Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы | Мектеп: Ақтөбе қаласы, 17 мектеп-гимназиясы Мұғалімнің аты-жөні: Наурзалина А.Т. |
Тілдік дағдылар | Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Танымал, жазба деректер, кепіл, өгіз терісі, жауапкер, уағызшы, тақуа |
Сабақтың ортасы 30 мин | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Отырардың күйреуі» фильмінен үзінді көрсетеді, Т. Жұртбайдың шығармасынан үзінді оқып береді, ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, Отырар өркениеті жайында не білесіңдер? Отырар қаласы қайда орналасқан? Фильмді көреді, үзіндіні тыңдайды, сұрақтарға жауап береді. 1. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. 2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындата- ды. 3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады. Ә) Жазылым. Оқулықтағы 5, 7-тапсырманы орындатады. Конспект жажазады, мәтіндегі ме метафораларды көшіріпжазады, мағынасынтт түсіндіреді, синонимдерін табады. Б) Айтылым. Оқулықтағы 6, 8-тапсырманы орындатады. Мәтін мазмұнын айтады, жағдаяттық тапсырманы орындайды. 4. Сергіту сәті. Мұғалім «Аквариум» тәсілін қолданып, диалог (9-тапсырма) құрғызады. Шетелдік досына қазақ жеріндегі ежелгі мәдени ошақтарды таныстырады. 5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады. Оқулықтағы 11-тапсырманы орында тады. «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады. | интерактивті тақта, слайдтар, «Отырардың күйреуі» фильмі, кітап көрмесі, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер. |
Дифференциация – Сіз оқушыларға Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) |