kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?стаз.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?стаз.
Саба?ты? ма?саты: ?стаз туралы т?сінік беру. Та?ырып мазм?ныны? ?з с?зімен ж?йелі баяндау?а да?дыландыру. О?ушыларды? а?ыл - ойын, бай?а?ышты? ?абілеттерін, есте са?тауын, ?иялын, тіл байлы?ын, с?здік ?орын дамыту. О?ушыларды отбасын ??рмет т?ту?а, ?ам?орлы? жасау?а, ?дептілікке, ??ыптылы??а, жаман ?асиеттерден аула? болу?а т?рбиелеу.
?діс – т?сілдері: Хабарлау, с?ра? – жауап, т?сіндіру, салыстыру, ??гімелеу баяндау, талдау.
Саба?ты? т?рі: Аралас саба? К?рнекілігі: Суреттер, м?телдер.
Саба? барысы
?йымдастыру кезе?і
- о?ушыларды? назарларын саба??а аудару.
?й ж?мысын с?рау.
«Мектеп. Мектептегі білім к?ні» та?ырыбы бойынша т?сініктерін с?рау.
?й ж?мысын бекіту.
1. Білім к?ні бірінші сынып о?ушыларын мектепке кім ертіп кіреді?
2. М??алім балалар?а не туралы айтады?
3. О?ушылар не туралы ??гімелейді?
4. ?з мектебі? туралы айт. Ол ?андай?
5. Сені? мектебі?де ?андай кабинеттер бар?
Ребус шешу. Жауабы: ?стаз

Жа?а саба?ты т?сіндіру.
Барлы? ?лкендер ?зіні? е? ал?аш?ы ?стазын есте т?тады. Мектепке бар?ан бірінші к?нін ?мытпайды. ?р адам ?ай партада отыр?анын, саба?та ?алай жауап бергенін, кіммен достасып, кіммен ренжіскенін де есінде са?тайды. Кез келген адам ал?аш?ы ?стазына ал?ысын білдіреді. ?йткені ?стаз сені ?олы?нан жетектеп, білім ?леміне алып барады. Ол о?у?а, жазу?а, есептеуге ?йретеді.
М??алім сені? о?уда?ы жетістіктері?е ?уанып, с?тсіздіктері?е ?амы?ады. Егер сен саба?та жа?сы жауап берсе?, ?уанып, жа?сы ба?а ?ояды. Егер сен саба??а дайындалмай келсе?, ол ?ынжылады, жіберген кемшілігі?ді ж?ндеуге к?мектеседі.
М??алім – ?ашанда к?мектесуге дайын т?ратын ж?не д?рыс жол сілтейтін досы?. Ол ?зіні? о?ушыларына ?ам?орлы? жасайды. Оны т?сінетін о?ушылар жа?сы о?у?а, себепсіз саба? жібермеуге тырысады. Олар м??аліммен а?ылдасып отырады, ашы? пікірлеседі, оны? ж?мысына ж?рдемдеседі.
О?улы?пен ж?мыс.
- Та?ырыпты дауыстап, тізбектей о?у; - ?ле?ді м?нерлеп о?у
Саба?ты бекіту.
1. Неліктен барлы? адамдар ал?аш?ы ?стазын есінде са?тайды?
2. ?з м??алімі? са?ан несімен ?найды?
?йге тапсырма. 114 – 115 бет о?ып, т?сінік айту.
Ба?алау.
Ж?йрік екен аттары. --- Білмей ?ал?ан жерлері?. --- Айт?аны?а.
Ая?дамай желеді. ---- Мы?тап ой?а то?иды. ---- К??іліміз толмады
«5» ?оямын мен о?ан, --- Б?гін «4» - ке о?ыса, ---- Саба??а дайындалмай келіпті,
1 – орында келеді. ---- Ерте? «5» - ке о?иды. ---- Онысы д?рыс болмады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?стаз. »

13



ЖОСПАРЫ:

1 бөлім. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын дамытуды пайымдау мен ағымдағы жағдайды талдау

Кіріспе

1.1. Ағымдағы жағдайға талдау

1.2. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері

1.3. Тұжырымдаманың орындалу кезеңдері мен іске асырудан күтілетін нәтижелер

1.3. Тұжырымдаманың орындалу кезеңдері мен іске асырудан күтілетін нәтижелер

1.4. Әлемдік тәжірибенің оң сипаты

2 Бөлім. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидалары мен жалпы тәсілдері

2.1. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары

2.2.Бағыт «Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру»

2.3. «Жас азаматтардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық даму» бағыты.

2.4. Мемлекеттік жастар саясатын институционалды дамыту

3 бөлім. Тұжырымдаманы жүзеге асыруды болжайтын нормативті құқықтық актілердің тізімі

















МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ

1 бөлім. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатын дамытуды пайымдау мен ағымдағы жағдайды талдау


Кіріспе

Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның - дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) миссиясы осында жатыр.

Тұжырымдама Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының, Қазақстан Республикасы дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының, үдемелі индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне жауап береді және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берген тапсырмаларға сәйкес әзірленді.

1.1. Ағымдағы жағдайға талдау

Тәуелсіздіктің 20 жылдығында мемлекеттік жастар саясаты базалық қалыптасу кезеңінен өтті. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдылықтары 1999 жылғы 28 тамызда қабылданған №73 Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына енгізілген.

2004 жылы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданып, жастар жеке әлеуметтік-демографиялық топ ретінде бөлінді, оларға белгілі бір әлеуметтік құқықтар мен мемлекеттік кепілдіктер берілді.

Жастар саясатының «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» салалық бағдарламалары, сонымен қатар «Қазақстан Республикасында азаматтарды патриоттық тәрбиелеудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асырылды.

Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғарыда аталған барлық құжаттары өзінің міндеттерін орындап, жастар саясатын іске асырудың жаңа кезеңін бастауға негіз болды.

Соңғы 10 жылда санақ қорытындысы бойынша 14 пен 29 жасқа дейінгі жастардың саны 919 153 адамға өскен (1999 жылы – 3,78 млн. адам, 2012 жылы – 4,7 млн. адам).

Қазіргі уақытта жастардың басты «әлеуметтік сатылары» сапалы білім болып табылады. Жалпы, білім деңгейі бойынша 718 мың жастар жоғары білімге ие (15,9%), 306 мың жастың аяқталмаған жоғары білімі бар (6,8%), 728 мың жастардың білімі – арнайы орта (16,2%).

Елімізде «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және тағы басқа ірі жобалар іске асырылуда.

Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2001 жылмен салыстырғанда 4 есеге азайып, ТМД елдері мен Еуропаның дәл сондай көрсеткіштерінен төмендеген. 2001 жылы жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,6%-ды құрады.

Жастардың жоғары белсенділігі соңғы сайлау кампанияларында тіркелді.

Соңғы 11 жыл ішінде жастар ұйымдарының саны 7 есеге артты (2000 жылы – 150 жастар ұйымдары, 2011 году – 1043), ал жастар саясатын қаржыландыру 7 жыл ішінде 10 есеге өскен.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта қазақстандық жастардың әлеуметтік көңіл күйлерін зерттеу бірқатар проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді.

Әлемдік экономикалық дағдарыс, діни экстремизмнің таралуы жастардың өзекті шақырулар мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістерге жеткілікті түрде дайын емес екендігін көрсетті.

Жастардың білім саласындағы проблемалары едәуір шешілген, тек 4,4% мүлде шешілмегендігін көрсеткен. Медициналық қызмет көрсету бойынша проблемалар 25,3% жастарда шешілсе, 6% сұрауға қатысқандар шешілмегендігін көрсетеді.

Жұмысқа орналасу және тұрғын үй проблемасын шешуге, сондай-ақ әлеуметтік қызметке қатысты респонденттердің 20%-ы аталған сұрақтарға нақты жауап бере алмады. Бұл аталған проблемалардың өзекті болып қалатындығын, сонымен қатар осы проблемалар респонденттердің 15%-ында мүлде шешілмеген.

Сонымен қатар, респонденттердің 20,6% мемлекет жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетпейді деп белгілеген.

Жалпы алғанда, сұрауға қатысқандардың 18,5% өзінің материалдық жағдайын төмен бағаласа, 18,4% - жауап беруге қиналған, тек 8,3%-ы материалдық жағдайын жоғары бағалаған.

Адамдардың мәдени деңгейінің құлдырауы (16%) тағы бір проблема болып табылады.

Өзектілігі бойынша келесі проблемалардың қатарында: жастар ортасындағы есірткінің таралуы (15%), діни экстремизм мен терроризм қаупі (12%).

Соңғы мәліметтер бойынша жастар саны артқанымен болжамдық мәліметтерге сүйенсек жастардың саны 2015 жылы 4,52 млн. адамды, 2020 жылы 4,13 млн. адамды құрайтын болады.

Жастар санының қысқаруы еңбек ресурстары проблемаларының туындауына, экономиканың әртүрлі саласында білікті кадрлардың азаюына соқтырып, Қазақстанның сыртқы технологиялық тәуелділігі қаупін күшейтеді.


1.2. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттері

Тұжырымдама мақсаты табысты, толыққанды, бәсекеге қабілетті және патриот жас қазақстандықты қалыптастыру болып табылады.

Тұжырымдама мақсатына қол жеткізу үшін міндеттерді үш бағытта шешу қарастырылады:

  1. Бағыт «Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру»;

  2. Бағыт «Жастардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық әлеуеттерін дамыту»;

  3. Бағыт «Мемлекеттік жастар саясатын институтционалдық қамтамасыз ету».

Осы Тұжырымдама жастар саясатының жаңа үлгісін құру мен дамтыуға бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үшін негіз бола алады.


1.3. Тұжырымдаманың орындалу кезеңдері мен іске асырудан күтілетін нәтижелер

Мемлекеттік жастар саясатын одан әрі дамыту мынадай кезеңмен жүзеге асырылады:

1) 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезең;

2) 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең.


Бірінші кезеңде:

  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданады;

  • орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құзіреті мен өкілеттігі нақтыланады, олардың жауапкершілігі артады;

  • жергілікті атқарушы органдарға қарасты жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультатвиті-кеңесші органдардың тиімділігі жүйелендіріледі және артады;

  • жастар саясаты мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, жастар ұйымдары жетекшілерінің біліктілігі артады;

  • жастар саясатын талдау, мониторинг және болжау жүйесі құрылады;

  • «Жастар» республикалық сараптау-талдамалық құрылымы құрылады;

  • экономиканың әртүрлі секторларының кәсіпорындарында жастар ұйымдары құрылады және жастар саясатының корпоративтік бағдарламалары қабылданады;

  • «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастардың кадрлық резервтері», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар Отанға!» және өзге де жастар бастамалары өз жалғасын табады;

  • техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерінің мәліметтер базасы, оның ішінде сертификатталған enbek.gov.kz сайтында бұдан кейін жұмысқа орналастыру үшін құрылады;

  • азаматтық білімнің, азаматтық белсенділікті көтермелеудің жаңа әдістері енгізіледі («Қоғамға қызмет» курсы және тағы басқа);

  • жастардың азаматтылық деңгейі артады;

  • «Ертеңің үшін аянба!» еріктілік қызметі бойынша қоғамның барлық қабаттарын қамтитын жаңа азаматтық институттар құрылады;

  • мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бизнес-қауымдастықыт тарту;

  • жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін «Іске сәт!» арнайы жобасы іске асырылады;

  • жастар ортасында ғылымның мәртебесін көтеру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту үшін «Қарқын KZ» жобаларын іске асыру басталды;

  • жастардың санасында еңбек құндылықтарын арттыру бойынша «Еңбекқор» жобасын іске асыру басталады;

  • жастар үшін спорттық және демалыс инфрақұрылымдар желісі және оған қол жетімділік кеңейеді;

  • табысты жас қазақстандықтың бейнесін танымал ететін «Отандастар» жобасы іске асырылады;

  • әрбір аудан деңгейінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жастар ұйымдарын қаржыландыру енгізіледі;

  • 2014 жылға қарай жастардың денсаулық орталықтары мен жас аналар, отбасын жоспарлау мектептерінің желісі дамиды;

  • салауатты өмір салтын жастар арасында танымал ету үшін «Алға,Қазақстан!» жобасын іске асыру басталатын болады;

  • жас азаматтардың жұмыс іздеуінің орташа ұзақтығы 6 айдан 4 айға қысқартылады;

  • жұмыспен қамту өкілетті органдарымен жұмыс іздеп келген жастар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 10%-ға артады;

  • «жас отбасы» категориясы үшін тұрғын үй алуға, оның ішінде «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында жағдай жасалады (2014 жылдан бастап 3000 пәтер 2020 жылға дейін).


