kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ әдебиетін зерттеуші тұлға- Әуелбек Қоңыратбаев

Нажмите, чтобы узнать подробности

После исследований Чокана Валиханова в XIX веке, исследовавшего потенциал Запада и Востока, волной, связавшей эту область с работой по просвещению страны, стал народ Алаша.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ әдебиетін зерттеуші тұлға- Әуелбек Қоңыратбаев»

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы



Баяндама

Тақырыбы: Қазақ әдебиетін зерттеуші тұлға- Әуелбек Қоңыратбаев









Орындаған : Булатова А.М

Тобы:ҚТӘ-31

Тексерген: Турганалиева Г.Г.









Орал,2022



Әуелбек Қоңыратбаев

Батыс пен Шығыс әлеуетiн безбендеген ХIХ ғасырдағы Шоқан Уәлихановтың ғылыми iзденiстерiнен кейiн осы саланы елдi ағарту iсiмен байланыстыра алған толқын – Алаш тұлғалары едi. 

Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышбайұлы, С.Аспандиярұлы, Е.Омарұлы, Т.Шонанұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Есболұлы, С.Садуақасұлы, т.б. азаматтардан құралатын шоғырдың ғылыми еңбекпен сауатты жұртшылыққа танылуы – 1903 жылдан (Ә.Бөкейханның энциклопедист ретiнде айқындалғаннан) 1929 жылға дейiн, яғни Мағжан ақынның «қызыл тiл қолым емес кiсендеулi» деп шер тарқатқанындай, өкiмет ұлт зиялыларын адамдық құқынан айырғанға дейiн жалғасты. Ғылым әлiппесi зерденiң биiк деңгейлi құралы болмай тұрып-ақ тұсалды.

Имандылық пен руханилықтан ада саясат үркердей зиялы оқығандар қатарын сөккен соң, бiраз уақыт асау толқыннан кейiнгi тыныштықты бастан кешкен теңiздей едi. Ендiгi жерде өмiрде дүбiрлi өзгерiстер болмайтындай, әдiлеттiң ақ жолын аңсаудың өзi ерсi көрiнетiндей сезiлген. Әсiресе, ғылым атаулы саясаттың ығына жығылмаса, ғалымдар жолынан жаңылатындай хал кешкен. Мiне, осы кезден бастап ғылыми еңбектер тереңдiктен айырыла бастады, «iргелi зерттеу» деп айдарланған туындылар саясат жетегiнде кетiп, тереңге бармай, қадым тарихты, көне шежiренi қопаруға «жүрегi дауаламады». Әйтсе де, ағысқа қарсы жүзiп, ғылымға, оның бедел-абыройына дақ түсiрмеген, сол игi iсiмен ұрпақ жүрегiнде қалған ғалымдар да болған. Солардың бiрi әрi бiрегейi – Әуелбек Қоңыратбаев.

Әдiл қазы да, тура би де – халық. Қазақ халқы 1986 жылдың қаңтарында Әуелбек Қоңыратбаевты бақилық сапарға шығарып салып тұрып, ғалымның елге көрсеткен қызметiн қандастары бағалай алғандығын, артына қалдырған мұраларын ұрпақтары парықтай бiлгендiгiн ұққан. Өрелi жұрт ерен перзентiн өстiп қадiрлесе керек.

Жас Әуелбек баспасөзге 20-жылдардың басынан араласа бастайды. Iнiсi Әлiбек екеуiнiң әдебиетке келуiне ағалары Қалжан Қоңыратбаевтың ықпалы зор болғанға ұқсайды. Ел тарихында «ақтаңдаққа» айналған Қалжан жөнiнде көп нәрсе айтыла қойған жоқ. Тәлiмгерiнiң кiм болғанын бiлмей шәкiртi туралы сөз айтудың өзi қисынсыз. Қалжан – қазақ ұлтының азаттығы жолында сөзбен де, iспен де күрескен, бүкiл Сыр өңiрiне рухани дүниелердi, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетiн насихаттап, осы басылымдарға жазушы ретiнде араласқан, Алаштың қамын жеп, басын тауға да, тасқа да ұрған қайраткерлермен пiкiрлес болған азамат. 20-жылдары «Сыр баласы» деген бүркеншiк атпен (Ә.Бөкейхан «Қыр баласы» едi ғой) сол кезде шығып тұрған баспасөздiң түгелiне дерлiк көкейкестi мақалалар жазып тұрған (қазiр белгiлiсi 200-ге тарта мақала). Сондықтан Қалжанның Әуелбекке әсерi мол болды деп толық айта аламыз. Қуғын-сүргiнге ұшырап, 1937 жылғы қолдан жасалған нәубетте опат болған iнiсi Әлiбектiң де ертерек үлкен әдебиетке араласуы жайдан-жай емес.

...Ерiк өзiңде, күшiң бiрге, қолың бос 

Көрсет өзiң, қазақ деген – аттарың... 

...Алашыңның жанды қисаң жолында –

Соңда ғана қатарында басқаның...

(«Жастарға», «Ақжол» газетi. 21.12.1921 ж.)

Осы келтiрiлген өлең үзiндiсiн албырт жас Әуелбек 16 жасында жазыпты. Өлеңнен байқалатыны: Әуелбек өз қатарласына нақты нысана нұсқағандай. Сонымен бiрге iстерiнiң, мақсат-мүддесiнiң аңғарын сездiргендей көрiнедi. Бұл ойды Әуелбек ашық та айтады:

Пайда шықса алашыма өзiмнен 

Қаяу қара болмай әркез сөзiмнен.

(«Көңiлiм», «Ақжол» газетi. 1.1.1922 ж.)

Әуелбектiң дүние-тiршiлiктi түсiнудегi алғашқы әсерiн өлеңмен әрлеуi заңды болатын. Өйткенi, ол кеудесiнде күй мен сөз патшасы – өлең күмбiрлеген қазақтың, Сыр елi – жыр елiнiң перзентi едi.

Архив деректерiне қарағанда, балақан Әлiбек пен Әуелбектi Орынбордың «Хусаиния» медресесiнiң шәкiртi Хайретдин Болғанбай оқытқан. Кейiн Түркiстан автономиясын құрысқан ақмолалық Алаш қайраткерiн сол кезде болашақ талантты азаматтардың ағасы Қалжан Қоңыратбайұлы арнайы шақыртқан ұқсайды. Әрi қарай «Ғалия медресесiнiң» шәкiртi Құдияров Ғаладан хат таныған, Шиелiдегi орыс мектебiнен орысша тiл сындырған, Ташкенттегi «Дарул мұғалиммин»-де бiлiмiн жетiлдiрген, кейiн бiлiктi мамандарға сұраным күшейiп, 1919 жылы әлгi училище негiзiнен Қазақтың халық ағарту институты ашылғанда, соның студентi атанған, 1932-1934 жылдары Бүкiлодақтық Коммунистiк журналистика институтында, 1938-1946 жылдары Қазақтың Абай атындағы мемлекеттiк педагогика институты мен Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасында оқыған Әуелбек Қоңыратбаев саналы ғұмырында этнограф, профессор Ә.Диваев, шығыстанушы академиктер В.Бартольд, В.Жирмунский, қазақ ғұламалары М.Әуезов, Ә.Марғұландарға ғылым жолында шәкiрт те, әрiптес те болды. Қаламгер көркем шығарма жазумен, аудармамен, журналистикамен, әдебиеттi оқытудың әдiстемесiн жасаумен де айналысты. 

Ғалым 40-жылдардың соңына таман Қазақ мемлекеттiк университетiнде, кеңестiк дәуiрдегi қуғын-сүргiннiң екiншi кезеңi басталғанда, яғни 1948 жылдан бастап өмiрiнiң соңына дейiн Қызылорда педагогика институтында қазақ әдебиетiнен дәрiс оқыды. Саналы шәкiрттер даярлады. Алайда ұлт үшiн ол ел әдебиетiнiң ежелгi дәуiр хақында жазған еңбектерiмен тiрiсiнде-ақ ұстаз мәртебесiн алған жанды.

70-жылдардың соңында Ә.Қоңыратбаев араб саяхатшысы ибн-Фадланның «Едiлге саяхат» сапарнамасын (Х ғасыр), Зияддин Нахшабидiң «Тотынаме» шығармасын және IХ-Х ғасырларда туып, XV ғасырда хатқа түскен оғыздардың «Китаб дадам Коркут ғали лисан тайфа оғузан» атты батырлық жырын толық тәржiмеледi. Тәржiме кiтап ғалым марқұм болған соң, 1986 жылы жарық көрдi. Ә.Қоңыратбаев аудармаларының бәрi де ұлт әдебиетiне қосылған қомақты рухани үлес едi.

«Ғалымның хаты өлмейдi» зиялы ағаларының ғылымдағы әдiлдiк, адалдық жолын жалғастырған, солақай саясат пен әсiреқызылдан бойын аулақ ұстаған, саналы ғұмырын исi алаштың көне жәдiгерлiктерiн, ел әдебиетiн зерттеуге арнаған Әуелбек Қоңыратбаев артына толайым аманат-мұра қалдырды. Ұрпағы оны 10 том етiп жүйелеп, халыққа ұсынды. Оны талдау, зерделеу – бүгiнгi буынның да абыройлы мiндетi.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ әдебиетін зерттеуші тұлға- Әуелбек Қоңыратбаев

Автор: Булатова Асель Мендибековна

Дата: 17.12.2023

Номер свидетельства: 642591

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Ашы? саба? 3 сынып"
    ["seo_title"] => string(21) "ashyk-sabak-3-synyp-1"
    ["file_id"] => string(6) "308796"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458666059"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Ашы? саба? 3 сынып"
    ["seo_title"] => string(21) "ashyk-sabak-3-synyp-2"
    ["file_id"] => string(6) "308797"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458666076"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Ашы? саба? . Киікті? айласы. 3 сыны"
    ["seo_title"] => string(33) "ashyk-sabak-kiiktin-ailasy-3-syny"
    ["file_id"] => string(6) "308804"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458666785"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Конспект урока на тему "Киікті? айласы". 3 сыны"
    ["seo_title"] => string(46) "konspiekt-uroka-na-tiemu-kiiktin-ailasy-3-syny"
    ["file_id"] => string(6) "308807"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458666994"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Конспект урока на тему "Киікті? айласы". 3 сынып"
    ["seo_title"] => string(47) "konspiekt-uroka-na-tiemu-kiiktin-ailasy-3-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "308809"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458667299"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства