  4. Лептік

  5. Болжалдық

56. Біріңғай үнді дауыссыз дыбыстарды табыңыз.

  1. Р, л, й, у

  2. Б, в, й, ж

  3. У, л, м, т

  4. Н, л, г, ғ

  5. М, н, ң, һ

57. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз

  1. –лық

  2. –ым

  3. –кеш

  4. –лар

  5. –шы

58. Күрделі сөзді табыңыз.

  1. Күркілдек

  2. Парасат

  3. Ақмола

  4. Бақташылық

  5. Толқымалы

59. Жіктеу есімдігін табыңыз.

  1. өзі

  2. ел

  3. неше

  4. мен

  5. емен

60. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінетінін табыңыз

  1. 4

  2. 2

  3. 6

  4. 3

  5. 5

61. «Ертең жүрмекші» тіркесінің лексика-граматикалық мағынасын айқындаңыз.

  1. Істің мезгілі

  2. Істің мөлшері

  3. Істің себебі

  4. Істің салдары

  5. Қимыл-сын

62. Жалпылауыш сөзге тән тыныс белгілерін көрсетіңіз.

  1. Нүктелі үтір, леп белгісі

  2. Нүкте, дефис

  3. Үтір, сұрақ белгісі

  4. Қос нүкте, сызықша

  5. Тырнақша, жақша

63. Қаратпа сөзді табыңыз

  1. Отыз – алтыға қалдықсыз бөлінеді.

  2. Екі бесіміз – он.

  3. Расында, ол келе алмады.

  4. Алдарыңнан ақ жол болсын, ардагерлер.

  5. Ертең де, бүгін де бара алмаспын.

64. Көіл-күй одағайын табыңыз.

  1. Моһ-моһ

  2. Айт

  3. Сөйтіп

  4. Арман

  5. Алақай

65. Антоним сөзі бар мақал-мәтелді табыңыз.

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

  2. Адал достық алтыннан да қымбат.

  3. Татулық – табылмас бақыт.

  4. Ашуың келсе, қолың тарт.

  5. Ақылың аз, ашуың көп болса – қор боласың.

66. Терминдерге тән белгілерді табыңыз.

  1. Ғылым, техника салаларына телінген сөздер.

  2. Белгілі мекенде қолданылатын сөздер.

  3. Көнерген сөздер болады.

  4. Жаңа сөздер болады.

  5. Кәсіпке байланысты сөздер.

67. Кейінді ықпалды табыңыз.

  1. Тастай қатты

  2. Айжан

  3. Бейсенбай

  4. Қырманнан қайтты

  5. Сағындық

68. Есімдерден жасалған туынды етістікті белгілеңіз.

  1. Бағала

  2. Тақ

  3. Қалашыл

  4. Елпілде

  5. Есім

69. Тұрлаулы мүшелер арасына қойылатын сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз. Бұл – үлкен бақыт.

  1. Сілтеу есімдігі – зат есім

  2. Есім – етістік

  3. Зат есім – зат есім

  4. Есімдік – сын есім

  5. Жіктеу есімдік – зат есім

70. 2 - сөйлемдегі түсіп қалған сөйлем мүшесін табыңыз.

-Не мәселе туралы шақыртқаныңзды біліп отырмын.

-Сіздің ... білгеніңіз жақсы.

  1. Бастауыш

  2. Толықтауыш

  3. Пысықтауыш

  4. Баяндауыш

  5. Анықтауыш

71. Салаластың түрін ажыратыңыз. Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.

  1. Түсіндірмелі

  2. Кезектес

  3. Талғаулы

  4. Ыңғайлас

  5. Қарсылықты

72. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Ел орынға отыра, бір топ адам үйге кіріп келеді

  2. -Әй, Шығанақ, сыртын айтқанша, ішін айтсаңшы

  3. Ексең егін, ішерсің тегін

  4. Еңбек-ана, білім-қазына

  5. Шіркіннің киген киімінде бір кіршік болсайшы, бітімі де өзгеше

73. Берілген төл сөздің қай нұсасында тыныс белгілері дұрыс қойылғанын көрсетіңіз.

  1. –Мырза жүргелі жатырмыз. Киін, - деді де, солдат, ізінше қайта шықты.

  2. –Мырза, жүргелі жатырмыз. Киін! - деді де солдат, ізінше қайта шықты.

  3. –Мырза, жүргелі жатырмыз. Киін - деді де, солдат ізінше қайта шықты.

  4. –Мырза, жүргелі жатырмыз. Киін, - деді де, солдат ізінше қайта шықты.

  5. –Мырза жүргелі, жатырмыз. Киін, - деді де, солдат ізінше қайта шықты.

74. Тырнақшаның қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз. Қоян «батыр»қорыққаннан зыта жөнелді.

  1. Жеке ұғым атауы

  2. Жалқы есім атауы

  3. Әдет – салт аты

  4. Кері мағынадағы сөз

  5. Ерекше объект етіп алынған сөз

75. Көнерген сөзді табыңыз.

  1. Ел үмітін ақтау-ер атағын сақтау.

  2. Шамадан аспа, кемеріңнен таспа.

  3. Ыстан қорққан қазақтың құрсын заңы.

  4. Ел болып, етегіме паналағандарыңа мен ағайын болайын.

  5. Бадана көзді кіреуке, шар айнасы бес қабат.

76. Сан есімді лайықты сөзімен тіркестіріңіз. Бір шөкім ...

  1. Сөз

  2. Нан

  3. Тұз

  4. Шай

  5. Бұлт

77. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

  1. Осыншама ауыр.

  2. Тіпті ұзақ емес.

  3. Бірден келді.

  4. Ілгері кетті.

  5. Бермен кел.

78. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі; күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.

  2. Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.

  3. Шешім - шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.

  4. Шешім шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.

  5. Шешім - шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі - күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.

79. Қабаттасып келген тыныс белгілердің қойылуына не себеп екенін белгілеңіз.

- Астапыралда (солай дейтін оның кейде әдеті болушы еді)! – деді Итбай.

  1. Төл сөз, автор сөзі

  2. Лепті, қыстырма, диалог

  3. Төл сөз, қыстырма

  4. Қаратпа сөз, төл сөз

  5. Төл сөз, бұйрықты сөйлем

80. «Диуани лұғат ат-түрік» («түркі сөздерінің жинағы») атты лингвистикалық еңбектің авторын көрсетіңіз.

  1. Ахмет Югнаки

  2. Жүсіп Баласағұн

  3. Қожа Ахмет Яссауи

  4. Махмұд Қашқари

  5. Сайф Сарай

4786

81. Дұрыс жазылан сөзді белгілеңіз.

  1. Күләндә

  2. Күлай

  3. Дүдамал

  4. Ләззәт

  5. Жәмила

82. Зат есімді көрсетіңіз.

  1. Осында

  2. Сұр

  3. Әдемі

  4. Өлең айт

  5. Білім

83. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.

  1. Үштен екі

  2. Бесінші

  3. Жетеу

  4. Ондаған

  5. Мың

84. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз. Кейбір өсімдіктердің өзінен сүт бөліп шығаратыны ертеден - ... белгілі.

  1. –ді

  2. –ай

  3. –ақ

  4. –мыс

  5. –ау

85. Жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз. Жүйрік ат – ердің қанаты.

  1. Жақсыз

  2. Атаулы

  3. Жалаң

  4. Сабақтас

  5. Жайылма

86. Жіңішкелік белгісіне (ь) біткен сөзгедұрыс жалғанбай тұрған жалғауды табыңыз.

  1. Лгерьге

  2. Ртельде

  3. Нольден

  4. Рульді

  5. Бинокльінен

87. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

  1. Құлұн

  2. Бүйрөк

  3. Жүрөк

  4. Күйүк

  5. Құрық

88. Түбір сөзді көрсетіңіз.

  1. Жазбалы

  2. Кірме

  3. Достық

  4. Ауалы

  5. Ой

89. «Ешқандай, ешқайдан» есімдіктерінің түрін анықтаңыз

  1. белгісіздік есімдігі

  2. өздік етіс

  3. үстеуші есім

  4. болымсыздық есімдігі

  5. болымсыз етістік

90. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінетінін табыңыз

  1. 2

  2. 6

  3. 3

  4. 5

  5. 4

91. Сөз тіркесінің өзіне лайықты басыңқы сыңарын көрсетіңіз. Ер қанаты - ...

  1. Ат

  2. Қару

  3. Табандылық

  4. Серігі

  5. Жылқы

92. Үтірі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз.

  1. Ұра су, дами берсе, көл болады.

  2. Шаңғы тепкен, із кескен, ит жүгірткен, адамдар көрінеді.

  3. Не әскери мектепке, не химия институтына түседі.

  4. Шөлде мына ағштар өсе алады: сексеуіл итмұрын, тікенді, тал-шіліктер.

  5. Данасөзді ұғу да, айту да, даналық.

93. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.

  1. Көрмес түйені де - көрмес.

