kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абайлаңдар балалар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:  Абайлаңдар, балалар!

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері

          Сабақтың  түрі:  Сайыс  сабақ.

          Сабақтың  барысы: 1. Ұйымдастыру  кезеңі.

          Қазақстан  Республикасының  Жол қозғалысы ережелері жайлы мәлімет                                                                                                                                                                                                                                                                                            беріліп  тақырып  баяндалады.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті киім киген оқушылар – «Қызылдар», сары түстілер- «Сарылар», жасыл түстілер – «Жасылдар».

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін  әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Абайлаңдар, балалар!»  атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абайлаңдар балалар»


Тақырыбы: Абайлаңдар, балалар!

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелері жайлы мәлімет беріліп тақырып баяндалады.

Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті киім киген оқушылар – «Қызылдар», сары түстілер- «Сарылар», жасыл түстілер – «Жасылдар».

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім: Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Абайлаңдар, балалар!» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген,

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Кешіміз басталсын сәлемменен!

Жүргізуші: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл түсті белгісі бар топ «Жасылдар» және сары түстілер – «Сарылар» тобы.Әр топ өздерін таныстырады:

«Қызылдар» тобы: Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға.

«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін, жасқанба!

Жүргізуші: Қызыл жанды, тоқтағын,

Көрдің жұрттың тосқанын.

Сары жанды – дайындал

Айналаңа қарап ал.

Жасыл жанды – тыңдағын

Жолың ашық, тұрмағын.

Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы – Бағдаршамды ортаға шақырамыз.Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады.

Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.

Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.

Бағдаршам: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мұдіріп, ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Жүргізуші: Жарайсың, Бағдаршам! Ал енді сұрақ қойып топ мүшелерін тексеріп көрейік.

Викториналық сұрақтар:

1. Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек?

2. Жол таңбасы қандай түрге бөлінеді?

3. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?

4. Бағдаршамда сигналдар қалай орналасқан?

5. Жол белгілері қандай топқа бөлінеді?

6. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?

7. Оқушылардың велосипедпен көшеде және жолда қай жастан жүруіне рұқсат етіледі?

8. Велосипедпен жолға шығарда нені тексеру қажет?

9. Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады?

10. Габариттік оттар қай кезде жанады? (фарлар)

11. Жүргізушілер сыртқы жарық приборларын не үшін қосады?

12. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді?

Дұрыс жауап берген топқа өздеріне сәйкес келетін түстен жетондар беріледі.

Жүргізуші: Жарайсыңдар. Жол ережесіне қатысты сұрақтарға ең көп жауап айтқан .... топ мүшелері. Құттықтаймыз! Ал енді бір топтың үй тапсырмасын тексерейік. Бағдаршам туралы деректер дайындау керек болатын, ендеше, тыңдалық.

«Қызылдар» тобы: Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі-түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өнінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

«Сарылар » тобы: Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.

«Жасылдар» тобы: Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келіпсіңдер. Ал енді кезекті жол белгілеріне береміз.

1-топ: Ескерту белгілері . Қолына айналасы қызыл жолақпен көмкерілген тең қабырғалы үшбұрыш белгі ұстаған топ басшысы:

Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.

Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

Үшбұрышты қызыл бояу – мен көрінсем абайла!

Қалған топ мүшелері басқа ескерту белгілерін көрсетіп таныстырады.

2-топ: Тыйым салу белгісі. Қолына қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгі ұстаған топ басшысы:

Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты.

Дөп-дөңгелек қызыл шеңбер, мен көрінсем «Тоқта қане» деп жар салар тыйым салу белгісі.

Топ мүшелері тыйым салу белгілері туралы айтады, таныстырады.

3-топ: Міндеттеу белгісі. Қолында көк түсті дөңгелек белгі ұстаған топ басшысы:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын айшықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол, тартуымды міндетті орында!

Қалған топ мүшелері басқа белгілерді таныстырады.

Бағдаршам: Мен сендерге ризамын. Бүгінгі жол ережесіне арналған шараға өте жақсы үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарың көрініп тұр. Рахмет сендерге. Барлық белгілермен мына отырған балаларды таныстырып шықтыңдар. Енді бұл сынып оқушылары көшеде жол ережесін бұзбайды деп ойлаймын. Мен енді сендермен қоштасамын. Әлі талай сендерге қонаққа келіп тұрамын.Сау болыңдар, балалар!

Мұғалім: Сау бол, Бағдаршам. Ал, балалар, бізге де қоштасатын уақыт келді. Рахмет, балалар бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер.Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

Барлығы: Жол тәртібін білейік

Аман есен жүрейік!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Абайлаңдар балалар

Автор: Елмирзаев Бақберген

Дата: 05.02.2018

Номер свидетельства: 454763

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Абайла?дар, балалар! Ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(31) "abailan-dar-balalar-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "303677"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457587603"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Абайла?дар, балалар! Жолда ж?ру ережесі "
    ["seo_title"] => string(44) "abailan-dar-balalar-zholda-zhuru-ieriezhiesi"
    ["file_id"] => string(6) "233766"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1443203766"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Абайландар, балалар!"
    ["seo_title"] => string(18) "abailandar_balalar"
    ["file_id"] => string(6) "436077"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1509552343"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Жол белгілері туралы сабақ"
    ["seo_title"] => string(30) "zhol_bielghilieri_turaly_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "471525"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1527642535"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) ""Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" айлығының іс-шаралар жоспары"
    ["seo_title"] => string(67) "balalardyn_zholdag_y_k_auipsizdighi_ailyg_ynyn_is_sharalar_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "416452"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1495048638"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства