kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан"

         Мақсаты: оқушыларға Қазақстан тәуелсіздігі туралы мағлұматтар бере отырып, елін мақтан тұтуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Отанын, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімді барынша бойларына сіңіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан"»

«Облыстық туберкулез – санаториясы мектеп – интернаты» КММ












«Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан» (тәрбие сағаты)


















Тәрбиеші: Қабиева С.Ө





2016 – 2017 оқу жылы


Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан


Мақсаты: оқушыларға Қазақстан тәуелсіздігі туралы мағлұматтар бере отырып, елін мақтан тұтуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Отанын, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімді барынша бойларына сіңіру.

Көрнекілігі: Мультимедиядан дайындалған слайдтар: қазақ елінің рәміздері, Қазақстан картасы, фотослайд суреттер,бейнебаян, ән.

Барысы.

Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеп, назарларын тақырып аясына шоғырландыру.

Психологиялық сәт

Әрбір адам – туысың, досың, жұрағат.

Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің – тірлік,еңбек,адамдық.

Әрбір созің – шындық, бірлік, адалдық.

Негізгі бөлім.

а) Тарих тереңінде қалмай, сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, ас та төк жомарт та болды. Әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйінде кешті. Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім, қазағым,қайран жұртым» деп күйзелсе, Жұбан ақын «мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деп күңіренді. Ұлан- байтақ елімізге көз салушылар көп болды. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. XV ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып, «ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, Қасиетті Қаратауға бас сауғалады. XVII – XIX ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айрылды. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Төзімді серік етіп, «үнсіздерге күн болған» лениндік саясат салмағын, Сталиндік ақтаңдақ азабын, Брежневтік тоқырау заманын, Горбачевтің қайта құруын бастан кешкен халқымыз ауыртпашылықтың бәрінен арымай өтіп, аңсары күнге де жетті. Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,тәуелсіз ел болуын қалады. Бұл қазақ жастарының негізгі мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздігі. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз – жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттігін құра бастаудың алғышарты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларациясын» қабылдау болды. Өзінің толық субъектілігін Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңын қабылдауарқылы рәсімдеді. Сол нұрлы таңмен арайланып, байтақ еліміздің алтынмен апталған Ата заңы өмірге келді. Туған еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігінің қасиетті нышандары аспан түстес зеңгір көк Туымыз, айшықты Елтаңбамыз бен асқақ әнұранымыз екені өздеріңе белгілі.

Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің жағасында әлемді өзіне қаратқан жаңа қала бой көтерді. Ол біздің елордамыз – Астана. Астана да тәуелсіздіктің белгісі емес пе? Жаңа Елорда Отанымыз үшін біздің сүйікті Қазақстанымыздың жаңа болашағының жарқын да ізгі беташары болды.

«Орнында бар оңалар» - дегендей, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жел болса, ел болады; ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. 120 – дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеріп мақтаныш тұтады.

(слайд – Қазақстан картасы)

Біз – Қазақстан Республикасының азаматтарымыз. Туған жеріміз – Қазақстан. Біздің тәуелсіз елімізді, кең байтақ жерімізді жақсы көру, мақтан тұту - басты парызымыз. Республикамыздың негізгі рәміздері Әнұраны, Туы, Елтаңбасы. Әрқайсысының ерекше мазмұнымен негізгі түр – сипаты бар.

(слайд – Қазақстан Республикасының Әнұраны)

Қазақстанның Республикасының Әнұраны – мемлекеттің ресми нышан-айбары, айрықша мәні бар салтанатты ән. Сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

(слайд – Қазақстанның Республикасының мемлекеттік елтаңбасы)

Елтаңба: көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыз жырларымызда жырланатын пырақтың қанаты көмкеріп тұр.Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның реңдік бейнесі екі түсті: алтын және көгілдір түс. Қазақстанды мекендейтін барлық адамдардың ортақ үйінің нышаны. Ортақ үйіміз – қасиетті Отанымызға қалтқысыз қызмет ету идеясын білдіреді. Авторы: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

(слайд – Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы)

Қазақстанның Республикасының мемлекеттік Туы – тік төртбұрыш, көгілдір аспан түстес. Ортасында күн бейнесі мен дала қыраны бар. Сабына таяу ұлттық өрнек бейнеленген. Тудың көк түстен жасалуы бейбітшілік пен тыныштықты білдіреді. Күн бейнесі байлықты, молшылықты бейнелейді. Қыран бостандықты, намысты, ерлікті, биік арман – мұратты оймен ұштастырады. Авторы: Шәкен Ниязбеков.

(слайд – Астана қаласы)

Қазақстанның елордасы – Астана қаласы. Ол әдемі жас қала. Қазақстанның Астанасын тамашалауға әр елден қонақтар көп келеді.

(слайд – Ата заң – 28.01.1993; 30.08.1995)

Ел егемендігінен кейін 1993 жылы Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды. Арада екі жыл өткенде 1995 жылы қазіргі негізгі заң Конституция қабылданды. Осылайша, тәуелсіздік жылдары Қазақстанның мемлекеттігін айқындаған Ата заң екі қайтара түледі. Өйткені 90 жылдардың басында Қазақстанның саяси – экономикалық жағдайы мүлдем басқаша болатын.

ә) Өтілген білімдерін бекіту.

-Балалар, біз қай ел туралы әңгімеледік?

-Қазақстан туралы

-Ол кімнің Отаны?

-Біздің Отанымыз, Біздің Қазақстанымыз.

-Неге біз Қазақстанды Отанымыз дейміз.

-Біз осы мемлекетте өмірге келіп, өсіп жатырмыз. Біздің ата-бабаларымыз бен ата-аналарымыз да осында өскен. Қазақстанның суынішіп, нанын жеп отырмыз. Қазақстан қашан егеменді ел болды?

-1990жылы 25-қазанда Қазақстан өз егемендігін алды. Сол күннен бастап 25-қазан Республика күні болып аталып келді.

-Балалар, Қазақстан қай жылы және қай күні тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?

-1991 жылы 16 – желтоқсан

-Ал Тәуелсіздік сөзін қалай түсінеміз?

-Тәуелсіздік ешкімге бағынбайтын, өз алдына азат ел деген мағынаны білдіреді.

б) Сыныпты 2 топқа бөлу.

Тапсырмалар:

  1. «Қазақстан» сөзіне ой қорғау. (бір сөзбен мыс: жер, таулар, т.б)

  2. «Қазақстан» сөзінен сөз шығару.

Қорытынды.

5 жолды өлең құрастыру.

«Менің елім – Қазақстан» -тақырыбына эссе жазу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан"

Автор: Кабиева Сандугаш Омировна

Дата: 08.04.2017

Номер свидетельства: 407755

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ма?танышым - Т?уелсіз ?аза?стан "
    ["seo_title"] => string(34) "mak-tanyshym-t-uielsiz-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "139303"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417696360"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "МА?ТАНЫШЫМ Т?УЕЛСІЗ-?АЗА?СТАН "
    ["seo_title"] => string(36) "mak-tanyshym-t-uielsiz-k-azak-stan-1"
    ["file_id"] => string(6) "211948"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431705660"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Мені?  Т?уелсіз ?аза?станым!»"
    ["seo_title"] => string(32) "mienin-t-uielsiz-k-azak-stanym-1"
    ["file_id"] => string(6) "290104"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454923264"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Тәуелсіз Қазақстан"
    ["seo_title"] => string(20) "t_uelsiz_kazakstan_1"
    ["file_id"] => string(6) "494878"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1547238380"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "«Мені? Отаным – Т?уелсіз ?аза?стан» "
    ["seo_title"] => string(35) "mienin-otanym-t-uielsiz-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "154626"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421171051"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства