Ұрпағымызды саналы, салауатты, дені сау, рухы биік етіп тәрбиелеу үшін, ата-ана мен ұстаз арасындағы байланыс тығыз болуы шарт.
«адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, тәрбиесіз білім алу мүмкін емес.
Тәрбиелі адам дегеніміз-надандыққа қарсы ереженің бәрін бір бойына жинақтаған адам.Ұрпақтың қамын ойлау-бүкіл қауымға ортақ парыз.Сондықтан бала өсіру, оны өнер-білімге, адамгершілікке тәрбиелеу ата-анамен ұстаздардың міндеті. Қай ата-анада баласын жаман болсын демейді.Барлық ата-ана балам жақсы болып өссін екен, елімнің қалаулы азаматы болса екен деп армандайды. «Баланың бас ұстазы-ата-анасы» дейді.Ендеше баланың жақсы болып өсуіне отбасының ықпалы зор.
Болашақ жасөспірімдерді рухы мықты, еңселі азамат етіп тәрбиелеп шығару үшін осы айтылған сөздердің маңызы ерекше.
Жас өскін талды қалай қарай исең, солай өседі.Әу баста түзу тұрған шыбық сіздің қисайтқан бағытыңызға жығылып, қисық болып қалыптасады.Отбасындағы тәрбие қалай болса, оның да солай болмағы заңды құбылыс.
Ал мектеп бала тәрбиесіне, оның қалыптасуына белгілі бір дәрежеде ғана жауап бере алады.
Осы ретте бала тәрбиесіне байыпты қарау керектігі әрбір ата-ананың жадында жаңғырып тұруы тиіс.Өмірге сәби әкелгесін, оның болашағын ойлау ләзім.Оның өмірге деген көзқарасын, келешекте қалай болмағын күні бұрын құнттаған жөн. Сөйтіп бала есейе келе сіз бен үйдің отағасынан көрген –білгендерін қайталай бастайды.Ендігіде сіз тәрбие беруші объектіге айналасыз. «Ұяда не көрс, ұшқанда соны ілетін» баланың ертеңгі жүріс-тұрысы, парасат-пайымы сөз саптауы мен өмірге деген көзқарасы бүгінгі сіздің болмыс-бітіміңізді қайталап жатса, оған таң қалудың еш жөні жоқ.
Енді осы баяндама негізін басшылыққа ала отырып, бала тәрбиесі жөніндегі сұрақтарға байыпты жауап іздейік.
«Тәрбие» деген сөзді қалай түсінесіздер?
Балаңыздың тәртібі жөнінде не айта аласыздар?
Балаңыздың үйдегі мен сыныптағы міндеті қандай?
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» деген мақалды қалай түсінесіздер?
Ендеше бала тәрбиесін екінші орынға ысырып қоймай,бесігіміздің дұрыс тербелуі үшін, бүгіннен бастап білек сыбанып кіріскеніміз дұрыс.Осы ретте ата-аналар мен мектеп ұжымы кер тартпай, бір-біріне деген құрмет сезімін жоғалтпай, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарса нұр үстіне нұр болар еді.Ал бізге керегі жекелеген саусақтардың әрекеті емес, жұмылған жұдырықтың бірлігі.ендеше ертеңге қалдырмайық, кеш болады.
Дуйсенбаева Гульзада Талаповна
Харькин орта жалпы білім беретін мектебі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Бала тәрбиесіне байыпты қарайық"»
Бала тәрбиесіне байыпты қарайық
Ұрпағымызды саналы, салауатты, дені сау, рухы биік етіп тәрбиелеу үшін, ата-ана мен ұстаз арасындағы байланыс тығыз болуы шарт.
«адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, тәрбиесіз білім алу мүмкін емес.
Тәрбиелі адам дегеніміз-надандыққа қарсы ереженің бәрін бір бойына жинақтаған адам.Ұрпақтың қамын ойлау-бүкіл қауымға ортақ парыз.Сондықтан бала өсіру, оны өнер-білімге, адамгершілікке тәрбиелеу ата-анамен ұстаздардың міндеті. Қай ата-анада баласын жаман болсын демейді.Барлық ата-ана балам жақсы болып өссін екен, елімнің қалаулы азаматы болса екен деп армандайды. «Баланың бас ұстазы-ата-анасы» дейді.Ендеше баланың жақсы болып өсуіне отбасының ықпалы зор.
Болашақ жасөспірімдерді рухы мықты, еңселі азамат етіп тәрбиелеп шығару үшін осы айтылған сөздердің маңызы ерекше.
Жас өскін талды қалай қарай исең, солай өседі.Әу баста түзу тұрған шыбық сіздің қисайтқан бағытыңызға жығылып, қисық болып қалыптасады.Отбасындағы тәрбие қалай болса, оның да солай болмағы заңды құбылыс.
Ал мектеп бала тәрбиесіне, оның қалыптасуына белгілі бір дәрежеде ғана жауап бере алады.
Осы ретте бала тәрбиесіне байыпты қарау керектігі әрбір ата-ананың жадында жаңғырып тұруы тиіс.Өмірге сәби әкелгесін, оның болашағын ойлау ләзім.Оның өмірге деген көзқарасын, келешекте қалай болмағын күні бұрын құнттаған жөн. Сөйтіп бала есейе келе сіз бен үйдің отағасынан көрген –білгендерін қайталай бастайды.Ендігіде сіз тәрбие беруші объектіге айналасыз. «Ұяда не көрс, ұшқанда соны ілетін» баланың ертеңгі жүріс-тұрысы , парасат-пайымы сөз саптауы мен өмірге деген көзқарасы бүгінгі сіздің болмыс-бітіміңізді қайталап жатса, оған таң қалудың еш жөні жоқ.