kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен өмірді қалаймын!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конкурсное сочинение и стихотворение на тему "Я выбираю жизнь!". Школьное сочинение ученицы 9 класса предназначена для борьбы с наркотиком.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен өмірді қалаймын!»

«Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ

тарапынан жарияланған сайысқа»



Мен өмірді қалаймын


Есірткі... Осы бір ғана сөз қаншама тағдырдың балтасына айналды. Жиырма бірінші ғасыр-технологиялар ғасыры,жаңашылық ғасыры дегенімізбен де,кері тұстарын да көріп жүрміз. Əрине,барлығына бірдей топырақ шашу дұрыс емес,бірақ сонда да есірткінің ізінен кеткен көптің бірін көргенде жүрегің езіледі. Неліктен бұлай болды? Неліктен бұл адам өмірін бір есірткіге айыр бастады?Əлде араласатын ортасы сондай ма екен? Енді əрі қарай өмірі не болмақ? Осындай сан мыңдаған сұрақтар əрқайсымызды мазалайды. Жалпы адам əр басқан қадамын ойланып басу керек. Əсіресе,есірткінің зияннан басқа əкелер түгі жоқ. Ең бірінші,ол адамның денсаулығы мен келешегіне зардап тигізуде,екіншіден, сол адамның отбасының, туыс-тумаларының жанын ауыртуда. Расымен,баласы үшін ең бірінші уайымдайтын осы кісілер ғой. Ал үшіншіден,өзінен кейінгі жастарға да бұрыс мысал келтіруде. Себебі,қазір жастар еліктегіш келетіні бəрімізге мəлім. Сол себепті, бұндай істердің соңы ешқашан да жақсылықпен аяқталмайды.
Осы тұста менің бір байқағаным,есірткіні қолданатын - жастар. Бұл не деген сөз?Яғни, отбасында дұрыс көңіл аударылмай қалған бала болуы мүмкін немесе араласатын достары нашар болуы мүмкін. Бір өкініштісі,отбасында жақсы тəрбие алған балалар да есірткіге əуестеніп кетеді. Біз əлі жаспыз, қызуқандымыз,бойымызда күш-қуат тасып тұр. Сондықтан, бүкіл жасөспірімдер мен жастардан өтіне сұрауым,өзіміздің энергиямызды дұрыс бағытта жұмсайық. Кітап оқиық,тілдер үйренейік,өнермен айналысайық, жан-жағымызға көзімізді ашып қарайық,дұрыс пен бұрысты,ақ пен қараны ажырата білейік. Өзіміздің ең қызықты, балғын жастық шағымызды өкінбестей өткізейік.
Енді келесі мəселе, ауызбен айту бəрімізге оңай, бірақ есірткіге тəуелді болып қалған жастарға не істейміз? Олардан қорықпай, қоғамнан шеттетпей, жан-жағынан қолдау көрсете білуіміз керек. Өйткені, олардың өзіне психологиялық жағынан өте қиын. Мүмкін, олардың арасында есірткінің дəмін байқамай татып та қойғандары бар шығар. Сондықтан, жағдайдың анық-қанығына көз жеткізбей тұрып, оларға ұрыса бермей, бірден арнайы орындарға жатқызып емдеу керек жəне оларды психологқа апару керек деп ойлаймын. Меніңше, осы кезде біздің қаншалықты дамыған өркениетті ел екенімізді дәлелдейміз.
Бірақ, əрине, нашақорлықтың мүлде болмағаны жақсы. Ол үшін жастарға көп көңіл аударылуы қажет. «Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек» -деген болатын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында. Демек Елбасы жастарға зор сенім артып отыр, тәуелсіз еліміздің болашағы –жастар. Сондықтан жастарымыз қоғамдық жұмыстарға көп тартылып, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыруда белсенділік таныту қажет. Зиянды заттарға əуестенетіндей жастардың уақыты да болмауы қажет. Ол үшін түрлі акциялар, зияткерлік ойын-сауықтар мен іс-шаралар көп ұйымдастырылуы қажет. Мысалы, соғыс ардагерлеріне көмек көрсету, немесе "Күніне бір жақсы іс " акциясы, буккросинг іс-шаралары жəне тағы басқалар. Сол кезде біздің ішкі жан дүниеміз де гүлдене бастайды, айналамызға да септігіміз тиеді жəне жаманшылықтардан аулақ жүреміз. Мен осы үндеуім арқылы тым болмаса бір адамға пайдам тисе деймін. Қымбатты достар! Өз еліміздің болашағына өз үлесімізді қосайық!
Өсейік. Ойланайық. Гүлденейік. Жаман әдеттерден аулақ болайық! Барлығы өз қолымызда.  



Сахитжанова Дана

№ 273 орта мектебінің

9 «Ә» сынып оқушысы

 































«Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ

тарапынан жарияланған сайысқа»



Әкелген адамға талай мұң,
Жалмаған өмірін талайдың
Есірткі атаулы болмайтын
Бейкүнə өмірді қалаймын.

Ойланып көзіңді аш ,қане!
Есірткі, нашадан қаш, қане!
Жолдасың, жақының адасса

Қатерлі соқпақты баспа де!



Жас өркен, сандалып жүрме бос!

Айтатын сөзім бар, құлақ тос!

Нашаны алатын ақшаңа

Балалар үйіне үлес қос!


Сәтсіздік туса да күйінбе

Қарайлас отбасы күйіне.
Қарттарға қолғабыс ете біл!

Қарасын ел-жұртың сүйіне!



Бұл өмір теңелген кемеге
Ұрпаққа болып жүр өнеге.

Халқына қызмет еткенді

Халқы да көтерер төбеге!





Сахитжанова Дана

№ 273 орта мектебінің

9 «Ә» сынып оқушысы

 






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мен өмірді қалаймын!

Автор: Сахитжанова Данагул Абуталаповна

Дата: 19.11.2018

Номер свидетельства: 486380

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Мен ?мірді ?алаймын."
    ["seo_title"] => string(23) "mien-omirdi-k-alaimyn-1"
    ["file_id"] => string(6) "247641"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1446606494"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""Мен өмірді қалаймын!" (эссе)"
    ["seo_title"] => string(27) "mien_omirdi_k_alaimyn_essie"
    ["file_id"] => string(6) "432834"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1508229382"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(148) "«ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА» Мен өмірді қалаймын! (өлең)"
    ["seo_title"] => string(80) "k_yzylorda_oiid_iebk_kb_tarapynan_zhariialang_an_saiysk_a_mien_omirdi_k_alaimyn_"
    ["file_id"] => string(6) "433067"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1508321347"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(136) "«ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА» Мен өмірді қалаймын"
    ["seo_title"] => string(79) "k_yzylorda_oiid_iebk_kb_tarapynan_zhariialang_an_saiysk_a_mien_omirdi_k_alaimyn"
    ["file_id"] => string(6) "432640"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1508153850"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(113) "«ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН САЙЫСҚА» Мен өмірді қалаймын"
    ["seo_title"] => string(64) "k_yzylorda_oiid_iebk_kb_tarapynan_saiysk_a_mien_omirdi_k_alaimyn"
    ["file_id"] => string(6) "433066"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1508320749"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства