Мақсатым – ұлт болашағына алаңдайтын ұлы тұлғалар тәрбиелеу. Міндетім – тәліммен қоса тәрбиені де қатар беру. Еңбек еткен ұстаздық жолымда қанша шәкіртке бағыт-бағдар бердім. Білім бәйгесінде баптағандарым бүгінде бір отбасының ұйтқысы, бір елдің белді азаматы болып отыр. Мамандықпен мақтану әсте әбестік емес. Өйткені, мұғалімнің қашанда рөлі шынайы, болмысы биік. Педагогика мен психологияны қатар алып жүру кім-кімнің болсын қолынан келе бермейді. Ұстаздық жолында одан бөлек, қоғамнан да хабарың болуы маңызды. Демек, әлеуметтану да артықшылық етпейді. Философия да ұстаздың басты қаруы. Ұстаз – осындай әмбебаптықты талап ететін күрделі мамандық. Мен Ұстазбын. Ертеңгі күннің еңселі ұрпағын саналылыққа қарай бағыттау басты міндетім. Ол үшін білім де, әдіс пен тәсіл де, арнайы дәреже де маңызды емес. Ең әуелі адамдықтың шынайы бейнесін шәкіртке көрсете білу қажет. Мейірімге мұқтаж мына заманда мұғалімнің берері мол. Қаталдық қағидасы бұл күнде өз мәнісін жойған. Себебі, бүгінгі қоғам тым күрделі. Оқушы психологиясы да соған сай қиындау. Ата-анамен дұрыс қарым-қатынас орнату, оқушымен тіл табыса білу, түрлі методика арқылы қызығушылықты арттыру – ұстаздың жетістігі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Көрнекілігі: ақын портреті, плакат, жұлдызшалар, жалауша, топшамалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. С.Торайғыров кім?
2. Шілде қай мезгіл?
3. Шілде айын көзге қалай елестетуге болады?
4. Өлеңде қандай көркемдегіш сөздер бар?
5. Кейіптеу деген не?
6. Өлеңдегі кейіптеу сөздерді ата.
7. Өлеңнін көркемдік ерекшелігі қандай?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. М.Жұмабаев өмірі
2. Шығармашылығы
Жаңа сабаққа тірек сөздер:
1. Туған жері – Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы.
2. 4 жасар зерек Мағжан
3. Табиғатқа сүйіспеншілігі
4. Медресе шәкірті
5. Көп тілді меңгеруі
6. Поэзия пайғамбары, ұлы ақын.
Ол шын мәніндегі ұлт тірегі – ұлы ақын еді. Ол астарлы солақай саясаттың құрбаны болды.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ большевиктік қызыл туды перде етіп, сол тудың екінші түбімен Мағжан тәрізді поэзия пайғамбарларын шаншып жатты.
Бақталастық, алтыбақан алауыздық, өзінен төбесі озғанды көре алмаушылық тәрізді қазақ қасіреті қазақтың өзін ойран етті.
Ол надандықпен айқасты. Ақын өз ойын өлеңмен өрнектеп, халықты өнер-білімге шақырды.
М.Әуезов, Ж.Аймауытовтардың т.б. әдебиетшілердің пікірінше Мағжан Абайдан кейінгі еінші тұлға деп саналған.
ІІІ. А) «Балалық шақ» өлеңін оқу
Ә) Өлеңдегі нақыл сөздер І. Білімдінің сөзі – ем. ІІ. Балалық шағың – патшаның тағы.
1. Осы нақыл сөздер қандай мағынада?
Түсінік
Балалық шақ – адамның ең бақытты сәттері. Балалық шаққа жететін нәрсе жоқ. Еркелік, еркіндік, арман-қиял бәрі осы кезеңде, ата-ананың аялы алақанындағы ең бір қымбат, аяулы кезең.
ІІІ. Білімді адаммен сөйлессең көкірек көзің ашылады. Адам өмірінднгі ең жақсы қасиет – ұстаз бола білу. (Шәкірт айта жүретіндей)
Өзің білмесең білгендерден сұра.
ІV. Өлең қандай ақындардың өлең шумақтарына ұқсас? Абай (Әсемпаз болма әрнеге), Ыбырай (Кел, балалар, оқылық), Шәкәрім (Жастарға)
V. Өлеңнің тақырыбы (өнер-білім тақырыбында)
VI. қандай сиапт? (өсиет-өнеге)
VII. Балалық кезеңді қалай сипаттар едің? (Өлең, әңгіме, т.б.)
Ширату сұрақтары:
1. Сендер қай кезеңді бастан кешіріп жүрсіңдер? (балалық, жастық, кәрілік)
2. Өлең қандай көңіл күйде жазылған? (талап ету)
3. Өздеріңе ұнаған шумақ.
4. Өлеңдегі сызықшалар не үшін қойылған?
5. Оқу-білім туралы мақал-мәтелдер.
Мағжан
Ақын әдебиетші ғалым ұстаз қайраткер
6. Өлеңдегі білімді адам қандай? (беделді, адал, өжет, парасатты, қайратты, қадірлі, еңбекқор, көсем, шешен, мейірімді, кеңпейіл.
Бағалау.
Қорытындылау. «Мен, күн ұлы, көзімде күн нұры бар,