Құрметті әріптестер, ата-аналар және балалар бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысымызға ересектер және естияр тобымыздың бүлдіршіндері мен ата-аналары қатысады.
Жарысқа қатысушыларды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға -
1. Смадьяр отбасын шақырамыз.
2. Омаровтар отбасын шақырамыз.
3 Қалтөре отбасын шақырамыз.
(әр отбасы орнына келіп тұрып, тобын таныстырады)
Жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылық сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын – сауықты бағдарламалардың бірі. Олай болса сайысымызды бастайық.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер.
Сайысымыздың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс
болайық.
1.
2.
3.
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
І Кезең: «Желаяқтар»
Ойын шарты:
Бірінші ойыншы бастапқы орыннан кедергілер арасымен межені жүгіріп айналып келіп, екінші ойыншыға қол беру. Келесі ойын осы бағытта жалғасын табады. Бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.
ІІ Кезең: «Арба»
Ойынның шарты:
Әр команда мүшесі шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау.
ІІІ Кезкң: «Гүл жинау»
Ойын шарты: Ойыншылар белгіленген бағытқа жүгіріп барып бір- бірден гүлдерді алып межедегі шелекке салу керек.
ІV Кезең: «Секірмек» "Хоп доп"
Ойын шашты:
Бірінші ойыншы допты аяқ ортасына қысып секіріп келу. Балалар хоп доппен секіріп бару-келу.
V Кезең: «Кедергілердің арасымен жүгіру»
Ойын шарты:
Ойыншы бастапқы орыннан жүгіріп шығып бір айналымнан кейін анасы әкесінің белінен ұстап бірге жүгіреді келесі айналымда ата-аналар баласын көтеріп кедергілер арасымен жүгіреді. Осылайша ойын жалғасын табады.
VІ Кезең: «Баскедбол»
Ойын шарты: Ойыншылар шырмауықтың ішімен еңбектеп барып себетке допты лақтыру.
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тарасса бізге жарады.
Сайысымыздың қортындысын шығаруға кезекті әділқазы алқасына сөз кезегін береміз. (Әділқазыларды тыңдау)
Уа, халайық назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған Ұлы Абай данамыз да.
Құрметті бүгінгі сайысымыздың қонақтары! Сіздерге сайысымызға келгендеріңе көп-көп рахмет!