kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдебиет сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негіздері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. 
Оқу сауаттылығы кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдебиет сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негіздері.»

Малгажинова Фаруза

Тарбағатай ауданы,Ақжар ауылы

КММ «М.Әуезов атындағы орта мектебі»

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Әдебиет сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын

қалыптастыру негіздері.

Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. 
Оқу сауаттылығы кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі. 
Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруға арналған оқығанын пайдалану бағаланады. 
Бүгінгі күні оқу сауаттылығын дамытуда оқытудың сындарлы тәсілінің маңызы өте зор болып отыр. Орта білім беру жүйесінде әлемдік ойлауын дамыту олардың алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен,мұғалімнен,оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теорияға негізделген тәсіл кең тараған. 
Сын тұрғысынан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын,қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Бұл модуль оқушылардың да,мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауды көздейді. 
Сын, тұрғысынан ойлау- бақылау, тәжірибе толғану, ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау,талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады. . 
Жалпы сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда топтық жұмыстың маңыздылығы зор деп білемін. Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында күнделікті сабағымда топтық жұмысты жүргізіп отырамын..Ытымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.Ынтымақтастық оқу-бұл оқыту мен оқу тәсілі,аталған тәсіл проблемаларды шешу,тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді.Бірлескен жұмыста оқушылар ақпаратты өздері игеріп,бұрынғы алған білімдерімен байланыстыра алады.Топтағы оқушылар топтың әр мүшесінің көзқарасымен танысудан пайда алады.Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі.,өйткені олар түрлі көзқарасты тыңдап,өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыста оқушылар тек мәтіннің мазмұнын біліп қана қоймай, сондай-ақ олар бірігіп, мәтіннен қажетті ақпараттарды табу, мәтіннен ең қажетті ақпаратты табу,мәтіндегі ақпаратты жіктеу,терең мазмұнды ақпаратты табу, мәтіннен ой түю сынды тапсырмаларды орындайды. Мәтін бойынша өздерінің пікірлерін қосады. Автордың ойымен өзінің ойын салыстырады. 
Сабағымда қолданылатын әдістерге тоқтала кетсем, «екі түрлі түсініктеме күнделігі» оқушылар мәтінді оқу барысында олар бөліктің оң жағына әсер еткен тұстар,үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады. Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады.Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптарын алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру,пікірін,көзқарасын білдіруге лайықталып қойылғаны дұрыс. Мысалы:сіздің ойыңызда не сақталып қалды? Автор оқырманды қалай қызықтырады? ,кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз?сіз осы кейіпкерге ұқсайсыз ба? Қай жағынан ұқсайсыз?осындай кейіпкерлерден қандай үлгі алуға болады? Сіз осы кейіпкерге қандай ақыл айтасыз?т.с.с. 
Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады, және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп,оны жақсарта және кеңейте алады.Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін:төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданылады деген пікір бар.Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес сұрақтар» деп те атайды.Олар жаттап алуға бағытталған және де оған, берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланады.Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу,сынақтан өткізу,қайта бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болады . Мысалы 7-сыныпта « Қазтуған жыраудың қонысымен қоштасуы» тақырыбы бойынша мынадай тапсырмаларды беруге болады

Сұрақтар: 
Қандай әсер алдыңдар? 

Толғау не туралы? 
Неге зарлы? 
Көз алдыңызға не елестеді? 

2 Жинақтау 

«Минуттық шешім» 
Оқушылар сабақ кезіндегі аса маңызды тармақтарды пайдалы тұстарын жазады. 
Қазтуған жырау толғауларына қатыстырып «ХХІ ғасыр жырауларының негізгі тақырыбы не болар еді?» тақырыбына байланысты өзіндік ой - пікіріңізді білдіріңіз. 

3 Бағалау 
«РАФТ» стратегиясы 
Роль,аудитория,форма,тақырып 
Роль - Қазтуған

Аудитория - қазақ халқы

Форма – хат

Тақырып- қазақ жастарының болашағы


Стикерға сабақ туралы өз ойын жазып тақтаға іледі

Оқушылардын белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін мәтінмен жүмыста мынадай ,әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданамын. 
Олар мыналар: 
1. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. Мысалы; Ә.Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісін өткенде сыныпты 4 топқа бөлемін.1-топ Ертегіні өзге топтарға баяндап береді.2-топ Ертегі бойынша тезис жазады. 3-топ «Керқұла атты Кендебай» ертегісі мен «Толағай» ертегісін салыстырады».4-топ «Толағай» ертегісін «Егерде мен жазушы болсам» айдарымен басқаша мазмұнда аяқтайды. 

2. Ақын, жазушылардың мәтіндерін басқаша аяқтау 
3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу. 
4. Мәтін бойынша мақал құрастыру. 
5. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру. Мысалы:  

Өзі жас, мұртты 
Сүтті ұрлап ішті. /мысық/ 
Әр үйде белін буған бір пысық бар. / сыпыртқы/ 

6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу. 
7. Шығарма, мәтін құрастыру. 
Тақырып бойынша. 
Жоспар бойынша 
Тірек сөздер арқылы 
8. Өлең құрастыру. 
Дайын өлең жолдарын бір, екі жолын беру арқылы. 
Дайын ұйқастарды ұсыну арқылы. 
9. Шығармадағы әңгімеге ұқсас оқиғалар айтқызу. 
10. Көлемі ұзақ шығармаларды жоспар құру арқылы қысқартып әңгімелету. 
11. Кейіпкерлерге мінездеме бергізу. 
12. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу. 
13. Рөлге бөліп оқыту. 
14. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар т. б.) 
15. Қайталау сабақтарында, оқыған мәтіндері бойынша өз беттерінше тест тапсырмаларын құрастыру. 
16. Белгілі ақын, жазушы шығармасына еліктеп өлең, әңгіме, ертегілер жазғызу т. с. с. 


Қазіргі оқыту үдерісінде бір мәселені талқылау,оған өз көзқарасын білдіру,әріптес ойымен пікір алмасу секілді жұмыс түрлеріне көп көңіл бөлінеді.Дегенмен кей жағдайда оқытушы оқушыға сұрақтар беріп, оның сөйлеуіне,мәселеге пікірін білдіруге түрткі болдым дегенмен,оқушы мүмкіндігін шектегенін байқамай қалады.Көп жағдайда мұғалім оқушы ойын басқарады,яғни бағыт беру немесе жетекшілік етуден гөрі ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл психологтар көрсеткендей оқушылардың мүмкіндіктерін шектейді.Оқушылардың сыни ойлауын дамытуда қай пәннен болмасын БЛУМ таксономиясын қолданған тиімді деп ойлаймын. БЛУМ таксономиясы бойынша категориялар мазмұны,сұрақтар мен тапсырмалар түрлері:1.Білу: оқушы нақты фактілерді біледі,жұмыстың орындалу ретін біледі,негізгі ұғымдарды біледі,анықтамалар мен ережелерді біледі. Білу кезеңінде қазақ тілі нәнінде зат есім дегеніміз не,бастауыш дегеніміз не яғни нақты анықтамасын,ережесін біледі..2.Түсіну: түсіну кезеңінде осы өздері білген ережелерді өз сөздерімен түсіндіреді,топ мүшелерінің арасында түсіндіреді немесе сыныптың алдында түсіндіреді.Оқушының осылай күнделікті сабақта топтың алдына шығып немесе күнделікті сабақта өз ойын айтудан өзіне деген сенімділігі артады,сыныптастардың арасында бір-біріне деген сенім пайда болады 3.Қолдану: Қолдануда осы өткен ережелерді қолданып сөйлемдер жаздыруға болады,әңгіме жаздыруға болады.4.Талдау Талдау кезеңінде оқушылар сол күнгі сабақтан алынған мәліметтерді салыстырады,талдайды.5.Жинақтау:таным мен ойлау жоғарғы деңгей.Бұл бөлімде оқушы шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма жазады,тәжірибе жасаудың өзіндік жұмысын ұсынады.Алынған мәліметтер бойынша кесте құруы мүмкін. 6.Бағалау: таным мен ойлауы-ең жоғарғы деңгей.Оқу материалының маңызын анықтап, өз пікірін келтіреді,ойын білдіреді. 
Өмірлік қолданыста маңызды рөл атқаратын Блум жүйесін күнделікті сабағымда қолданамын.Блумның анализ,синтез,бағалау тараулары арқылы кез келген тақырыпта сұрыптау жасап,пайдалы-пайдасыз жақтарын анықтап,баға бере алатын жеке тұлғаны дайындау біздің міндетіміз. 



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Әдебиет сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негіздері.

Автор: Малгажинова Фаруза Сыдыковна

Дата: 21.01.2020

Номер свидетельства: 536816

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Баяндама "О?ушыларды? о?у жылдамды?ын арттыру жолдары""
    ["seo_title"] => string(51) "baiandamaokushylardynokuzhyldamdygynarttyruzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "283256"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453809211"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства