kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Кешірім сұрау — бақыттың баспалдағы» (тренинг)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күннің   көзі   ашылсын

Көкке шуақ  шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге  еніпті

Ал қанекей бәріміз

Сәлем –дейік үлкенге

-Балалар қазір   жылдың қай    мезгілі?

-Қыста ауа –райы қандай болады?

-Қыста не жауады?

-Қардың түсі қандай болады?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Кешірім сұрау — бақыттың баспалдағы» (тренинг)»

Тақырыбы: Қазақтың ырым-тыйым сөздері


Тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. Кейде оғаштау іс істеп қойсақ, үлкен кісілер ылғи да: «Олай істеме, жаман болады» деп атайды. Халық арасында кең тараған осындай тыйым сөздерді зерттей отырып мен олардың жас балаларға арналғандарын жинақтадым. Сонымен бірге мағынасы, тәлім - тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадым. Яғни біз ата - бабаларымыздың даналығы сол – қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп. Ғұлама ғалым Әл - Фараби айтқан «Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады.


Тыйым сөздердің түрлеріне тоқтала кетсем тәрбиелік мағынасы қарай мына топтарға бөліп қарастырдым.

1. Үй тұрмысына, қоршаған ортаға байланысты

2. Іс - әрекетке байланысты

3. Қыз балаға қатысты

4. Нанға қатысты

5. Бесікке қатысты

6. Ыдыс - аяқ, тағамға қатысты

7. Киім киюге қатысты

8. Жол жүруге байланысты

Ұлттық киімдерге қатысты ырым - тыйымдар

1. Бас киімге қатысты ырым - тыйымдар

2. Сырт киімге қатысты ырым - тыйымдар

3. Той киіміне қатысты ырым - тыйымдар

4. Сәби киіміне қатысты ырым - тыйымдар

5. Аяқ киімге қатысты ырым - тыйымдар

6. Неке киіміне қатысты ырым - тыйымдар

Енді осы аталған тақырыптағы тыйымдарға жеке - жеке түсініктеме бере отырып, оның бүгінгі өмірдегі қажеттілігіне тоқталып кетейін.


Іс - әрекетке байланысты тыйымдар.

Үйге қарай жүгіруге болмайды.

Әдетте оқыс оқиға, жамандық болғанда адам үйге қарай жүгіреді. Бұл, біріншіден балаларға жамандық шақырма деген ескерту болса, екіншіден үйде үлкен бар, жүрегі әлсіз адамдар бар, елді үркітпе, қорқытпа дегені.

Қонақ кете салысымен үйді қағып - сілкуге болмайды.

Себебі қонақпен бірге үйге жақсы тілек, ықылас - пейіл келеді. Екіншіден қонақ кете салысымен үйді қағып - сілку әдепке жатпайды. Ойлап қараған адамға бұл сендерден құтылдым ба, жоқ па деген ойға келтіреді.

Саусақ, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды.

Әдепсіздік екенін былай қойғанда түрлі ауру шақыратын микробтар ауызға түсіруі мүмкін.

Құран оқығанда күлуге болмайды.

Құран адамға имандылық тәрбие бере отырып, бұл дүниеге қанағатпен қарауға, төзімділікке, пайымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Дүниеден өткен адамдарды еске алып құран оқығанда күлу, сөйлеу, жалаңбас отыру - әдепсіздік.

Аманатқа қиянат жасама.

Бұл біреуге сөз берсең міндетті түрде орындау керек деген сөз. Аманатқа адалдық – адамның биік парасат иесі екендігін көрсетеді.

Қыз балаға қатысты тыйымдар.

Қыз бала шашын жайып жүрмейді.

Ата - баба салтында тек жақыны қайтыс болған әйел ғана шашын жайған. Бүгінгі таңдағы қыз балалардың шаштарын жалбыратып жайып жүргені әдептілік емес. Жиналған, өрілген шаш адамды ұқыпты көрсетеді, әрі жұмысқа да, оқуға да ыңғайлы.

Қыз баласы тамақ дайындағанда басына міндетті түрде орамал байлауы қажет. Өйткені тамаққа шаш түсіп кетуі мүмкін.

Әлем - жәлем киінбе.

Қазіргі таңда қыздарға ішін ашып жүру сәнге айналған. Бұл өте жағымсыз әдет, әрі қыздардың денсаулығына да зиян. Бүйрек аурулары, гинекологиялық аурулар пайда болуы әбден мүмкін.

Қызға қырық үйден тыю.

Қыз бала орынсыз күліп, орынсыз сөйлеп, бейуақытта қыдырмағаны абзал. Өйткені қыз балалар – болашақ аналар.

Бесікке қатысты тыйымдар.

Бос бесікті тербетуге болмайды.

Үйге келген адамға бос бесікті тербету арқылы өзінің ұрпақсыз қалғанын үндемей - ақ білдірген.

Бесікті саудалама

Бұл оның құны жоқ зат екендігін білдіреді. Ал, қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым.

Жол жүруге қатысты тыйымдар.

Жолға шығып бара жатқан адамнан «қайда барасың?, қашан келесің?» деп сұрамайды. Бұл адамның көңілін алаңдатып, сәтсіз сапарға ұрындыруы мүмкін. Тек іштей тілектес болып қалуы керек.

Барып, қайтар жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды, бұл астамшылық, күпірлік болады. «Алла жазса», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса» деп нысаппен сөйлеу керек. Қазіргі кезде болып жатқан көптеген автокөлік оқиғалары осындай қарапайым жол жүру қағидаларын ескермегендіктен деп ойлаймын.

Киім киюге қатысты тыйымдар.

Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Аяқ киімді де солай. Бұл тірлігінің барлығы оң болсын деген ниеттен туған.

Киімді желбегей жамылмайды. Себебі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылады. Әрі жұмыс істегенде де ыңғайсыздық туғызады.

Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның маңдайына жазылады деп есептеледі. Сондықтан бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, төрге іледі.

Ыдыс - аяқ тағамдарға қатысты тыйымдар.

Ыдыста беті ашық қалған тағамды жеуге болмайды. Өйткені зиянкестер, жәндіктер түсіп кетуі мүмкін.

Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып табылады. Ыдысына аз болса да дәм салып беру көршіңмен татулығыңды арттыра түседі.

Қонаққа сынық ыдыспен тамақ беруге болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады.

Ақты төкпе. Ағарғанды өте қадірлеп, ұқыпты пайдалану керек. Сондықтан адам өміріне шексіз қажет құнарлы тағамды сақтап, қастерлеу – міндет.

Нанға қатысты тыйымдар.

Нанды шашуға, жерге тастауға басуға, рәсуә етуге болмайды. Нан - дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан дастарханға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса алып адам баспайтын жерге қою керек.

Таң ертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. Бұл «Наннан үлкен, одан құрметті тағам жоқ дегенді білдіреді».

Нан – қасиетті дәм. Онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана бір қолмен сындырады.

«Нан қатты екен» «шала піскен», «күйіп кеткен», «езіліп кеткен» т. б. нанды, тамақты сынамайды.

Үй жұмысына, қоршаған ортаға байланысты тыйымдар.

Есіктің босағасын керуге, табалдырықта тұруға болмайды.

Бұл жамандық шақырма деген мағынадағы тыйым. Есікті тебуге болмайды. Жау келгенде ғана есікті теуіп келген. Бүгінгі таңда есікті теуіп кіру – аса көргенсіздіктің белгісі.

Сыпырғы, күрек, айыр, балғаның басын жоғары қаратып қоймайды. Ертеректе бұл – «ұстайтын кісі жоқ» деген мағынаны білдірген. Сондықтан бастарын төмен қаратып қою керек.

Көкті бейберекет жұлуға болмайды. Көкті жұлсаң, көктей соласың деген сөз ата - бабаларымыздан қалған.

Суға түкірмейді. Өйткені су, ауа, күн, от сияқты адамзатқа қажетті құндылығымыз. Оны сақтауға міндеттіміз.

«Үйге кірген жыланды өлтірме» жылан үйге кіріп кетсе басына айран немесе сүт құйып шығарады. Бұл халқымыздың тірі жәндікке қиянат жасамайтын кеңпейілділігінің белгісі.


Жануарлар мен жәндіктердің белгілі бір түрлерінің пайдалылығы немесе зияндылығы жөнінде халық арасында ежелден қалыптасқан әртүрлі ырымдары бар. Мысалы, ата - бабаларымыз қарлығаштың ұясын бұзсаң, міндетті түрде өрт шығады, апат болады деп есептеген. Сол сияқты бозторғайды, киелі құстар деп ескерткен. «Обал болады» деп егінді, шалғынды бейсауыт басқызбаған. «Бақаны өлтірсең, жаңбыр жауады» деп өлтіртпеген.

Қазақтың баласына «шөпті жұлма, оны жұлсаң, көктей соласың» деп өсиет айтуы киіз, үйді кез келген жерге тікпей, өткен жылғы жұртқа тігуі, жерошақты пайдалануы, әйелдердің ағын суға кір шаймауы т. б. шөппен суды қастерлеуден туған ырымдар.

Халқымыз баққан малының басынан ұруды, әсіресе тебуді аса үлкен күнә, құт, байлық қашыратын әрекет деп санаған. Мұндай келісімсіз іс - әрекеттерге «обал болады», «жаман болады» деп тыйым салып отырған.


Әртүрлі жануарларды аулауға кей кездерде тыйым салынған. Бұл тыйым кез келген уақытта емес, дәл сол жануардың балалау кездерінде болған. «Киесі атады» деп уағыздаған.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі үй хайуанаттарының пірлері: Шопан ата (қойдың), Зеңгі баба (сиырдың), Қамбар ата (жылқының), Ойсылқара (түйенің), Сексек ата (ешкінің) болып келуі, малға ауру – індет келгенде әр түліктің иелеріне арнап мал сойып, тасаттық беріп, олардың иелеріне жалынып – жалбарыну осы ұғымның қазақ арасындағы қалдығы. Қарапайым халық мал басының көп болуы сол түлік аталарының мал иелеріне деген көңіл күйіне байланысты деп білген. Сол себепті мал баққан халық малдың басынан ұруды әсіресе тебуді аса үлкен күнә, құт, байлық қашыратын әрекет деп санаған.


Ертедегі қазақтар кейбір жыртқыш аңдарды киелі санаған. Қасқыр, жолбарыс, бүркіт сияқты түз аңдарының тұяғын, тісін, құлағын, терісін бесікке жауып қою рәсімдері соның айғағы. Ал «Мұңлық - Зарлық» аңызында жапан далаға апарып тастаған балаларды киік емізіп, аналық қамқорлық жасап өсіреді. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында, анда жүріп дос болған Қарабай Сарыбайға буаз маралды атқызып, Сарыбай «кие соғудан» өледі. Осы аңыздар арқылы киік адамның нағыз досы, киелі аң екенін дәлелдемек болған.

Халық маралды да киелі санаған. Халықтың аңыз - ертегілерінде мерген оғынан жаралған алтын мүйізді ақ марал шипалы қайнарға келіп, күнде жарасын жауып, жазылып кеткен.


Табиғаттың қыры мен сырына ерекше назар аударған, одан тағылым алған халық емшілері жануардың емдік қасиеттерін де байқап тәжірибеде қолданған. Мысалы, борсықтың терісі мен майын өкпе ауруларына, иттің жүнін - құлғана ауруына, құрбақаны «ақуыз» деп аталатын жараға ем ретінде қолданған.

Сондай - ақ тобылғының майын теміреткі мен сүйелге алаботаның сабынан қотырға қарсы қолданса, қынаны бояу ретінде пайдаланған.


Қазақ табиғат құшағында өсті, бірақ халықтар олай етпейді деп отырғанымыз жоқ. Баршасының да туған жерге құштарлығы орасан зор. Қазір табиғат тазалығын бұзыңқырап алып, енді оны қалпына келтіруге жанталасуымыз. Халық тәжірибесін еске алмадық. Қазағым кез - келген жерден құдық қазып не босағасына дейін жыртып, зауыт, фабрикалар түтінімен немесе атом қаруымен ауаны ластамаған еді, мейлі техникасы жоқ болсын, ғылыми орасан дамыса да, кең даласын табиғи өңдеп, таза шұбатқа мейірі қанып отырды. Табиғаттың сырларын терең білмесе де, ол көне заманнан бастап айға, күнге табына бастады, өзін табиғат құлымын деп есептеп, оған тағдырының да байланысты екенін ұғынды.


Жерге табыну мекенге, қонысқа, жайлауға байланысты болды. Ата - бабалар қонысы ұрпақ үшін тек ардақты ғана болмай, қасиетті де болды! Оның айналасын таза ұстады, малын маңына жаймады. Мекенге ат қою елдің, ел ақсақалдарының есімін мәңгіге қалдыру ниетінде болды. Суы тұщы, шөбі шүйгін қойнаулар, өзен - көл жағалаулары, қамысы қыста малға ықтасын болсын деп, әр мекенді өз ерекшелігіне байланыстырып атады. Жер атаулары сол араға орнатылған ескерткіштерімен бірдей.


Табиғат ортасы тек мекен, қоныс, қыстақ, қорық - қауым болып қана қоймайды, сонымен бірге қазақтың мінез - құлқын да, кәсіп - шаруашылығында, тәлім - тәрбиесін де айқындайтын ортада болды. Енді табиғат туралы білім қорын қарастырсақ, қазақ нағыз эколог күннің бұлтқа батқанынан ертең жауын - шашын болатын, жұлдыздардың жиілігінен ертеңгі ауа райының қандай болатынын, жетіқарақшы жұлдызының орналасуына қарап, таңның атуына жақын қалғанын біледі. Сиырының мезгілсіз мөңірегенін, тауығының мезгілсіз шақырғанын, иттің ұлығанынан қауіптенеді. Мал жайып, оның қиымен жерді табиғи түрде тыңайтады. Табиғатта басы артық нәрсе жоқ. Бір жәндікті құрту өзге жәндіктерге зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының көнкөрісіне залалын тигізеді деп есептелген.


Міне, қазіргі заманға, оның үрдістеріне жауап бере алатын, тәрбиелік мәні зор қазақтың тыйым сөздерінің бұл бір бөлігі ғана.

Қазақ халқының ұлттық мәдени игіліктерінің қазынасында тыйым сөздердің мән - мағынасы айрықша бағаланады. Өйткені, қанымызға сіңісті, жанымызға жағымды, тіршілікте жол көрсететін ақыл, нақыл, тыйым сөздер тәрбиенің бастау бұлағы. Аталардың қасиетті өсиеті замандар бойы мысқалдап жиналып, ой - елегінен өткізілген өмір тәжірибесінің, тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершілік ереже - қағидасы іспеттес.

Халықтың тыйым сөздерінде ең алдымен ұрпағының жетелі, зерделі, кісілікті болуын, жерін, елін қорғауға дайын болып ер жетуін қалайды. Ал, адамшылыққа жат, оғаш, теріс қылықтардан аулақ болуға үндейді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
«Кешірім сұрау — бақыттың баспалдағы» (тренинг)

Автор: ШАКИЕВА ГҮЛНАР НЕСІПБАЙҚЫЗЫ

Дата: 30.01.2018

Номер свидетельства: 453623

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) ""Кешірім  с?рау - ба?ытты?  баспалда?ы" (психологиялы?  тренинг)"
    ["seo_title"] => string(65) "kieshirim-su-rau-bak-yttyn-baspaldag-y-psikhologhiialyk-trieningh"
    ["file_id"] => string(6) "288371"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454608749"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Тренинг "Педагог денсаулығы - оқу үрдісінің табыстылығының кепілі.""
    ["seo_title"] => string(72) "trieningh_piedaghogh_diensaulyg_y_ok_u_urdisinin_tabystylyg_ynyn_kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "385950"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485852704"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "ЖАС  ?РПА?  ПСИХИКАСЫН  СА?ТАУ  МЕН ДАМЫТУ- БОЛАША?  КЕПІЛІ "
    ["seo_title"] => string(60) "zhas-u-rpak-psikhikasyn-sak-tau-mien-damytu-bolashak-kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "198389"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428403315"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "«Отбасы мен мектепті? ?зара ?рекеттестігі мен ынтыма?тасты?ыны? тиімділігі» "
    ["seo_title"] => string(83) "otbasy-mien-miektieptin-ozara-riekiettiestighi-mien-yntymak-tastyg-ynyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "239448"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1444794439"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства