Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Қатысушыларды түгендеу.
2. Сайыс шартымен таныстыру.
ІІ. Жарыс кезеңдері:
І. “Лездік ” сұрақтар (әр бір сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі).
ІІ. “Бәйге” (информатика, физика, математика пәндеріне жұмбақталып 10,20,30 сандарында жасырын сөз оқылады. Таңдаған пәннің дұрыс жауабын тапқанға санның ұпайы беріледі.)
ІІІ. «Үш тұғырлы тіл»
ІV. «Көкпар» (әрбір балаға екі логикалық есептер беріледі, әр бір дұрыс жауапқа 1 дұрыс жауапқа 5 ұпай ).
V. «Адасқан әріптер» (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
VI. «Кім жылдам?» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 1 ұпай)
VII. Қорытынды. Көп ұпай жинаған оқушы “ИФМ дарабозы” атанады.
VIIІ. Марапаттау.
Әділқазы алқасын сайлау.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «ИФМ дарабозы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «ИФМ дарабозы» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік. Енді қазір алдарыңызға жеребе тасталды, барлығымыз бір-бір жеребе алайық. 1-4 дейінгі сандары бар жеребе алған оқушылар реттік номері бойынша сайысқа қатысушылар.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Ойынымыздың «Лездік сұрақтар » деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Ақпараттың неше түрі бар? (5 түрі бар)
2 - ге бөлінетін сандар не деп аталады? (Жұп сандар)
Ғасырдың жартысы неше жыл? ( 50жыл)
«Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен шыққан? (informatio)
Қандай санау жүйелері бар? (2,8,10,16)
Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)
Уақыт қандай прибормен өлшенеді ? – Сағат
Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)
Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас (Интерфейс)
20.Тармақталған алгоритмдерді программалаған кезде қандай қызметші сөздер қолданылады (If -then – else)
30. Джон Фон Нейман 1946 жылы ..... ойлап тапты.. (ENIAC машинасын)
Физика
10. Тоқ күшін өлшейтін құрал – (ампермерт)
20. Қай білеушенің температурасы жоғары? (темір)
30. Қуатты өлшем бірлігі – (Ватт)
Математика
10.Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді? (диаметр)
20.Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі (теріс сан)
30. «Геометрияға да поэзиядан кем түспейтін шабыт керек» дегенді айтқан кім? ( Әль-Фараби)
Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
30 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе
«Үш тұғырлы тіл»атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, 3 тілде жауап берсе 30 ұпай қосылады.
Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)
Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)
Қатесін анықтап берейік, -дей келе “Көкпар” атты ІV кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде логикалық есептер беріледі дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? ЖАУАБЫ: еменде алма өспейді
2. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? ЖАУАБЫ: 50 КГ
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? ЖАУАБЫ: 15км/сағ
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? ЖАУАБЫ: жоғары–
5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? – ЖАУАБЫ: спички (оттық)
6.Патша кімнің алдында өз еркімен тәжін шешеді? ЖАУАБЫ: шаштараздың
7. 100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді?ЖАУАБЫ:1 КГ
8. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. неше стакан қалды? – ЖАУАБЫ: 3 стакан
Жүргізуші.
Бұл жарыс біткен жоқ кетпейік, Келесі бөлімге беттейік. Бәріміз бірігіп, бас қосып, Адасқан әріпті реттейік дей келе
.Ойынымыздың V кезеңі “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
Нимотор ----------- Монитор
Пьюромтек ------- Компьютер
Енрепатқат -------- Пернетақта
Шығзыс----- Сызғыш
Рльоукятакл ------ Калькулятор
Ықмыс -------------- Қысым
Аэкторикелн ----- Электроника
Ерңбше-------------- Шеңбер
Жүргізуші.
Кезең. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?
М
Ш
Е
К
О
М
П
О
Н
Ң
Р
Т
Н
Ь
В
И
Б
Е
Ы
А
Ю
И
Т
О
Р
Ш
Қ
Т
Р
П
С
К
А
Р
Е
У
Е
Е
Т
Н
Е
Р
С
Р
Н
А
Қ
Т
А
Жауап: бұл жерде 6 информатикаға,1 математика қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, ШЕҢБЕР, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Енді әділқазылар алқасына сөз беріп, осы кезеңнен аз ұпай жинаған 2 оқушының ойыннан шығарып салайық.
Жүргізуші: Көп ұпай жинаған оқушы “Информатика дарабозы” атанады.
Осыменен бұл ойынды тамамдасақ Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ, Үйрендік білмегенді осы жолы, Тағы үйренеміз аман болсақ Шыңымыз биік болар, білім қусақ
Әділқазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылып, оқушыларды марапаттау.
Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «ИФМ дарабозы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!