kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дидактикалы? материалдар ?зін - ?зі тану п?нінен

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Б?рі ?ткінші» а?ыз

Ертеде Соломон деген хан ?мір с?ріпті. Еште?еге ?арамастан ол ?те а?ылды болады, біра? оны? ?мірі ?те тынышсыз ?теді. Бір к?ні хан сарай данышпанынан ке?ес с?рау?а шешім ?абылдайды:

"Ма?ан к?мектесші,  к?птегенадамдар кесірінен ?зімді ?стай алмай ?аламын, ?з - ?зімнен ашулану?а м?жб?р боламын.

Б?л мені??мірімді ?те ?атты ?иындатады, мен осыдан?ор?амын.Данышпан б??ан былай деп жауап берді: "Мен  са?ан ?алай к?мектесу керектігін білемін.Мына са?инаны та?, онда «Б?рі ?ткінші» деген с?з жазыл?ан.Са?ан ашу келгенде немесе ?атты ?уан?анда,мына жазу?а ?ара,сонда сені сол айы?тырады.Осылайша ?ор?ыныштан ??тыласы?!

Соломон данышпанны? ке?есіне еріп,  тынышты? тапты.

Біра?, бір к?ні белгілі бір ашу ?ста?ан кезінде, са?ина?а ?арап еді, біра? ол к?мектеспей, керісінше тіпті ?з-?зімді ?стай алмай ?алдым.

Ол ?олында?ы са?инаны шешіп, ла?тыр?ысы келген кезде, ішкі жа?ынан ?андай да бір жазуды к?рді, онда «б?рі ?ткінші» деп жазыл?ан екен

Сонды?тан Соломон хан, данышпанны? ке?есін ты?да?андары?ыз ж?н: «Б?рі ?ткінші».

-Мен сіздерге мына с?здерді арна?ым келеді: 

- ?р?ашан к?ліп ж?р, еш?ашан м??айма,

Б?рі де ?теді, ?ткінші жа?бырдай. 

Сонды?тан  ?мір асау тол?ын секілді, к?ресе білу керек.К?рескен, е?бектенген адам ?ана же?іске жетеді.

Соломон хан сарай данышпанынан ?андай ке?ес с?райды?

Данышпан ке?есіні? си?ыры неде?

Соломон хан ?андай т?жырым?а келді?

Мінезі бір?алыпты адамдарды? ?мірі ?андай болма??

Адамда жа?сы мінез болуы ?андай ?асиеттерге байланысты?

?з бойы?ызда?ы ерекше ?асиетті ата?ыз?

«Б?рі ?ткінші» а?ыз

Ертеде Соломон деген хан ?мір с?ріпті. Еште?еге ?арамастан ол ?те а?ылды болады, біра? оны? ?мірі ?те тынышсыз ?теді. Бір к?ні хан сарай данышпанынан ке?ес с?рау?а шешім ?абылдайды:

"Ма?ан к?мектесші,  к?птегенадамдар кесірінен ?зімді ?стай алмай ?аламын, ?з - ?зімнен ашулану?а м?жб?р боламын.

Б?л мені??мірімді ?те ?атты ?иындатады, мен осыдан?ор?амын.Данышпан б??ан былай деп жауап берді: "Мен  са?ан ?алай к?мектесу керектігін білемін.Мына са?инаны та?, онда «Б?рі ?ткінші» деген с?з жазыл?ан.Са?ан ашу келгенде немесе ?атты ?уан?анда,мына жазу?а ?ара,сонда сені сол айы?тырады.Осылайша ?ор?ыныштан ??тыласы?!

Соломон данышпанны? ке?есіне еріп,  тынышты? тапты.

Біра?, бір к?ні белгілі бір ашу ?ста?ан кезінде, са?ина?а ?арап еді, біра? ол к?мектеспей, керісінше тіпті ?з-?зімді ?стай алмай ?алдым.

Ол ?олында?ы са?инаны шешіп, ла?тыр?ысы келген кезде, ішкі жа?ынан ?андай да бір жазуды к?рді, онда «б?рі ?ткінші» деп жазыл?ан екен

Сонды?тан Соломон хан, данышпанны? ке?есін ты?да?андары?ыз ж?н: «Б?рі ?ткінші».

-Мен сіздерге мына с?здерді арна?ым келеді: 

- ?р?ашан к?ліп ж?р, еш?ашан м??айма,

Б?рі де ?теді, ?ткінші жа?бырдай. 

Сонды?тан  ?мір асау тол?ын секілді, к?ресе білу керек.К?рескен, е?бектенген адам ?ана же?іске жетеді.

Соломон хан сарай данышпанынан ?андай ке?ес с?райды?

Данышпан ке?есіні? си?ыры неде?

Соломон хан ?андай т?жырым?а келді?

Мінезі бір?алыпты адамдарды? ?мірі ?андай болма??

Адамда жа?сы мінез болуы ?андай ?асиеттерге байланысты?

?з бойы?ызда?ы ерекше ?асиетті ата?ыз?

«Б?рі ?ткінші» а?ыз

Ертеде Соломон деген хан ?мір с?ріпті. Еште?еге ?арамастан ол ?те а?ылды болады, біра? оны? ?мірі ?те тынышсыз ?теді. Бір к?ні хан сарай данышпанынан ке?ес с?рау?а шешім ?абылдайды:

"Ма?ан к?мектесші,  к?птегенадамдар кесірінен ?зімді ?стай алмай ?аламын, ?з - ?зімнен ашулану?а м?жб?р боламын.

Б?л мені??мірімді ?те ?атты ?иындатады, мен осыдан?ор?амын.Данышпан б??ан былай деп жауап берді: "Мен  са?ан ?алай к?мектесу керектігін білемін.Мына са?инаны та?, онда «Б?рі ?ткінші» деген с?з жазыл?ан.Са?ан ашу келгенде немесе ?атты ?уан?анда,мына жазу?а ?ара,сонда сені сол айы?тырады.Осылайша ?ор?ыныштан ??тыласы?!

Соломон данышпанны? ке?есіне еріп,  тынышты? тапты.

Біра?, бір к?ні белгілі бір ашу ?ста?ан кезінде, са?ина?а ?арап еді, біра? ол к?мектеспей, керісінше тіпті ?з-?зімді ?стай алмай ?алдым.

Ол ?олында?ы са?инаны шешіп, ла?тыр?ысы келген кезде, ішкі жа?ынан ?андай да бір жазуды к?рді, онда «б?рі ?ткінші» деп жазыл?ан екен

Сонды?тан Соломон хан, данышпанны? ке?есін ты?да?андары?ыз ж?н: «Б?рі ?ткінші».

-Мен сіздерге мына с?здерді арна?ым келеді: 

- ?р?ашан к?ліп ж?р, еш?ашан м??айма,

Б?рі де ?теді, ?ткінші жа?бырдай. 

Сонды?тан  ?мір асау тол?ын секілді, к?ресе білу керек.К?рескен, е?бектенген адам ?ана же?іске жетеді.

Соломон хан сарай данышпанынан ?андай ке?ес с?райды?

Данышпан ке?есіні? си?ыры неде?

Соломон хан ?андай т?жырым?а келді?

Мінезі бір?алыпты адамдарды? ?мірі ?андай болма??

Адамда жа?сы мінез болуы ?андай ?асиеттерге байланысты?

?з бойы?ызда?ы ерекше ?асиетті ата?ыз?

«Б?рі ?ткінші» а?ыз

Ертеде Соломон деген хан ?мір с?ріпті. Еште?еге ?арамастан ол ?те а?ылды болады, біра? оны? ?мірі ?те тынышсыз ?теді. Бір к?ні хан сарай данышпанынан ке?ес с?рау?а шешім ?абылдайды:

"Ма?ан к?мектесші,  к?птегенадамдар кесірінен ?зімді ?стай алмай ?аламын, ?з - ?зімнен ашулану?а м?жб?р боламын.

Б?л мені??мірімді ?те ?атты ?иындатады, мен осыдан?ор?амын.Данышпан б??ан былай деп жауап берді: "Мен  са?ан ?алай к?мектесу керектігін білемін.Мына са?инаны та?, онда «Б?рі ?ткінші» деген с?з жазыл?ан.Са?ан ашу келгенде немесе ?атты ?уан?анда,мына жазу?а ?ара,сонда сені сол айы?тырады.Осылайша ?ор?ыныштан ??тыласы?!

Соломон данышпанны? ке?есіне еріп,  тынышты? тапты.

Біра?, бір к?ні белгілі бір ашу ?ста?ан кезінде, са?ина?а ?арап еді, біра? ол к?мектеспей, керісінше тіпті ?з-?зімді ?стай алмай ?алдым.

Ол ?олында?ы са?инаны шешіп, ла?тыр?ысы келген кезде, ішкі жа?ынан ?андай да бір жазуды к?рді, онда «б?рі ?ткінші» деп жазыл?ан екен

Сонды?тан Соломон хан, данышпанны? ке?есін ты?да?андары?ыз ж?н: «Б?рі ?ткінші».

-Мен сіздерге мына с?здерді арна?ым келеді: 

- ?р?ашан к?ліп ж?р, еш?ашан м??айма,

Б?рі де ?теді, ?ткінші жа?бырдай. 

Сонды?тан  ?мір асау тол?ын секілді, к?ресе білу керек.К?рескен, е?бектенген адам ?ана же?іске жетеді.

Соломон хан сарай данышпанынан ?андай ке?ес с?райды?

Данышпан ке?есіні? си?ыры неде?

Соломон хан ?андай т?жырым?а келді?

Мінезі бір?алыпты адамдарды? ?мірі ?андай болма??

Адамда жа?сы мінез болуы ?андай ?асиеттерге байланысты?

?з бойы?ызда?ы ерекше ?асиетті ата?ыз?

м

«Б?рі ?ткінші» а?ыз
Ертеде Соломон деген хан ?мір с?ріпті. Еште?еге ?арамастан ол ?те а?ылды болады, біра? оны? ?мірі ?те тынышсыз ?теді. Бір к?ні хан сарай данышпанынан ке?ес с?рау?а шешім ?абылдайды: 
"Ма?ан к?мектесші,  к?птегенадамдар кесірінен ?зімді ?стай алмай ?аламын, ?з - ?зімнен ашулану?а м?жб?р боламын. 
Б?л мені??мірімді ?те ?атты ?иындатады, мен осыдан?ор?амын.Данышпан б??ан былай деп жауап берді: "Мен  са?ан ?алай к?мектесу керектігін білемін.Мына са?инаны та?, онда «Б?рі ?ткінші» деген с?з жазыл?ан.Са?ан ашу келгенде немесе ?атты ?уан?анда,мына жазу?а ?ара,сонда сені сол айы?тырады.Осылайша ?ор?ыныштан ??тыласы?!
Соломон данышпанны? ке?есіне еріп,  тынышты? тапты. 
Біра?, бір к?ні белгілі бір ашу ?ста?ан кезінде, са?ина?а ?арап еді, біра? ол к?мектеспей, керісінше тіпті ?з-?зімді ?стай алмай ?алдым. 
Ол ?олында?ы са?инаны шешіп, ла?тыр?ысы келген кезде, ішкі жа?ынан ?андай да бір жазуды к?рді, онда «б?рі ?ткінші» деп жазыл?ан екен
Сонды?тан Соломон хан, данышпанны? ке?есін ты?да?андары?ыз ж?н: «Б?рі ?ткінші». 
-Мен сіздерге мына с?здерді арна?ым келеді: 
- ?р?ашан к?ліп ж?р, еш?ашан м??айма, 
Б?рі де ?теді, ?ткінші жа?бырдай. 
Сонды?тан  ?мір асау тол?ын секілді, к?ресе білу керек.К?рескен, е?бектенген адам ?ана же?іске жетеді.
Соломон хан сарай данышпанынан ?андай ке?ес с?райды?
Данышпан ке?есіні? си?ыры неде?
Соломон хан ?андай т?жырым?а келді?
Мінезі бір?алыпты адамдарды? ?мірі ?андай болма??
Адамда жа?сы мінез болуы ?андай ?асиеттерге байланысты?
?з бойы?ызда?ы ерекше ?асиетті ата?ыз?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«____г│мелер»

«Бәрі өткінші» аңыз

Ертеде Соломон деген хан өмір сүріпті. Ештеңеге қарамастан ол өте ақылды болады, бірақ оның өмірі өте тынышсыз өтеді. Бір күні хан сарай данышпанынан кеңес сұрауға шешім қабылдайды:

"Маған көмектесші, көптегенадамдар кесірінен өзімді ұстай алмай қаламын, өз - өзімнен ашулануға мәжбүр боламын.

Бұл меніңөмірімді өте қатты қиындатады, мен осыданқорқамын.Данышпан бұған былай деп жауап берді: "Мен саған қалай көмектесу керектігін білемін.Мына сақинаны тақ, онда «Бәрі өткінші» деген сөз жазылған.Саған ашу келгенде немесе қатты қуанғанда,мына жазуға қара,сонда сені сол айықтырады.Осылайша қорқыныштан құтыласың!

Соломон данышпанның кеңесіне еріп, тыныштық тапты.

Бірақ, бір күні белгілі бір ашу ұстаған кезінде, сақинаға қарап еді, бірақ ол көмектеспей, керісінше тіпті өз-өзімді ұстай алмай қалдым.

Ол қолындағы сақинаны шешіп, лақтырғысы келген кезде, ішкі жағынан қандай да бір жазуды көрді, онда «бәрі өткінші» деп жазылған екен

Сондықтан Соломон хан, данышпанның кеңесін тыңдағандарыңыз жөн: «Бәрі өткінші».

-Мен сіздерге мына сөздерді арнағым келеді: 

- Әрқашан күліп жүр, ешқашан мұңайма,

Бәрі де өтеді, өткінші жаңбырдай. 

Сондықтан өмір асау толқын секілді, күресе білу керек.Күрескен, еңбектенген адам ғана жеңіске жетеді.

Соломон хан сарай данышпанынан қандай кеңес сұрайды?

Данышпан кеңесінің сиқыры неде?

Соломон хан қандай тұжырымға келді?

Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі қандай болмақ?

Адамда жақсы мінез болуы қандай қасиеттерге байланысты?

Өз бойыңыздағы ерекше қасиетті атаңыз?











Шегенің ізі

(аңыз әңгіме)


Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Маңайындағы достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты.
Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған: «Енді сол достарыңмен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді.

Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: «Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Достарыңмен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтыра.
Иә, реніш артынан риясыз кешірілсе жақсы, әйтпесе, көп жағдайда жан сыздатар, еске түскен сайын көңілді қаралап, жанды жаралайтын із тастап кететіні, ащы да болса ақиқат.
«Алдыңа келсе, атаңның айыбын кеш» деген бабаларымыз әрқашан кешірімді негіз етіп ұстаған. «Бір ашуыңды маған бер», «Тентегімді жөнге салуды өзіме қалдыр», «Бір білместік өтті», егер бала болса

«ісінің шалалығы» деп, жас болса «жастық шақта кімнің басынан не өтпейді» деп, үлкен кісі болса «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ бола ма» деген секілді сөздермен әйтеуір екі жақты өз рәуішінде бітістіруге, араларын татуластыруға, артын тым ушықтырмауға тырысқан.

Сұрақтар:

Әкесі баласына қандай кеңес айтты?

Баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадың?

Бала өз мінезін қалай түзеді?

Адамның жан дүниесінің ішкі тыныштығы қай кезде орнайды?

Әлемнің тыныштығы неден бастау алады?

«Темірқазық»

Зейін Шашкин

...Қайдар машинадан түсіп, шалға сәлем берді. Мақыш одырая қарады да, танымаған адамдай, жымиып қолын созды .

-Әліксалам, балам! Түсің жылы екен, жақсылық іздеп жүрген бала емессің бе?

-Әрине ата, жақсылық іздеп келдім осы ауылға!

-Лебізің тәуір, сенейін балам, айтшы маған: өмірде не жақсы? деді Мақыш шегір көзін шақита қарап. Қайдарға бұл сұрақ ескі ауыз әдебиетінен алынған жасанды сұрақ сықылды көрінді. «Тегі, ақын болам деп, бола алмай қалған шал болып жүрмесін!».

-Өмірде жақсылық көп қой, ата! Қайсыбірін атай берейін.

-Олай емес, балам. Мен өмірбақи жақсылық іздеп келдім.

Я таптыңыз ба?

-Әлбетте. Таппасам, сұраймын ба? Қазіргі жастар нені жақсылық деп ұғады екен, білгім келеді. Әсіресе өзің сияқты оқыған, машина мінгендері.

-Айтыңыз, мүмкін, біз албырттықпен білмейтін де болармыз.

-Я, балам ол ақиқат. Жақсылық аяқ астында оралып жүр, соны көрмейсіңдер. –Мақыш сөзін шұбырта, қисса оқиғандай, өзгеше мақалмен айтады. Шоқша бурыл сақалын тұтамай ұстап, «айтайын ба, айтпаймын ба?» дегендей барып сөзін аяқтады.-Дүниедегі жақсылық –адалдық деп білемін! Адалдық – өмірдің Темірқазығы. Бұрынғы заманда айдалада, қара түнде жолаушы жұлдызға қарап жол табатын еді, сол сияқты өмірдің Темірқазық жұлдызы-адалдық екен! Арамдық жақпайды. Түбінде сол алдыңнан бір шығады. Айтарым осы.

Мәтін бойынша сұрақтар

-Мақыш атай Қайдардан не деп сұрайды?

-Қайдардың жауабы қандай болды?

-Жақсылық дегеніміз не екен?

-Не себепті Мақыш атай «Адалдық-өмірдің Темірқазығы деді?


















Екі дос

Ел аузынан

Ертеде,ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дем алады.Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді.Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

  Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қолбашыларына алып баруын өтінеді.Алып барған соң ол жаудың қолбашысна:

-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп,сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ.Бір-ақ нәрсе беремін. Ол—өзімнің өмірім.Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді.

Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болады да:

-Жарайды,мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын.Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.

-Ол не?-деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

-Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасшы.

-Ол да болсын,көзімді ал да, досымды босат,-дейді жігіт.Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып ,зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп,қапыда бас салған жағдайда болмаса,бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар”,-деп түйеді.Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

Сұрақтар:

Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

Аңыз- әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?

Сендердің де адал достарың бар ма?

Олардың адалдығын қай іс-әрекеттерінен байқадыңдар?

 Мұғалім: Адал дос дегеніміз-өтірік айтпайтын,шындықты жақтайтын,досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын,барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін,қашан да қасынан табылатын,барын бөлісетін нағыз жолдас.

«Тату балалар» ертегісін әңгімелеп беру.

Ерте заманда шағын бір үйде ағайынды бес саусақ өмір сүріпті.Үлкенін - Басбармақ, екінші ағасын - Балаң үйрек, сұқ саусақ, үшіншісін - Ортан терек, 
төртінші інілерін - Шылдыр шүмек, ең кенже қарындастарын - Кішкене бөбек деп атапты.Олар бірігіп жұмыс жасады, бақша екті, тамақ әзірледі.
Ортаншы ағалары Ортан терек үйде отырып, үй шаруасына, кішкентайларына қарады.Шылдыр шүмек өте сабырлы, ақылды болыпты.Ол кіші қарындасына ертегі оқып беруді жақсы көрген екен.Ал, кішкентай бөбек болса үлкен ағаларына ұқсап ержеткісі келеді екен.Осылайша, бес ағайынды балалар тату - тәтті, өзара жарастықта, сыйластықта өмір сүріп жатты.

Бір күндері орманнан үлкен бір аю шығып, ағайындылардың тыныштығын бұзып, бақшаның бәрін таптап, үйлерін құлатып бұзуға айналғанда, бес ағайынды бірігіп бір жұдырыққа тастүйін болып жұмылып аюға қарсы тұрады.Сөйтіп олар қиын шақта бірігулерінің арқасында үлкен күшке
айналды.Аю болса мұндай көп күштен қорыққанынан орманға қарай, кері қаша жөнеліпті.Ал, ағайынды балалар болса, татулығы мен бірлігінің арқасында жауды жеңіп шыққан екен.Өйткені олар қысылтаяң шақта бәрі бірігіп күш қосып, мықтылық , бірлік, достықтарын көрсете білді.
- Сендерге ертегі ұнады ма?
- Ертегі қалай аталады?
- Неліктен тату балалар деп аталады?
- Ағайынды балаларды аюдан не құтқарды деп ойлайсыңдар?
/Олардың достығы, татулығы, бірлігі/


  1. . Құм мен тас

    Екі дос шөл далада  саяхаттап жүреді. Бір кезде  екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің  жағынан тартып жібереді.  Соңғысы ауырсынса да,  ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы  досым менің жағымнан шапалақпен  тартып жіберді».

  Олар әрі қарай жүріп  келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені  суға секіріп кетеді де,  батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне  келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін  менің ең жақсы досым менің өмірімді  құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған  досы сұрайды:

  -Мен сені ренжеткенде  сен құмға жаздың, ал енді тасқа  жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.

    Досы былай деп жауап береді:

  -Бізді біреу ренжеткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей  етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.

Сұрақтар:

·         Не себепті ренжегенін құмға жазды деп ойлайсың?

·         Жақсылық жасағанды тасқа неліктен жазды?

·         Бұл оқиғадан қандай ой қорытар едің?



« Әдептілік»

аңыз әңгіме 
Бір жігіт көршісіне өзін жақында ренжіткен досын жамандай бастайды. Көршісі ол жігітті тыныштандырып, досын кешіруін өтінеді.
Сонда ол ашуланып: «Мен неге өзімді ренжіткен адамды кешіруім керек, неге мен өзімді сатып кеткен адамның алдында кешірім сұрауым керек?-деді Тыңдап тұрған көршісі оған бір аңызды баяндап береді. 
Ертеде бір адам өмір сүріпті. Ол Табиғат Анадан шам жақпас үшін ешқашан түннің болмауын, пеш жақпас үшін қыстың болмауын өтініп сұрайды. Бірақ Табиғат Ана ол адамның өтінішін орындай алмайтындығын айтады. Қатты ренжіген ол адам оған былай дейді:
-Ендеше, мен саған жарық беру үшін ешқашан шам жақпаймын, саған жылу беру үшін пещті жылытпаймын, үйдің есігін де жаппаймын,- дейді.
Осы айтылғандарды естіп тұрған жаңағы жігіт көршісіне:
-Бұл неткен ақылсыз, әдепсіз адам, бұл өзінің жаққан шамымен Табиғатқа жарық беремін, өзінің жаққан отымен Табиғатты жылытамын деп ойлайды екен гой,-дейді.
Сонда көршісі:
-Сен де өзің соны істеп тұрсың. Сен де ақымақтық жасап, әдепсіздік жасап тұрсын. Егер сен әдептілік , кешірімділік , сыйластық танытсаң өзгелерге жарық пен жылуыңды сыйласаң , өзгелер де әдептілік , сыйластық танытуға ұмтылар еді,-деген екен.
-Бұл әңгіме не жөнінде айтылған?
-Жігіттің бұл әрекеті дұрыс па?
-Сіз сол жігіттің орнында болсаңыз қандай әрекет жасар едіңіз?
-Адамдар бір-бірін ренжітпеу үшін адамдардың бойында қандай қасиеттер болуы қажет?
-Ілтипат, сыйластық деген сөздерді қалай түсінесіздер?
Қорытынды: Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік.


  1. «Өсиет»

Әкесі өлейін деп жатып баласын шақырып алып соңғы сөзінде: «Балам менің бір тілегім бар, орындайсың ба?-депті. Ажал аузындағы әке тілегін орындамайтын бала кемде-кем, «Орындаймын әке!»

  • Ендеше менің аяғымдағы нәскиімді шешпей жерлет және мына қағазды жерлеп болған соң оқы, оған дейін оқыма» депті.

Шал өлді. Жерлеу рәсімі басталғанда баласы. «Әкемнің соңғы сөзі еді,нәскиімен жерлейік»- деп өтінеді. Бірақ шариғат заңы бойынша қалай дүниеге келді, солай жерленеді ақыры. Әкесін жер қойнына тапсырған тапсырған жігіт, оңаша жерге барып қағаздағы жазуды оқиды. «Балам, өзің көргендегідей мен о дүниеге жыртық нәскиде алып кете алмадым. Дүниеге көп құныға берме» деген жазу бар екен әлгі қағазда.

    1. Аңыздың ой тереңдігі неде?

Әкесі қандай тәрбие берді?





  1. «Ханзаданың достығы»

Ерте де бір ханның ұлы болыпты. Күні кешке дейін үйден шықпайтын ханзада әбден зерігетін халге түсіпті. Себебі, онымен ойнайтын бауыры, не болмаса досы жоқ екен. Ханзада есік алдына шығып, балалардың ойынына қосылса, олардың барлығы тым-тырақай үйлеріне қаша жөнеледі екен. Олар бұның хан баласы екенін білетін, сондықтан да онымен бірге ойнауға батылдары жетпейтін. Өздерінше: «Жазатайым құлап мертіксе, не ойында жеңіліп қалса… ондай жағдайда міндетті түрде әкесіне шағымданады. Оның бізге қандай жаза беретінін кім білсін», – деп ойлайды екен. Міне, осылайша доссыз қалған ханзада барлық күнін сарайдың терезесінде отырумен өткізеді екен. Сырттағы ойынға берілген балаларға қарап: «Уф! Ханзада болып жалғыз қалғанша, кедей ұлы болғаным әлдеқайда жақсы еді ғой», – деп күрсінеді екен.
 Ханзаданың бұл күйін көрген шешесі ханға кіріп, бар жағдайды баяндапты да, бір шарасын табуды өтініпті. Хан: «Оның бір жолы бар» депті. «Ата-аналарына ақша беріп, балаларын сарайға ойнатуға әкелдірейік». Ертесіне сарайға ханзадамен ойнайтын бес-алты бала жеткізіліпті. Ханзада оларды көргенде қатты қуаныпты. Алайда бірнеше күннен кейін қайтадан зеріге бастапты. Себебі ақша үшін келген балалар оның хан баласы екенін біліп, ойыннан тек қана жеңілетін болыпты. Оның қайғысын сыртынан байқаған сарай қызметшісі бір күні: «Ханзадам, рұқсат етсең мен саған көмектесе аламын», – депті. Ханзада: «Қалайша?» деп сұрапты. Қызметші жоспарларын айтыпты. Екеуі уақыт өткізбестен жоспарларын іске асыруға кірісіпті. Қызметші күн сайын өз ұлдарының ескі-құсқы киімдерін әкеліп, ханзадаға киіндіреді екен. Ал ханзаданың киімдерін бір қарақшыға киіндіріп, терезенің алдына отырғызыпты. Хан мен әйелі оны өз ұлдары деп ойлапты. Ал ханзада болса сыртта балалармен құмары қанғанша ойнайды екен. Алайда бұл жәйт ұзаққа созылмапты. Сарайдың бағбаны ханзада мен қызметшінің сырларын ханға жария қылып үлгеріпті. Хан бұған қатты ашуланыпты да, қызметшіні жұмысынан қуыпты.
     Кедей лашығына оралысымен қызметші «Ендігі уақытта балаларымды қалай асыраймын, оларға қалай нан тауып беремін?» – деп қайғырыпты. Бір күні есігін ашса, табалдырық алдында тамақ толы себет тұр екен. Қатты таң қалыпты, бір жағынан қатты қуаныпты. Себетті ішке алып, балаларын тойдырыпты. Бұл оқиға бірнеше күндей қайталаныпты. Қызметшінің есігінің алдында мұндай себет күн сайын тұрады екен. Бұның кімнің қолынан келгенін білуге қатты құмартыпты. Бір күні ерте оянып, терезе жақтауынан сығалапты. Көп кешікпей есіктің алдына себеттің иесі де жетіпті. Қызметші өз көзіне өзі сенбей, таң қалыпты. Бұл әрине, кішкентай ханзада еді.   
Қызметші дереу есікті ашыпты да: «Ұлым, мені ұмытпағаның үшін мың алғыс!» депті.
 Ханзада: «Негізі мен сізге алғыс айтуым керек, – депті. – Сіздің арқаңызда аз да болса бақытты күндерді бастан өткердім. Оның үстіне сіз менің кесірімнен жұмысыңыздан қуылдыңыз. Бұл үшін сізден басымды иіп кешірім сұраймын,» – депті. Ханзаданың бұл сөздері қызметшіні қатты қуантыпты. Байғұс әйел: «Сенің өмір бойы өзің сияқты тек жақсы адамдармен ғана кездесуіңді тілеймін» деп дұға етіпті.Ханзаданың содан кейінгі халі не болды дейсің бе? Ол балалық шағын амалсыздан сарайда өткізіпті. Ең жақын досы – қазмет-шіні ешуақытта ұмытпапты. Ер жетіп хан болғанда да айналасындағы нағыз достарына әрдайым құрметпен қарапты.
Әрине, достары да оны сыйлапты.

Сұрақ: Ханзаданың әрекеті туралы не айтар едіңіздер?


Ырыс алды – ынтымақ

Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп-тұрады. Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді. Үлкені кішісін аямайды, кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Бірлігі жоқ тоғыз баланы әркімдер-ақ ұрып кете береді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға шомады. Айласы таусылған шал таудан бір құшақ  тобылғы  әкеліп, балаларын түгел шақырып алады.

Содан соң:

Қане, балаларым, күштеріңді сынап көрейік, мына тобылғыны тобымен сындырыңдар, – дейді.

Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмай, әбден шаршайды.

Қария тобылғының бауын шешіп:

Енді бір-бірден сындырып көріңдер, – дейді.

Балалары тобылғыны сол заматта-ақ шарт-шарт бөліп:

– «Міне, сындырдық», – деп мақтанысады. Шал балаларын отырғызып қойып, нұсқалы сөзін бастайды.

– Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп, ынтымағың жоқ болса, дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай бырт-бырт сындырады. Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар, сендерді ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Менің айтарым сол, – дейді.

Көп ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етіп, кем-кетікке көмектесіп, ынтымақты өмір сүреді. «Ырыс алды–ынтымақ» деген сөз содан қалған екен.

· Қария балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды?



  Арыстан  мен тышқан \Ертегі\
Бір  күні  арыстан  ұйықтап  жатқан  кезде,тышқан  келіп,оның  үстінен  жүгіріп  өтеді. Арыстан  оянып,тышқанды  ұстап  алады.Тышқан  жалына  бастайды: «Егер  мені  жіберсең,мен  де  саған  жақсылық  жасармын»,-дейді ол. Арыстан  тышқанның  «жақсылық  жасармын» деген  сөзіне  күліп, оны  босатып  жібереді.                                                                          
      Келесі  күні аңшылар  арыстанды   ұстап  алып,ағашқа  таңып  тастайды. Тышқан  арыстанның  ақырғанын  естіп,жүгіріп келіп, арқанды  тісімен  қырқып: «Есіңде  ме, сен  менен жақсылық  күтпеген  едің  ғой. Енді  міне,тышқаннан  да  қайырымдылық  келетінін  көрдің»,-депті.                    Көрдің  бе,кішкентайй  тышқан  да  арыстанға  көмектесе  алады  екен.
*Арыстан  тышқанға  қандай  көмек  көрсетті?
*Тышқан  Арыстанның  жақсылығын  қалай  қайтарды?


Піл мен Маймыл

Ертегі

Бір орманда Піл мен Маймыл кездесіпті. Содан екеуі кезек-кезек мақтаныпты.

Дүниеде менен күшті ешкім жоқ! Мен ашулансам, қандай ағаш болса да тамырымен жұлып аламын! – дейді Піл мақтанып.

Ағаштан-ағашқа мен сияқты ешкім секіре алмайды. Мен ептімін! – дейді Маймыл тез-тез сөйлеп.

Піл мен Маймыл осылай мақтана береді, мақтана береді. Ең соңында Үкіден сұрамақ болады. Үкі бір ағаштың бұтағында ұйықтап отыр екен.

Уа, данышпан, Үкі! – дейді Маймыл бұтақтан бір қолымен ұстап тербетіліп тұрып.

У-у-х! Өй! – деп Үкі шошып кетеді. – Не болып қалды? Айта беріңдер!

Піл: «Дүниедегі ең күшті менмін», – деп мақтанады. Ал мен оған: «Дүниеде менен асқан епті жоқ» деймін. Төрелігін өзің айтып бер.

Бір сөзбен айтқанда, – дейді Піл сөзге араласып. – Күшті болған жақсы ма, жоқ епті болған жақсы ма?

Үкі ұзақ үнсіз отырады. Содан үп-үлкен көзін бір ашып қалады да, қайта жұмады.

Мына өзеннің арғы жағында бір зәулім алма ағашы бар. Жалғыз ғана ағаш. Соның ең болмағанда бір алмасын жесем, сонда ғана төрелік айта аламын, –дейді Үкі.

Піл мен Маймыл жүгіріп отырып өзенге келеді. Өзеннің ағысы қатты болатын. Содан Маймыл:

Өзеннен қалай өтеміз? – деп уайымдайды.

Уайымдама! Кел арқама мін. Өзеннен сені мен алып өтемін. Мен күштімін ғой! – деп Піл Тұмсығын көкке көтеріп, мақтана қышқырып алады.

Маймыл лып етіп Пілге мініп алады. Екеуі өзеннен өтеді.

Зәулім биік алма ағашының жанына келгенде Піл алмаға тұмсығы жетпейтінін көріп:

Алманы қалай жинаймыз? –деп уайымдайды.

Сен осы жерде тұр, – дейді Маймыл қуанып. – Қазір тез өрмелеп шығамын да, жемісті саған лақтырып тұрамын. Мен ептімін ғой!

Екеуі осылай бір-біріне көмектесіп, алманы жинап алады. Содан қайтадан Үкіге келеді.

Үкі тағы да көпке дейін көзін ашпайды.

Уа, ормандағы құс атаулының ақылдысы! Біз саған алма әкелдік. Соны жеп ал да, өзіңнің әділ төрелігіңді айт, – дейді Маймыл.

Сен өзеннен өзің өттің бе? – дейді Үкі көзін ашпаған күйі.

Піл өткізді.

Епті едің ғой, ебің көмектеспеді ме?

Ағысы қатты, тау өзені екен. Ағызып әкетуі мүмкін еді.

Ал, Піл, сен зәулім биіктегі жемісті қалай тердің?

Маймыл көмектесті.

Оның қалай, күшің көмектесе алмады ма?

Жоқ. Егер Маймыл көмектеспесе, мен жеміс жинай алмас едім.

Дұрыс, – дейді Үкі. – Мен екеуіңді, қиын сәтте бір-біріңе қалай көмектесуге болатынын білсін деп алмаға жұмсаған едім. Дүниедегі ең қымбат – достық, татулық екенін енді екеуің білдіңдер. Мына әкелген жемістеріңді өздерің жей қойыңдар. – Мен мүлде алма жемеймін.

Міне, осылай Піл мен Маймыл дос, тату болыпты, олар бір-біріне әрқашан көмектесіп жүреді екен.

Сұрақтар:

1. Піл мен Маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізді?

2. Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді? 3.Ренжіскенде қандай көңіл күйде боласыңдар?




Ертегі: «Дос табу.». (Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру).

    Ертеде бір ерке бала болыпты. Ата-анасы оның айтқанының бәрін орындайды екен. Ерке балада бәрі жеткілікті болыпты, тек оның бірге ойнайтын досы болмапты.
Бала айналасындағы балалармен тіл табыса алмапты. Ол ешкімнің сөзіне құла қтүрмей, өзінің айтқанымен жүреді екен. Бірақ оған ешкім сенің бұлісің дұрыс емес деп айтпапты.
Бір күні ол үйіне ренжіп келіп:
«Барлық балалар менен теріс айналды. Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Менің енді ешқашан досым болмайтын шығар»,- деп ойлайды.
Біруақытта:
- Ендеше, мен сенің досың болайын,- деген біреудің дауысы естіледі.
«Бұлкім?- деп бала бұрылып артына қарағанда кереуеттің үстінде отырған кішкентай адамды көреді. Бала аң-таң болып оған қарап қалады.
Жаңағыкіп-кішкентай адам қарапайым адамға мүлде " ұқсамайтын еді. Ол сарғыштүсті, мөлдір, бірақ оның тұла бойы қайырымдылыққа толы екені сезіліп тұратын.
- Сен қай елден келдің?- деп бала одан сұрайды. Кішкентай адам өзін Мейірім деп таныстырып, өзінің басқа елден келгені туралы, ол жер де бәрі ұша алатынын және олар өте бақытты екенін айтты. Ол жердегі барлық адамдарға көмектескісі келетінін, бірақ қазір оның күші жеткіліксіз екенін, ол тек бір балаға ғана көмек бере алатынын жеткізеді.
- Айтшы, Мейірім, мүмкін сен білетін шығарсың, менің неге досым жоқ?
- Бәрі менен неге теріс айналады?
- Көмектесші маған,- дейді бала.
- Бұл өте оңай, айналаңдағыларды жүрегіңмен тыңдап үйрену керек. Қасыңдағы адамдарды жақсык өріп, олардың айтқандары саған қызықты болмаса да сөзіне құлақ асу керек. Сондықтан өзің үшін ғана емес, басқалар үшін де өмір сүре білуің қажет.
Сөйтіп, олар бірден достасып кетеді. Олар кештерін бірге өткізіп, қызықты әңгімелер айтады. Мейірім өзі кіп-кішкентай болса да, көп нәрсе білетін. Ол өзінің білгенін баламен бөлісіпо тырады.
Ерке бала Мейірімнің бұл ісіне әрқашан разы еді.
- Рақмет, саған Мейірім, сенің қасымдаболғаның қандай жақсы. Сен менің нағыздосым сың!
Осылай уақыт өте береді. Біркүні бала үйіне қуанып келеді.
- Мейірім, бүгін мен үшін өмірімдегі ең қуанышты үн. Мен арманыма жеттім. Ақырында мен өзіме ДОС таптым. Бұл өте бір керемет. Қасыңда қашанда көмекке дайын тұратын, сырың мен мұңыңды тыңдайтын адамың болғаны қандай жақсы.
Бала өзінің өміріндегі бақытты күні туралы тоқталмастан айтып жатты. Бірақ оны ешкім тыңдаған жоқ. Ол Мейірім білген құпияны білген жоқ. Осы уақыт ішінде Мейірім
баланы көп жақсы істерге, дос болуға және өзіне қалай дос табуды үйретіпті.
Бала қалай өзіне дос тапқан соң, Мейірім солай өзінің ғажайып, сиқырлы еліне қайтуы керек еді. Мейірім өзінің ісін бітіріп, балаға достықтың не екенін, дос бола білуді түсінуге көмектескен соң өз еліне оралыпты.
Бала Мейірімнің жоғалғанын көріп, қапаланады. Бірақ Мейірім баланың мәңгіге жүрегінде қалды. Бала енді қашанда басына іс түскенде Мейірім мен ақылдасып, жүрегін тыңдайтын болыпты. 

Сұрақтар:

1.Әңгіменің мазмұнынан не түсіндіңдер?

2. Бала айналасындағы балалармен неге тіл табыса алмады?

Қорытынды:Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. «Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса, іздеген досың алыстан үйіріліп өзі келеді»-деген Әзілхан Нұршайықов ағамыз. Ендеше өзімізге де өзгеге де қиянат жасамай,өз жүрегімізді тыңдай білейік.


«Жақсылықты ұмытпау»

(аңыз әңгіме)

Бір күні екі дос келе жатып, сөзге келіп қалады. Біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Таяқ жеген досы жағы ауырса да, ештеңе деместен жердегі құмға «Бүгін менің ең жақын досым жағымнан тартып жіберді» деп жазады.

Олар әрі қарай кете береді де, суы бар шалғынды әсем жерге тап болады. Сол жерде шомылуды ұйғарады. Жағына шапалақ тигені суға батып кете жаздайды, оны жосы құтқарып, есін жиғаннан кейін ол тасқа «Мені бүгін ең жақын досым өлімнен құтқарып қалды» деп жазды.

Бір кезде шапалақпен ұрып жіберген, соңынан суға кетуден құтқарған досы одан былай деп сұрайды:

«Мен сені жәбірлеген кезде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып отырсың. Мұны қалай түсінуге болады?» дейді. Досы оған былай деп жауап береді: «Егер бізді біреу жәбірлесе оны құмға жазуымыз керек, өйткені жел құмдағы жазуды өшіріп әкетеді. Ал біреу жақсылық жасаса, оны тасқа қашап жазу керек, өйткені ол жазуды жел де, уақыт та өшірмеуі керек»



Мәтін бойынша сұрақтар:

• Бұл аңыздан қандай қорытынды шығаруға керек?

• Достықта жақсылықты есте сақтап, ал жамандығты, өкпені ұмыту керек дегенді қалай түсінесіңдер?

• Досыңды жоғалтпас үшін оған деген өкпеңді кешіре білу керк пе?

      ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ

Адам  баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға  қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ал осы үшін әрекет жасайды, тірлік қылады. Дегенмен әркім әрқашан діттеген жерінентшыға алмайды, көксегені де орындала бермейді.Содан барып кейбіреулер тағдырға шағынады. Тіпті жолым байланып қалған деушілер де көптеп кездесіп жатады. Осындай көзқарастарға илеуінде кетіп, тағдырдың тәлкегіне ғана көнуді жол тұтып, алға мақсат қоймай ғұмыр кешетіндер де баршылық. Шынымен де адам тағдыр жолымен жүреді, бірақ та тағдырды  ағыс боымен жүзіп жатқан кеме ретінде санасақ, ішіндегі адам кеменің сол жаққа (бұрыс жолға) немесе оң жаққа (дұрыс жолға) бұрылатының таңдап, қадағай алады. Сонымен, адам таңдау жасай алады, дегенмен, жеттістікке жете алады. Ал жетістікке жету үшін оның не екенің білуі керек және оған қалай жетуге болатының білуі керек.   

                       ЖЕТІСТІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетісстіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам  бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттықа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету бірі – жетістік. 

    ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР

  • Алдыңа мақсат қою

  • Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену

  • Іске дайын болу

  • Адымыңды анық басу

  • Алға ұмтылу

  • Қорықпау, күмәнданбау

  • Көңіліңді тоқ ұстау

  • Жаңашыл болу

  • Басқалармен кеңесу

  • Тәуелсіз болу

  • Біртұтасты бөлшектеу

  • Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау

    • Мұғалімнің сыйы.

    • Халықтың қажетіне жарап, ұрпақтар мұратының орындалу жолында қызмет ету әрбір азаматтың міндеті. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет азаматтықтың белгісі. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін –бүгінімен , бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне, игілігіне жұмсайды.
      Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең . Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.

    • —  «Туған ел»,  «туған жер» дегенде ойларыңа не түседі?
      —  Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры неде деп ойлайсыңдар?
      —  Отанға, елге деген махаббаттарыңды қалай білдіресіңдер?
      —  Өз Отаныңның көркеюі үшін қандай іс-әрекеттер жасап жүрсіңдер?
      —  Өз еліңнің жарқын болашағына сенесің бе?
      — Кіндік қандарың  тамған туған жерлерің туралы не айта аласыңдар?

    • Қаздар қайтып барады.

    Қарттың туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?
    Қарттың туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндіресіңдер?
    Қарт туған жерін неге аңсады және осы мәтіннен өздеріңе қандай ой түйдіңдер?

Үзілген гүл Кеңес Оразбекұлы
Бүгін Жамал апай табиғат туралы, оның адамзат үшін маңызы жөнінде әңгімелеген.
Гүлмінез сабақтан келе салысымен, асханадан пышақ пен шыны ыдыс алып, үй сыртындағы қыратқа шығып кетті.
Біраздан кейін жүзі гүл-гүл жайнап, қайтып оралды. Қолындағы шыны ыдысқа қырдың ақ гүлдерін толтырып жинаған еді. Оларды бақша ішіндегі гүл егетін алаңға отырғыза бастады.
 
Осы кезде үйден шешесі шықты. Қызын бақша ішінде көрдіде, жанына келді.
 
-Қарашы, апа. Мына әдемі бәйшешектерді адырдан қазып алдым. Біздің Жамал апай айтты: «Табиғатты қорғау керек» деп...
 
-Сен оларды қорғаудың орнына, өсіп тұрған жерінен үзіп әкелдің ғой.
 
-Иә, міне, қарасайшы, тамырлары бар. Қайтадан отырғызып жатырмын. Мен бұларға күнде су құйып күтетін болам. Әйтпесе, далада оларға ешкім қарамайды. Жазға жетпейқурап қалатыны содан...
 
Шешесі мырс етіп күліп жіберді де, іле салмақты күйге ауысып:
 
-Сен дұрыс жасамадың, Гүлмінез,- деді. –Табиғатта не нәрсенің болса да өз орны, заңдылығы бар. Бұл бәйшешектер – көктемнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан. Бұлар қурағанымен, орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де адамға қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе, сол жерде ұрық шашып, ендігі жылы тағы өніп шығар еді. Ал сен оларды білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғаныңда, бұл іс болмас еді.
Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. Шешесі қызының шашынан сипап:
 
- Бұларды енді осы орнынан қозғамай-ақ қой. Екінші рет қателік жасамауға тырыс. Жүр үйге, тамақ суып қалады, -деді.
 
Гүлмінез ілбіп басып шешесінің соңынан ерді. Сөйтсе де оның санасында «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сауал жаңғырықтай қайталанғандай болды. Осыны келесі сабақта апайынан сұрап алуға бекінді.
 
7.
Мәтін бойынша сұрақтар қою:
1. Гүлмінез неліктен бәйшешекті үзіп әкеліп, үйінің маңына отырғызды?
 
2. Гүлмінездің әрекетіне анасы қалай жауап берді?
 
3. Гүлмінездің іс- әрекеті туралы не айтуға болады?
 
4. Анасының «табиғаттың өз орны, заңдылығы бар»деген сөзін қалай түсіндіруге болады? Мысал келтіріңдер
 
5. Гүлмінездің «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
 


«Таза бұлақ»

Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-бі­ріне кез болыпты. Бұлақ тастақ жерден шыққан, суы салқын, шыныдай жарқырайды. Айналасындағы ағаштардың жапырағы мол түскендіктен, бұлақ суы салқын әрі таза екен. Біреу су шыққан жердегі тастың бетіне: -Әй, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай бол! -деп жазу жазып қойыпты. Жолаушылар бұл сөздің мәнін өздерінше шешеді.

Әңгімені осы жерден тоқтатып, оқушыларға да осы сұрақты қойып, пікірлерін тыңдап, әрі қарай жалғастырылады.

Жолаушылардың бірі саудагер екен. Ол былай дейді:

  • Бұлақ толассыз ағып, алыс жерлерге барады. Сол сияқты сен де тынбай қызмет ет, тоқтап қалма, сонда сен де мұратыңа жетесің.

Екінші жолаушы молда екен. Ол , біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе деген, -деді.

Үшінші жолаушы көркем келген, бір әдемі жігіт екен. Ол жолаушыларға: -Адамның бұлаққа күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болатынын, көңіліңді, бойыңды бұлақтай сақтаудың керектігін, мәселен, мына бұлаққа қарасаң, күн түссе, күннің, шөп түссе шөптің сәулесі көрінетінін, сондықтан көңіліңді осы бұлақтай сыртқа ашық көрініп тұруының мәні зор екендігін айтты.

Кейіпкерге хат. Оқушылар өздеріңе ұнаған жолаушыға хат жазып, жолдайды. (Ән ойнап тұрады).



Жалғыз хат

Камила Құдабаева

Анасының үйге кеткеніне екі-үш күн өтпей-ақ Гүлзейнеп одан хат алды.Кешкілік жұмыстан қайтқанда, әдеттегідей почта жәшігін ашып, ішіне қолын жүгіртті.Газет-журналдармен қоса қолына қомақты бір хат ілікті. Бұл қайдан келген «семіз хат?»деп Гүлзейнеп сәл таңырқай конверт сыртына көз жүгіртіп еді, адресі ауыл жақты көрсетіп тұр. Әрі хат жазған қол – өз анасыныкі екенін таныды.

«Не боп қалды екен, өмірі хат жазбаған адам еді, әлде жүрегінің сырқаты қайта ұстап қалды ма?! » - деп қауіп ойлап, баспалдақтармен жоғары көтеріліп келе жатып - ақ бөлмеге жеткенше шыдамай конверттің шетін жыртып ашты. Үйге кіре сала бірнеше бетке созылған хатты оқи бастады.

«Балам», - деп бастапты анасы хатын. - Осыны алған беттен-ақ сенің шошып кеткеніңді сеземін. Себебі бұдан бұрын саған хат жазып көрген жоқпын - ғой, жалпы балаларымның бірде - біреуіне осы кезге дейін хат жолдамаппын. Бәлкім, оның қажеті де болмаған шығар. Әлде ақ қағазды алдына алып отырған адам тек имандай шынын ғана жазуы керек деп ойлайтыным тежеп келді ме. Яки, мына біздер, соғыс дегеннің өзініңде одан кейінгі бар - жоғыныңда азабын тартқан әйелдер - нені де болса іште сақтауды әдетке айналдырып үйрендік пе, кім білсін. Әйтеуір, қолыма қалам алуымда, осы хатты бастап жазуымда өзіме оңай соқпады. Бірақ әйтеуір саған бір септігі тиеме деп, сол ауыртпалықтың бәрін жеңгендей боп, осы хатымды жазып отырмын.

Балам, мен ауылға кеткенде көңілің қатты басылып қалғанын байқадым. Менің де, шынын айтсам, еңсем түсіп, ет - жүрегім езіліп, ауылға құр сүлдем жетті. Неге сонша мүжілгенімді білмеймін. Әйтеуір, осы жолы бәрінен баз кешіп кеткім де келді.Бес баланы асырап –бағудың қиындығын әкеңнің барында онша сезбесем керек.Тұрмыстағы қиын нәрсе сендерге жейтін нан, киетін киім тауып беру ғана емес-тін. Біреуден ілгері, біреуден кейін бізде өлмес күнімізді көрдік қой.Жаман атқа қалмай, әйтеуір сендердің беттеріңе шіркеу түсірмей,қатарыңнан кем қылмай өсіруге тырыстым. Әкең марқұм соғыстан алып келген жарадан қайытты ғой. Көзін жұмарда, «Екеумізді табыстарған тағдырға алғыстан басқа айтарым жоқ. Бес бірдей баламен артымда жалғыз қалып бара жатқанын жаныма бәрінен де қатты батады. Ақылың бар адамсың, сен жыламай жүрсең мен де көрде тыныш жатамын.....» -деп кетіп еді. Бірақ қанша қиналсам да, мен сендердің көздеріңді жәудіретіп қойған емеспін. Қайта әкеңнің айтқан сөзі мені жерге қазық қаққандай шегелей түсті. Оның адалдығымен адамгершілігін өмір бойы кіршіксіз ұстандым. Баласына жақсылық тілемейтін ата-ана бар ма өмірде? Е-е ...қарағым, жұбайлық өмірді алып жүруде мемлекетті басқару ісі секілді қиын шаруа..... Орыс халқының бір әдемі сөзін оқып едім: «Еркек үйдің бір бұрышын ұстап тұрады, қалған үшбұрышты тіреп тұратын-әйел деген...... Сол сөз өте орынды айтылған деп ойлаймын.....» .

Соңғы сөздерді оқығанда Гүлзейнептің көзінен үлкен жас тамшысы тырс етіп хатқа тамып, бір талай жазуды айғыздап, жайылып бара жатты.

Сұрақтар:

1.Гүлзейнеп хатты оқығанда қандай сезімде болды?

2.Ананың балаға деген сүйіспеншілігін сендер қалай түсінер едіңдер?

3.Неліктен ана қанша қиыншылыққа төзді?

4.Баланың анаға деген рухани ішкі сезімінен не байқалады? (жетелеу сұрақтары қойылады.)


Екі қасқыр

(Аңыз)

Баяғының қарттары енді ғана ес біліп келе жатқан немерелерін алдына алып, өнегелі өсиеттерді ақылды аңыз, есті ертегі түрінде жастайынан келер ұрпақтың құлағына сіңіре береді екен. Сондай кемеңгер қариялардың бірі немересіне өмір сырын былай деп айшықтап айтып жатыр екен:Әр адамның көкірегінде екі қасқырдың өзара тайталасына ұқсас тартыс жүріп жатады. Оның бірі күншілдік, қызғаныш, өзімшілдік өтірік сияқты жаман қасиеттерді бейнелесе, екіншісі – сенім, шындық, мейірім, адалдық секілді жақсы қасиеттерді бейнелейді. Бұл екі қасқыр сәт сайын, қадам сайын айқасып, өмір бойы күресумен болады. Сонда зерделі немересі атасының сөзін бөліп, былай деп сұрапты: - Ал ең соңында қай қасқыр жеңеді? Атасы сәл ойланып, немересінің пайымдылығына сүйсіне отырып, жауап беріпті: - Сен қайсысын көбірек қоректендірсең, сонысы жеңеді.

1.Ертедегі қарттар немерелеріне не айтты?

2.Екі қасқырдың айқасын қалай түсінуге болады?

3.Немересі атасының сөзін қалай ұғынды?

1.Аңыз бойынша қандай мейірімділік қасиеттерді ұғындың?

2.Адам бойындағы тыныштықты қалай түсінесіздер?

3.Сабырлылық деген ұғымды қалай түсіндірер едің?


  Сөз және мағына.
Күндердің бірінде бір адам алыс сапарға шықпақшы болады. Үйінде тұрған екі қап бидайды өзі келгенше сақтап қоюға көршілеріне қалдырады.
Көршілердің бірі бидайды үйдің астыңғы қабатындағы қойманың бір бұрышында сақтайды. Екінші көршісі қаптың аузын ашып, тұқым ретінде егістікке себеді.
Адам сапардан қайтып оралған соң бидайын алу үшін көршілеріне барады. Бірінші көршісі сақтаған бидайын қоймадан алып шығады. Сыртынан бүтін көрінген қапты ашқанда жартысының бұзылғанын, қалған жартысына құрт түскенін көреді. Ешқандай пайдаға жарамайтын бидайды не істесін?.. Қатты ашуланып, екінші көршісіне барып бидайын сұрайды. Көршісі қолынан ұстап.
- Менімен бірге жүр. Саған бидайыңды көрсетейін,- деп, адамды егістікке ертіп апарады. Жайқалып тұрған егінді көріп:
- Міне, бидайың, үйде тұрса шіритін еді. Оны тұқым қылып сеуіп, егін ектім. Егін піскен кезінде қолымызда қаптар толы бидай болады,- дейді. Адам риза болып күлімсіреп.
- Ия, Аллаға шүкір, көп нәрседен хабары бар, түсінігі мол досымның болғанына. Арғы көршім сөзімнің мағынасын түсінбеді. Оның астарына көңіл бөлмеді. Келесі досым сөзімнің шын мағынасын түсінді.
- Әзіз досым! Жазда егін жиналғаннан кейін маған бидайдың екі қабын ғана жібер. Қалғаны өзіңде қалсын. Саған қалдырған бидайды еңбегіңе қайтарған ризашылығым деп қабыл ал. Саған көп рақмет айтамын,- деді ол

Қай көршісі адамның айтқанын дұрыс түсінді?
Сөзді әр кез тура мағынасында қабылдау қажет пе?
Сөз астары дегенді қалай түсінесіңдер?


Аңыз айту. Асығыс үкім

Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен. Ол есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанда электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де жанбайды. Қасарысқандай, сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен. 
      Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді.

Әкесі он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. Соның кесірінен бір күні босқа кетті. Бір рет қана істеген болса, бәлкім, үн қатпас еді. Шаштарынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Мүмкін бұл ұрған шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне былай дейді:

  • Мына баланың мектепте кімдермен араласатынын білуіміз керек! Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін!

Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет бар еді. 

Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де тыңдамай, оны оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді: «Бүгін түнде жаман түс көрдім... Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Әкем қауіп – қатерден аман болса екен! Мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін!»

1. Осы аңыздағы әкенің әрекетін қалай атауға болады?

2.Баласы неліктен осындай әрекетке барды деп ойлайсыңдар?

3. Мұндай әрекеттерге жол бермеу үшін не істеу керек?

4.Өз өмірлеріңде мұндай жағдай болды ма?


Елдің иесі сендерсіңдер, қарақтарым!

Қ. Қайсенов

Айналайын балаларым, сендерді көргенде өзімнің балалық шағымды еріксіз еске түсіремін. Көз алдыма тай-құлындай тебісіп бірге өскен достарым келеді. Біз де сендер секілді ойынның қызығына тоймаушы едік. Жүгіреміз, жарысамыз, күресеміз, алысамыз. Шыжыған шілденің ми қайнатқан ыстығында өзеннен шықпаймыз. Бәрі қызық, бәрі тамаша. Сонда қол-аяғымыздың тілім-тілімі шығып ашығанын да сезбейтінбіз...

Міне, ұл-қыздарым, бәрің менің немере, шөберелерім сияқтысыңдар. Сондықтан да өте алыстап кеткен балалық шағымды сағына еске алып, сабақ болсын деп ауызға алып отырмын.

Балалық, дәурен өтеді де кетеді. Бірақ, қызығы да, қуанышы да, тіпті ауыртпалығы да аз болмайтын балғын шақтың әсері жадыңіда мәңгі қалады. Өз басым бүгінде сексеннің ен ортасынан ассам да, алаңсыз кездің әдемі әсері санамда сайрап тұр. Ата-ана тәрбиесінің күші шығар, бойыма турашылық, бір сөзділік, қиянат көрсе өршеленіп кететін өршіл мінез, батылдық сияқты қасиеттер молынан енді. Соның бәрі дерлік жан дүниеме балалық шағымда ұялатады. Тек қана жақсы адамдарға үйір болдым. Істерінен, сөздерінен өнеге алдым. Қандай қиын-қыспаққа тап болмайын, өтірік айтпауға, адал жүріп, анық басуға, абыроймен өмір сүруге тырыстым. Бәрі елім үшін, халқым үшін, ұлтымыздың келешегі үшін дедім. Өйткені бізді мектепте оқытқан мұғалімдеріміз солай болуға үйретіп еді.

Биыл көктемде мен сексен беске таядым. Сексен бес деген аз жас емес, айналайын ботақандарым! Артымда мәнді де мағыналы, ащы да азапты, тәтті де тәлімді өмір жолдары қалды. Мен осы жолмен жүріп, оттан да, судан да аман өттім. Кәрілікке адалдықтан айнымай жеттім. Адалдықпен тірлік кешу де оңай емес екен. Бірақ мені бәріне баулыған балалық шақ. Сол үшін де қайтпас-қайсар, өжет те өршіл, қайырымды да қанағатшыл етіп жетілдіріп, қабырғамды қатайтқан балалық шағыма ризамын. Сендер де балдәурен кездеріңде осындай асыл қасиеттерді бойларыңа көп ұялатыңдар.

Тәуелсіз қазақ еліне білімді де білгір, ақылды да алымды, іскер де намысқой азаматтар көп керек. Олар – сендерсіңдер! Елдің ендігі иесі өздерің екенін жадыларыңнан ешқашан шығармаңдар, қарақтарым!


  • Қасым атаның өсиетінен қандай ой түйдіңдер?

  • Өз бойларыңдағы қандай қасиеттерді шыңдауға болады.

Елдің абзал азаматы болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

« Еңбек жемісі» Б. Әділ.


Әкесі алты гектер егістік жер алған.Сол – ақ екен,қауырт жұмыс басталды да кетті.

  • Тұр,балам, - дейді әкесі. – Көктемнің әрбір күні жылға азық.Содан үй іші болып жердің басына келеді.Әкесі,шешесі,өзі,екі інісі ... Жұмыс қызу басталып кетеді.Екпегендері жоқ. Сәбіз,картоп,пияз,жүгері,капуста,қауын,қарбыз.

Асан жазғы каникулын атыз басында өт кізді. Екі інісімен сонда қонады. Әкесі шартақ соғып берген. Екіншіде оқитын Досан шай дайындаудың шебері.

  • Биыл өнім жаман болмас, - дейді әкесі жайқалған көкөністерге көз салып қойып. – Еңбек етсең, Жер-ана да иіс сала береді.

Әкесінің айтқаны келді де тұрды. Егін мол өнім берді. Әсіресе қауын-қарбыздар... Теңкиіп көздің жауын алады.Сауда бақшалықта-ақ қызды. Бейтаныс ағалар көлікпен келіп,өздері тиеп әкетіп жатты.

Әкесіә мәз,мұртынан күледі.

Оқудан келісімен Асан атызға асығады, әке-шешесіне көмек беруі керек. Әлі де атызда қалған-құтқан өнім көп.Қызанақтар жерге түсіп,ағып жатыр.

Өткенде ауыл балалары масақ теруге келді.Өзімен төртіншіде бірге оқитын Айкүміс те бар. Екеуі бірге отырып қауын жеді.

  • Қауының не деген тәтті, - деді Айкүміс. Асан біраз марқайып қалды. Әсіресе «қауының...» деп айтқанына ...

- Тойып жеп ал, - деді.

- Кешке бес-алты қауын ала кет.Әйтпесе,үйіне өзім апарып тастайын.Ауыр ғой...

Айкүміс үндемеді. Әдемі жымиып қойды. Бұған өте риза болғаны.Әкесі бүгін өте көңілді екен.

  • Ертең менімен бірге жүріңдер, - деді үш ұлына. – Базарға апарып,керектеріңді алып берем...

Сол күні үй іші жаңа бешпент – шалбарды қайта-қайта киіп көріп әлек. Ал ең кішкентай Досан болса, жаңа велосипедтің дөңгелегіне жел беріп әлек. Насоспен қосыла мұрны да пыс-пыс етеді.

  • - Жаз бойғы еңбектерінің өтеуі ғой, - дейді әкесі әдетінше мұртынан күліп.


- Еңбек барысында балалардың қандай қасиеттері байқалды?
- Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді?
- Еңбектің жемісін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар?




Просмотр содержимого документа
«__ле__дер»

«Өмір сыры»

Әні:А.Бексұлтан

Сөзі:И.Исаев

Өмір деген –

Жанымның шуағындай жарқырайды.

Көңіл деген –

Бар кезде шарықтап шалқымайды.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қайырмасы

Бұл дүниені

Жарығым қайта оянып көрер болсам,

Өмірге қайта айналып келер болсам,

Сезер – ек бақыттың шын бағасын.

Бақыт деген –

Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы.

Уақыт деген –

Өзгермес сұрапыл соқса тағы.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы көз ілмейтін.

Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.











Ертеңіме сенемін!

Сөзі: Серік Ибрагимов

әні: Әли Окапов

Өмірімнің мәні - өлеңім,

Жайқалған нұр жасыл желегім.

Мен өміріме, өлеңіме

Сенемін, сенем...

Жайқалған нұр жасыл желегім,

Ертеңім деп табар қорегім.

Мен ертеңіме, ертеңіме

Сенемін, сенем...

Сенемін,

Бақытқа бастайтын жолға,

Арманым жетелер алға,

Тағдырдың тезіне көнемін, көнем...

Көнемін,

Ыстығы, суығы қатар,

Жаныма аяздай батар,

Ғажайып ертекке ертеңгі сенем...

Еркемін мен, ойлар ертеңін

Мәңгіліктің жырын өркеп ем

Мен жырларыма, нұр бағыма

Сенемін, сенем...

Өлмесін деп жаяр өркенім,

Өмірімнің күйін шертемін

Ертеңім - менің ертегім,

Ертеңіме сенем...

Сенемін,

Бақытқа бастайтын жолға,

Арманым жетелер алға,

Тағдырдың тезіне көнемін, көнем...

Көнемін,

Ыстығы, суығы қатар,

Жаныма аяздай батар,

Ғажайып ертекке ертеңгі сенем







«Аман болсын адамдар»

Сөзі: О. Әубәкіров

Әні: Ә. Бейсеуов

1.Айналайын Адамдар,

Болашаққа аман бар!

Жұмыр жерде ғұмыр бар

Ғұмырлы бол, Адамдар!



Қайырмасы



Балдан тәтті балаң бар,

Бала баққан анаң бар.

Шошытпаңдар екеуін,

Айналайын Адамдар!

2. Айналайын Адамадар,

Келер күнге адал бар.

Бөбек өсіп келеді

Алды-артыңа қараңдар!



3.Сақ болыңдар, жараңдар,

Сақ болыңдар, ғаламдар.

Жер бетіне әлі де

Оқ қайнатқан адам бар.



  1. Бала үшін өлеңім,

Ана үшін өлеңім

Айналайын Адамдар,

Аман болсын бөбегің!!!











Адалдық өткелі

                                                                     Сөзі: Ақмарал Леубаева

                                                                    Әні: Жарылқасын Дәулетов

Сүйетініме шүбәм жоқ,

Сүймей ме деген күмән көп.

Түстім бе деген тура жол,

Көрінбейді тұман боп.

 

Қайырмасы:

Бақытқа толы мұң-кесем,

«Жалған» дер дұшпан «шын» десем.

Қай жаққа болсын кетер ем,

Қолымнан ұстап «жүр» десең.

 

Көзіңді жұмып тұнығым,

Соңымнан ерші, құлыным.

Өзгелер қолы жетпеген,

Өзіңмен өтсін ғұмырым.

 

Тағдырға сенбей болмайды,

Шын бақыт екі қонбайды.

Адалдық дейтін өткелден,

Көп адам өте алмайды.



















«Достарым»


Сөзі: Хасен Закарияновтікі.
Әні: Оралхан Көшеровтікі.
 


Толтыра біліп көңілдің олқы бос жағын,
Қатемді түзеп жол тапсам дұрыс қостадың,
Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,
Жүрдіңдер сендер қолтықтан демеп достарым.
Жабыққан сәтте қас-қағым
Жанымды ұғар басқа кім?!
Жаңа бір әуен бастадым
Сендерге арнап , достарым.
Сағыныш толы кеудемді кернеп жыр көшкін, 
Достыққа келді сағына әнмен үн қосқым,
Өтермін мына өлшеулі ғана тірлікте,
Биіктен сайлап, орынын адал, шын достың.
Жабыққан сәтте қас-қағым,
Жанымды ұғар басқа кім?!
Жаңа бір әуен бастадым
Сендерге арнап , достарым.
Десек те қанша баянсыз достан түңілді ер
Қаншама арзан мінезге куә жұмыр жер.
Асылдар аз ба, жанын да қияр дос үшін
Соларға тағдыр, өкінбей өтер ғұмыр бер.
 
Жабыққан сәтте қас-қағым,
Жанымды ұғар басқа кім?!
Жаңа бір әуен бастадым
Сендерге арнап , достарым.







«Дос болайық бәріміз»


Сөзін жазған: Х. Талғаров
Әнін жазған: И. Нүсіпбаев

Әрқашан дос, біргеміз, 
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер, 
Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті, 
Еңбекті сүйіңдер

Қайырмасы:.
Дос болайық, бәріміз, 
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, 
Атсын күліп таңымыз



Жақсы адамдар

                                       Әні мен сөзі: А. Оралов

1.Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

               Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

2.Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

           Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар

3.Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

          Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

 

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.



Жаса мейірім

  1. Жастарының жалыны бар
    Қарттарының қадірі бар
    Жақсылыққа жаны құмар
    Жаса мейірімім


  2. Ізгіліктін мәнімі бар
    Істерінің тәлімі бар
    Бойында қуат дарыны бар
    Жаса мейірім


Қайырмасы:
Жаса жаса мейірім
Жарқыраған кейілі күн
Жайнап тұрған зейілі гүл
Жаным жайнасың
Жаса жаса гүл көктемім
Сен деп ашсың жүректерің
Қазақстандай құрмет елім
Бағын таймасын


3. Жүрегінде махаббаты
Кеудесінде шапағаты
Шығатұғын қатар аты
Жаса мейірім


4. Алақаны аялаған
Қамқорлығын аямаған
Бауыр басқан саяң адам
Жаса мейірім
 









«Жан досым»

Сөзі мен әні Нүрлан Өнербаев және Талғат Мұсабаев



Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!


Қайырмасы: 
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!


Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан аштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақ та бiрге жүрiп адастық.


Қайырмасы: 
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпес





















Елімізді сүйеміз



Бал-бұл жанған гүл шағында

Біз Отанның ұланымыз.

Бақытты елдің құшағында

Білім алу ұранымыз.



Қайырмасы:

Біз өнерге, ұлы өмірге,

Гүл өмірге иеміз.

Көгімізді, көлімізді,

Елімізді сүйеміз.



Туған жерде аунап-қунар,

Біз ұланбыз, өрімдейміз.

Біз ұланбыз еңбекқұмар,

Өнер десе ерінбейміз.



Қуанышты әніміз де,

Біз ұланбыз жоқ арманы.

Біздер әлі бәріміз де

Боламыз ел қаһарманы.





























Бала тiлегi

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетiңдер, билеңдер,

Гүлденсiн деп атамекен қара орман.

Болашақтың иесiмiз бәрiмiз,

Туған жердiң түрлендiрер нәрiмiз.

Алтын бесiк — ұлан-байтақ елiмде,

Жарқын болсын шырқап айтар әнiмiз.

Қалықтаған көгершiнi көгiнде,

Мұңаймасын ешбiр бала елiмде.

Ата берген батаменен көркейсiн,

Ұлы Отаным, тiлегiм сол менiң де























«Аман болсын адамдар»

 Сөзі: О. Әубәкіровтікі;

Әні: Ә. Бейсеуовтікі

  1. Айналайын Адамдар,

Болашаққа аман бар!

Жұмыр жерде ғұмыр бар,

Ғұмырлы бол Адамдар!



Қайырмасы:

Балдан тәтті балаң бар,

Бала баққан анаң бар.

Шошытпаңдар екеуін,

Айналайын Адамдар!



2.  Айналайын Адамдар,

Келер күнге адал бар.

Бөбек өсіп келеді

Алды-артыңа қараңдар!

 Қайырмасы:



3.   Сақ болыңдар, жараңдар,

Сақ болыңдар, ғаламдар.

Жер бетіне әлі де

Оқ қайнатқан адам бар.

Қайырмасы:



4.  Бала үшін өлеңім,

Ана үшін өлеңім.

Айналайын Адамдар,

Аман болсын бөбегім!!!

 

















"Өміріңе немқұрайлы қарама"

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.


Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.


Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.


Сын сағатта сақтау үшін өз басын

Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Айдын көлге айналса да көз жасың.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,

Өміріңе немқұрайлы қарама.



Атамекен

Сөзі Қ.Мырзалиев
Әні: Е.Хасанғалиев


Жасыл жайлау-түкті кілем көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем.


Қ-сы:
Қайда жүрсең атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына,
Қимай оны батады екен.


Жасыл жайлау – түкті кілем көк кілем,
Көк кілемде көп аунаймын көп күлем.
Асқар тауың, аспанымен таласқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.


Қ-сы:




















«Табиғатым»

1 Бұл-бұлдар сайраса есіңе ал

Өмірдің сырласу кеші бар

Сүюді білмейтін адамдар

Осынау өмірде несі бар


Қайырмасы:

Табиғатым

Махаббатым

Табиғатым

Махаббатым


2 Табиғат сыйладың, гүл болдың

Сол гүлдің арты басқада

Сол гүлге арнаймын барлығын

Әнімді жырымды аңсаған


3 Мен сені сағынам көктемде

Аққу қаз төбемнен өткенде

Шерлі бір домбыра дірілден

Әсем бір ән-күйлер төккенде










Кешір ана


Еркелеп өстік,бала да болдық,

Қуалап ойын далада қондық.

Ананың сөзін құлаққа ілмей,

Кей-кезде көсем де,дана да болдық.

Қайырмасы

Есейдік енді ақтықты беріп,

Жүзіңнен сенің шаттықты көріп.

Қуансам деймін өзіңмен бірге,

Ырысың менен бақытты бөліп.


Піспеген әлі шала шығармын,

Үйретті ме екен нағашыларым.

Балалық та бар,қателікте бар,

Кешіре көрші анашым бәрін.

Қайырмасы


Тағдырым білем қояды сұрақ,

Жаппасын қатты есігін бірақ.

Басымды иіп отырмын мында,

Барлығы үшін кешірім сұрап.

Қайырмасы.





















«Ағаларым»

Құшағы оттай ыстық Сахарадай,

Көңілі алып ұшқан шағаладай

Алдымнан көкем-ай деп шығатұғын,

Сендерді сағындым ғой

Сендерді сағындым ғой, ағаларым!



Қайырмасы:

Қажымас қара нарым,

Кең байтақ даналарым

Күнім деп еркелетер

Аман бол Ағаларым



Аңқылдақ айналайын ағаларым

Сағынсам іздеп барар паналарым

Ініңе ізіңдегі қарап жүр деп,

Қалдырған өздеріңді

Қалдырған өздеріңді Бабаларым

Қайырмасы:











Елім менің

Сөзі: Н. Назарбаевтікі

Әні: Б. Тілеухановтікі



Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап көгім күй тартты елім
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым менің

Қазақстаным жасыл орманым
Қуанышымды жасыра алмадым
Аңсаған бабам аңсаған елім
Бостандық еді-ау асыл арманым

Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Бабамның қаны анамның жасы
Сіңген бұл далам қымбатсың маған
Береке бірлік - қамалдың басы
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам

















«Мама»

Кайрат Нұртас

Әуелі алла

Кейінгі пайғамбардай

Шаршамайтын талмайтын ойланғаннан

Тез жазылып

Қашан сен қуантасың,

Менің шашым

Ағарды ойланғаннан.


Қ-сы

Мама, мама, мама, мама тайым,

Мама, мама әніммен оятайын.

Мама, мен көрмеппін ғой бұрын қайғы,

Тез жазылып кетсең екен,

Мендегі құлын жүрек шырылдайды.


Сен ауырсаң,

Жүрегім ауырды шын.

Мен қалаған Отанның жарығысың.

Байлық, бақыт,

Жолыңа бәрі құрбан.

Мама бүгін қалайсың, тәуірмісің?


Қ-сы


Шөбересін сүйер деп қиялдаймын,

Өмір сұрап,

Дұғамды жиі арнаймын.

Ана жасың жүзден ассадағы,

Мен сені ешқайда қия алмаймын.





Ақ көгершін

Әні А. Жұбановтікі

Сөзі Н. Баймұхамедовнікі

Ақ көгершін, көгершін,

Қолғанат құс сен едің.

Бар, кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан.

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

Ел тілегін алып ұш

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш

Мұхиттың арғы жағына.

Сенен көзін алмайды

Ақ ниетті бар адам.

Ақ қанатың талмайды

Әділеттен жаралған.

Тыныш-бейбіт өмірдің

Белгісі боп қанат қақ.

Әлем ортақ көңілдің

Қайт шыңына қонақтап.

Ел тілегін алып ұш

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш

Мұхиттың арғы жағына.

Қанатыңда жазылған

Жалғыз ауыз ұран бар.

Не құдірет құралдан

Ең күштісі сол құрал.

«Бейбітшілік» делінген.

Белгіні оқыр әр адам.

Бақыт құсы келді дер

Қанатыңа қараған.

Ел тілегін алып ұш

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш

Мұхиттың арғы жағына

"Бала тілегі"

Сөзі:С.Молдасанұлынікі

Әні:Ф.Лұқпанованікі


1.Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2 рет)


2.Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)


3.Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.(2 рет)



























Қазақ қызы

Сөзін жазған: И. Сапарбаев

Әнін жазған: Р. Тайманов

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.


Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған.

Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,

Өмірде қалған із бар «Ақтабаннан».


Жасырмай айтар болсам жан сырымды,

Тағдырым қарауылға қанша ілінді.

Ерліктің қос қанаты деп білем мен,

Аяулы Әлиям мен Мәншүгімді.



Просмотр содержимого документа
«Д__йекс__з»

«Ар, ұяттыңанасы - әдептілік» (Халық даналығы)

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.
Әл-Фараби

«Сыртқы әлем – адамның ішкі әлемінің бейнесі»

Лао Цзы

«Адалдық дегеніміз ашық, шыншыл қарым-қатынас»

А. Макаренко

«Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді»

                  (Халық мақалы).

Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
 
Халық мақалын


«Татулық - табылмас бақыт» нақыл сөз

Таяқ еттен өтеді,сөз сүйектен өтеді”.

Аңдамай сөйлеген-ауырмай өледі”

Қылыш жарасы бітер,

 «Тіл жарасы бітпес».  

   «Жақсы адамның сөзі де, ойы мен ісі де-ізгі».

(Лао-цзы)                  


«Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңілі әдепті»

(Қазақ мақалы) 

«Қолы ашықтың- жолы ашық» (Мақал-мәтел)

  1. «Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та,ешбір кемеңгер де шықпайды.

Д.И.Менделеев


  1. «Адалдық деген не? Адалдық дегеніміз – ашық, шыншыл қарым-қатынас. Арамдық дегеніміз – жасырын, бүркемелі қарым-қатынас». А. С. Макаренко

«Бірлік болмай, тірлік болмас» мақал


«Бірлесе   көтерген  жүк  жеңіл»  халық  мақалы


Келісіп пішкен тон келте болмас. (мақал)

«Алдымен өзіңді өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың».


Адам-өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді


«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі»

«Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.» Абай

Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөйлессең,

Көңілің ашылады.

М. Әлімбаев.

Кісіге екі дүниеде пайдалы (нәрсе) –

Ізгі іс немесе мінезі түзулік.

Екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік.

Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.

Ж. Баласағуни

«Түсінудің өзі де – адамның үлкен еңбегі».

Б. Момышұлы.


Инабат – ердің азығы,

Бақыт пенен дәулеттің

Ұстайтұғын қазығы.

К.Әбубәкір.


Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар.

Аристотель


«Дос көзден кетсе де көңілден кетпейді»

Махмуд Қашқари.


«Адамның жақсы адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»  Абай


Адам-ғалам,  ғажайып, жеке-дара,

 жан құмары  ізденген  мәңгі  сана.

Өзіңді өзің  танысан  істің  басы,

Түзеген  өз  ғаламын  болған  дана.

                         Ақжан  әл-Машани

«Қыстағы қар жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс.» Мақал


«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» Ф.Оңғарсынова

«Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны,

сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.» В.Гюго.

Томас Манның: «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала аламайды»


«Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық, ақ жүректен шығады».

Ш. Құдайбердиев

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп».

Абай Құнанбаев


«Қайрымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің.

Халық нақылы


«Өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеп жанашыр бол» А. Йүгінеки


Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,

Сән түзеп, көрік берсін жер бетіне.

Р. Сәтімбекұлы


« Сау дене,азат ақыл,адал көңіл-үшеуімен болады бақытты өмір..»

Әйтеке би


«Таза болса, табиғат

Аман болар адамзат!»

Фариза Оңғарсынова


Үлкен ақылдылықтың өзіндік белгісі – аз сөзбен көп нәрсені айта алуы, ал келте ақылға, керісінше, көп сөйлеп, бірақ еш нәрсе айта алмаушылық тән. 
Ф.Ларошфуко. 


«Сөзі тұрақсыз кісінің жүзі төмен».

А. Йүгінеки


«Үйінде ұл-қызы бардың,
көгінде сөнбес жұлдызы бар
»
(халық мақалы) 

«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді»

Л.Н.Толстой.
Еңбек –қуаныш,жалқаулық-айырылмас азап.

А.Құнанбаев.

  1. Еңбегі жоққа-бақыт жоқ.

А.П Чехов.

  1. Жаның жай тапсын десең-еңбектен.

Ж.Ж. Руссо.

«Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді»

(халық мақалы)

«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық»

М.Әуезов.

«Келісіп істесе, көп іс бітеді» Құтып


«Үлкен алдында жас қарызы , ата алдында бала қарызы  - әдеп пен сый»

М. Әуезов 

  1. Адамдарға түсінікпен қарасақ,
    Сонда ғана,  гүлденеді болашақ.
    Жасамайық адамзатқа қиянат,
    Осының бәрін санаңызға ұялат.

Абай

"Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл."

Ш. Құдайбердиев


  1. Дұрыс әрекет – мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады.

Ә.Фараби

Ата - анаңның ақылы
Сайрап жатқан жолмен тең
Ақылдының ақылы
Сарқылмайтын көлмен тең. (Халық мақалы)


  1. . «Болмағын кекшіл,

болсайшы көпшіл»

Абай Құнанбаев

«Батыл болмай, батыр болмайды»






Просмотр содержимого документа
«Д__йекс__здер»

Үлкен ақылдылықтың өзіндік белгісі – аз сөзбен көп нәрсені айта алуы, ал 
келте ақылға, керісінше, көп сөйлеп, бірақ еш нәрсе айта алмаушылық тән. 
Ф.Ларошфуко. 


Таза мінсіз асыл тас, 
Су түбінде жатады. 
Таза мінсіз асыл сөз, 
Ой түбінде жатады. 
Асан Қайғы 
Білімдіден шыққан сөз, 
Талаптыға болсын кез, 
Нұрын, сырын, көруге, 
Көкірегіңде болсын көз. 
Абай 
Жақсы сөзді ел жаттар, 
Ел жаттар сөзде салмақ бар. 
Жамбыл 
Жақсының сөзі майдадай 
Жаманның сөзі найзадай 
Қашаған Күржіманұлы 
Адал жүріп шын сөйле, 
Асығың жүрер алшыдан. 
Ақтан Керейұлы 
Тіріні көрге салар да – сөз, 
Өліні тірілте алар да – сөз. 
Науаи 
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар 
Низами 
Орынды жерде сөйлесем 
Қызыл тілім дөңгелер 
Қашаған Күржіманұлы 



Сөз өнері – атаулының ең қиыны мен күрделісі. О. Бальзак 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дидактикалы? материалдар ?зін - ?зі тану п?нінен

Автор: Тлеугабылова Гульшат Нургалимовна

Дата: 12.04.2016

Номер свидетельства: 318078

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Мектеп информатикасы бойынша электронды? о?у-?дістемелік кешенді ?олдануды? ?ажеттілігі. "
    ["seo_title"] => string(101) "miektiep-informatikasy-boiynsha-eliektrondyk-ok-u-distiemielik-kieshiendi-k-oldanudyn-k-azhiettilighi"
    ["file_id"] => string(6) "200086"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428727755"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(161) "Мектеп информатикасы бойынша электронды? о?у-?дістемелік кешенді ?олдануды? ?ажеттілігі "
    ["seo_title"] => string(103) "miektiep-informatikasy-boiynsha-eliektrondyk-ok-u-distiemielik-kieshiendi-k-oldanudyn-k-azhiettilighi-1"
    ["file_id"] => string(6) "200106"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428730799"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства