kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жыл басы - Наурыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз - жыл басы. М?сылман хал?ыны? жа?а жылы. "Наурыз" жа?а к?н деген ма?ынаны білдіреді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жыл басы - Наурыз»

Күні: 17.03.2016

«Жыл басы - Наурыз» атты мерекенің сценариі

5 – 8 сыныптар

 

1 – жүргізуші

 

Ассалаумағалейкум халқым менің,

Алдымен амандасу салтым менің демекші

Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар және құрметті оқушылар!

 

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем

Жарығыңмен, шуағыңмен күн-Ана,

Алып келдің бетіне гүл көктем.

 

2 – жүргізуші

 

Құрметті қонақтар!

Үлкен-кіші, ағалар!

Әпкелер! Ақ жаулықты аналар!

Қош келдіңіздер!

 

1 – жүргізуші

 

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңеліп, жер арқасы кеңіп, жан-жануарлар, өсімдіктер, күллі тіршілік әлемі жаңарып, қайта түлейтін табиғат мерекесі!

 

Наурыз – адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман алып қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын шаруа мерекесі!


2 – жүргізуші

 

Наурыз – жеті дәмнен Наурыз көже жасап, адамдардың бәріне дәм татқызып, дастархан басына біріктіретін ынтымақ-бірлік мерекесі!

 

Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән мен күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл мерекесі!

 

1 - жүргізуші

 

Ал енді, осындай керемет наурыз мерекесімен сіздерді құттықтауға, мектебіміздің директоры Байжанов Қайрлы Сағындықұлын ортаға шақырамыз!

 

2 - жүргізуші

 

Салтымен ата-бабаның

Жаңғырды қайта заманым

Тіршілік басы, о Наурыз

Қайырлы болсын қадамың!

дей келе іс-шарамызды бастауға Қыдыр атаны ортаға шақырып, батасымен бастасақ құрметті халайық!


(ортаға 8 сынып оқушысы Каргапольцев Романды Қыдыр ата ретінде келіп батасымен ашады)

Қыдыр ата:

Армысыңдар , жамағат.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Уайым – қайғы жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

 Әумин!!!


 1-жүргізуші:

Шашу!Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат! Теріп ал несібеңді,

Ризығың болсын көл-көсір.

 Бүгінгі біздің «Жыл басы – Наурыз» кешімізде әр ауыл наурыз мерекесін қалай тойлайды екен, соған куә боласыздар.

Ендеше, Әйтеке би , Қазыбек би және Төле би ауылдарындағы наурыз мерекесін тойлауға шақырамыз.

1. «Кел , танысайық»

2. Өнерлі өрге жүзер

3. Ағаш көркі – жапырақ (сұрақ - жауап)

4. Ұлттық ойындар

5. Ою ойғанның ойы ұшқыр

6. Дәмді көже


 2 – жүргізуші

Ей, жараңдар, жараңдар!

Біздің жаққа қараңдар.

Еліме Наурыз келді деп,

Той дабылын қағыңдар!

Той шашуын шашайық,

Наурыз тойын ашайық.

Мектепті бір жаңғыртып

Әсем әнге басайық!

ән: Наурыз орындайтын барлық ауыл

І – бөлім. «Кел танысайық» (ауыл адамдары өздерін таныстырады)

 

 

1 - жүргізуші

Ұшады аққу көлден қазыменен,

Жүреді көл жағалап жазыменен

Жарасар ойын –күлкі, ән менен би

Ойыңды баурайтұғын назыменен деп, ------------------------------------ биімен тамашалайық.

 

2 - жүргізуші

Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын табар ма екен отырғандар

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

 ІІ – бөлім «Ағаш көркі – жапырақ » (сұрақ - жауап)

 

 1- жүргізуші

Ал,  халайық, тұрмайық,

Әндетейік, шырқайық,

Думандатып би билеп,

Өнерден күмбез жасайық!

Келесі кезекте ортаға ------------------------------------ шақырсақ.

 

ІІІ – бөлім. «Ұлттық ойындар» (әр ауыл бір ұлттық ойын таныстыру, көрсету )



1 - жүргізуші

Армысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сендер үшін мереке шашулары демекші  ------------------------------шапалақпен шақырсақ


ІV- бөлім. «Ою ойғанның ойы ұшқыр»  (қыздар ою ояды, таныстырады; ұлдар асық атады)






2 - жүргізуші

Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүт пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже елдің ырзығы , - дегендей әр ауылдың наурыз көжесінің дәмін татып «Дәмді көжені» анықтау үшін ортаға ауылымыздың екі ақжаулықты аналарын шақырамыз.

 

Кеш соңында ауылдың адамдарын әр түрлі номинациялармен марапаттау.

«Білгір»,

«Мың бұралған бишілер»,

«Дәмді көже»,

«Сұр мерген»,

«Шебер қолдар»


Би: «Қара жорға» барлық ауыл адамдары


 Жүргізушілер бірге:

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылып бойыңа!

Аман – есен жетейік.

Келер Наурыз тойына!

 

1-жүргізуші:Ақ мол болсын !

2-жүргізуші:Ұлыс оң болсын !

1-жүргізуші:Ұлыс бақты болсын !

2-жүргізуші:Әр күніміз жақсы болсын !

1-жүргізуші:Достығымыз берік болсын !

2-жүргізуші:Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!
















Наурыз думан


Наурыз айы туғанда

Той болушы бұл маңда

Сақталушы еді сыбаға

Сапарға кеткен ұлдарға

Наурыз айы туғанда


Наурыз , наурыз күн игі

Күн игі жердің түрі игі

Бауыры жылып науат қар

Бабымен ғана жібиді

Шашылып ырыс шанақтан

Шақырып бір үй, бір үйді

Шаттанушы еді бір игі


Осынау игі кең жерге

Наурыз айы келгенде

Наурыз тойын бергенде

Көрмегендерде арманда

Арманда оны көргенде

Келіп ем өмір орманға

Наурыз айы келгенде




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Жыл басы - Наурыз

Автор: Шукурова Каламкас Орынгалиевна

Дата: 19.05.2016

Номер свидетельства: 328605

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Жыл басы-Наурыз                              Мол болсын д?м-т?з "
    ["seo_title"] => string(36) "zhyl-basy-nauryz-mol-bolsyn-d-m-tu-z"
    ["file_id"] => string(6) "207111"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430331900"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Урок на тему "Наурыз-жыл басы, наурыз -ба?ыт жал?асы""
    ["seo_title"] => string(44) "uroknatiemunauryzzhylbasynauryzbakytzhalgasy"
    ["file_id"] => string(6) "311058"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459150602"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Жыл басы –наурыз"
    ["seo_title"] => string(18) "zhyl-basy-nauryz-2"
    ["file_id"] => string(6) "316513"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460105630"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Та?ырыбы: «Н?рын шаш?ан жыл басы - Наурыз келді, ала?ай!»"
    ["seo_title"] => string(58) "tak-yryby-nu-ryn-shashk-an-zhyl-basy-nauryz-kieldi-alak-ai"
    ["file_id"] => string(6) "313085"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459432364"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) ""Жыл басы-Наурыз""
    ["seo_title"] => string(18) "zhyl_basy_nauryz_6"
    ["file_id"] => string(6) "544388"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1585214710"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства