kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жүйрік жырау, елдің тілі - Қашаған Шығарма

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сочинение для студентов вуза и колледж лдя развития речи

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жүйрік жырау, елдің тілі - Қашаған Шығарма»



ЖҮЙРІК ЖЫРАУ, ЕЛДІҢ ТІЛІ – ҚАШАҒАН

Шығармашылығы

Жасынан ноғайлық жырларын, «Қырымның қырық батырын» жаттап, жырлап өскен Қашаған 16 жасында ақын деген атқа ие болады. Бағзы өнерпаздар дәстүрімен көп елді аралайды. Маңғыстау, Хорезм аймағы мен Еділ, Жайық Жем, Сағыз жайлаған елдерде болып, Құрманғазы, Нұрым, Ақтан мен Мұрат, Балораз бен Қоспақ, Қашқынбай мен Ізім, Өмір мен Ығылман сияқты өнер саңлақтарымен кездесіп, өнерде сапарлас болады.

Атышулы бұқара жыршысы үстем тап өкілдерін шенеп-мінейтін өлеңдер шығарып, бірнеше рет айтысқа түседі. Елдің өткен тарихына көз жіберіп, оларды өзінше жырлайды. «Атамекен», «Адай тегі», «Топан» сияқты көлемді жырлары бұқара өмірінің әдеби шежіресін толғайды. Ел басына түскен ауыр оқиғалардың куәсі болып, артына «Жұт жылы» атты дастанын қалдырады.

Қашаған бүкіл жырларында бұқара атынан сөйлейді, еңбек адамының адамгершілігін жырлайды, бай мен биді, болыс пен молданы аяусыз шенейді, жоғары жақтағылардың екіжүзділігімен тоғышарлығын, сараңдығы мен сұрқиялық әрекеттерін әшкерелеп, келеке етеді. Ақынның надан дін өкілдерін аяусыз шенеп, өнерді қорғаған жырларының озық үлгісі – «Есқали сұпыға айтқаны». «Қуаңдаған қу Бисен », «Мұстахқа», «Домбыраның қақпағы», «Ермағанбет молданы тілдеуі» дейтін өлеңдері де сараңдық пен суайттық сияқты өмірді жүдетер сыйықсыз мінездерді сынауға арналған. Ақын "Берекет ақынға", "Сақыпқа айтқаны" толғауларында ізгілікті насихаттап, әдепсіздікті әшкерелейді.Үлкенді сыйлау, ағаға жол беру сияқты халықтың игі қасиеттерін ұмытып, көңілін менмендік билеген Сақыпты Қашаған бір тойда айбынды сөздермен сілкіп-сілкіп алады. Өмірдің өзінен көпті үйренген зерделі ақын жасы үлкенге кұрмет ету, өз шамасын білу туралы әр алуан уытты мысалдар келтіреді. Жыраулар дәстүрімен өмірдің әр саласынан мысалдар қолданып, шығарма мәнін тереңдете түсу – Қашағанның басты ерекшеліктерінің бірі. Әуелі саралы салыстырулар, ойлы, орнықты мысалдар келтіре толғаған ақын арқасы қыза келе Сақыпты өр де өктем сөздермен сыбап өтеді.

Қашағанның Нұрыммен айтысы білім сынасу ретіндегі сайыс болса, Ізіммен, Ізбаспен айтыстары адамгершілік пен ізгілікті дәріптеу. «Адай тегі» дастанын аңыз хикая ретінде толғаса, «Атамекенде» жоңғар басқыншылығы дәуіріндегі халық өмірінің бір кезеңін суреттеген, елдік пен ерлік дәстүрді ұңғылай жырлаған, «Топанда» халықтың мұң-мұратын шығарма өзегі еткен.

Қашаған Абыл мен Нұрым, Марабай мен Мұрат сияқты «Қырымның қырық батыры» аталатын халқымыздың қымбатты қазынасын өмір бойы жырлап, Мұрын, Шәдіман, Жанжігіт, Мұса сияқты жыраулар мен жыршыларға ұластырған. Қашаған – өр, өткір, сын, сықақ мәнді, қуатты да құнарлы шығармаларымен халық қадіріне бөленген ақын.

Шығармалары Қазан төңкерісіне дейін ауызша тараған. Қашаған ақынның шығармаларын қағаз бетіне түсіртіп, республика ғылым академиясының қолжазба қорына алғаш жіберткен халық ақыны, Қашағанның серігі Сәттіғұл ақын болса, одан кейінгі жылдары ел арасындағы шығармаларын жинақтап, зерттеумен, әр түрлі жинақтарға енгізіп, бастырумен ғалым, филология ғылымының кандидаты Қабиболла Сыдыиқов айналысып көп еңбек сіңірді. Шығармалары «Ертегідегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Ақберен» (1972), «Өсиетнама» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1985-1989), «ХІХ ғ. қазақ поэзиясы» (1989), «Алқаласа әлеумет» (1991) жинақтарына енген. 1991 жылы ақын шығармаларының «Топан» аталатын жеке жинағы жарық көреді. "Топан" – халық мұңын шертетін, әлеуметтік мәні зор, оптимистік рухтағы күрделі шығарма. Дастанның мәнділігі өнердің өзге саласы шеберлерінің де әр кезде назарын аударған. Қазақтың ардагер композиторы Құрманғазы осы жыр желісін пайдаланып, "Көбік шашқан" дейтін тамаша күй шығарса, казақ кеңес әдебиетінің дүлдүлі Ілияс Жансүгіров те өлең сөздің ерен жүйрігі Қашаған өміріне ерекше назар аударған. Ол сөз ұстасы Қашаған мен күй бұлбұлы Құрманғазыны кейіпкер етіп, Каспий тасқынына ұшыраған ел халін толғамақ болған. Өкінішке орай, "Көбік шашқан" атты осы поэмасын аяқтап үлгермей кеткен. Соның өзінде де ардагер Ілияс: «Қашаған – жүйрік жырау, елдің тілі. Шашқанда күйден көбік Құрманғазы, Қашаған жырдан төккен маржан дүрді», – деп бұқара жыршыларының талант-дарынын әділ бағалай білген.

Халық арасындағы мәртебесі

1991 жылы ақынның туғанына 150 жыл толуына арналған той халықтық мереке ретінде атап өтілді. Ақын бейітіне көрнекті де сәулетті күмбез-кесене орнатылды, бас шебері М.Нұрқабаев және осы жылы жыр сүлейіне арнап Ақтау қаласынан «Бұл дүниеде не жетім?» атты жинағы шығарылды. Бұл жинақты ақын шығармаларын жинақтаушы Тұрсынғали Көшеновтың тапсыруымен облыстық мәдениет басқармасы, халық шығармашылығы орталығы шығарды.

1991 жылы Жаңаөзен қаласындағы №8 орта мектепке жыр дүлділі Қашаған Күржіманұлының есімі берілді.

2000 жылы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан әлемдегі ірі мұнай және газ кен орнына қазақтың әйгілі жырауы Қашаған Күржіманұлының есімі берілген.

2008 жылы 27 тамызда Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында жырау Қашаған Күржіманұлына жаңарған ескерткіш орнатылды.

2011 жылы Қашаған Күржіманұлының туғанына 170 жыл толды. Осыған орай Маңғыстау облысы мен Қазақстан Республикасының ауқымында арнайы іс-шаралар жүргізілді.

Жаңаөзен қаласында да Қашаған Күржіманұлының ескерткіші орнатылған.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жүйрік жырау, елдің тілі - Қашаған Шығарма

Автор: 1БШ-18 б\б студенті Мұратбаева Жансая жетекшісі Есенова Мадина Қожабергеновна

Дата: 16.01.2019

Номер свидетельства: 495576

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "танымды? ойын "Ж?зден ж?йрік,мы?нан т?лпар" "
    ["seo_title"] => string(46) "tanymdyk-oiyn-zhuzdien-zhuirik-myn-nan-tu-lpar"
    ["file_id"] => string(6) "242666"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445518019"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Жас тарихшы - 2016" сайысы"
    ["seo_title"] => string(23) "zhastarikhshy2016saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "312629"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459359881"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) ""Елім мені?""
    ["seo_title"] => string(11) "ielimmienin"
    ["file_id"] => string(6) "294098"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455606038"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""?ыздар с?лу к?рінер""
    ["seo_title"] => string(18) "kyzdarsulukorinier"
    ["file_id"] => string(6) "294101"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455606269"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "?дебиеттік о?у.Та?ырыбы:Тап?ыр достар "
    ["seo_title"] => string(41) "diebiiettik-ok-u-tak-yryby-tapk-yr-dostar"
    ["file_id"] => string(6) "155860"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421332672"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства