kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәуелсіздік-тұғырым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәуелсідік-тұғырым

Сабақтың мақсаты: 1.Тәуелсіздік жайында білімдерін толықтыру. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктеріне шолу жасау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік-тұғырым»

Тәуелсідік-тұғырым

Сабақтың мақсаты: 1.Тәуелсіздік жайында білімдерін толықтыру. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктеріне шолу жасау 2. . Болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті ұрпақ қажет екендігін аңғарту. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту 3. Отанды сүюге, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ассоциация,

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ауызша журнал, «Көшпенділер» кинофильмнен үзінді, теледидар макеті, Қазақстан Республикасының картасы, «Елім менің»әнін тыңдау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық жасау.

Мұғалім: Құрметті, оқушылар, қонақтар! Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толып отыр. Бүгінгі тәрбие сағатымызды елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына бір сөзімен бастағым келіп тұр.

Слайд №1 «Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін, қандай да қасіретке қабырғасы қайысса да қаймықпай төзе білген, қажырлы да қайсар қазақ халқының алдында мен басымды иемін... Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ... Осы елдің Президенті ретінде де, осы ұлттың бір перзенті ретінде де дәйім көңілімнің төрінде тұратыны – туған халқым».

-Осы сөзі арқылы елбасымыз нені меңзеді?

Слайд №2 «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл» (әуен ойнайды, Тәуелсіздік эмблемасы) Тәуелсіздік сөзін қалай түсінеміз? 

Слайд №3

Слайд №4. «Көшпенділер» кинофильмінен үзінді көрсету.

Кинофильмнен көрген үзінді бойынша оқушылармен сұрақ-жауап арқылы қорытынды жасалады.

Шынымен де, қазақ ұлты тарихында көптеген қиындықты бастан кешті, аяусыз шабуылға ұшырады, қырғыннан қырғынға, босқыннан босқынға... талай азапты көрді. Дегенмен, «тәуелсіз» деген мағынаны білдіретін «қазақ» деген атына сай әрқашанда азаттыққа қол жеткізу үшін талпынды, осы жолда күресті. Қазақ «мың өліп, мың тірілсе де» қазақ болып қала берді. Әр ұрпақ өзінен кейінгілерге тәуелсіздікті арман етіп, ұлттық мақсат ретінде аманат етті.

Осы ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздік қалай келді?

Слайд №5. Оны біз «Тарихыңды таны» деп аталатын рубрикадан білетін боламыз.

Диктор: Сәлем, достар! Мен бүгін сендерге мемлекетіміздің тәуелсіздікті қалай алғандығы жайында әңгімелеп беремін. 1986 жылы желтоқсан айының 16- сы күні қазақ жастары «Әр республикаға өз басшысы», «Қазақстан жасасын!», «Езу мен қанаусыз еркін, ерікті даму үшін!» деген қазақ, орыс тілдерінде жазылған жазбаларын жая ұстап, бейбіт шеруге шықты. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.

Слайд № 6. Суреттері шығады

Осы көтерілістің арқасында 1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз мемлекет болдық.

Мұғалім: Сонымен, ХХ ғасырдың біздің халқымызға сыйлаған ғаламат оқиғасы – мемлекетіміздің тәуелсіздігі.

Біздің алға қойған мақсатымыз – өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Енді ең басты бақытымыз тәуелсіздік шежіресіне ой жіберелік.



Тәуелсіздік шежіресі:

1991 ж. 16 желтоқсан Тәуелсіздіктің жариялануы. 1991 ж. 2 қазан Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты. 
1991 ж. 1 желтоқсан ҚР Назарбаев Н.Ә. президент болды. 
1991 ж. 21 желтоқсан Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы құрылды. 
1992 ж. 2 наурыз БҰҰ-ға мүше болды. 
1992 ж. Қазан-қараша Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы. 
1992 ж. 4 маусым Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды. 
1993 ж. 15 қараша теңге айналымға шықты. 
1995 ж. 30 тамыз Конституция қабылданды. 
1995 ж. 1 наурыз ҚР Халықтар Ассамблеясы құрылды.

1997 ж. 2030 стратегиясы жарияланды. 
1998 ж. 10 маусым Астананың тұсау кесері.

2006ж. Барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы қабылданды.

2009ж. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы жарияланды.
2010 ж. ОБСЕ-ге төрағалық еттік. 
2011 ж. 7 қысқы Азия ойындары. 
2011 ж. Ислам саммиті.

Зерттеу жұмысы: (оқушылардың алдарына берілген дайын суреттер, карта бойынша іздену, қорытынды жасау).

1-топ: Қазақстан Республикасының рәміздеріне толық зерттеу жасау

2-топ: Қазақстан Республикасының жер көлемі, табиғатына зерттеу жасау

3-топ: Еліміздің қазба байлықтарына зерттеу жүргізу.

«Мәнерлеп оқу» сайысы. Әр топ Тәуелсіздік тақырыбында өлеңдерін оқиды.

«Жарқын болашаққа саяхат»

  • Менің елімнің болашағы ... (Қалай көз алдыңа елестетесің?)

  • Менің болашағым ... (Қалай елестетесің?)

  • Егер мен Президент болсам .... (Не істер едің? Нені өзгертер едің?)

Оқушылардың ойын тыңдау.

Шығармашылық жұмыс:

1-топ: «Тәуелсіз Қазақстанның ұл-қызымыз» тақырыбында шағын эссе жазады:

1 эссе. Мен бақыттымын, себебі дербес елім, тәуелсіз жерім, ана тілім бар. Біздің мақсатымыз ата-бабамыз жеткен тәуелсіздікті сақтау, құрметтеу.

2 эссе. Елімнің ерлікке толы тарихы, оның ертеңгі үлкен де, жарқын болашағы көз алдыма елестейді. Тәуелсіз елдің азаматы болғаным үшін сондай қуаныштымын.

3 эссе. Менің алдағы өмірлік мақсатым – осы елім мен жеріме қызмет ету. Ол үшін мен өзімді қазірден дайындауым қажет.

4 эссе. Ата-бабаларымыз талай ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіздікке қолымыз жеткеніне биыл 20 жыл толады. Елімізді ең жақсы президент басқарып келе жатқаны қандай тамаша!

2-топ: «Гүлденген Қазақстан!» тақырыбында коллаж құрастыру.

3-топ: «Елордасы - Астана» тақырыбында сурет салу.

Қорытынды: Оқушылар «Еліме тілек» жазып, пікірлер ағашына жапсырады.

Сабағымызды «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтайық.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тәуелсіздік-тұғырым

Автор: Булканова Гаухар Астабиевна

Дата: 29.01.2018

Номер свидетельства: 453392

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Мемлекеттік р?міздер-Т?уелсіздікті? кепілдемесі "
    ["seo_title"] => string(55) "miemliekiettik-r-mizdier-t-uielsizdiktin-kiepildiemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "156056"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421348227"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Желтоқсан- тәуелсіздіктің бастауы"
    ["seo_title"] => string(36) "zhieltok_san_t_uielsizdiktin_bastauy"
    ["file_id"] => string(6) "358993"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479156914"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Желто?сан-  т?уелсіздікті? т?п тамыры "
    ["seo_title"] => string(39) "zhieltok-san-t-uielsizdiktin-tup-tamyry"
    ["file_id"] => string(6) "149824"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420313392"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "«Т?уелсіздікті? а? та?ы»"
    ["seo_title"] => string(20) "tuielsizdiktinaktany"
    ["file_id"] => string(6) "258763"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448558110"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Тәуелсіздікке 25 жыл"Тарих беттерін парақтасақ""
    ["seo_title"] => string(53) "t_uielsizdikkie_25_zhyl_tarikh_biettierin_parak_tasak"
    ["file_id"] => string(6) "417785"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1495473895"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства