kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мультимедия технология» пәні бойынша жобаның оқу-әдістемелік нұсқасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Macromedia Flаsh нұсқасы — оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары - қазіргі оқыту технологиясын интерактивті программалық - әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, аспаптық программалық құралдар жиыны болып табылатынын көрсету. Macromedia Flash— Macromedia компаниясы кез келген көріністермен кескіндерді өндегенде, WEB-сайттар мен презентацияларды құруға бағытталған интерактивті анимацияны құратын интегралданған орта туралы түсінік беру.   Векторлық графикаға бағытталған Flash - бағдарламасының негізгі өндеу кұралы мултимедияның барлық негізгі элементтерін: козғалыс, дыбыс және объектілердің интерактивтілігін пайдалануды қамтамасыз ететінін ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мультимедия технология» пәні бойынша жобаның оқу-әдістемелік нұсқасы»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК














«Мультимедия технология» пәні бойынша

жобаның оқу-әдістемелік нұсқасы








Дайындаған оқытушы:

Мырзагужинов Н.К.

















Семей қаласы

2017 – 2018 оқу жылы

Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралып, талқыланды

Хаттама №_____ «____»____________2018 ж.

Циклдық комиссия төрайымы__________ Мукушева Л.А.


«Мультимедия технология» пәні бойынша жобаның оқу-әдістемелік нұсқасы


Адамзат өркениетінің даму қарқынының негізгі сипатының бірі қазіргі уақытта индустриалдықтан ақпараттық қоғамға болып отыр.

Жаппай компьютерлендіру жаңа ақпараттық технологияларды оқыту саласында бизнесте, өндірісте, ғылыми зерттеуде және әлеумет тік өмірде кеңінен қолданудың, дамудың жаңа деңгейін жасайды. 70 жылдардың басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында үлкен техникалық жаңалық ашылды, үлкен интегралдық үлгілер пайда болды. 80 жылдардың ортасында жергілікті және ауқымды желілер дами б астады.

Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен -күнге үлкеюде.

Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты бағдарламалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, анимация жасауда көп қолданысқа ие Macromedia Flash бағдарламасы. Бұл бағдарламаны көбінесе Web -сайттарды құруда көп қолданады. Соңғы кезде электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia Flash технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер қолданушысына бағдарламалық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады.

«Мультимедиа технологиялар» пәнінің оқу-әдістемелік кешені осы пән бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін өнделіп, бекітілген. Бұл кешен «Ақпараттық жүйелер» мамандағы студенттеріне арналады және оларды пәннің мазмұны мен оқу тәртібімен таныстырады.

Әдістемелік мақсаты: Macromedia Flаsh нұсқасы — оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары - қазіргі оқыту технологиясын интерактивті программалық - әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, аспаптық программалық құралдар жиыны болып табылатынын көрсету. Macromedia Flash— Macromedia компаниясы кез келген көріністермен кескіндерді өндегенде, WEB-сайттар мен презентацияларды құруға бағытталған интерактивті анимацияны құратын интегралданған орта туралы түсінік беру. Векторлық графикаға бағытталған Flash - бағдарламасының негізгі өндеу кұралы мултимедияның барлық негізгі элементтерін: козғалыс, дыбыс және объектілердің интерактивтілігін пайдалануды қамтамасыз ететінін ашу.

Macromedia Flаsh нұсқасы — оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары - қазіргі оқыту технологиясын интерактивті программалық-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, аспаптық программалық құралдар жиыны болып табылады.

Казіргі кезде ақпараттандырылған қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мына мәселелерді шешу керек: компьютерлік техника кабинеттерін жетілдірілген жаңа құралдармен қажетті деңгейде жабдықтау, толықтыру және бағдарламалық жабдықтамалар пакетімен қамтамасыздандыру.

Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдаланудың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негіздері әлі қалыптасу үстінде. Оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары - қазіргі окыту технологиясын интерактивті программалык-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, инструменталдық программалык кұралдар жиыны болып табылады. Осы ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде жүзеге асыруда мұғалімдер үшін кейбір мәселелер туындайды, яғни мұғалімнің күнделікті сабакка дайындығында немесе сабақтан тыс қосымша білім алу түрлерлерінде осы аталған ақпараттық технологиялар кұралдарының және жабдыктамалардың жеткіліксіз болуында. Бағдарламалык жабдықтамалар ақпараттық компьютерлік технологияның қолдауымен оқыту істерінің кез келген түрлерін жүзеге асыруда колданылады.

Қазіргі кезде осындай бағдарламалық жабдықтамалар түрлері баршылық. Олар интерфейстерімен және жұмыс істеу принциптерімен ерекшеленуі мүмкін, бірак сол жабдықтамаларды оларды оку үрдісін қолдайтын мүмкіндіктер біріктіреді. Осындай бағдарламалардың негізгі кызметтеріне мыналарды жатқызуға болады:

1. жаңа материалды түсіндіру мүмкіндігі;

2. білімді бакылауды тестілеу түрінде ұйымдастыру;

3. қарастырылатын оқу материалын демонстрациялау.

Әрине, осы аталған бағдарламалық жабдықтамалардың қызметтерін пайдалану және оны жүзеге асыру пән мұғалімдері үшін неғұрлым қарапайым болуы тиіс. Сәйкесінше, тестілік тапсырмаларды жеңілдететін және сабаққа қажетті материалдарды дайындау технологиялары болуы керек.

Осы аталған бағдарламалық жабдықтамалардың бірі — Macromedia Flash бағдарламасы. Macromedia Flash— Macromedia компаниясы кез келген көріністермен кескіндерді өндегенде, WEB-сайттар мен презентацияларды құруға бағытталған интерактивті анимацияны құратын интегралданған орта. Векторлық графикаға бағытталған Flash - бағдарламасының негізгі өндеу кұралы мултимедияның барлық негізгі элементтерін: козғалыс, дыбыс және объектілердің интерактивтілігін пайдалануды қамтамасыз етеді.

Пән лекциядан және тәжірибелік сабақтардан тұрады. Дәрісті өту барысында негізгі теориялық білім қарастырылып, тәжірибелік жұмыс жасау кезінде өтілген дәріс бойынша студент Macromedia Flash программасымен, технологиясымен танысады. Тәжірибелік сабақтарда алынған нәтижені әрбір студент есеп беру құжаты түрінде дайындап оқытушығы тапсырады.

Қазір Macromedia Flash -технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан технология болып табылады. Macromedia Flash технологиясы анимация жасаушылар үшін өте қолайлы бағдарлама, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:

- жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) – векторлық графиканы пайдалану есебінде;

- интерактивтілік – пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей басқара алады;

- қолайлылық – Macromedia Flash технологиясының негізі, компьютермен жұмыс істеу дағдысы бар кез -келген адамға түсінікті.

Сондай-ақ компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез жүктелетіндігі Macromedia Flash пайдаланушылары үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Flash техналогиясының негізгі векторлық графикалық форматынан Shockwave Flash (SWF) құрылды. SWF қосымшасының артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі аппараттық – бағдарламалық платформада қолданылады. Тағы бір SWF – тың ерекшелігі, құрылған негізгі бейнелер т ек анимацияланып ғана қоймай, сонымен қатар олар қосымша интербелсенді элементтер мен аудио құрылғылардың болуына мүмкіндік туғызады.

Мультимедиялық презинтациялар құру үшін – Macromedia Director Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін - Macromedia Freehand, Macromedia Fireworks, интербелсенді оқытушы курстарын құру үшін – Macromedia Authorwave, Macromedia Course Builder. Сондықтан да Web -публикациясының ішінде ең танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы болып келетін - Macromedia Flash болып табылады. Macromedia Flash Web – парақтарын толық құруға және әрбір сайттың анимациясымен безендірілуіне мүмкіндік береді. SWF форматыны ң көмегімен, оны әдетте Flash деп атап кетті.

Flash техналогиясының құрамына мыналар кіреді:

- векторлық графика;

- анимацияларды қолдау;

- интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндігі;

- әртүрлі графикалық форматтарды қолдау;

- Flash фильмдерді HTML форм атына қосу;

- Flash фильмдерін Web - браузерде көру мүмкіндігі;

- әртүрлі визуальді саймандардың болуы.

Студент өз жұмысының орындалу жолдарын көрсетіп, оқытушының сұрақтарына жауап беру арқылы жұмысты қорғайды.

Пәнннің мазмұны

1. Macromedia Flash жҥйесімен танысу

Macromedia Flash анимациясы

2. Macromedia Flash технологиясы.

Macromedia Flash технологиясы ұғымы

3. Macromedia Flash командалары және принциптері.

Macromedia Flash командалары және принциптері

4. Flash MX-те жҧмыс жасау мҥмкіндігі

Графика

5. Flash филімдерін қолдану тҥрлері

Тор бетін құру

Flash филімін құрудағы реттілік.

6. Редактрлеудің қҧрал-саймандар панелі

Жұмыс облысы

7. Web-сайттар ҥшін анимация қҧру

Мәтінді құру және өңдеу

8. Дыбыс біріктіру мҥмкіндігі

Дыбыс біріктіру мүмкіндігі

9. Microsoft Power Point бағдарламасында мултимедиялық

презентациялар қҧру

Microsoft Power Point бағдарламасында мултимедиялық презентациялар құру

10. Power Point программасында презентацияға flash – фильмдер мен видеоклиптерді қою

Презентацияға flash – фильмдер мен видеоклиптерді қоюды үйрену

11. Мультипликация және анимация.

Анимация түрлері.

Анимация жасау технологиялары

Анимация түсінігімен танысу

12. Анимация тарихына шолу

Анимацияның даму қадамдарымен танысу

13. Жазық анимация

Анимация түсінігімен танысу

14. Көлемді анимация

Көлемді мультипликация

15. Компьютерлік анимация

Интернет-анимация

Macromedia Flash бағдарламасы

Реттілік анимацияда.

Информатиканың бағдарлы курсын оқыту оқушылардың бағдарламалау әдістері туралы, сонымен қатар визуалдық: жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен қолданбалы бағдарламалық жасақтамаларды өңдеу технологияларын, ақпараттық - логикалық моделдер құру және деректер базасын өңдеу технологиясын парақтар құру құрылымы туралы жалпы түсінікті қалыптастырады. Осының барлығы ақпараттық технологиялар әдістерін меңгеруіне негіз болып табылады.


Пайдаланған әдебиеттер


  1. Г. Ә. Жапарова - Информатика н егіздерін оқу құралдары. Алматы – 2006ж.

  2. М. Қ. Байжұманов , Л. Қ. Жа псарбаева – Информатика. Астана – 2004ж.

  3. Б. Г. Жадаев. 100% Самоучитель Macromedia Flash MX. Технолоджи –3000 . Москва, 2004 г.

  4. Д. Л. Розенкноп . Создание анимационных эффектов в Macromedia Flash MX 2004.

  5. М. В. Бурлаков МастерМедиа Macromedia Flash MX 2004 Сборка видеоклипов, Москва 2004 ж.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Мультимедия технология» пәні бойынша жобаның оқу-әдістемелік нұсқасы

Автор: Мырзагужинов Нурсултан Келдигазыевич

Дата: 19.06.2018

Номер свидетельства: 473686

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) "О?ушыларды? білім сапасын арттыруда?ы жа?а а?паратты? технологияларды? ма?ызы. "
    ["seo_title"] => string(88) "ok-ushylardyn-bilim-sapasyn-arttyrudag-y-zhan-a-ak-parattyk-tiekhnologhiialardyn-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "169643"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423449738"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства