Просмотр содержимого документа
«"Атамекенге " саяхат-Қазақстанға саяхат»
Күллі Қазақстанды 1,7 гектар аумағына сыйғызып жатқан елордамыздың ең көрікті орындарының бірі – «Атамекен – Қазақстан картасы» этномемориалдық кешені. Картада 14 облыс пен 2 республикалық маңызы бар қала – Астана мен Алматы орналасқан. Бұл парк тарихы тасқа, шежіресі құмға сіңген, ұлан-ғайыр еліміздің бітім-болмысын, мол байлығын алақандағыдай көрсетіп береді. Ең ғажабы мұнда тұлпардың тұяғын тоздырып, сұңқардың қанатын талдыратын ұлан-ғайыр кең даланы бірер сағаттың ішінде «аралап шығуға» мүмкіндігіңіз бар.
Кешегі мен бүгіннің басын біріктіріп, дархан даламыздың дара болмысын айшықтап тұрған бұл кешен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен дүниеге келген. 2001 жылы 8 қыркүйекте ашылған ашық аспан астындағы мұражайға еліміздегі көрнекті ғимараттар мен тарихи ескерткіштердің кішірейтілген макеттері орналастырылған. Бұған қоса, әр жердің табиғат ерекшеліктері де назардан тыс қалмай, аймақтағы өзен-сулар, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемінен де толық ақпарат алуға болады.
Тарих пен табиғат
Карта Еуропа мен Азияның нақ түйіскен жері – Батыс Қазақстан облысынан басталады. 151,3 мың шаршы аумақты алып жатқан кең даланың орманы мен өзен-көлін, ұшы-қиыры көрінбейтін қарт Каспийді, одан Маңғыстаудың көрікті жерлерін көңілден шығатындай етіп бейнелеген. Ақтау теңіз порты, «Қараманды», «Қаражамбас» мұнай кен орындарымен бірге Жәңгір Ханның кесенесін, Құрманғазы, Дәулеткерей сынды дәулескер күйші-композиторлардың құрметіне орнатқан ескерткіштерін көресіз. Теңдессіз минералды шикізат базасын иеленіп жатқан Ақтөбе өңірімен де осы арада толық танысуға мүмкіндік мол. Тарыдан рекордтық өнім алған Шығанақ Берсиевке, белгілі музыкант Ахмет Жұбановқа арналған ескерткіштері «Атамекеннен» орын алып тұр.
Абылай Орда тіккен жер
Бүгінде туристердің ерекше қызығушылығын тудыратын ең керемет жерлерімізге талайғы тарихы бар бейнелі Оқжетпес, Жекебатыр таулары, қасиетті Жұмбақтас жатады. Көгілдір Көкшенің тұмса табиғатының өзі неге тұрады?! Сұлулығын Сәкен жырлаған, Абылай орда тіккен жердің бейнесін, әсіресе, шетелдік туристер көбірек сұрайды екен.
Шырайлы Шығыс өлкесі
Алтау тауының бөктерінде орналасқан нулы да сулы өлке Шығыс Қазақстанның байлығы өз алдына бір төбе. Алдымен Абай мен Шәкәрімге арналған мемориалдық кешеннен басталып, ұлы ақынды оқытқан Ахмет Риза медресесінің макеті, аңызға айналған Еңлік-Кебек, Қозы Көрпеш-Баян сұлуға арналған ескерткіш-күмбездер де осы арада тұр. Бұл өңірдің тарихынан хабар беретін тағы бір керемет нысан – «Өлімнен де күшті» мемориалы. Атауынан ат үркетін бұл нысан экологиялық апат аймағы саналатын Семей жеріндегі ядролық жарылыстың адамзатқа төндірген залалы мен зардабына арналады.
Қасиетті Ұлытау
Орталық өңірге табан тірегенде Қарағанды облысындағы Домбауыл кесенесі, қаһарлы Жошы хан мен Алаша ханның кесенелерін көз алдыңа әкеліп, үш жүз бірігіп, Абылайды хан көтерген мекен қарт Ұлытаудың тарихынан сыр шертеді. Бұл облыстың қойнауы қара алтынға ғана емес, тарихи ескерткіштерге де бай екені байқалады.
Құт дарыған қазыналы өлке
Көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен оңтүстік өңірдің орны бір бөлек. Оңтүстік өңірдің ішінде көне қала – Отырар бар. Алты ай бойы моңғолдардың жойқын шабуылына төтеп берген қасиетті қаланың нобайынан бастап, Ақыртас қалашығы, Райымбек, Бәйдібек, Сыпатай батыр ескерткіштері, Қожа Ахмет Яссауи, Арыстанбаб, Қарашаш ана, Бабаджа қатын кесенелері бар. Бұдан бөлек 9-11 ғасырларда өмір сүрген оғыздар мемлекетінің Ягикент (Жаңа кент) қалашығын, Қызылордадағы Қорқыт кесенесін де тап осы жерден табасыз.
Алатау бөктері
Ару қала Алматыдағы құрылыстардың да шағын макеттері ерекше көз тартады. Алдымен көзге түсетіні көгілдір Алатаудың ақбас шыңдары, Абай алаңы мен «Арман» кинотеатры, Алматының бір кездегі символы болған «Қазақстан» қонақүйі, тағы басқа көптеген әсем ғимараттар көрікті келбетімен орныққан. Жер жәннаты – Жетісудің танымал тұлғалары баршылық. Қадырғали Жалайыр, Балпық би, Ескелді би, Қаблиса жырау, Наурызбай, Қабанбай, Қарасай, Райымбек батырлардың ескерткіш-мүсіндері, сондай-ақ, Ілияс Жансүгіров атындағы мемлекеттік университет пен Мәдениет сарайы, Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы, Шоқан Уәлиханов атындағы мемориалдық мұражай-бағы, Дәркембай Шоқпарұлы атындағы Қазақ қолөнер мұражайы, Достық үйі, Тіл сарайы, «Аңырақай шайқасы» стелласы бастаған бірнеше макет Алматы облысын айшықтайды.
Бағаналы Орда - басты Орда
«Атамекендегі» толық жасалған макет – Астана қаласының макеті болып табылады. «Астана – жаңа қала» атты Есілдің сол жағалауындағы қала құрылыстарының макеті арнайы қойылған.
Р.S: Былтырғы ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында кешендегі 30-ға тарта макет жаңартылды. Тағы 14 жәдігермен толықты. Шетелдік қонақтарды қазақтың қонақжайлығымен жақынырақ таныстыру үшін арнайы 3 киіз үй тігілді. Туристерге кең-байтақ жерімізді толық таныстыруға арналған 5 LED экран орнатылды. Жыл сайын мектеп оқушылары арнайы сынақ арқылы іріктеліп, жазғы демалыстарында экскурсия жүргізеді. Кешенде барлығы 400-ден астам макет нысаны орналасқан.
Сабақтың тақырыбы: «Атамекенге» саяхат- Қазақстанға саяхат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Атамекен, ел, туған жер ұғымдарының мәнін түсіндіру, сөздердің орын тәртібі туралы түсіндіру; Дамытушылық: балалардың танымдық көкжиегін кеңейту, тілін дамыту, ойларын ауызша, жазбаша сауатты жеткізе білуге дағдыландыру, мемлекет-тік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін арттыру. Қазақстан халықтарының ұлттық тілін дамыту, тілдердің үштұғырлығын іске асыруға ықпал жасау Тәрбиелік: ұлттық идеологияны қалыптастыру, балалардың туған тіліне, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Сабақтың түрі: жаңа білім сабағы Сабақтың әдісі: әңгіме - сұхбат, түсіндіру, көрнекі және техникалық құралдар көмегіне сүйену; Сабақтың көрнекілігі: атамекен, туған жер туралы айтылған нақыл сөздер, слайд, бейнеролик Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу; ә) Назарларын сабаққа аудару.
II.Сабақтың мақсатын айту.
ІІІ. Жаңа сабақ :
Бүгін сабағымызды әсем әнмен бастаймыз.
Миронова К. орындауында «Атамекен» әні
Ән не туралы?
Атамекен сөзінің синонимі қандай?
Отан туралы үш тілде мақал айту.
Бүгін сабақта Астана қаласында орналасқан «Атамекен» этномемориалдық кешенімен танысамыз.
Қосымша мәлімет беру.
Тарих пен табиғат
Карта Еуропа мен Азияның нақ түйіскен жері – Батыс Қазақстан облысынан басталады. 151,3 мың шаршы аумақты алып жатқан кең даланың орманы мен өзен-көлін, ұшы-қиыры көрінбейтін қарт Каспийді, одан Маңғыстаудың көрікті жерлерін көңілден шығатындай етіп бейнелеген. Ақтау теңіз порты, «Қараманды», «Қаражамбас» мұнай кен орындарымен бірге Жәңгір Ханның кесенесін, Құрманғазы, Дәулеткерей сынды дәулескер күйші-композиторлардың құрметіне орнатқан ескерткіштерін көресіз. Теңдессіз минералды шикізат базасын иеленіп жатқан Ақтөбе өңірімен де осы арада толық танысуға мүмкіндік мол. Тарыдан рекордтық өнім алған Шығанақ Берсиевке, белгілі музыкант Ахмет Жұбановқа арналған ескерткіштері «Атамекеннен» орын алып тұр.
«Атамекен» туралы бейнежазба көрсету.
Кітаппен жұмыс
Жаңа сөздермен танысу
Этномемориалдық кешен –мәдени-танымдық орын
аралау-көру-тамашалау
дарқан-кең-үлкен
тұсауы кесілген-ашылған
аумақ-көлем-ауқым
«Атамекенге» саяхат- Қазақстанға саяхат
«Атамекен – Қазақстан картасы» этномемориалдық кешені Астананың аса көрікті жерлерінің біріне айналған. Астанаға келген қонақтар бұл мәдени демалыс орталығын араламай кетпейді.
Қазақстанның дархан даласындағы көне заманғы Ахмет Иасауи, Қарахан кесенелері мен Айша бибі мазары секілді қасиетті тарихи ескерткіштерді осы кешеннен көріп тамашалайсың.
Кешеннің тұсауы 2001 жылы 8 қыркүйекте кесілген. 1,7 гектар аумақта кішігірім Қазақстан бейнеленген. Картада республикалық маңызы зор ескерткіштер, Астана мен Алматының айшықты нысандары, еліміздің 14 облысының ірі қалалары мен әсем табиғаты көрініс тапқан. Қазір 200-ден артық кішірейтілген макет бар.
«Атамекен» этномемориалдық кешені – Астанадағы ерекше мақтан тұтатын мәдени-танымдық орын. Былтыр Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы Астанада өтті. Құрылтайға келген қонақтар «Атамекен» кешенінде болды. Олардың разы болғандығы соншалық, қоштасар сәтте: «Біз бүкіл Қазақстанды аралағандай болдық» дегенді айтты.
Астана қаласының оқушылары этномемориалдық кешен қызметкерлеріне саяхат жүргізуші болып көмектесіп тұрады.
ІҮ. Бекіту:
Мәтін бойынша әр топ сұрақтар құрастырады.
5-тапсырма орындайды. Сөздердің орын тәртібін ескере отырып, сөйлемдерді құрасытру. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.
Келген, Астанаға, аралайды, мәдени, демалыс, қонақтар, орындарын.
Атындағы, Л.Н.Гумилев , Еуразия университеті, Астанада ,бар.
Алмас кеше «Атамекен» кешенінде болдық. Самат ертең Асқармен бармақпын. Кешенде биык таулар де, өзендер да көрініс тапқан. Әр облыстың жеры анық болінген.
Ү. Сабақты қорыту:
Сұхбат
(Шетелден келген қонақтардан кешен туралы ой-пікірлерін сұрау)
ҮІ. Үйге: мәтінді әңгімелеу, 4-тапсырма
Абай атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектеп
Сабақтың тақырыбы:
«Атамекенге» саяхат- Қазақстанға саяхат
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәні
мұғалімі Игманова К.А.
Талғар 2018 жыл
Сабақтың мақсаты:
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін арттыру. Қазақстан халықтарының ұлттық тілін дамыту, тілдердің үштұғырлығын іске асыруға ықпал жасау.
Оқушылар арасында қазақ тілінің қадір – қасиетін, тіл ұлттың мұрасы екенін ұғындырып, қазақ тілі бойынша алған білімдерін Отан, туған жер ұғымдарымен ұштастырып, жан – жақты дамыған, көпмәдениетті құзіретті тұлға қалыптастыру.
Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: саяхат- сайыс сабағы.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, аударма,шығармашылық жұмыс.