Екінші кезеңде жастардың жастар саясатындағы қолданыстағы шаралармен қанағаттану деңгейі артатын болады, оның ішінде:

  • жұмыспен қамту өкілетті органдарымен жұмыс іздеп келген жастар санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 20%-ға артады;

  • жастардың барлық деңгейдегі маслихаттардағы өкілеттілік деңгейі 14%-ға дейін өседі;

  • мемлекеттік қызметкер жастардың мемлекеттік қызметкерлердің жалпы санынан үлесі 30%-ға артады, оның ішінде «А» корпусындағылар саны да өседі;

  • жастардың профилактикалық тексеруден (скринигтік зерттеулерден) өтуі деңгейі артады;

  • дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту өседі;

  • жастарды жұмысқа орналастыру және жастардың кәсіпкерлік белсенділігін арттыру, оның ішінде жеңілдік несиелер арқылы арттыру шаралары жалғасын табады;

  • білім беру органдарына қарасты мектеп оқушыларын кәсіби бағдарландыру жұмыстарын үйлестіретін қызметтер құрылады;

  • жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін «Іске сәт!» арнайы жобасы жалғасады;

  • жастардың санасында еңбек құндылықтарын арттыру бойынша «Еңбекқор» жобасын іске асыру жалғасады;

  • табысты жас қазақстандықтың бейнесін танымал ететін «Отандастар» жобасы жалғасады;

  • салауатты өмір салтын жастар арасында танымал ету үшін «Алға,Қазақстан!» жобасын іске асыру жалғасатын болады;

  • жастар ортасында ғылымның мәртебесін көтеру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту үшін «ҚарқынKZ» жобаларын іске асыру жалғасады;

  • өңірлік сараптау-талдамалық құрылымы құрылады.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың негізгі қағидалары мен жалпы тәсілдері орталық және жергілікті атқарушы органдармен ескерілуі қажет және олардың қызметтерін бағалаудың критерилері болмақ.

1.4. Әлемдік тәжірибенің оң сипаты

Халықаралық тәжірибені талдау нәтижесі Еуропа, ТМД, Америка, Жапония, Қытай, Индия және Турция елдерінде жастар саясатын іске асыру мен әзірлеудің әртүрлі тәсілдерінің бар екендігі туралы көрсетті.

Барлық елдерде жастар саясатының басты мақсаты жастардың қоғамда шиеленіссіз ықпалдасуы мен өзін-өзі дамытуын арттыруға ықпал ету болып табылады.

Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту барысында шетелдерде аса жетістікпен қолданылып жүрген тәсілдер мен амалдарды қолдану жөн саналады.

АҚШ тәжірибесі жастардың шешім қабылдауға ықпал ету деңгейін арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында өзін өзі басқару органдарын дамыту көрсетілген. Сонымен қатар олар қажетті әлеуметтік, мәдени, коммуникациялы, басқарушы дағдыларды алу мүмкіндігін де береді.

АҚШ-та жастар саясатының бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға мемлекеттік-жеке серіктестің үлгісінде жеке қайырымдылық ұйымдарын, коммерциялық секторларды тарту тетіктері белсенді енгізілген.

Жастар саясатын іске асырудың жапондық тәсілдерінің негізі мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың бірлескен өзара тиімді іс қимылы мен араларындағы жауапкершілікті нақты бөлу.

Арнайы жастар орталықтарының, бюролары мен қызметтерінің жұмыс істеуін мемлекеттік тұрғыда қамтамасыз ету әдістері кең қолданысқа ие. Сонымен, Турцияда ірі қалаларда ақпараттық және мәдени жастар орталықтары, Германияда жастар ақпараттық консультативтік бюросы қызмет етеді. Аталған орталықтар желілерге қосылған, қызмет көрсетудің стандарттық базасы, ақпарат алмасу және оны жаңарту желісі бар.

Португалия мен Испанияда жастарға әлеуметтік көмек көрсетудің қоғамдық-мемлекеттік қызметі енгізілген.

Швецияда соңғы жылдары мемлекеттік органдардың қызметін тұжырымдау мен шешім қабылдау кезеңінде үйлестірумен айналысатын арнайы құрылым қалыптасқан.

Ресейде жастар саясатын іске асыру әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бағыттар бойынша ірі жобалар жүйесі арқылы жүргізіледі. Соңғы жылдары федералдық және өңірлік деңгейде жастар саясаты басқармасы құрылымы нығайтылған.


2 Бөлім. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидалары мен жалпы тәсілдері

2.1. Мемлекеттік жастар саясатын дамытудың негізгі қағидаттары

Мемлекеттік жастар саясатын республикалық және өңірлік деңгейде тиімді жүзеге асыру үшін келесі қағидаттарға сүйену қажет:

  • жастар саясатын әзірлеудің жинақтылығы мен жүзеге асырылуы, ресурстардың топтасу бағдары (барлық жауапты және мүдделі тараптарды тарту, түрлі әлеуметтік-экономикалық саланы қамту);

  • ел дамуының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндетіне арналған жастар саясатына бағытталған әлеуметтік бағыт пен түрлі жастар тобының қажеттілігі;

  • жастар саясаты саласындағы жабдықтаушы мен қызметті қолданушылар үшін ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі;

  • жастар саясаты саласындағы жоспарлау мен белгілі топқа қызмет көрсету кезінде мақсатты топқа нақты сегментация беру;

  • жауапты орындаушының кәсіптілігі мен барлық деңгейдегі тең орындаушылардың ұйымдылығы.


2.2.Бағыт «Жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын қалыптастыру»

Еліміздің болашақ дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапты, белсенді өмірлік көзқарасы бар жас адамды тәрбиелейтін жүйе енгізілетін болады.

Жастардың патриотизмін дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыру Білім және ғылым, мәдениет және ақпарат, әділет, ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдай, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және жаңа технология, шетел тілдері, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы министрлігі, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспары шеңберінде жүргізілетін болады.

Оларды жүзеге асырудың ішінде табысты жас қазақстандықтың бейнесін, патриоттылық құндылықтар, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді насихаттайтын көлемді жобалар жүзеге асырылады.

Жастар саясатын жүзеге асыру нәтижесінде жас қазақстандықтың бойында келесідей құндылықтар қалыптасады:

  1. Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс пен тектілік;

  2. Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын болу;

  3. Еңбекке құрмет;

  4. Дәстүрге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет;

  5. Достық, өзара көмек көрсету мен бірлік;

  6. Қиындықтан қорықпай табысқа жету;

  7. Отанға деген сүйіспешілік, оның өркендеуіне қызмет ету.

Осылайша жас қазақстандықтардың санасында құндылықтарды толықтыру келесідей идеологемалармен анықталады:

  1. Адалдық адамдықтың белгісі;

  2. Қарапайымдылық адамның көркі, еңбек ерлікке жеткізер;

  3. Батыр айқаста танылар;

  4. Отан отбасынан басталады, шаңырақ бірлік пен берекенің белгісі;

  5. Достық – басты байлық, жұмыла көтерген жүк жеңіл;

  6. Бейнет түбі зейнет;

  7. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Осы құндылықтарды насихаттау үшін «Отандастар» жобасы әзірленетін болады.

Бұдан басқа, шетелде білім алып жатқан жастарды қазақ диаспорасы өкілдерінің іс-шарасына тарту арқылы патриоттылыққа тәрбиелеуге ерекше назар аударылатын болады.

Жастар арасында жетістік пен патриоттыққа ынталандыру мақсатында әлеуметтік саты тетіктері іске қосылатын болады. Ол: еріктілік, мәслихаттардағы шешімдер қабылдау процесі мен мемлекеттік қызметке кіруге кең мүмкіндік болады.

Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы жастар өкілін, сондай-ақ, мемлекеттік қызметке көбірек тарту мақсатында «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы мен жастар парламентаризмі жетілдірілетін болады. Сонымен қоса, еліміздің білім ұйымдарында студенттер кеңесі, клубтар желісі және т.б. ұйымдар дамитын болады.

Жастармен жұмыстың жеке блогы «Үштұғырлы тіл» идеясы жастармен белсенді түрде жүзеге асырылатын болады.

«Орта білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбиені ұйымдастыру» пәнінің оқу әдістемелік кешенін әзірлеу жоспарланады және бұдан әрі гуманитарлық және педагогикалық оқу пәндері тізіміне енгізілетін болады.

Жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде, азаматтық тәрбие берудің бағыттарының бірі ретінде «Жасыл ел» және т.б жобалары дамиды. Танымдық фактор ретінде жастар экотуризмі дамитын болады.

Неке және отбасы институтының рөлін нығайту мақсатында отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ұрпақтар сабақтастығын сақтау мен үлкендерді құрметтеп, кішілерге қомқорлық көрсетуге бағытталған кең көлемді «Шаңырақ» жобасы іске асырылатын болады.

Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін дамыту үшін «Отаныма қызмет етемін!» жалпыхалықтық жобасы әзірленіп, жүзеге асыру жоспарланады.

Мықты ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу ұйымдастырылатын болады, оның ішінде, жастар саясаты саласындағы оқиғаларды жариялап отыратын республикалық жастар газеті, аналитикалық журнал, телебағдарлама, толықметражды көркем және документалды фильмдер, телесериалдар, жаңа әндер мен музыкалық клиптер шығарылады, «e-zhastar» интернет-порталы құрылады.

2017 жылы 28-Бүкіләлемдік Қысқы универсиада сынды оқиғаларға көптеген жастардың қатыстыра отырып іс-шаралар өткізу жоспарланады.


2.3. «Жас азаматтардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық даму» бағыты.

2015 жылы жастардың әлеуметтік-қорғалатын тобын қолдау, тұрмыстық жағдайын жақсарту, өз жұмысын құру мүмкіндігі мен еңбекпен қамтамасыз ету жүйесі дамитын болады.

Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру, жастар ортасында кәсіпкерлікті дамыту шаралары мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары аясында жүзеге асырылатын болады.

Қоғамдық жұмыстар жүйесін дамыту, жастар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру, «Жастар тәжірибесін» ұйымдастыру және «Жастардың еңбек биржасын», жастарды жұмыспен қамтуға ықпал етудің жастар орталықтарын және жастардың еңбек нарығында бейімделу орталықтарын құру жөніндегі әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру жалғасатын болады.

Осы жобаларды жүзеге асыру барысында ұлттық компаниялар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен бизнес-қауымдастық өкілдері белсенді түрде тартылатын болады.

Жастарды қоғамдық жұмысқа тарту жастар еңбек жасақтарын құру жолымен жүзеге асатын болады. Бұл жастар әлеуметтік жасағы, жастар құқық тәртібі жасағы, ауылды дамыту жасағы мен көгалдандыру, абаттандыру, құрылыс, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеп, қайта жаңғырту жасағы.

Техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінің түлектері үшін деректер базасы құрылатын болады, оның ішінде, сертификатталған, «enbek.gov.kz» сайтынан жұмыспен қамтуда нақты болжам жасалып, жоспарлауға мүмкіндік береді.

Екінші кезеңде, жастарға консультациялық және тренингтік қызмет көрсететін еңбек нарығына арналған жастарды бейімдеу орталығын құру жоспарланады.

«Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруда жастар көптеп қатысатын болады, экономиканың аграрлық, өнеркәсіптік, құрылыс секторын дамыту, сондай-ақ, жастарды еңбекпен қамтуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылатын болады.

«Жас маман» түсінігі нормативті бекітіліп, олар үшін минималды әлеуметтік пакет болады.

Жастарға техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандырудың нақты шаралары жүзеге асып, индустрализация бағдарламасына қатысу жүзеге асырылады. Осы үшін «Еңбекке жолдама» жобасын жіберу жоспарлануда.

Бұдан басқа, жұмысшы жастарды өзін-өзі дамыту, еңбек шиеленістерінің алдын-алу үшін жастар ұйымын құру және экономиканың түрлі кәсіпкерлік секторларында жастар саясатының «Еңбекқор» корпоративтік бағдарламасын қабылдау жоспарлануда. Одан басқа, түрлі мамандықтар бойынша Жалпыхалықтық «Семсер» сыйлығын шығару ұсынылады.

Жас мамандарды медициналық, педагогикалық, әлеуметтік және аграрлық мамандықтарға тарту үшін ауылдық жерлерде «Дипломмен ауылға!» жобасын жүзеге асыру жалғасатын болады.

Одан басқа, ауыл жастарына қала жастарындай тең мүмкіндік жасау мақсатында «Ауылдың тірегі» жобасын жүзеге асыру ұсынылады.

Ауылдық жерде жастар өз кәсібін ашу үшін пайызсыз және кепілсіз қаржыландыруды бөлу тетіктері қарастырылады. Осы мақсатта «Бастауыш фермер» жобасы енгізілетін болады.

Жастардың тұрғын-үй мәселесін шешу шаралары қарастырылатын болады. Жатақханалардың санын көбейту, бар жатақханаға күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ, жекешелендіріліп кеткен студенттік жатақханаларды қайтару.

Жас отбасылар үшін «Қолжетімді баспана - 2020» (2012 жылдың 1 шілдесі) бағдарламасы, сондай-ақ, жас мамандар үшін (2013 жылдан бастап) «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ желісі бойынша бойынша жалдамалы тұрғын үйді пайдалануға беру тетіктері құрылды.

Жеке қаржыландыруды басқару бойынша курстар мен семинарлар өткізу, оларды кейс-технологияны оқытуды қолдану арқылы жоспарлау, оның ішінде, нарық қорының негізі тақырыбы бойынша, сақтандыру, ықтималды басқару жоспарланады. Осыған сәйкес, «Іске сәт» жас кәсіпкерлерді қолдау әлеуметтік жобасын жүзеге асыру көзделеді.

Ғылымның мәртебесін көтеру үшін жастарды инновациялық жобаларды дайындауға тарту үшін «Қарқын KZ!» жобаларын жүзеге асыру жоспарланады. Осы жоба аясында Инновациялық идеялар банкісі құрылатын болады.

Шығырмашыл жастарды қолдау мақсатында ұлттық конкурстар, ойындар, дарынды жастар арасында турнирлер, оның ішінде жыл сайынғы халықаралық байқаулар мен турнирлерде, ойындарда қазақстандық құраманың қатысуын қамтамасыз ететін Дельфийлік ойындар өткізу жоспарланады.

Халықарлық тәжірибе негізінде ISIC халықаралық картасы үлгісінде идентификациялық картаны әзірлеп, енгізу болжамдалуда.

Жастарды толыққанды табиғи дамыту үшін жастарға арналған спорттық және демалыс инфрақұрылымдарының желісін ауылды жерлерде кеңейтіліп, оған қол жетімділікті артады, сонымен қатар, 2014 жылға қарай жастардың денсаулық орталықтары, жас аналар, отбасын жоспарлау мектептері дамиды.

Одан басқа, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін «Алға, Қазақстан!» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.


2.4. Мемлекеттік жастар саясатын институционалды дамыту

Тұжырымдаманың сәтті жүзеге асуының шешуші факторларының бірі республикалық, сондай-ақ өңірлік деңгейдегі жастар саясаты саласындағы өкілетті орган құрылымының тиімділігінің жоғарылығы.

Жергілікті атқарушы орган жанындағы консультативтік-кеңесші қызметі туралы үлгілік ереже келісімі бойынша оның құзіретіне үлес беру жолымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты бойынша кеңесінің мәртебесі айтарлықтай өсетін болады.

Жастардың мемлекеттік басқару органдарына қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жастар саясаты саласының консультативті кеңесші органдарының қызмет ету үлгісін анықтайтын сәйкес нормативтік құқықтық базалары әзірленеді.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша заңнама жаңартылатын болады.

Жастар саясатын ведомствааралық үйлестіруді, жастар саясатын талдау мен мониторингтеуді күшейтетін бірқатар заңға қарасты нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады.

Бірінші, жастар саясаты саласында жоспарлау жүйесін құру бойынша шаралар берілетін болады. Осы үшін жастар саясаты саласында талдау әдісінің бірлігі, мониторингі, және болжау енгізіліп, әзірленетін болады. Осы қызметті сүйемелдеу үшін «Жастар» сарапшылық-талдамалық құрылымы құрылатын болады.

Мемлекеттік жоспарлауға бірегей қатынас енгізу, жастар саясаты саласында мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру үшін осы салада мемлекеттік органдар қызметін тиімді бағалау әдісі дайындалады.

Сонымен қатар, өңірлерде жастар саясатындағы қаржыландыру дифференциациясы деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін қаржыландыру әдісін әзірлеу жоспарлануда. Әрбір өңірлік деңгейде жастар ұйымдарын қаржыландыру қарастырылады. Ол үшін жастар ұйымын қаржыландырудың жаңа үлгісі қарастырылатын болады.

Жұмыстың жеке блогы ретінде жергілікті атқарушы органдармен облыстық және аудандық (қалалық) деңгейде жастар мен жастар ұйымдарына арналған ресурстық орталықтар құрылады. Олардың жұмыстарын жүйелендіру үшін олардың қызмет көрсету тізімдері, стандарттары және ресурстары бекітіледі.

Жастар үшін әлеуметтік қызметті жүйелендіру шаралары бойынша заңнамалық шаралар енгізілетін болады. Олардың қызмет ету тетіктері, қаржыландыру, оларға қызмет көрсетудің тізімі мен стандарты қарастырылады.

Жастар саясаты басқармаларының барлық кезеңдері мен жастар ұйымдарының кәсібилігін дамытуда жастар ұйымдарының қатысуы қамтамасыз етіледі.

Осыған сәйкес, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен жастар саясатының көкейтесті мәселелерімен айналысатын жастар ұйымдарының қызметкерлері үшін біліктілігін арттыру курстары әзірленіп, жүйелі түрде өткізу жоспарлануда.

Одан басқа, өзара тиімділік қағидатын негізделген мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бизнес-қауымдастықтарды тарту қарастырылады.


3 бөлім. Тұжырымдаманы жүзеге асыруды болжайтын нормативті құқықтық актілердің тізімі

Осы Тұжырымдама Ережесі келесідегідей нормативтің құқықтық актілер арқылы жүзеге асады:

1) 2004 жылғы 7 шілдедегі №581-ІІ «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы;

2) Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары;

3) Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

4) Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

5) Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы;

6) Еңбекпен қамту 2020 бағдарламасы;

7) Бизнестің жол картасы - 2020;

8) Аумақтарды дамыту бағдарламасы;

9) «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы;

10) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың стартегиялық жоспарлары.






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?стаз.

Автор: Пармышева Малика

Дата: 07.04.2015

Номер свидетельства: 198200

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "А?ылшым,досым,?стазым"
    ["seo_title"] => string(20) "akylshymdosymustazym"
    ["file_id"] => string(6) "291828"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455190318"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "?стазым мені? "
    ["seo_title"] => string(15) "u-stazym-mienin"
    ["file_id"] => string(6) "147750"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1419484657"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) ""Мектеп - білім  тірегі, ?стаз - оны? ж?регі" іс- шара"
    ["seo_title"] => string(46) "miektiepbilimtirieghiustazonynzhurieghiisshara"
    ["file_id"] => string(6) "278008"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453029846"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ұстаз болу - айтуға оңай"
    ["seo_title"] => string(25) "u_staz_bolu_aitug_a_on_ai"
    ["file_id"] => string(6) "381324"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484836624"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "«Ұстаз – ұлы есім» атты концерттік бағдарлама"
    ["seo_title"] => string(47) "u_staz_u_ly_iesim_atty_kontsierttik_bag_darlama"
    ["file_id"] => string(6) "399440"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489312128"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства