Просмотр содержимого документа
«Бір фазалы асинхронды қозғалтқыш»
Ашық сабақ
ТАҚЫРЫБЫ:БІР ФАЗАЛЫ АСИНХРОНДЫ ЭЛЕКТРҚОЗҒАЛТҚЫШ
Арнайы пән оқытушысы М. Оршабеков
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Білімділік: Білімгерлерге бір фазалы, қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыштың құрылысын түсіндіру, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: Білімгерлерге қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқышты тұрмыста қалай пайдаланылатынын түсіндіре отырып, олардың кәсібилік және ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық: Білімгерлердің пәнге және мамандыққа деген қызығушылығын арттыра отырып, оларды еңбекке баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.
ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА
Асинхронды электрлік қозғалтқыш — электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіруге арналған электр машинасы. Айналу магниттілігі деп аталған құбылысты алғаш рет 1824 ж. француз физигі Р.Ф. Араго тәжірибе жүзінде көрсетті. Ал бұл құбылыстың ғыл. негізін 1888 ж. а Г.Феррарис (Италия) пен хорват ғалымы Н.Тесла (АҚШ) әрқайсысы өз бетінше ашты. Алғашқы үш фазалы А. э. қ-ты 1889 ж. орыс электротехнигі М.О. Доливо-Добровольский жасады. А. э. қ-тың жұмыс принципі ротор мен статордың магнит өрістерінің өзара әрекетіне негізделген. Статор орамдары арқылы ток өткенде, айнымалы магнит өрісі пайда болады. Бұл өріс ротор орамында ток тудырады. Пайда болған ток айнымалы өріспен әсерлесіп, роторды ілестіре айналдырады. Оның бұрыштық айналу жылдамдығы полюстер жұбының санын ауыстырып қосу, қоректік ток жиілігін, ротор тізбегіндегі кедергіні өзгерту, сондай-ақ бірнеше машинаны тізбекке қосу арқылы реттеледі. А. э. қ-тың айналу бағытын статор орамасының кез келген екі фазасын ауыстырып қосу арқылы өзгертуге болады. А. э. қ-тың құрылымы қарапайым әрі сенімді болғандықтан электр жетегіндегі негізгі қозғалтқыш ретінде қолданылады. Оның қуаты бірнеше Вт-тан ондаған МВт-қа дейін жетеді
Доливо-Добровольский М. О.
(1862-1919 жж.)
Асинхронды қозғалтқыштарды, үшфазалы және бірфазалы электр желілеріне косу үшін үшфазалы немесе бірфазалы етіп жасайды. Үшфазалы асинхронды козғалтқыштар роторларының орамаларының түрлеріне қарай фазалық немесе кысқа тұйыкталған роторлы асинхронды қозғалткыштар деп бөледі.
Бір фазалы қозғалтқыштар үш фазалы желі жоқ жерде: тұрғын үйлердегі, кеңселердегі, конақ үйдегілерді, т.б. түрлі тұрмыстық электрқондырғыларды жүргізуге пайдаланады.
Бір фазалы асинхронды козгалткыш құрылысы жағыынан үш фазалы қозғалтқышқа ұқсас, айырмашылығы статорға үш орама емес, екі орама салынады. Мұнда статор орамасының орындалуы әр түрлі болуы мумкін. Егер тарамалы ойықты статор болса, онда орамалар ойықтарга салынады, ал айкын полюсті статорда орамалар шаргы түрінде орындалады. Статордың бір фазалы орамасы, орам саны әр түрлі екі орамаға бөлініп, кеңістікте бір-біріне қарағанда геометриялық ығысып, орналасады. Орам саны көп орама жұмысшы деп, орам саны аз орама іске қосушы делінеді. Іске қосу орамасы қозғалтқышты жүргізу кезінде ғана қосылады. Әдетте, бір фазалы электрқозғалтқыштардың роторы қысқа тұйықталады.
БІР ФАЗАЛЫ АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШ НЕГІЗГІ ЕКІ БӨЛІКТЕН ТҰРАДЫ:
1. Статоры
Қозғалтқыштың айналмайтын бөлігі статор. Статор өзекшесі қалыңдығы 0,35 – 0,5 мм электротехникалық болат пластиналардан жиналған. Пластиналарды қуыс қалатындай тығыздалып жасалады, құйынды токтарды азайту үшін пластина араларына лак, жұқа қағаз және т.б. оқшаулағыштармен оқшаулайды. Осы пластинадан жиналған статорды корпусқа мықтап бекітіледі.
2. РОТОРЫ
Асинхронды қозгалтқыштардың роторлары қалыпталып жасалған тісті дөңгелек қаңылтырдан құрастырылады. Қаңылтырлар гистерезис құбылысынан болатын магниттік және электрлік шыгындарды азайту үшін арнайы электртехникалық болаттардан жасалып, құйынды токтың өтуіне кедергіні арттыру үшін лакпен оқшауландырылады. Ротордың қаңылтырлары цилиндр түрінде престеледі, оның қажет пішінде ұзына бойында ойыгы болады. Роторды білікке мықтап отырғызып кілтекпен (шпонкамен) бекітеді, ол жүктеме кезінде айналып кетуден сақтандырады. Айналған кездегі ортадан тепкіш күштердің әсерінен, ротордың ойықтары статордың ойығына қарағанда жабықтыгы жоғары болғандықтан, оның орамаларына аз әсер етеді. Қысқа тұйықталған роторлар үшін ойықтың жабық түрлерінде қолдануга болады
БІР ФАЗАЛЫ АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІН БЕЙНЕРОЛИКТЕН БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК.
https://www.youtube.com/watch?v=AH4iATwQaik
БІР ФАЗАЛЫ АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАР ҚАЙ ЖЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ?
Кір жуу машинасы
мұздатқыш
Су сорғысы
Үй жұмысы
1. Асинхронды қозғалтқыштарын қолдану аймағы.
2. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау.
3. Бір фазалы қозғалтқыштардың басқа асинхронды қозғалтқыштардан айырмашылығы неде?
4. Бір фазалы қозғалтқыштар қай жерде кең қолданылады.