kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ар-ұждан және абырой туралы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ар-ұждан және абырой туралы тақырыбында дайын жоспар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ар-ұждан және абырой туралы»


Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: «№13 мектеп-гимназия» КММ

Тақырыбы: Ар-ұждан және абырой туралы (2-сағаты)

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: арлылық, адалдық, әділдік

Мұғалім: Кайрбаев А.А.

Сынып: 6 «а», «ә», «б», «в»

Күні:10-12-13.12.2018 ж.

Сабақтың мақсаты:оқушыларға ар-ұждан және абырой туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Білімділік: оқушыларға ар-ұждан және абырой туралы түсінік беру;

Дамытушылық: оқушыларға ар-ұжданын басшылыққа алып, абыройлы болуға баулу;

Тәрбиелілік: оқушыларды арлылыққа, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу

Ресурстар:

Оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, көбелек суреттері

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті

Орманға ойша серуен.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!


Үй тапсырмасын сұрау:

Құрманбай Толыбаевтың «бір билеттің кесірі» әңгімесін оқып келу.

  • Жолаушы қария неліктен билеттің табылмағанына қатты абыржыды?

  • Абырой дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өмірде адам абыройға қалай қол жеткізеді?

  • Күнделікті өмірде абыройларыңа нұқсан келмеуін қаншаықты қадағалап жүресіздер?


Дәйексөз

Ар-ұждан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты

Әбу Насыр әл-Фараби

  • Дәйексөзді қалай түсіндіңдер?

Дәйексөзді хормен, сосың ұл балдар 1 рет, қыздар 1 рет айтады, дәперлеріне жазып алады.


Мұғалім сыйы.

Өсиет

Тама елінің Сары би деген ақылгөй ақсақалы Даттың үйінде түнеп отырғанды. Сырым баланың әр сөзіне риза болып, оған мынандай өсиет айтыпты.

- Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөзі бар , соны есіңнен шығармай жүрсең , ел алдында беделді, сыйлы боласың. егер ол сөзді ұмытсаң халық сенің маңайыңа жоламай аулақ қашады.

Сырым: 
- Ол қандай сөз еді, ата, айтсаңызшы?

Сары би: 
- Арлы ұжданды бол!

Елге деген парызыңды ұмытпа!

Намысыңды жастан сақта!

Халқыңды жаралама!

Қалысыңды қаралама! 

Оқылған әңгімеден сұрақ-жауап:

Сары бидің Сырым шешенге айтқан өсиетін өз ойыңмен жалғастыр.


Шығармашылық жұмыс:

Абыройлы адамға мінездеме беріп, оның портретін жазу.


Үй тапсырмасы:

М.Құрманалиннің «Серттессең – сөзіңде тұр» атты әңгімесін оқып келу.

Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті

• Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз..Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде...Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: ОБЖ

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ар-ұждан және абырой туралы

Автор: Кайрбаев Айгали Алтыкарович

Дата: 09.12.2018

Номер свидетельства: 489816

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Ашы? саба?. Та?ырыбы: "Ар - ?ждан - адамды?ты? ?лшемі""
    ["seo_title"] => string(44) "ashyksabaktakyrybyaruzhdanadamdyktynolshiemi"
    ["file_id"] => string(6) "310343"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459001477"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства