kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баймурзина Гулден Кадирбаевна

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін әсем безендірілген кабинетке көңілді әуенмен балалар кіреді.
 

1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық, Барыс жылды
Ұзатып сап Сиырды.

 2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Біз
сіздерді, Жаңа 2022 Барыс  жылымен құттықтаймыз!Сіздерге жаңа
жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз!
Балалар, енді Жаңа жыл мерекесін бастайық.
 

1-ХОРОВОД(Келді міне,Жаңа жыл)

 Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын.Әйтеке би  көшесінен үлкен тапсырма ала келдім. Бірақ мен басқа жерге келген сияқтымын.Мен қайдамын?
(Айналасына қарайды) Мына жер маған таныс емес.Бірақ, бұл маңызды
емес.Мен бұл жерге бір маңызды тапсырма ала келдім ғой, ал қалғаны
маңызды емес.Неге келіп едім? А иә!Жаңа жыл мерекесінің өтуі маған
тәуелді.Маған Жаңа жылды білдіретін сандар теруім және сөздерді айту
керек.(Телефоннан нөмір тере бастайды. Осы кезде 2 адам шығады.)

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баймурзина Гулден Кадирбаевна»

29.12.21ж

8 «Г»сынып



Төрлет, Құтты Жаңа жыл!


Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін әсем безендірілген кабинетке көңілді әуенмен балалар кіреді.


1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық, Барыс жылды
Ұзатып сап Сиырды.

2 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Біз
сіздерді, Жаңа 2022 Барыс  жылымен құттықтаймыз!Сіздерге жаңа
жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз!
Балалар, енді Жаңа жыл мерекесін бастайық.


1-ХОРОВОД(Келді міне,Жаңа жыл)

Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын.Әйтеке би көшесінен үлкен тапсырма ала келдім. Бірақ мен басқа жерге келген сияқтымын.Мен қайдамын?
(Айналасына қарайды) Мына жер маған таныс емес.Бірақ, бұл маңызды
емес.Мен бұл жерге бір маңызды тапсырма ала келдім ғой, ал қалғаны
маңызды емес.Неге келіп едім? А иә!Жаңа жыл мерекесінің өтуі маған
тәуелді.Маған Жаңа жылды білдіретін сандар теруім және сөздерді айту
керек.(Телефоннан нөмір тере бастайды. Осы кезде 2 адам шығады.)

1 Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап
Қызық күлкі тыңдаңдар!


2 Сайқымазақ:
Барлығыңыз білетіндей шыршада
Өте қызық болатынын.
Өлең айтып, би билеп
Сіздерді достар, құттықтап
Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!!!
(Ұқыпсызға көңіл аударады.)

1 Сайқымазақ: (Ұқыпсызға) Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің бе?

Ұқыпсыз: Мен бір нәрсені шатастырып тұрған секілдімін.Маған екеуміздің
біреуіміз шатасып, басқа жерге келіп тұрған секілдіміз.
2 Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық бізбен көңіл көтереді мен білмеймін, сен кімсің өзің?

Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын.Родник көшесінен келдім.Жаңа жылға асығып келдім.Енді міне қайда келгенімді білмей тұрмын.
1 Сайқымазақ: Қайда асықсаң, сонда келдің.Қарашы айналаңа адамдарда мереке,барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсылауда!
2 Сайқымазақ: Қане қараңыздаршы, қандай тамаша шырша халық сол мерекені қанекей бізбен бірге қалып көңіл көтеріп бәріміз билейік.


2-БИ(Сайқымазақтар биі)

3-МОНТАЖДАР:

1)Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
2)Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
3)Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

4-
ХОРОВОД(Пусть бегут неуклюже...)

Сайқымазақ: Барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келіп тұрған секілді. Олардың да келетін уақыты болған секілді.Біз жеделхатты алғанымызға көп болды ғой.Ал енді біздер осы жерге бір би билеп сосын аяз атаны шақырайық.
5-БИ (САНТА КЛАУС)
1 жүргізуші: Ал енді Аяз атамен Ақшақарды шақырайық:
Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар

Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын.Тышқан жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл болсын.
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
Ақшақар: Мен сендермен Жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын.Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?

6-ХОРОВОД (Дәрібаевтар «Жаңа жыл » )

Аяз ата: Ойбай, Жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген.Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар.Қане, қайдасыңдар?
Ақшақар маған көмектеседі.


7-Монтаждар:

1)Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

2)Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

3)Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.



8-БИ(MИККИ МОУС)

Ақшақар: Аяз ата, ал мен конкурс жариялағым келіп отыр. Ал қане кім бар мықты.(Ойын ұйымдастырады)
Ақшақар: Жарайсыңдар барлығыңда.
(Аяз ата барлығына дәмді нәрселер береді.)

1-жүргізуші: Құрметті достар!Бізге жақсылықтарымен толы болған.Сиыр  жылын шығарып салайық.
Сиыр: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2022 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Барысқа беремін.(Сахнаға Барыс шығады.)
2-жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.
Барыс: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты қорықтым.Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым.
Сиыр: Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.
Барлығы: Қош бол, Сиыр жылы, қош бол!
Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай бойы бағып-қақ.Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
- Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.

9- ХОРОВОД(Тик-так)
1- жүргізуші: - Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар.Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
(Хормен шыршаны айнала «Шырша жыры» әні орындалады )

(Қолдарын бұлғап шығып кетеді)


2-жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке
қашанда қуанышты өтеді.Достық, бірлік бәріне де жеңеді.Аспанымыз
бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...


10-ФЛЕШМОБ


Балалар: Сау болыңыздар!


1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар! 2022-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш алып келсін!!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баймурзина Гулден Кадирбаевна

Автор: Баймурзина Гулден Кадирбаевна

Дата: 11.01.2022

Номер свидетельства: 597329

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(173) "Қазақстанда тараған топырақ типтері,БжС технологиясының Ауызша-2 картасымен өткізілген сабақ"
    ["seo_title"] => string(80) "kazakstanda_taragan_topyrak_tipteri_bzhs_tekhnologiiasynyn_auyzsha_2_kartasymen_"
    ["file_id"] => string(6) "498352"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549272862"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства