Просмотр содержимого документа
««Толағай» спорттық сайысы»
БЕКІТЕМІН
«№33 «Әлия» бөбекжайы» жбқ МКҚК
директоры Т.Н.Сарсенбаева_________
«__» _________ 2024ж
Облыстық семинар тақырыбы: «Толағай» спорттық сайысы.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Б.Қ.Сүйіндікова
Ақтау қаласы 2024 жыл
Тақырыбы: «Толағай» - спорттық сайыс
1. Спорттық сайыстың мақсаты:
Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета спорттық ойынын дамыту. Спортшылар арасында достық қарым – қатынасты нығайту. Балалардың дене дайындығын арттырып, денсаулығын нығайту.
Қажетті құралдар: конустар, садақ, секіртпе, төсеніш, кедергілер.
2. Эстафеталық жарыс түрлері:
1. Таныстыру.
2. Допты екі тізенің арасымен қысып жүру
3. Секіртпемен секіру.
4. Садақ ату.
5. Кедергілер алаңы.
6. Жылан жүрісін салу.
3. Спорт мерекесінің қорытындысын шығару. Қатысушыларды марапаттау.
Эстафеталық жарыстың барысы:
Салтанатты іс-шараның ашылуы.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер. Бүгін өткізгелі отырған «Толағай» эстафеталық жарысына қош келдіңіздер!
Салауаттық өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып,
Болашаққа аманат қып жолдаймыз! –дей келе ортаға қатысушы командаларды шақырамыз.
(Музыка ойналып балалар саппен залға кіреді, сапқа тұрып сәлемдесу.)
Жүргізуші: Тік тұр, түзел, тік тұр, солға бұрыл, бір қатарлы саппен жүр, белгі бойынша жүгір. Бойымызды ұзартып қолдарымызды жоғары көтеріп аяқтарымыздын ұшымен жүреміз. Екі қолымыз белде аяқтын өкшесімен жүреміз. Дем алу жаттығуын жасаймыз. Екі командаға бөлініп Жалпы дамытушы жаттығуын орындаймыз.
1. Мойнымызға арналған жаттығу. Екі қолымыз белде басымызды оңға, солға қимылдатамыз кезек-кезек.
2. Иыққа арналған жаттығу: Екі қолымыз иықта аяғымыз алшақ, алға артқа айналдырамыз.
3. Қолымызға арналған жаттығу: Қолдарымызды алға, жоғары, жанға, төмен түсіреміз. Кезек-кезек.
4. Белге арналған жаттығу: Оң қолымыз белде, сол қолымызды жоғары көтеріп оң жағымызға, сол жағымызға кезек-кезек иілеміз.
5. Аяққа арналған жаттығу. Оң аяқпен, сол аяқпен, екі аяқпен кезек-кезек секіреміз.
6. Дем алу жаттығуы: Қолымызды жай көтеріп аузымызға ауа толтырып, кері шығарамыз.
Жүргізуші: Құрметті ойыншылар, бүгін «Толағай» атты эстафеталық жарысымызды бастаймыз. (екі топқа бөлініп тұрады)
Денсаулық — бар байлығың басыңдағы, Жайнаған өміріңнің жасыл бағы Қастерлеп аяласаң, мәпелесең, Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы Денсаулық қашаннан да алтынға тең, Болады болашағың жарқын да кең. Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен, Ойланып көп тасымай ақылға кел, — дей келе жарысымыздың сайыс кезеңдерімен таныс болайық. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
Эстафеталық жарыс түрлері:
1. Таныстыру.
2. Допты екі тізенің арасымен қысып жүру.
3. Секіртпемен секіру.
4. Садақ ату.
5. Кедергілер алаңы.
6. Жылан жүрісін салу.
Жүргізуші: Ал енді спорт заңы бойынша қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Бөбекжайымыздың әдіскері: И.Қ.Қарабатыр.
Бөбекжайымыздың психологы: А.Қ.Келдібаева.
Бөбекжай медбикесі: А.С.Карамурзаева.
Жүргізуші: Балалар екі командаға бөлініп сапқа тұрып жарысымызды бастаймыз.
1. Сайысымыз таныстыру. Екі топ кезек-кезек өз топтарын таныстырып ұрандарын айтады.
№ 1топ -«Жас қыран» командасы
№ 2топ -«Жас тұлпар» командасы
Командалар сәлемдесуі.
1 – команда «Жас қыран» командасы – Салауатты өмір салтын сақтаймыз, жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.
Шарты:Екі командадан бір-бір балалардан шығып допты екі тізе арасына қысып конусты айналып жүреміз, кері қайтамыз допты қысып.
3 – кезең. «Секіртпеден секіру»
Шарты: Секіртпемен конусты айналып секіріп барып кері қайту.
4 - кезең. «Садақ ату»
Шарты: Нысанаға садақ атуда ойыншылар нысанаға бірнеше жебеден жібереді. Содан кейін нысана жаңа арақашықтыққа жылжытылады, мергендер оған қайтадан жебелер жібереді.
5 - кезең. «Кедергілер алаңы»
Шарты: Конустың арасымен өрмекшілерге ұқсап шалқайып қолды жерге тіреп конусты айнала жүріп, шығыршықтын араснан өтіп, төсенішке бір рет айналып бес рет қолдарымыздың күшімен төсеніштің үстінде тізерлеп көтеріліп қайта түсу.
6 - кезең. «Жылан жүрісін салу»
Шарты: Екі командадан бір-бір баладан шығып конусты айнала жүгіріп кері кайтып артына бір баланы қосып алып конусты қайта айналып кері қайтып бір баланы қайта қосып алу.
Қорытынды:
Жарайсыздар балалар, сіздер барлық ойындарда жақсы нәтиже көрсете білдіңіздер. Ал, спорт сүйер қауым, асыға күтіп отырған боларсыз, бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтауды қазылар алқасына тапсырайық. Қорытынды сөз.