kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Армысың,әз Наурыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Это мероприятие внеурочная посвещенному к дню Наурыз. Участвовали ученики и родителя.Пели,танцевали и играли национальные игры.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Армысың,әз Наурыз!»

22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күніне арналған сценарий

ФОН: БАСТАЛУЫ


Жігіт-Темірлан

Сәулесі бар наурызда таңғы үміттің,

Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың.

Ұлыстың ұлы күнін паш етейік

Белгісі достық пенен мәңгіліктің.

Қыз - Жұпаргүл

Келді наурыз ұлы күш тасқынымен

Ел көріскен тума-туыс, достығымен.

Қуанышы молайып ағайынның

Қайғы мұңын ұмытқан, тас жібіген

(екі әже шығып тұрады)

Әже:

Шашу, шашу ағайын!

Бар қуаныш шашу болып шашылсын.

Ренішіміз су сепкендей басылсын

Ұлы күнде ризығымыз мол болып

Шын ықылас нұрын төгіп тасысын.

Әже:

Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.


КӨРІНІС 1: «Көрісу»

Темірлан:

Самарқанның көк тасын ерітіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, елімізге құт-берекені енгізіп, нұр тамшыларын аямай төгетін, ұлыстың ұлы күні баршаңызға Наурыз мерекесі құтты болсын!

Жұпаргүл:

Наурыз- қайырымдылық пен имандылықтың, бірлік пен достықтың ұлы мерекесі. Наурыз ұлылықты ұлықтайтын, жастарымызды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейтін тағылымды мейрам!

Темірлан:

Құрметті ағайын, қош келдіңіздер! Осынау бір Наурыз мерекесінде ауылымыз аралас, қойымыз қоралас болып, құт мекенге қатар қонады екенбіз.

Жұпаргүл:

Тәңірімнің Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде киелі Шалқар жерінің осындай тамаша бір мекенін нәсіп еткеніне және сіздердей жақсы адамдармен көрші қылғанына дән ризамыз.

Жұпаргүл:

Олай болса, не тұрыс? Барлығымыз осынау дүбірлі тойды «Көрісу» дәстүріне жалғайық.

ФОН: КӨРІСУ

(Көрісу дәстүрі 5в - 5б ата-аналары)

Темірлан:

Олай болса, осы ауылда бір шаңырақ астында, бір үйдің баласындай, бір қазаннан ас ішіп, сіздермен бірге бірлігіміз жарасқан ел болайық.

Жұпаргүл:

Бәрекелді-бәрекелді, сөзіңіз өте орынды. Ендеше шақырайық жастарды, ұлыстың Ұлы күнінде алтыбақан жанында танысып, бір серпіліп қалсын.

(Қатысушы ата-аналар залға көрермендер қатарына қосылады)

Алтыбақан жаны

(Қыздардың күлкісі естіледі.) (Қыздар мен жігіттер билеп шығады.)

(Музыка ойнап тұрады)

ФОН: АЛТЫБАҚАН

КӨРІНІС 2: «Алтыбақан»

Алмагүл:

Бәрекелді, жігіттер, Ұлыстың Ұлы күнінде бір шаттанатын болдық-ау.

Шерхан:

Наурыз мейрамында сіздердей сұлулар үшін бәріне де дайынбыз, қыздар.

Гүлсайран:

Жігіттер, қыздар, көктем келді нұрын шашып, алтыбақан жанында ойын-сауық құрайық.

Темірлан:

Аруларымыз Наурыз мерекесін қатты сағынып қалыпты-ау, алтыбақанды көріп, жүздерінің күлімдегенін қарашы.

Жанар:

Жанымыз қалай жадырамасын?

Алаштың дархан жері көкке енді, көктем келіп, киелі қазақ елінің табиғатын құлпыртты. Алашым бірлеп, Қазағымның төрт түлік малын төлдетті емес пе?

Бекнүр:

Дұрыс айтасың, құрбым, көктің тынысын алып, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңалық пен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы деп бағалаған.

Темірлан:

Олай болса, төрлет, төрлет, төрге шық, Ұлы Наурыз!

Фон «Адай»

Темірлан

Ұлыстың ұлы күні - жақсы тілектер мен жылы лебіздер ақтарылатын күн. Олай болса мерекелік шараның құрметті қонағы №5 мектеп-лицей басшысы Әбдіғапарова Әлия Пауединқызы өзіңізге ұсынамыз.

Фон «Кеңжайлау»

5в- ата-ана:

Оу, ағайын, ауылға тойға жиналып қалған екенбіз, қыстан аман шыққан халқымыздың еңсесін бір көтеріп кезекті бір әдемі әнге бермедік пе?

Олай болса, сахна төріне әншілерімізді алайық!


ФОН: НАУРЫЗ

ӘН «Наурыз». Орындайтындар: мектебіміздің мақтаныштары республикалық, халықаралық ән байқауы жеңімпаздары: Мейірханова Айым, Данағұлова Қанағат.


ФОН: ҚАЗАҚ БИІ

Қазақ биі.

ФОН

КӨРІНІС 3 «Ерулік.Қонақ кәде»

Темірлан:

Уа халқым, қашанда кішілік танытып, үлкенге құрмет көрсету – салт-дәстүріміздің белгісі. Осы ауылға қоныс теуіп келіп жатыр екенсіздер, ауылдың үлкендері көршілеріміздің өнеріне тамсанып, жадырағымыз келіп тұрғаны.


Жұпаргүл: Наурыз – қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Халқымның той думаны ешбір дәстүрсіз басталмаған. Ендеше дәстүр жалғастығын көрсетіп «қонақ кәде» сұрау мақсатында кезекті мына отырған ауылдарымызға берелік.


«ЕСЕТ БАТЫР» ауылы:


(8а, 8б) Аңыз, күй


ӘЙТЕКЕ БИ ауылы:

Данағұлов Рахат:

«Алыстағы ағайыннан, жақындағы көршің артық» деген ұлы қазақ. Қазақ халқының кең пейілді, қонақжай екендігін осы ауылдың көрінісінен-ақ байқауға болады.


Санат:

Көк пен жер құлпырып, ұлыстың ұлы күнінде халқымның салт-дәстүрлері, ән-күйлері, қазақ билері төрімізге шықса, мерекеміз жарқырай түсері анық. Ағайын, баршаңызды бізбен бірге қара жорға билеуге шақырамыз.


Би «Қара жорға» (8в, 8г)


ШЫМАНҰЛЫ ауылы

Өсербай Әсет:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.


Қуандық Тұрмұхаммед:
Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.


Темірлан:

Ұлыстың Ұлы күнінде үлкендер мен бірге жастар да өнерлерін ортаға салып, мерекенің көркін келтірсін. Жастарымызды ортаға шақырайық.


Жастар биі (9а, 9б)

Жұпаргүл: Бәрекелді!

Наурыз тойға жиналған халқым менің,

Бәріңнің ойға алғаның - жарқын сенім.

Бүгінгі той - ертеңгі ардақты ісің,

Ғажап болсын бүгінгі ән мен биің. Жаңа көршілеріміз ауылдың барлық салт-дәстүрлерін білетін, өнерлерін өрбітіп, жаңадан көңіл күй сыйлай берді. Ендеше қазақ хылқының ертеден келе жатқан «Күй айтысын» білетін жандар арамызда бар ма екен? Үкілеген домбырамыздың қоңыр даусын шырқатып жіберейік.

«Күй айтыс»

Шынұзақов Жандаулет 7в, Данағұлов Рахат 8в.


ҚАЗАНҒАП ауылы: 10а, 10б - көрініс

ТӨЛЕ БИ ауылы:

Наурызым шат-думан көңіл тойы,
Жан берген тіршіліккке өмір тойы.
Кеңейіп ел-жұртына мейір шашып,
Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы.

Наурыз күні берекелі, мерекелі, шаттық пен думан тойлы жарқын күн. Ендеше ұлы тойда қатарыма қосылып, жаңадан көрші болып отырған елдің қонақ кәде орындамасақ, көрші деген атағымызға ұят болар.


(11а, 11б)


Жұпаргүл: 21 наурыз даланы халқымыздың діни түсінігі бойынша Қыдыр баба аралайды. Сондықтан әр отбасына дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қойған. Қыдыр ата ел аралап жүрген бейнелі әулие, адамға қамқоршы, дәулет беруші.

Гүлім: Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып, бата береді. 

ФОН: ҚЫДЫР АТА

Қыдыр Баба:

Армысыздар жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын.

Жаңа жыл бақыт жылы болсын!

Малың тоқ,уайым,қайғың жоқ болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле – жала жерге енсін!

Дастарханымыздан дәм кетпесін

Көңілімізден сән кетпесін .

Ұрпақ,ұлыс аман болып

Өмірімізден мән кетпесін

Құдай пейілімізді тарылтпасын,

Қуаныштан арылтпасын ,

Халқым ешбір қамықпасын,

Қасиеті шарықтасын!!!

Менің берген бұл батам-

Ұлыс күнге сақтап жүрген сұр батам! Әумин!!!

ФОН: АҚМЕРЕЙ

ӘН: «Наурыз». Орындайтын: республикалық, халықаралық ән байқауы жеңімпазы Тәнірбергенова Ақмерей.

ФОН: СОҢЫ

Жұпаргүл

Наурыз құтты болсын!

Темрлан

Дендеріміз сау, мықты болсын.

Жұпаргүл

Наурыз тойы келе берсін!

Темірлан

Барлық халық бақытты болсын.

Жұпаргүл

Еліміздің несібісі көп болсын.

Темірлан

Қош сау болыңыздар!

Жұпаргүл

Көріскенше күн жақсы!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Армысың,әз Наурыз!

Автор: Жанелова А.Е, Уталина Б.Б

Дата: 30.03.2018

Номер свидетельства: 464297

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Армысы?,?з Наурыз! "
    ["seo_title"] => string(18) "armysyn-z-nauryz-5"
    ["file_id"] => string(6) "221724"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1435566147"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""Армысы?, ?з Наурыз!""
    ["seo_title"] => string(15) "armysynznauryz3"
    ["file_id"] => string(6) "309889"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458889432"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Армысы?, ?з- наурыз! Ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(40) "armysyn-z-nauryz-ashyk-t-rbiie-sag-aty-1"
    ["file_id"] => string(6) "185729"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426234597"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Армысы?,?з-Наурыз!"
    ["seo_title"] => string(15) "armysynznauryz2"
    ["file_id"] => string(6) "304541"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457752496"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) ""Армысы?,?з Наурыз!""
    ["seo_title"] => string(18) "armysyn-z-nauryz-8"
    ["file_id"] => string(6) "320709"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461136492"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства