Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлігінің Введен орта мектебі» ММ
арналған
әдеби кештің тақырыбы:
Хусаинова Б.А.
Урмакаева Н.Қ.
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері
2016-2017оқу жылы
Әдеби кештің тақырыбы:
«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» Кештің барысы:
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Тілдер мерекесіне арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер! - Балалар,біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай Республика?
-Еліміздің Президенті, Елбасы кім№
- Отанымыздың астанасы қай қала№
- Бұрын қай қала еді?
-Еліміздің өзінің қандай қасиеттермен айбатты және айбынды?
(Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.)
1 -оқушы:Дыкин Артем
Әнұраным- жанұраным,
Айтар әнім- сөйлер сөзім.
Туған жерім- сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны!( әнұран орындалады)
(Интербелсенді тақтадан Президент қалай сайланғаны және Тәуелсіздігімізді қалай алғанымыз туралы кино көрсетіледі.)
2- жүргізуші:
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Бүгін еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-оқушы: Ильницкая Александра Армандарды жақындатып тым алыс,- Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
1 - жүргізуші: Қазақ орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
3 - оқушы:Бекмагамбетова Малика Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
2 - жүргізуші:
Туған тілім- бабам тілі-өз тілім!
Туған тілім-анам тілім –өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
«Ана тілі» әні
4-оқушы –Вигель Лариса
Мен қазақпын қанымен,сүйегіммен
Сән-салтанат салтымды сүйемін мен
Бақ орнатам осынау кең далаға
Мұрагермін,оған да иемін мен!
Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін
Қайта тудым,өмірге қайта келдім
Мен мұнда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді,айта бергім.
5-оқушы-Анисимов Сергей
Атыңнан айналайын қазақ деген
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем
Сақтапсың елдігіңді сағын сынбай
Көрсеңде көре азаппенен
Бір ата,бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
Бірлік барда тірлік бар деген бабам
Бірлік деп,бірге соқсын жүрегіміз.
«Қазағым» әні 9-сынып оқушылары
2 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.
1 - жүргізуші: Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп, Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп Өмірдің сырын ашып жүрегіме Музаның әміріне басымды иіп. Алайық ескі күйдің бәрін жиып, Жандырған ой - қиялды қалың күйік Шерттіріп құнарлырақ домбыраға Тербеліп ырғағына тамылжиық
«Қаражорға» биі .Орындайтын 7-сынып оқушылары мен би үйірмесінің жетекшісі Абрахманова А.М.
6 - оқушы:Хусаинова Аружан Қазақ дейтін менің бір елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, Өкініш пе, білмеймін қуаныш па Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімінің орындауында ән «Алға, Қазақ, жігіттері»
7- оқушы:Бекмағамбетова Айнұра
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
8- оқушы:Шаповалов Игорь
Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе - тең деп тереземді. Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
(Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша) 2 - жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік әдеби кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ халқының, Отанымыздың тарихын грек ғұламаларының айтуына қарағанда: бес анықты және бес шартын білген адам ғана сол ұлттың толық өкілімін деп айтуға құқылы.Біз қазақпыз деп айтуға толық құқылымыз.
Біз гүлденген Қазақстанға қандай үлес қосуымыз керек?
Жақсы оқу. Үлгілі тәртіп. Үлкенді сыйлау. Талмай іздену, талаптану.(оқушылар)
Ұлы Абай атамыз айтқандай « Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп елімізді өркендетуге өз үлесімізді қосайық!
1 - жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым!
- Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!