kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұстаздық – борышым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Атырау облысы Махамбет ауданы Талдыкөл мектеп-балабақша кешені Ұстаздық – борышым (эссе) Қайырлиева Зухра Амировна Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 2016 жыл Ұстаздық - борышым Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұстаздық – борышым»

Атырау облысы

Махамбет ауданы

Талдыкөл мектеп-балабақша кешені











Ұстаздық – борышым

(эссе)











Қайырлиева Зухра Амировна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

















2016жыл



Ұстаздық - борышым

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері.Парасат пен пайымды, ақыл мен білімді, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытушы тұлға.Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар, білімді де саналы, өз туған жерін, Отанын, елін сүйетін шәкірт тәрбиелеуде өзінің үлесін қосып жүрген мектебімізде үлгілі ұстаздар көп-ақ. Мен, Қайырлиева Зухра, солардың бірі ретінде ұстаздық қызметтің қыры мен сырын толық меңгерген, үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүретін, өз шәкіртін жүрегімен сүйетін осы мамандық иесі болғанымды мақтан тұтамын. Қазіргі заманның ұстазы шәкірт тәрбиелеуде өзінің педагогикалық шеберліктерін пайдалана отырып, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруі қажет. Өз мамандығын жақсы меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз, қазіргі білім беру саласында озық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдаланады.Еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі. Әлемдік саяси аренада Қазақстан Республикасының өзіндік салмағын пайымдау оның ұлттық білім жүйесінің жоғары дәрежеде дамуымен байланысты. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел халқына Жолдауында: «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры- оның келешек мектебінің оның қалай болып құрылуына тәуелді»,- деп атап көрсетті. Егемендіктің тұғыры тұрақталып, мемлекеттің іргесін нығайту және қазіргі кезеңдегі жаһандану жағдайында ұлттың бірегейлікті, тұтастықты сақтау, ұлттық сананың сарқылмауы, тіл мен ділдің баянды болуы үшін ұстаз өлшеусіз еңбек етеді.

Қазіргі ұстаздарымыздың тәрбиелеген шәкірттерінің бойынан ұлтжандылық қасиеттерді көріп көңіліміз марқаяды. «Ұстаздық бақытты маған сыйлаған өздеріңсіңдер» деп кей ұстаздардың шәкірттеріне айтатын осы сөздерінен- ақ жаны таза, арлы әр ұстаздың кішіпейілділік дейтін керемет әлемінен хабар таратады. Қазіргі заманғы мұғалім үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүруі қажет. Бұл қағиданы әр ұстаз бір сәт те естен шығармайды. Тынбайтын, аянбайтын, былайша айтқанда әр тақырыпты шәкіртіне жанын сала жіліктен бақайшағына дейін майын шағып түсіндіретін ұстаз- нағыз ел болашағын ойлайтын ұлағатты ұстаз.

Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық- ұлы құрмет, себебі ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздарды сондай ардақтауға міндеттіміз»- деген еді. Батыр ағамыз айтқандай-ақ ұстаз-қалай қадірлеуге де тұратын ардақты есім. Мұғалім бақыты- шәкірт құрметі, шәкірт алғысы. «Шәкіртсіз- ұстаз тұл» дегендей, арқа сүйер азаматтары- шәкірттері бар ұстаз ешқашан еңбегім еш кетті деп айта алмайды. Себебі, ешбір мамандық иесі мұғалімдей сан-салаға бағыт беріп, бағдар көрсетіп, көп шәкірт тәрбиелей алмайды.

Адамдықтың негізгі белгісінің өзі оның білімді меңгеруімен анықталады. Әр бала бір шешілмеген жұмбақ, жұмбақты шешу үшін баланың жүрегіне, көкірек сарайына үңілер, оның дарынын, ізгі қасиетін аша білер сабырлы да сарабдал ұстаздар керек бұл іске.

Өзі ұшырған қырандарын қиядан,

Іздейтұғын құздан емес, қиядан

Біз бәріміз берешекпіз ұстазға,

Ұстаздарды, ұстаздарды сүй, адам! - деп ұлы ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай, мектепті- білім тірегі десек, ұстаз- оның жүрегі, ал мен осы мамандықтың иесі болғанымды мақтан тұтамын, «ұстаздығым - борышым » деп бар әлемге қуана жар салғым келеді, өйткені осы мамандығым арқылы болашағымыздың іргетасы – ел қырандарын өз қолыммен самғатпақпын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ұстаздық – борышым

Автор: Қайырлиева Зухра Амировна

Дата: 21.11.2016

Номер свидетельства: 360947

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ұстаздық – борышым"
    ["seo_title"] => string(20) "u_stazdyk_boryshym_1"
    ["file_id"] => string(6) "391188"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486972158"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Болашақтың ертеңі -бүгінгі шәкірт."
    ["seo_title"] => string(34) "bolashaktyn_erteni_bugingi_sh_kirt"
    ["file_id"] => string(6) "616048"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1666847392"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "эссе "М??алім маманды?ы - мені? парызым""
    ["seo_title"] => string(41) "essie-mu-g-alim-mamandyg-y-mienin-paryzym"
    ["file_id"] => string(6) "317239"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460305544"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "?СТАЗ ?лы т?л?а "
    ["seo_title"] => string(19) "u-staz-u-ly-tu-lg-a"
    ["file_id"] => string(6) "241897"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1445342091"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) ""?зін- ?зі тану"- о?ып- ?йрену ?рдісіндегі жеке т?л?аны? адамгершілік- рухани дамуы "
    ["seo_title"] => string(90) "ozin-ozi-tanu-ok-yp-uirienu-urdisindieghi-zhiekie-tu-lg-anyn-adamghiershilik-rukhani-damuy"
    ["file_id"] => string(6) "159739"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421941709"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства