1. Антонимі бар қатарды белгілеңіз. A) Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті. B) Қос жирен бастарын шұлғып, қайта-қайта пысқырынады. C) Бүгін түні бойы ол баласын бауырына қысып жатты. D) Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көріп келе жатқан бір бейбақ. E) Бірақ миына сіңіп қалған дағдыдан әлі арыла алмай жүр. |
2. Қазақ тілінің төл дыбыстарының санын анықтаңыз. A) 8. B) 11. C) 9. D) 7. E) 10. |
3. Буын түрлерінің санын анықтаңыз. A) Үш. B) Екі. C) Бір. D) Бес. E) Тµрт. |
4. Айтылуы мен жазылуында өзгешелік бар сөзді ажыратыңыз. A) Қашса. B) Кетсе. C) Барса. D) Қайтса. E) Айтса. |
5. Сөйлемге қажетті автор сөзін табыңыз. – Ой, оған сөз табамыз, жұмбағын шешеміз ғой, - ... тұрған жұрт. A) Деп. B) Айтады. C) Етті. D) Сұрады. E) Десті. |
6. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз. Уай, шіркін, ән деп осыны айт! A) Қаратпа. B) Қыстырма. C) Бірыңғай мүше. D) Еліктеу. E) Одағай. |
7. Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз. A) Мұзға отырғызып кету. B) Мұздай суық. C) Мұзда сырғанау. D) Мұз айдыны. E) Мұзды еріту. |
8. Туынды сөзі бар қатарды ажыратыңыз. A) Ақпараттар ағыны, ғасырлар тоғысы. B) Ісімен үлгі, қайратыңа мін. C) Жақсы дәуір, шат өмір, парасат биігі. D) Елімнің сенде ажары. E) Нұрлы жанар, киелі сөз, шетелдік фирма. |
9. Бүгін сөзінің жасалу жолын көрсетіңіз. A) Қос сөз. B) Біріккен сөз. C) Жалғаулы сөз. D) Түбір сөз. E) Қосымшалы сөз. |
10. Барыс жалғаулы сөзді көрсетіңіз. A) Базарда. B) Журналынан. C) Тәжірибем. D) Шеге. E) Әкесіне. |
11. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет. A) Жанама толықтауыш. B) Тура толықтауыш. C) Амал пысықтауыш. D) Анықтауыш. E) Баяндауыш. |
12. Сөйлемдегі сан есімнің қызметін анықтаңыз. Он шақты жігіт сүйемелдеп диірменнің тасын жақындатты. A) Пысықтауыш. B) Баяндауыш. C) Толықтауыш. D) Бастауыш. E) Анықтауыш. |
13. Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз. Жол ұзақ, Шаршадым, шөлдедім, Қимаймын үп еткен жел лебін. A) Пысықтауыш. B) Баяндауыш. C) Толықтауыш. D) Бастауыш. E) Анықтауыш. |
14. Септеулік шылауды табыңыз. A) Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын. B) Бірақ бұл сөздің мағынасын сұрап алуға батпадық. C) Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті. D) Сіздердің бастамаларыңыз жыл сайын қолдау табады. E) Күлкі бұрынғыдан да өрши түсті. |
15. Бағыныңқысы қай сөз табынан, табыңыз. Бірнеше адам. A) Сын есім. B) Есімше. C) Көсемше. D) Есімдік. E) Етіс. |
16. Демеулік шылау арқылы жасалған лепті сөйлемді анықтаңыз. A) Абайжан-ау, қайдағыны айтқыздың-ау! B) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. C) Па, шіркіннің сөзі! D) Шіркін, ауылдың ауасы! E) Жарайды, бәрекелді! |
17. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз. Бұл – үлкен бақыт. A) Жіктеу есімдігі - зат есім. B) Есімдік - сын есім. C) Зат есім - зат есім. D) Сілтеу есімдігі - зат есім. E) Есім - етістік. |
18. Атаулы сөйлемді табыңыз. A) Түн жамылып келеміз. B) Алыстан самал жел соғып тұр. C) Қабырғадағы сағат тілі сырт-сырт соғады. D) Аспалы шам төбеде ілулі тұр. E) Баяу ескен қоңыр жел. |
19. Стиль түрін анықтаңыз. Ашық дауыстыларды айтқанда, жақ кең ашылып, ауа еркін шығады. A) Іс-қағаздары стилі. B) Публицистикалық стиль. C) Көркем әдебиет стилі. D) Ғылыми стиль. E) Ауызекі сөйлеу стилі. |
20. Сіріңке, тәрелке, кәмпит сөздері қай елдікі, анықтаңыз. A) Араб. B) Моңғол. C) Иран. D) Орыс. E) Парсы. |
21. Біріккен есімдікті табыңыз. A) Мен ішпеген у бар ма? B) Алдымнан біреу қараң еткендей болды. C) Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ. D) Ән салсаң, өзімдей сал аңыратып. E) Сенсің, жаным, сүйгенім. |
22. Болжалды келер шақты табыңыз. A) Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер. B) Бәрі де шаттық үнін жырлайды. C) Ол нағашысының қолында тұрады. D) Толғанай мен Толқын түйдей құрдас, тату дос. E) Жомарт шешімін бүгінгі жиналыста я айтар, я айтпас. |
23. Сын-қимыл үстеуі қатысқан сөйлемді табыңыз. A) Тырналар көк аспанның шалқар мұхитында емін-еркін самғап келеді. B) Тұт ағашының жапырағымен қоректенетін жібек құрты өте қомағай келеді. C) Көктемде ғылыми-әдістемелік отырыс өтті. D) Кенет мынау күз туралы өлең жазғысы кеп кетті. E) Қазақ халқы жылқы өсірумен көне заманнан бері айналысып келеді. |
24. Талғаулы салалас сөйлемді табыңыз. A) Шоқан туған жылы Аманқарағай дуаны ауысты, сондықтан жаңа дуан да Құсмұрын аталды. B) Жел саябырлаған сияқты, әйтсе де теңіз тынышталар емес. C) Сәлмен ат үстінде бірде ыңылдап келеді, бірде баяу әндетіп келеді. D) Биыл егін шықпады, өйткені жаздай жаңбыр жауған жоқ. E) Атызға гүл отырғызу керек немесе ол жерге ағаштар отырғызу керек. |
25. Қаратпа сөзге байланысты дұрыс қойылған тыныс белгіні көрсетіңіз. A) Саған не болды Гүлмінез; басыңды көтерші. B) Саған не болды: Гүлмінез, басыңды көтерші. C) Саған не болды, Гүлмінез, басыңды көтерші. D) Саған, не болды Гүлмінез, басыңды көтерші. E) Саған не болды, Гүлмінез басыңды көтерші. |