  2. Көрмес - түйені де көрмес.

  3. Көрмес - түйені де - көрмес.

  4. Көрмес түйені де көрмес.

  5. Көрмес түйені - де көрмес.

94. «Рецензия» сөзінің анықтамасын табыңыз.

  1. Сынау

  2. Мазмұндау

  3. Ой түйіні

  4. Бағалау

  5. Шолу

95. Эвфемизмді табыңыз.

  1. Ұрланды

  2. Табылмады

  3. Қолды болды

  4. Жоғалды

  5. Іздеді

96. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді табыңыз.

  1. Атжалман

  2. Тасбақа

  3. Түйеқұс

  4. Асқазан

  5. Қосаяқ

97. Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз.

  1. Әкеммен

  2. Әкеме

  3. Әкемде

  4. Әкем

  5. Әкемді

98. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз

  1. ГАЗ-51 ге

  2. см. ден

  3. смге

  4. ИЛ-86-мен

  5. см-ден

99. Жай шырайды табыңыз.

  1. Армансыз адам қанатсыз құспен тең.

  2. Жанат кең үйге кірді.

  3. Мына үй биігірек екен.

  4. Арман өте қызықты кітап оқыпты.

  5. Орасан зор жетістік.

100. Мекен үстеуді табыңыз.

  1. Былтыр

  2. Сонша

  3. Жедел

  4. Ертең

  5. Жоғары


1. Бастуыштан кейін сызықша қай сөйлемде қойылатынын көрсетіңіз.

    1. Бұл йдің балаларыестияр еді.

    2. Бұл істі көпке қалдырмау керек.

    3. Бұл баланың таланты бар екен.

    4. Бұл күз айында болған әңгіме.

    5. Мен бұл жағын білмеп ем.

2. Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

  1. Жүрісіміз кейде бүкіл, кейде бөкен желіс.

  2. Пайда, мақтан – бәрі тұл.

  3. Саят өте еңбекқор еді.

  4. Ол да, ол тұрған село да жас еді.

  5. Қар суы да, жаңбыр суы да – соның ырысы.

3. Қаратпа сөзді табыңыз.

  1. Жо-оқ, дұрыс емес.

  2. Құр, жануар, құр-құр, Бір орнында тұр-тұр.

  3. Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім.

  4. О не дегенің?

  5. Қош болыңдар, амандықпен кздесейік.

4. Кімің келіп кетті? Сұраулы сөйлемінің жасалу жолын табыңыз.

  1. Көмекші етістік

  2. Зат есім

  3. Дауыс интонациясы

  4. Сұрау есімдігі

  5. Сұраулық шылау.

5. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Ол - сыныбымыздағы мінезі ауыр бала.

  1. Ол

  2. Мінезі

  3. Ауыр

  4. Бала

  5. Сыныбымыздағы

6. Асты сызылған сөздер – мағынасына қарай қандай сөздер, дұрысын табыңыз. Үлкен бастар, кіші қостар.

  1. Антоним

  2. Синоним

  3. Көп мағыналы

  4. Омоним

  5. Ауыспалы мағына

7. Сөйлемде еліктеу сөзді табыңыз. Қанаттары елбелеңдеген сұр жапалақ кеңк-кеңк етіп, төбеден қайта-қайта түнеріп өтті.

  1. Төбеден өтті

  2. Қайта-қайта түнеріп

  3. Кеңк-кеңк етіп

  4. Түнеріп өтті

  5. Сұр жапалақ

8. Түсіндімелі саласты көрсетіңіз.

  1. Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл – Алматының және қала маңының картасы екен.

  2. Бес-алты айда келді.

  3. Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.

  4. Ол – ана.

  5. Ыздар тоғайға шие теруге кетті.

9. Жатыс жалғаулы есімшенің шарттылық мәндегі қатарын табыңыз.

  1. Сен жақсы оқығанда, бес алып кетер едің.

  2. Айтылған сөз – атылған оқ.

  3. Мен келгенде жоқ болдың.

  4. Жазған – есімше.

  5. Сен туғанда қуандық.

10. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

  1. Естігенді ұмытпас үшін не істеу керектігі айтылды.

  2. Розаның «Әлиясын» бүкіл қазақ сүйіп тыңдайды.

  3. «Шұға айныса, амалым жоқ,» - деді Абдырахман.

  4. Өлеңдері «Жас Алашта» жарияланды.

  5. Апасының «кішкенесі» - 20 жаста.

4787

11. Көп нүктенің орнына қай дауысты дыбысты қойғанда бір буынды сан шығатынын белгілеңіз. Б..р.

  1. О

  2. І

  3. Ы

  4. Е

  5. Ү

12. Директі зат есімді табыңыз.

  1. Жігер

  2. Жайдары

  3. Адамгершілік

  4. Сана

  5. Сызғыш

13. Бөлшектік сан есімді табыңыз.

  1. Жүздеген

  2. Он тоғызыншы

  3. Екі жарым

  4. Төртеу

  5. Сегіз

14. Көсемше жұрнақтарын табыңыз.

  1. –ар, -ер, -р.

  2. –ғалы, -гелі.

  3. –па, -пе.

  4. –қан, -кен.

  5. –мақ, -мек.

15. Жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз. Жүйрік ат – ердің қанаты.

  1. Жайылма

  2. Жақсыз

  3. Жалаң

  4. Сабақтас

  5. Атаулы

16. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

  1. Қолы жеңіл

  2. Ол қол ұшын берді

  3. Сен менің оң қолымсың

  4. Қолыңды көтер

  5. Қолды болып жүрме

17. Бірыңғай үнді дауыссыздан құралған сөйлемді белгілеңіз

  1. Елімнің ерен ерлері.

  2. Елімнің асқар шыңдары.

  3. Елімнің байтақ даласы.

  4. Елімнің сұлу көлдері.

  5. Елімнің мөлдір бұлағы

18. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

  1. Бүйрөк

  2. Жүрөк

  3. Құрық

  4. Құлұн

  5. Күйүк

19. Күрделі сөзді табыңыз.

  1. Толқымалы

  2. Күркілдек

  3. Ақмола

  4. Бақташылық.

  5. Парасат

20. Күн (ұзаққа) үстеуі қалай жасалатынын белгілеңіз.

  1. Туынды түбір арқылы.

  2. Бірігуі арқылы.

  3. Қайталану арқылы.

  4. Қосарлану арқылы.

  5. Тіркесуі арқылы.

21. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауларды табыңыз.

  1. Ма , ме, ба, бе.

  2. Қатар, бірге, қабат,

  3. Жайында, жөнінде, үшін, сайын.

  4. Кейін, соң, гөрі, әрі, бері.

  5. Дейін, шейін, бері, қарай.

22. Еліктеудің қай түрі анықтаңыз. Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.

  1. Дара бейнелеуіш

  2. Негізгі еліктеуіш

  3. Дыбыстық

  4. Туынды еліктеуіш

  5. Күрделі еліктеуіш

23. Күрделі етістікті белгілеңіз.

  1. Ұшақ аспанға көтерілді

  2. Нұрбек құлап қала жаздады.

  3. Бес – тақ сан.

  4. Мен келдім.

  5. Табысты еңбек.

24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.

  1. «Сөйлемді сауатты, құрастырған жөн,» - деді мұғалім.

  2. Сөйлемді сауатты: құрастырған жөн, - деді мұғалім!

  3. Сөйлемді сауатты; құрастырған жөн деді мұғалім.

  4. «Сөйлемді сауатты құрастырған жөн,» - деді мұғалім.

  5. «Сөйлемді сауатты құрастырған жөн» - деді мұғалім.

25. Дұрыс жазудың кепілі не, белгілеңіз.

  1. Орфографиялық сөздік

  2. Аударма сөздік

  3. Орфоэпиялық сөздік

  4. Синонимдік сөздік

  5. Терминологиялық сөздік

26. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз.

  1. ГАЗ-51 ге

  2. ИЛ-86-мен

  3. смге

  4. см-ден

  5. см. ден

27. Сапалсқ сын есімді табыңыз.

  1. Базарлы

  2. Желсіз

  3. Ақшыл

  4. Баласыз

  5. Мейірімді

28. Белгісіздік есімдікті көрсетіңіз.

  1. Бәріміз

  2. Біздің

  3. Баршамыз

  4. Өзіміздің

  5. Қайсыбіреу

29. Анықтауыш қатысып тұрған тіркесті табыңыз.

  1. Қанғанынан күлді

  2. Жалғыздың үні

  3. Жүгіріп келді

  4. Еріктен тыс

  5. Кешке қарай

30. Біріңғай толықтауышты табыңыз.

  1. Бозторғайлар жер бауырлай ұшады.

  2. Тәрбие тілден басталады.

  3. Ақан жастаынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады.

  4. Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.

  5. Өмірді сүйген - өмірден орын табады.

31. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады.

  2. Еңбек баланы мықты етеді.

  3. Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды.

  4. Қар жауса да, тоңбайды бай баласы.

  5. Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.

32. Мақсат бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

  1. Әңгімені басынан бастамақ болып, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.

  2. Кең даланы сұлу сағым басты.

  3. Қыруар уақыт өткенмен, жаңбыр басылмады.

  4. Ол сабағын жазып отыр, бірақ ойынан бүгінгі жайсыздық шықпайды.

  5. Ол жеткенше, Қанабек тықыршып тұр.

33. Көп нүкте қай жере қойылмайтынын табыңыз.

  1. Ойдың бас жағынан, арасынан, соңынан сөз қалдырылса.

  1. Ой белгілі себеппен бөліп-бөліп айтылғанда.

  2. Ойға өте алшақ нәрсе қосылып кетсе.

  3. Ой санамалап айтылса.

  4. Оқиға толық айтылмай тоқталса.

34. Тырнақшаның қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз. Қоян «батыр» қорыққаннан зыта жөнелді.

  1. Әдет – салт аты.

  2. Жеке ұғым атауы.

  3. Кері мағынадағы сөз.

  4. Жалқы есім атауы.

  5. Ерекше объект етіп алынған сөз.

35. Антонимді табыңыз.

  1. Шұғыл – жедел

  2. Үйір – табын

  3. Арсыз - әдепсіз

  4. Жина – шаш

  5. Жүрдім – бардым

36. Араб тілінен енген сөзді табыңыз.

  1. Әдемі, көркем, жаман.

  2. Бала, берік, жақсы.

  3. Бос, бер, жұлдыз.

  4. Ине, ер, сұлу.

  5. Емтихан, кітап, мұғалім.

37. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсетіңіз.

  1. Газеттер

  2. Ұндар

  3. Балалар

  4. Кітаптар

  5. Құрылысшылар

38. Оқшау сөздердің белгісін көрсетіңіз.

  1. Тек бас әріппен жазылады.

  2. Тұрлаулы мүше қызметінде жұмсалады.

  3. Сөйлем мүшесі бола алмайды.

  4. Қабысу, меңгеру, қиысу байланысына түсе алады.

  5. Сөйлем мүшесі бола алады.

39. Диалогтің көбіне қай стильге тән екенін белгілеңіз.

  1. Іс-қағаздар стилі

  2. Ауызекі сөйлеу стилі

  3. Құжаттар стилі

  4. Ғылыми стиль

  5. Публицистикалық стиль

40. Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз.

  1. Ғылыми тіл

  2. Ауызекі тіл

  3. Публицистика тілі

  4. Ресми тіл

  5. Көркем әдебиет тілі

5786

41. Жалқы есімді табыңыз.

  1. Қарлыға

  2. Тауық

  3. Қарға

  4. Дуадақ

  5. Сауысқан

42. Қатыстық сын есімді табыңыз.

  1. Тәуірлеу қағаз

  2. Ащы дәм

  3. Қызғылт орман

  4. Жап-жасыл жер

  5. Орманды алқап

43. Қосарлану арқылы жасалған топтау сан есімін табыңыз.

  1. Жүз бес

  2. Төртеу

  3. Жиырмасыншы

  4. Қырықтаған

  5. Он-оннан

44. Өздік есімдігі қатысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.

  1. Мектеп оқушылары

  2. Көілді қария

  3. өзіміздің балалар

  4. өнерлі жастар

  5. еңбектеген бала

45. Септеулік шылауды табыңыз.

  1. Ма, ме.

  2. Дейін, сияқты.

  3. әрі, ғой.

  4. Туралы, яки.

  5. Және, бірақ.

46. Жуан дауысты дыбысты көрсетіңіз.

  1. а, о.

  2. у, і.

  3. ұ, і.

  4. о, э.

  5. ы, и.

47. Орфографиялық принципке бағынған сөзді табыңыз.

  1. Жұлдұз

  2. Күндүз

  3. Бейсембі

  4. Еңкею

  5. өнөр

48. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

  1. Жылқының

  2. Ақ үй

  3. Қара қой

  4. Бас штаб

  5. өмірінде

49. Туынды түбірді табыңыз.

  1. Жол

  2. Дос

  3. Жеті

  4. Айтыс

  5. Аяқ

50. Барыс жалғаулы сөзді табыңыз.

  1. Жағаны

  2. Береке

  3. Қылышына

  4. Далам

  5. Тара

51. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін табыңыз.

  1. Сезбек

  2. Сездің

  3. Сезесің

  4. Сезіпті

  5. Сезермін

52. Еліктеудің қай түрі, анықтаңыз: Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.

  1. Негізгі еліктеуіш

  2. Дыбыстық

  3. Дара бейнелеуіш

  4. Туынды еліктеуіш

  5. Күрделі бейнелеуіш

53. Жалаң сөйлемді табыңыз.

  1. Талдықорған.

  2. Күн шықты.

  3. Сары жапырақ.

  4. Сендер де оқу бітірдіңдер.

  5. Ит өлген жер.

54. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз. Мүмкін, келіп қалар.

  1. Шылау

  2. Қаратпа

  3. Одағай

  4. Еліктеу

  5. Қыстырма

55. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

  1. Баласы өсті.

  2. Бұл ойды мен өсірген емеспін.

  3. Халық саны өсуде

  4. өсу жолы – бұл емес.

  5. Сен өсіріп сөйлеме.

56. Антоним сөзі бар мақал-мәтелді табыңыз.

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

  2. Ақылың аз, ашуың көп болса – қор боласың.

  3. Татулық – табылмас бақыт.

  4. Ашуың келсе, қолың тарт.

  5. Адал достық алтыннан да қымбат.

57. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

  1. Добым

  2. Жанбады

  3. Қамысбай

  4. Мәдениет

  5. Машина

58. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсетіңіз.

  1. әлдекім

  2. шегара

  3. ендігәрі

  4. былтыр

  5. биыл

59. Туынды үстеу тудыратын жұрнақтарды белгілеңіз.

  1. –а, -е, -й.

  2. –шы, -ші.

  3. –ма,-ме, -ба, -бе.

  4. –ша, ше.

  5. –ар, -ер, -р

60. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.

  1. Ғылым таппай мақтан(ба).

  2. Күн бұлттанып тұр(ма).

  3. Жабырқа(ма), сабыр ет.

  4. Әй, сен көп асқақта(ма).

  5. Сен одан қорық(па).

61. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз

  1. Көрмес - түйені де көрмес.

  2. Көрмес түйені - де көрмес.

  3. Көрмес - түйені де - көрмес.

  4. Көрмес түйені де - көрмес.

  5. Көрмес түйені - де - көрмес.

62. Берілген төл сөздің қай нұсқасында тыныс белгілері дұрыс қойылғанын көрсетіңіз.

  1. –Мырза жүргелі, жатырмыз. Киін, - деді де, солдат ізінше қайта шықты.

  2. –Мырза, жүргелі жатырмыз. Киін! - деді де солдат, ізінше қайта шықты.

  3. –Мырза, жүргелі жатырмыз. Киін - деді де, солдат ізінше қайта шықты.

  4. –Мырза, жүргелі жатырмыз. Киін, - деді де, солдат ізінше қайта шықты.

  5. –Мырза жүргелі жатырмыз. Киін, - деді де, солдат, ізінше қайта шықты.

63. Қос нүктенің қойылу себебін анықтаңыз. Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмән жоқ еді.

  1. Кезектес салалас

  2. Ыңғайлас салалас

  3. Себеп-салдар салалас

  4. Қарсылықты салалас

  5. Талғау мәнді салалас

64. Қандай тыныс белгісі жетпей тұр, белгілеңіз. Мен тауда ойнаған қарт марал.

  1. Нүктелі үтір

  2. Сызықша

  3. Үтір

  4. Қос нүкте

  5. Нүкте

65. Сіріңке, тәрелке, кәмпит сөздері қай елдікі, анықтаңыз.

  1. Иран

  2. Моңғол

  3. Орыс

  4. Парсы

  5. Араб

66. Күрделі сөз қатысқан тіркесті табыңыз.

  1. Торы ат

  2. Зәулім ағаш

  3. Кеш суықтау

  4. Қара торы қыз

  5. Ағаштардың жапырақтары

67. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмаластың сұрағын анықтаңыз.

  1. Қашаннан бері?

  2. Қайткендіктен?

  3. Қалай?

  4. Не еткенше?

  5. Не еткен соң?

68. Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

  1. Оқудағы қызы келіп еді, туыстары жиналып, той-думан өткізді.

  2. Үй іші мұздап, сырттағы ызғырық азынай бастаса, Бұзаубақ пен Айжан пештің жанына бөстекті төсеп, бір-біріне тығыла түсіп бір сүйіп отыратын.

  3. Сыйластық – адамның ақыл-ой, мінез-құлқын, санасы мен мәдениеттілігін аңғартатын қасиеттердің бірі.

  4. Ұсақ балалардың көпшілігі жеке-жеке тайға мініп, бірен-сарандары екі-екіден мінгесіп алып, Абайларға ілесе шапқанда, жұрттың бәрінің артында қалғаны Оспан болды.

  5. Жұмысын өнсін десең, өткенге өкінгің келмесе, әр минутынды ұқыпты пайдалана біл.

69. Сөйлемде кездесетін оқшау сөздің түрлерін белгілеңіз. Ей, сен, жаңылмасан, біздің қақпанға талай кездескен кәрі қасқыр көрінесің.

  1. Тек қана қыстырма сөз

  2. Қаратпа сөз, жалғау

  3. Қаратпа, шылау

  4. Одағай сөз, қаратпа сөз

  5. Қаратпа, қыстырма

70. Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз, белгілеңіз.

  1. Көркем әдебиет тілі

  2. Ресми тіл

  3. Ауызекі тіл

  4. Ғылыми тіл

  5. Публицистика тілі

7786

71. Мақал-мәтелді табыңыз.

  1. Сегіз қырлы, бір сырлы.

  2. Сүттен ақ, судан таза.

  3. Су жұқпайтын жорға.

  4. Қолы қимылағанның аузы қимылдар.

  5. Тайға таңба басқандай.

72. Жалқы есімді көрсетіңіз.

  1. Ақылбай

  2. Ауа

  3. Тау

  4. Өзен

  5. Гүл

73. Дара сын есімді табыңыз.

  1. Биік

  2. Жақсы – жаман

  3. Тұп-тұнық

  4. Қара күрең

  5. Сары ала

74. Күрделі сан есімді анықтаңыз.

  1. Жеті

  2. Мың

  3. Үшінші

  4. Тоғыз жүз елу

  5. Алтау

75. Тұйық етістікті анықтаңыз.

  1. Түсіндір

  2. Көрсет

  3. Көмектес

  4. Дәлелде

  5. Шегелеу

76. Омоним болатын сөз қайсысы

  1. Құдірет

  2. Мін

  3. Неге?

  4. Тәрбие

  5. Бес-бестен

77. Біріңғай еріндік дауысты қатысқан сөз қайсы, табыңыз.

  1. Бұқтыр

  2. Бадыраю

  3. Болжалдық

  4. Барымталасу

  5. Бұлбұл

78. Бірыңғай үнді дауссыз дыбыстарды табыңыз.

  1. н, л, г, ғ.

  2. м, н, ң, һ.

  3. у, л, м, т.

  4. б, в, й, ж.

  5. р, л, й, у.

79. Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын әріпті табыңыз.

  1. в

  2. с

  3. т

  4. м

  5. а

80. Сөздердің жалғау арқылы байланысу тәсілін көрсетіңіз.

  1. Үйге келсем

  2. Өзің үшін үйрен

  3. Отыр екен

  4. Қызыл сиыр

  5. Үшінші сынып

81. Кімім? Нем? – срағына жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.

  1. Баяндауыш

  2. Бастауыш

  3. Пысықтауыш

  4. Толықтауыш

  5. Анықтауыш

82. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Ауыл адамдары мәз-мейрам болып, мерекені жақсы өткізді.

  2. Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлқ жатты.

  3. Күн түс ауа жылынып, сызды дала бусанып, ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді.

  4. Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын таңып алыпты.

  5. Аттылар жақындаған сайын, Төлегеннің жүрегі орнына түсе бастады.

83. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  1. Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.

  2. Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.

  3. Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.

  4. Жалғасы қызық болды, олар таңға көз ілмеді.

  5. Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.

84. Стиль түрін ажыратыңыз. «Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады.»

  1. Публицистикалық

  2. Ауызекі сөйлеу

  3. Ғылыми стиль

  4. Көркем әдебиет

  5. Іс-қағаздар

85. Кейінді ықпалды табыңыз.

  1. Айжан

  2. Сағындық

  3. Бейсенбай

  4. Қырманнан қайтты

  5. Тастай қатты

86. Күрделі сөздер қатарын белгілеңіз.

  1. Киім-кешек, ер-тұрман

  2. Шөпшек, үйшік

  3. Кірпіш, доп

  4. Сен-ақ, үп-үлкен

  5. Сары жайлау, туыстас

87. Түбір тұлғасын сақтап біріккен сөзді көрсетіңіз.

  1. Биыл

  2. Бүгін

  3. Қарақағаз

  4. Жаздыгүні

  5. Әкел

88. Белгісіздік есімдікті көрсетіңіз.

  1. Бәріміз

  2. Қайсыбіреу

  3. Баршамыз

  4. Өзіміздің

  5. Біздің

89. Күшейткіш демеулікті табыңыз.

  1. –ау

  2. дейін

  3. –ды

  4. ше

  5. сайын

90. Толықтауыш қатысқан қатарды табыңыз.

  1. Мен жазда келдім.

  2. Асанда кітап бар.

  3. Алға қарай тез адымды.

  4. Жуырда келмекші.

  5. Ол да барар.

91. 2 - сөйлемдегі түсіп қалған сөйлем мүшесін табыңыз.

-Не мәселе туралы шақыртқаныңзды біліп отырмын.

-Сіздің ... білгеніңіз жақсы.

  1. Бастауыш

  2. Толықтауыш

  3. Анықтауыш

  4. Пысықтауыш

  5. Баяндауыш

92. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз. Балалары, біз, тірі тұрғанда апам кедейшілікті ойлайтын кісі емес еді.

  1. Оқшау сөз

  2. Қыстырма

  3. Бірыңғай мүше

  4. Йындауыш

  5. Қаратпа

93. Сызықша дұрыс қойылған жерді табыңыз.

  1. Егер де – қолға түсіп қалсаң, мені білмейсің.

  2. Біз – жиырма төрт екенбіз.

  3. Саябақтың ішінде жан жоқ – тым-тырыс.

  4. Сол – үміт әлі үміт боп келеді.

  5. Біздің тоқталатынымыз – соңғысы.

94. Қойылған тиісті тыныс белгісін көрсетіңіз. Дауысты а дыбысы – жуан дыбыс.

  1. Үтір

  2. Тырнақша

  3. Сызықша

  4. Нүктелі үтір

  5. Дефис

95. Көнерген сөзді табыңыз.

  1. Бадана сөзді кіреуке, Шар айнасы бес қабат.

  2. Ел болып, етегіме паналағандырыңа мен ағайын болайын.

  3. Ел үмітін ақтау – ер атағын сақтау.

  4. Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы.

  5. Шамадан аспа, кемеріңнен таспа.

96. Қосымша арқылы жасалған сөзді табыңыз.

  1. Аққу

  2. Шеше

  3. Техника

  4. Шекара

  5. Шөлейт

97. Үстеудің қызметін анықтаңыз. Жата-жастана қонуымызды өтінеді.

  1. Баяндауыш

  2. Бастауыш

  3. Толықтауыш

  4. Пысықтауыш

  5. Анықтауыш

98. Көп нүктенің орнына лайықты еліктеу сөзді көрсетіңіз. Бақай келіншегінің сөзіне ... етпеді.

  1. Дік

  2. Ырыс

  3. Қарс

  4. Мыңқ

  5. Топ

99. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

  1. Бұл даусыз, бірақ, осы қағиданың өңін айналдырмау керек.

  2. Бұл даусыз, бірақ осы қағиданың өңін айналдырмау керек.

  3. Бұл даусыз; бірақ осы қағиданың өңін айналдырмау керек.

  4. Бұл даусыз – бірақ, осы қағиданың өңін айналдырмау керек.

  5. Бұл даусыз – бірақ – осы қағиданың өңін айналдырмау керек.

100. «Еркем, неғып тұрсың!» - деп қала жаздаған Айбала ... аузына келіп қалған сөзді енімен бөгей қойды. Төл сөз түрін табыңыз.

  1. Біреудің сөзі

  2. Біреудің ойы

  3. Мақал

  4. Айтуға оқталған сөзі

  5. Дәйексөз



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Тесты

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қазақ тілінен тест

Автор: Ельтаева Сауле Дюйсенбиновна

Дата: 17.05.2017

Номер свидетельства: 416428

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Қазақ тілінен тест тапсырмасы 4 сынып"
    ["seo_title"] => string(40) "k_azak_tilinien_tiest_tapsyrmasy_4_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "418538"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1495722342"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "2 сынып арналған Қазақ тілінен тест"
    ["seo_title"] => string(39) "2_synyp_arnalg_an_k_azak_tilinien_tiest"
    ["file_id"] => string(6) "347252"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1475492100"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "?аза? тілінен тест ж?мыстары "
    ["seo_title"] => string(33) "k-azak-tilinien-tiest-zhu-mystary"
    ["file_id"] => string(6) "136639"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1417160688"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "5 сынып?а ?аза? тілінен тест"
    ["seo_title"] => string(26) "5synypkakazaktilinientiest"
    ["file_id"] => string(6) "320052"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1460996730"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "?аза? тілінен тест тапсырмалар"
    ["seo_title"] => string(29) "kazaktilinientiesttapsyrmalar"
    ["file_id"] => string(6) "335598"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1466496694"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства