kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Жолда жүру ережесін сақтаймыз! " тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жолда жүру ережесін сақтаймыз! атты тәрбие сағаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Жолда жүру ережесін сақтаймыз! " тәрбие сағаты»

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілері туралы білімдерін кеңейту; жол қауіпсіздігін есте қатаң сақтауға үйрету; жол ережесінің белгілерімен таныстыру; оқушыларды көшеде дұрыс жүруге дағдыландыру.

Ұйымдастыру формасы: сахналау

Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері: демострация-иллюстрация әдісі, әңгіме, түсіндіру ойын.

Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітапшалар.

Тәрбие сағатының жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Сәлемдесу

Психологиялық сәт

ІІ Негізгі бөлім

а) Кіріспе сөз: «Жол заңы»

ә) Сұрақ – жауап: «Жол ережелері»

б) Жұмбақтар шешу

в) Ойын: «Бағдаршам»

г) Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

ғ) Жол белгілері (ескерту, сақтандыру, тыйым салу, міндеттеу, нұсқау)

ІІІ. Қорытынды бөлім

Ән: Бағдаршам

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Сәлемдесу

Психологиялық сәт

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

ІІ. Негізгі бөлім

Кіріспе: жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?

Балалар: үлгілі,тәртіпті бала.

Жұмбақтарды шешу:

1. Ала таяқ ұстаған,

Көше бойлап аяңдайды.

Жол тәртібін нұсқаған,

Адам тасып аялайды. (Автобус)

2. Өміріңді күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,

Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам)

Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп алу баршамызға керек.

Біздің қаламызда, ауылдарға ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер бұлжытпай орындауы керек.

- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.

1. Жиек жол деген не ? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)

2. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

Тақтада

Қызыл – Тоқта !

Сары – Сақтан !

Жасыл –Жол ашық!

Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға !

Жасыл көзін ашқанда ,

Өте бергін, жасқанба!

Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады.

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

Инспектор :

Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да емдейді .

Отырған мынау Медбике апаға

Айтыңдаршы, кане кімдер келмейді ?

(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған, сыртынан қан шып-шып шыққан аю өкіріп келе жатады)

Инспектор :

Апа, қараңыз мына сұмдықты ,

Маймақты кім қыңжылтты?

Мед.бике:

Маймағым, не болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас - көзіңде ?

Аю:

Айтайын мен жасырмай шынымды – ай,

Сақтап қал, апа жанымды шыбындай.

Жармасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

Мед.бике:

Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.

Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят – ақ,

Тәртіп керек, біліп ал, жан үшін !

Аю:

Медбике апа, инспектор жолдас, енді тәртіпті бұзбаймын. Кешіріңіздер мені!

Мұғалім: Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?

Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше, сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.

Оқушы қалай өтетінін көрсетеді.

Көреген, дәу қырағы,

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

  Бағдаршам

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

Сақтандыру белгісі

Қып – қызыл үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар жолдаған.

Аман – сау жүреді жаяу да, көлік те ,

Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.

Тыйым салу белгісі

Қызылмен боялған, шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты .

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар, бағдарла көз салып жан - жақты.

Міндеттеу белгісі

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол, шартыңды міндетті орында!

Нұсқау белгісі

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,

Үн -түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де , түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

III. Қорытынды бөлім

Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Бағдаршам» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман - есен жүрелік.

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
" Жолда жүру ережесін сақтаймыз! " тәрбие сағаты

Автор: Канатова Молдир Канатовна

Дата: 02.04.2017

Номер свидетельства: 405915

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Жолда ж?ру ережесін са?таймыз! Т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(52) "zholda-zhuru-ieriezhiesin-sak-taimyz-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "230177"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1442030150"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Жолда ж?ру ережесін са?таймыз! "
    ["seo_title"] => string(36) "zholda-zhuru-ieriezhiesin-sak-taimyz"
    ["file_id"] => string(6) "158287"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421725847"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Жол ережесін о?ып ?йренейік"
    ["seo_title"] => string(31) "zholieriezhiesinokypuirienieiik"
    ["file_id"] => string(6) "317321"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460337700"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Жолда жүру ережесін сақтаймыз!"
    ["seo_title"] => string(38) "zholda_zhuru_ieriezhiesin_sak_taimyz_2"
    ["file_id"] => string(6) "438404"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510497536"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Жолда жүру ережесін сақтаймыз"
    ["seo_title"] => string(38) "zholda_zhuru_ieriezhiesin_sak_taimyz_1"
    ["file_id"] => string(6) "415875"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494930017"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства