Просмотр содержимого документа
«"Арман қала - Астанаға - 20 жыл" және «Павлодарға-80жыл»»
«Арман қала - Астана» 20 жыл және «Павлодарға-80жыл» атты сынып сағатының өткізілуі мен көрмемен таныстыру
20 қаңтар күні 3«а», 3«ә» сынып оқушылары және бастауыш сынып мұғалімі мен бірлесе отырып Елордамыз Астанаға 20 жыл толуына
«Арман қала - Астана» атты сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға еліміздің бас қаласы Астана туралы мәлімет беру.
Астана туралы деректермен білімін дамыту.
Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Оқушыларға Астананың тарихы туралы туралы құнды ақпараттар айтылды. Топқа бөліп, тапсырмалар берілді. Оқушылардың үйден дайындап әкелген қысқаша Астана туралы тақпақтарын айтты. Кітапхананың дәлізінде Астана туралы кітап көрмесін ұйымдастырылып оқушыларға таныстырылды.
Сол күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Павлодар облысының 80 жылдығына арнап, «Павлодарға-80 жыл» атты мектеп кітапханасында арнайы көрме жасалынды. Оқушыларға көрмемен таныстыру барысында Павлодар қаласының тарихы туралы айтылды.
Көрмеге облыстың құрылуы мен даму тарихын және өңіріміздің қазіргі тыныс-тіршілігін бейнелейтін кітаптар қойылды.
Көрменің мақсаты: Павлодарлықтарды туып-өскен өлкесінің тарихымен таныстыру, туған жеріне, қаласына деген патриоттық сезімге тәрбиелеу, облыстағы табиғи байлықтармен таныстыру, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, әдеби, мәдени және ғылыми өмірі туралы ақпараттандыру болып табылады.
Балаларға облыстың құрылуы мен даму тарихын, Павлодарлықтардың Ұлы Отан соғысында жан беріп, жан алысқандығын, облыстың тың және тыңайған жерлерін игерудегі жастардың құлшынысын, Ертістің Павлодар өңіріндегі алып өнеркәсіптердің құрылыстары, ауыл шаруашылығының, білім беру, денсаулық сақтау салаларының дамуы жайлы, облыс тұрғындарының мәдени өмірі туралы, сондай-ақ тәуелсіз алған жылдардағы инновациялық жобалардың іске асыуы, өндіріс орындарының ашылуы туралы айтылды.