Күн: Алдар Көсе, біз Аяз Ата мен Ақшақардың хәлін біліп келейік!
Алдар: Жарайды. Мұнда жиналған балалармен біз көңіл көтере тұрайық.
Күн мен Ай кетті
Алдар: Айтпақшы балалар сендер білесіндер ме?! Биік, биік тауларда, Алыс,алыс мекенде бір топ тәттіқұмарлар (Би жариялау керек)
Алдар: Балалар Аяз Аталарыңмен Ақшақар қайда кетті? (татата) ... не, Мыстан сендерге арналған сыйлықтарды ұрлап алды, сонда кетті ме? Қап, бәлем қолыма түсе, інісін танытайын.
Ортаға мыстан шығып келді
Алдар:Әне, өзі де келе жатыр. Балалар мен қазір мыстаннан жаңа жылдық сыйлықтарымызды қайтарып алам, тек сендер маған көмектесіп тұрсаңдар болды, жарай ма? (Иә)
Мыстан: Мені кім шақырды? Ініммен таныстырғалы?
Алдар: Мен шақырдым мыстан апа! Шаршамай жүрсіз бе?
Мыстан(қуана): Жақсы! Ал, шақырғаныңа жараса келдім, інім қайда?
Алдар: Дәл алдыңызда тұрмын ғой! Қараңызшы екеуміз бір-бірімізге өте қатты ұқсаймыз, бір-бірімізден айнымаймыз. Тек сіз Мыстан апа, ал мен мыстан іні
Мыстан(ойлана, сенінкіремей): Шынымен де ұқсаймыз ба?
Алдар: Енді туыс болған соң ұқсаймыз да! Сенбесеңіз балалардан сұраңыз...
Мыстан: Егер сен інім болсаң, онда сен де былай істей алуың керек. (би кимылын жасады) дәлелде!
Алдар(күліп): Апа, бұл қимылды залда отырған балалар да жасай алады.
Мыстан: Мен сенбеймін, бұл тек біздің әулетке тән!
Алдар: Онда, сіз қазір барып, әдеміленіп, бізді шақыруымызды күте тұрыңыздар. Бай ата екеуіңіз бірге шығасыздар.
Мыстан: Шынымен де, сыйқырлы сандықты да ала шығамыз, хехехехе!
Мыстан кетті
Алдар: Ойбай басым, бір әдемі ән тыңдап алмасақ, шаршап қалдым.
Бай Ата мен Ақшамыстан
Алдар: Балалар, жаңа жылымызды құтқару үшін, мыстан мен байды алдай тұрайық, ол уақытқа дейін Аяз Ата мен Қаршақыз да келіп қалар! Келістік пе? (Иә), онда қазір Сараң Бай мен Мыстан деп, ортамызға шақырып алайық. Жарайды ма? (Иә), Онда, қайталаймыз, Сараң Бай мен Мыстан, Сараң Бай мен Мыстан...(балалар қайталап жатыр)
Ортаға Мыстан мен Бай кіріп келді. Артынан екі адам сыйқырлы сандықты ала шықты
Бай: Осы жерге қойыңдар, босындар кете беріңдер.
Амансындар қадірменді тәттіқұмар балаларым!
Мыстан: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар.
Бай: Бай аталарың келіп тұр,
Сендерге ... сөзі қалай еді?
Мыстан (бүйірінен түртіп): Сәлем беріп тұр! Хехехехе!
Бай: А, иә! Бай аталарың келіп тұр,
Сендерге сәлем беріп тұр, хехехехе!
Алдар: Бай Ата, сіз бізге сыйлық бересіз бе?
Мыстан: Менің туыстарымның бәріне береді
Бай: Менің бір шартым бар, менің жұмбақтарымды таба алсаңдар. Беремін.
Мыстан: Еңбек шарттыңды олай бұзба!
Алдар: Біздің әулет мықты ғой апа, саспа! Жұмбақ табу, бізге қиын болыпты ма? Пісте шақанмен тең!
Бай: Онда бастаймыз.
Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. (Қар) Терезеге қонады, Әсем ою ояды. (Қырау) Тікен,тікен тік пістe. Қысы жазы бip тусте (Шырша)
Мыстан: Көрдің бе? Менің туыстарымның барлығы да, өзім сияқты ақылдыыы ғооой!
Алдар: Апа, ақылды ғана емес, әрі өте таланттымыз. Солай ма балалар? (Иә)
Алдар мен топтағы балалар би билейді.
Аяз Ата мен Ақшақардың оралуы.
Мыстан: (Байға қарап) Көрдің бе? Айтпадым ба? Менің туыстарым жан-жақты деп...
Бай: Жарайсындар, керемет.
Алдар: Енді жаңа жылдық сыйлықтың кезегі келді! Солай ма балалар? (Балаларға көзін қысып)
Алыстан «Мыстан, мыстан» деген әтештің дауысы шығады.
Мыстан: Бұл кім ей? Балалар сендер білмейсіндер ме? (Жоқ)
Әтеш елге көрінді
Әтеш: Мыстан, мыстан!
Бай: Мынау кім болды?
Мыстан: Көріп тұрсың ғой, Әтеш! Менің әтешім!
Әтеш Мыстан мен Аспаздың орталарыңа келіп тұрды.
Мыстан: Мен саған үйді қарап отыр демедім бе, неге келдің?
Әтеш: Мыстан, саған жаман жаңалығым бар.
Мыстан: Кет ей! Айран тасып кетті ме?
Әтеш: Жоооқ!
Мыстан: Енді айтсаңшы...
Әтеш: Бәлкім жауабын балалар білетін шығар...
Алдар: Мен білетін секілдімін, балалар да біледі...
Мыстан: Жұмбақтамай айтсаңдаршы...
Бай: Иә...
Алдар: Балалар шындықты айтамыз ба? (Иә)
Әтеш: Аяз Ата, Ақшақар және Күн мен Ай келе жатыр.
Алдар: Және тағы бір шындық біз сіздің туысыңыз емеспіз!
Мыстан: Бір шикіліктің барын білгем... Қашайық!
Боран дауысы мен таяқтың тысыры естіле бастады. Мыстан мен Бай үрейленіп(шошып) қашуға ыңғайланып, сиқырлы сандықтың екі басынан ұстап көтеріп қашпақшы еді, Алдар сандықтың үстіңе отырып алды.
Мыстан: Алдар сен менің туысым емесің бе? Сандықты бізге бер... біз саған көөөөп сыйлық береміз!
Алдар: Азға қанағат!
Аяз атаның дауысы естілді: Жаңа жылдарыңмен!
Бай: Қаштық, қаштық!
Бай мен Мыстан сандықты тастап қашып кетті. Ортаға Аяз ата, Ақшақар, Күн мен Ай кіріп келді.
Алдар: Аманбысын Ата!
Күн: Айтым ғой, бізге тек Алдар ғана көмектесе алады деп
Ай: Дұрыс айтыпсын!
Алдар: Аяз Ата шаршаған боларсыздар! Ата, балалар сізге арнап бір ән сыйлайды.
Аяз ата әні
Жаңа жыл!
Ақшақар: Балалар Аяз атаға ән сыйласағ Аяз Ата балалармен бірігіп ойын ойын ойнайды. Кәне, балалар, Аяз атамен бәрігіп ойын ойнайык.
Бұрыламыз он жаққа – 1,2,3
Бұрыламыз сол жаққа – 1,2,3
Жиналамыз, карсы аламыз- 1,2,3
Содан кейін тарасамыз- 1,2,3
Отырамыз бірге де біз – 1,2,3
Ал сонан соң тұрамыз – 1,2,3
Би билейміз, ән салып,
Жаңа жылды қарсы алып.
Аяз ата: Өте тамаша, балалар!
Ал мен, Жаңа жылды көрмей тұрмын. Жаңа жыл қайдасын?
Күн: Мереке жалғасын табуда!
Ай: Ортамызға жаңа 2015-жылдың иесі, шопан атаның киесі қонған, Қошақанды шақырайық. Бәріміз бірге, Қошақан, Қошақан!
Ортаға қошақан шығады.
Қошақан: Мереке бүгін ортада,
Көңілді шаттық думан бұл.
Құтты болсын баршаға,
Жаңа жылмен жаңа күн!
Аяз ата: Балалар биді тамаша билейді, әнді керемет айтады, ойын ойнағанда өте тапқыр екен. Менің сендерге дайындаған сыйлықтарымды қарсы алыңдар!
Сиқырлы сандық ашылды.
Ақшақар: Рахмет, сізге Аяз ата!Балалар бүгінгі жаңа жылдық тамаша мереке, осы сыйлық үшін Аяз атамызға алғысымызды білдірейік.
Балалар: Рахмет!
Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Ақша қар: Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыздар!
Ай: Өтсін осылай жаңа өмірдің күндері,
Шарпымасын жүректердің мұң лебі.
Күн: Жарқылдасын жаңа жылдың дүрмегі. Жаңа жылда тілейтініміз жақсылық, бейбітшілік, баршамызға құтты болсын Жаңа жыл!
Алдар: Жаңа жылда, жаңа береке! Осындай мерекелерде жүздескенше балалар!
object(ArrayObject)#851 (1) {
["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
["title"] => string(197) "Методическая разработка урока по истории Отечества по теме «Правление Ярослава Мудрого» в 7 классе VIII вида "
["seo_title"] => string(120) "mietodichieskaia-razrabotka-uroka-po-istorii-otiechiestva-po-tiemie-pravlieniie-iaroslava-mudrogho-v-7-klassie-viii-vida"
["file_id"] => string(6) "120134"
["category_seo"] => string(8) "istoriya"
["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
["date"] => string(10) "1413625168"
}
}