kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кітапхана - білім ордасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: кітапты? адам ?міріндегі орны туралы т?сінік беру. Кітап?а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, с?йлеу м?нерін дамыту. Кітапты с?юге баулу, к?тіп ?стау ережелерін білу. К?рнекілігі: балалар ?дебиетінен кітап к?рмесі, ертегі киіпкерлеріні? заттары, ертегі кітапшалар, на?ыл с?здер. Барысы: Психологиялы? дайынды?. Кітапта алма а?ашы Жемісін бізге беретін. Т?тті алма?а балашы Кітабы?ны? ?р бетін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кітапхана - білім ордасы»

Тақырыбы:Кітапхана - білім ордасы

Мақсаты: кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту. Кітапты сүюге баулу, күтіп ұстау ережелерін білу.

Көрнекілігі: балалар әдебиетінен кітап көрмесі, ертегі киіпкерлерінің заттары, ертегі кітапшалар, нақыл сөздер.

Барысы:

Психологиялық дайындық.

Кітапта алма ағашы

Жемісін бізге беретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін.

Мұғалім: бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда кітапхана, кітап туралы әңгіме қозғамақпыз. Бізге кітапханашы Злиха апай қонаққа келіп отыр. Кітапханашы апай сіздердің қандай кітап оқығандарыңды, білімдеріңді білгісі келеді.

Злиха апай(кітапханашы сөзі:) Сәлеметсіздер ме, балалар?

Ал, мен кіммін?(балалардың жауабы)

Мен кітапханада жұмыс істеймін. Кітапхана сөзі нені білдіреді? Кітапхана - араб тілінен енген, жазу қоймасы деген сөз. Кітап туралы қандай тақпақтар білесіңдер.(балалар тақпақ айтады)

Ақерке: Білесің бе кітап білім ұясын,

Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.

Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа,

Терең білім ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар” Кітап – білім бұлағы”

Кітапхана сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп көп оқыған баланың

Анық тағы білімпаз болып шығары.

Мұғалім: Кітап - ең жақсы дос, егер сен оны шынымен жақсы көрсең.

Дәулет: Қуан кітап, қуанатын күн бүгін

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін

Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың

Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

Арман: О, кітап бас иемін мәртебеңе

Игілік қазынасың, бар адамға

Сен берер игіліктің есебі жоқ,

Жеткізіп жолын тауып айталам ба?

Тоғжан: Адамның досы кітап - өмір кілті,

Тең емес оған жиған мүлкің,

Ақылшы жанға серік,

Ақыл - ой қазынасы, өмір көркі.

Мұғалім: Ал, сендер кітаппен дос болғыларың келе ме? Оны қазір байқап көреміз. Әр түрлі ойындар түрлері арқылы кітап киіпкерлерін табамыз.(суреттер көрсетіледі)

Мұғалім: Кебіс кімдікі?(ханшайымдікі)

Себеттегі самса (Қызыл телпектікі)

Жыртық шапан (Алдар көсенікі)

Кілт (буратинанікі) – Өте жақсы балалар, жарайсыңдар!

Ал, ертегі шешуге дайындалайық.

1. Орман жанында

Үшеуі бір үйде тұрады.

Үш төсек, үш жастық,

Қане олар кімдер?(үш аю)

2. Қаймаққа иленген,

Терезеде суытылған,

Сап - сары домалақ.

Қай ертегі айта ғой?(бауырсақ)

3. Жерден аспанға ұшу үшін, оған үлкен сыпыртқы керек.(мыстан кемпір)

Кітапханашы: Жарайсыңдар! Көп ертегі біледі екенсіңдер.

Мұғалім: Ертегі киіпкерлерін жақсы білесіңдер. Мына өлең жолдары қай ертегіден екен?

1. Жол алыс,

Ал себет ауыр,

Отырамын түбірге самсаны жеп.(Маша мен аю)

2. Тартамын, тартамын

Тіпті де жұла алмаймын.(шалқан)

Ойын:” Иә - жоқ”(егер келіссеңдер” иә” дейсіңдер, келіспесеңдер” жоқ” дейсіңдер)

1. Кітап нені сүйеді?

Кітап бауы(иә)

Қар не жаңбыр(жоқ)

Кір қолды(жоқ)

Еденде жатқанды(жоқ)

Ұқыпты ұстауды(иә)

Еркелеткенді (иә)

Төбелескенді(жоқ)

Білгіш оқушыларды (иә)

Кітап сөресінде тұруды (иә)

Балмұздақты (жоқ)

Кітапты пайдалану ережесі.(оқушылар айтып береді) мұқият тыңдаймыз.

1. Кітапты тек таза қолмен алуға болады.

2. Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парағы түсіп қалады.

3. Кітаптың арасына дәптер қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.

4. парақты бүктеме, кітап баулығын пайдалан

5. Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.

6. Кітап бетін қалам немесе қарындашпен сызуға болмайды.

Назгүл: Ойшылдар мен білімпаздар мекені.

Бәріңе аян кітапхана екені

Кітаппен дос болуға баулитын

Кітапханашы мұнда қызмет етеді.

Анжела: Өмір мәні өнер менен білімде

Құштар болсаң көп құмартып білуге,

Қарсы алып сені дәйім күлім деп,

Жөнін айтып жол нұсқайды білімге.

Мұғалім: - Балалар, кітап сендерге қуаныш сыйласын десеңіз қандай кітапты алу керек екенін білу керек. Осы кезде кім көмекке келеді.?(кітапханашы) ( Кітапханашы оқырманның құқығы мен міндетін түсіндіреді) (Тақтада берілген ұлы ойшылдардың нақыл сөздері оқылып, мағыналары ашылады)

Мұғалім: “ Ол, мен және барлық достармыз “ сұрақ - жауап ойыны.

1. Кім мәңгілікке кітапхананың нағыз досы?

2. Кім көп оқыған, бірақ ештеңе тоқымаған?

3. Кім екен жыл бойы оқулығын ұқыпты ұстаған?

4. Достар, кім айтады

Кітапты жыртып былғамау керектігін?

5. Дұшпанын жерге қаратып

Кітаптан білім алатын.

(Кітапханашы балаларға тілегін айтып, ертегі кітапшаларын таратады.)

Мұғалім: Кітап - ұстаз

Кітап – үйретуші

Кітап - нағыз дос, жолдас.(кітапты көп оқып, кітаппен дос болу керектігі айтылып өтілді).

Кері қайту

Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, кітап, кітапханаТәрбие, тәлім - кітапта.

Тәрбие мәселесін сөз еткенде балаларымыздың кітап оқудан қол үзіп бара жатқаны жанға батады. Оқушылардың көпшілігінде самарқаулық басым, қызығушылық жетімсіз. Тіпті ашығын айтсақ, көркем туынды оқымайтын, көркемдік әлеміне қызықпайтын, одан гөрі теледидар, кино көргенді хош санайтын оқушылар қатары жылдан - жылға көбейіп келеді, ащы да болса, шындық осы. Бұл жағдайда орта және жоғары мектептер ұстаздары, бәріміздің де қатысымыз бар. Қай қайсымыз да шәкірттерімізден жеткілікті деңгейде талап ете білеміз бе? Максим Горький:«Ашыққан адам асқа қандай обыр болса, мен кітап оқуға сондай обырмын...» деген екен.

Ал, бүгінде осындай жастар кездесе ме...



Кітап - адам баласы ақыл - ойыннан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім мен тәрбие беретін құрал. Ол - адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Менің ойымша, балалар теледидар мен компьютер ойындарына әуес сияқты. Олар сол көгілдір жәшіктерден (аудио, видео, интернет) бәрін дайын күйінде қабылдап жатыр. Неліктен біздің халық кітап оқымайтын дертке ұшырады. Кітапханашының, ата - ана мен мұғалімнің белсенді көмегі қажет. Оларға барлық білім кітапта екенін әліде болса жете түсіндіріп көмектесуіміз қажет. Ол үшін оны мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерден бастасақ. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай атамыз айтқандай, кітапты балаға жастайынан оқуға баулу керек. Бірақ, ешқашан да баланы оқуға мәжбүрлемеуіміз қажет. Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйретіп, оны қалыптастыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізе білу керек. Кітаппен шындап жұмыс істей алмау біреулердің кітапқа деген сүйіспеншілігін мұқалтса, енді біреулерді жүйесіз, ойланбай оқуға әкеліп соқтырады. Осы бастан алдын алмасақ, барар - бара рухани әлемге атүсті қарайтын індетке жолығамыз. Шынымен де адам баласының санасын рухани адамгершіліктен гөрі күйкі тірлік басып кетсе, онда оның өміріне ақау түсетіні белгілі. Орыстар кітап оқымайтын халге жеткенін зерттеп, зерделеп күресуде. Бізде жұмыс жоқ деуден аулақпын. Қол жеткізген жетістіктерімізде жетерлік. Әрине, барлық оқушылардың әдеби туындыларды оқымайды, жалқау, өнерге қызықпайды деп кінәлау да дұрыс болмас. Ізденіш, кітапты сүйіп оқитын, мектепте оқып жүріп түрлі пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатысатын, жүлделі орындарды иеленіп жүрген оқушылар да баршылық. Бұлар бірақ, азшылық. Десек те, ұлттың рухани әлемге бір табан жақын болуы үшін мүмкіндік жасауымыз керек. Шынымен де, ертеңін ойлаған ел ең алдымен рухани әлемнің ешқандай тосқауылға ұшырамай, нәтижелі жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Себебі, ұлттың ұлт болып қалуы үшін, халықтың өресі басты орында тұруы керек. Өйткені, Адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін - білім. Қазақстан биік белестерге ғылымын өркендету арқылы жетеді. Сондықтан білімді болмай, алға қойған мақсатымызға жете алмаймыз. Орыстың танымал педагогы В. Сухомлинскийдің мына бір сөзі, сөзі емес - ау, талабы дейікші, бүгінгі мектеп өмірінде етек алып отырған әлгіндей кемшіліктердің себебін анық аңғартқандай.Мектеп кітапханасы - сапалы білімнің сенімді кепілі





Кітапхана – сапалы білімнің сенімді кепілі. Кітап біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихта да, әдебиетті де басқа ғылым кереметтерін де осы кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі-осы кітаптар.

Рухани тарихын, ата бабаларымыздың салт дәстүрлерін, әдет ғұрпын тануда кітаптың берер, көмегі ұшан теңіз.

Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «кітап» деген құдіреттен тапты.

Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап. Әр кітап өзінше бір құпия. Қолға алып парақтай бастасаң, ғасырлар қойнауының тұңғиық тереңінен таңғажайып талай талай сыр шертеді. Ол әрбір жеке тұлғаның ой өрісін дамытып, рухани қазынасына айналды. Қазіргі қоғамымыздың қайнар көзі осы кітапханадан бастау алады. Осы қасиетті қазынамыз кітаптарды көзіміздің қарашығындай сақтайтын, оқырманды кітап мұхитына жетелейтін мәдени ошақтардың бірі кітапхана. Ұстаздардың ұстазы Ы.Алтынсарин атамыз: «Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар» - деп алдағыны көргендікпен болжаған. Мұндағы «шамы» - терең білім, ғылым болса керек.

Осынау білім, деген шамның жарқырай түсуі үшін кітаптың, сол кітаптың жинақталар жері – кітапхананың қашан да тұғыры биік болуы тиіс. №69 мектеп-гимназия кітапханасы да осы мақсатты бетке ұстай отырып, кітапхананы шын мәнінде білім ордасы етіп көрсету үшін жұмыс жасап келеміз. Кітапхананың басты байлығы-кітап. Сондықтан да біздің жұмысымыздың мәнді де мағыналы болуы дұрыс жабдықталған кітап қоры болуы тиісті. Біздің мектептің оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету біршама жолға қойылған. Негізінен тапсырыс берілген кітаптар тегіс алынып, оқырмандарымызға таратылды. Кітап қоры ескірген әдебиеттерден тазартылды. Көркем әдебиет пен танымдық әдебиеттерге келетін болсақ қазақ әдебиетінен бағдарламаға сәйкес қосымша әдебиеттер қоры бар. Орыс әдебиетінен орыс классиктерінің шығармалары аз болған еді, мектеп басшыларының демеушілер табуының арқасында кітап қорын толықтыруға мүмкіншілік болды.

Кітап-өмір ұстазы, баға жетпес байлық дейміз. Бірақ бұл күнде кітап оқуға деген қызығушылық төмендеп кеткені жасырын емес. Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқитын адамның ақыл-парасаты, танымы, білімі, сыпайылығы, мәдениеттілігі сияқты көптеген ізгі қасиеттермен ерекшеленіп тұрады. Сондықтан да біздің кітапхана өз оқырмандарымызға сараптама жасай келе мыныдай нақты фактілерге кездестік. Мұғалімдер тарапынан кітап оқитындар, кітапханаға қатынайтындар оқу жылының бастапқы кезінде оқулықтар алу мен оқу әдістемелік құралдар алу кезінде байқалған. Қазіргі уақытта кітап оқитын ұстаздар қатарына ең белсенді Теміртаева Қалдыгул, бастауыш сынып мұғалімі Өміртаева Рысалды Қалмұхановна, Бекишова Айтжамал Макетовна, Жексембина Арай, Мадиярова Керімбала Бабаханқызын атауға болады. Міне осы мұғалімдердің оқушылары да кітапханаға көп қатынайды. Бекишова Айтжамал Макетовна оқушыларын кітапқа қызықтыру мақсатында «Кітап –рухани сарқылмас қазына» атты тәрбие сағатын кітапханада өткізді.



Мектеп кітапханасында ұстаздар мен оқушыларға оқу әдістемелік көмек көрсету мақсатында мерзімдік басылымдар көрмесін ұйымдастырып, интернет желісін пайдалану арқылы қажетті ақпараттар алып беру жұмыстарын жүргізіп отырамыз.Мектепте өткізіліп отыратын әр мәдени – көпшілік жұмыстар кітапханамен тығыз байланысты. Өтетін қоғамдық іс шаралар әр қилы тақырыпта болатындықтан кітапханада библиографиялық жұмыс та әр сала бойынша орындалады. Қазірдің өзінде бізде библиографиялық анықтамалар базасы құрылған, кез-келген тақырып бойынша ақпарат бере аламыз деп сенімді айта аламыз.

Біздің кішкентай оқырмандарымыз үшін оқу залы әсем безендірілген.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Кітапхана - білім ордасы

Автор: Советханова Айжан Советхан?ызы

Дата: 12.11.2015

Номер свидетельства: 251821

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Кітапхана – білім ордасы"
    ["seo_title"] => string(23) "kitapkhana_bilim_ordasy"
    ["file_id"] => string(6) "400504"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1489571584"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Кітапхана- сар?ылмас ?азына"
    ["seo_title"] => string(25) "kitapkhanasarkylmaskazyna"
    ["file_id"] => string(6) "305645"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457970409"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "Кітапхана – о?ырман мен кітап арасында?ы негізгі алтын к?пір"
    ["seo_title"] => string(56) "kitapkhanaokyrmanmienkitaparasyndagynieghizghialtynkopir"
    ["file_id"] => string(6) "339173"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1471027667"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "''Кітапхана рухани ?азына''"
    ["seo_title"] => string(26) "kitapkhana-rukhani-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "318151"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460526543"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "2015-2016 о?у жылына арнал?ан т?рбие жоспары "
    ["seo_title"] => string(49) "2015-2016-ok-u-zhylyna-arnalg-an-t-rbiie-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "230904"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1442311021"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства