kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары: "?аза?стан Республикасыны? Президенті"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Кудайбергенов Кайсар Усен?лы Алматы облысы Панфилов ауданы Шежін ауылында?ы "Шежін орта мектебі" кмм тарих-???ы? п?ндерінен 8,9,10 сыныптар?а саба? беремін. Е?бек ?тілімім: 13 жыл, білімім: жо?ары, бірінші санатты м??аліммін. ІІІ  базалы? де?гейлік білім жетілдіру курсынан ?ткем. Саба?тарымда де?гейлік курстан ал?ан білімімді тиімді пайдаланамын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары: "?аза?стан Республикасыны? Президенті"»

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Президенті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға саяхат сабағы арқылы президенттік басқаруға дейінгі билік түрі мен таныстыру. Президенттік басқару туралы оның құзыреті мен билік органдарымен байланысы жайлы түсінік беру. Президенттің айрықша белгілері жайлы айтып, таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың демократиялық мәдениетін дамыту. Тақырыпты меңгерте отырып ойлау қабілетін дамыту, алған білімін нақтылай алуға үйрету

Тәрбиелік: Елді, жерді қастерлей білуге, заңды құрметтеуге тәрбиелеу. Тәуелсіздікті құрметпен сезінуге баулу. Туған халқына, Отанына, тарихи тұлғаларға, елінің тарихи даму кезеңіне құрмет етіп, саяси-тарихи көзқарасын қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Саяхат

Сабақтың әдістері: Ауызша баяндау , пікір алысу

Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, карта, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс:  тарих, география

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа әзірлігі, өткізу барысымен таныстыру. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Бүгінгі саяхат сабағымызды ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолында ерекше орын алатын қалаларды аялдама ретінде алып отырмыз.Сабағымыздың тағы бір ерекшелігі оқушыларға әр аялдама бойынша шығармашылық тапсырмалар берілген.

Бірінші аялдама - Елбасымыздың балалық шағы өткен Шамалған ауылынан бастаймыз. Осы аялдамада тарихқа шолу жасаймыз.Жерімізде өмір сүрген мемлекеттердің басқару формаларымен танысамыз.

Екінші аялдама - Алматы.Барлық КСРО құрамында болған республикаларға тән Қазақстан да өз мемелекттік билік сахнасында өзгерулер енгізді.Осы аялдамада біз президенттік институттың енгізілуі туралы баяндаймыз.

Үшінші аялдама – Теміртау. Бұл Президентіміздің еңбек жолы бастау алған қала. Осы аялдамада біз Президенттің мемлекеттік билік органдары парламент, үкімет және сот билігімен байланысымен танысамыз.

Төртінші аялдама – Қарағанды.Елбасымыздың халық мүддесі үшін қызметін бастаған қала. Президенттің өзіне тән айрықша белгілерімен танысамыз. ҚР Президентінің айырым белгілері «Алтын Қыран» ордені, төсбелгі, Мемлекет басшысының байрағы, оған қоса Астана қаласындағы Президенттінің резиденциясы туралы мағлұмат аламыз.

Бесенші аялдама- Астана қаласы.Еңселі Елорда- Елбасы ерлігі.Заманымыздың заңғар тұлғасы- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолымен танысамыз. Елордамыздың қазіргі күндегі жарқын жетістіктерін, Елбасымыздың сындарлы саясатын сөз етеміз.





Астана

Теміртау Қарағанды




Алматы Шамалған




Бірінші аялдама : Ш а м а л ғ а н


ҚАҒАН- Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Қимақ қағанаттарының ең жоғарғы титулы болды /VI-IX ғасырлар/



ХАН- Қазақстан жерінде өмір сүрген Оғыз, Қарахан мемлекеттері мен Қыпшақ, Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан, Батыс Сібір және Қазақ хандығындағының ең жоғарғы билік иесі / ІХ-ХVІІІ ғасырлар/



ПАТША /император /- Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресей патшасы Анна Ионновнаға елші жіберуінен басталып 1920 жылға дейін / 1731-1920ж /



ХАТШЫ- Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы /КСРО/ құрамында болған жылдары мемлекетті Орталық Комитеттің бірінші хатшысы басқарды. /1920-1990 ж/



ПРЕЗИДЕНТ- Қазақстан өз тәуелсізідігін алған күннен бастап мемлекетті басқарудың жаңа формасын қабылдады.

Екінші аялдама: А л м а т ы

Қазақстанда президенттік лауазым КСРО-ның ыдырауы қарсаңында енгізілді. Барлық КСРО құрамында болған республикаларға тән Қазақстанда өз мемелекттік билік сахнасында өзгертулер енгізді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы сәуірдегі сессиясының ұйғаруымен Қазақ КСР-і президенті қызметін тағайындау туралы заң қабылданды. Осы заң бойынша президентті Жоғарғы Кеңес сайлауы керек болды. Алғашқыда президенттің өкілеттігі шектеулі болды. Билік Жоғарғы Кеңес қолында болды. Жоғарғы Кеңес барлық мәселелер бойынша заң қабылдады, президентті қайта сайлай алды. Қазақстан өз тәуелсіздігін алған уақыттан бастап президенттің өкілеттілігі күшейді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда сайлау болып, қорытындысы бойынша Н.Ә.Назарбаев дауыс беруге қатысқан қазқстандықтардың 98 пайызынан астамының қолдауын алып, бүкіл халық сайлаған тұңғыш Президент болды.

Президент (лат. – алда отырған, бастаушы)

а) басқарудың республикалық формасындағы елдердің сайланып қойылған мемлекет басшысы;

ә) қайсыбір қоғамдық мекемелердің жетекшісі.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы елімізді президенттік басқару нысанындағы мемлекет деп, Президентті мемлекет басшысы деп жариялады.


Үшінші аялдама: Т е м і р т а у

Барлық дүние жүзі мемлекеттері тәрізді республикамызда мемлекеттік билік үш тармаққа бөліну ұстанымына негізделіп құрылды.

Мемлекеттік билік




Заң шығарушы /парламент/

Атқарушы /үкімет/

Сот тармағы /сот билігі/






Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен тығыз байланыста болады.

Президент - Парламент

Президент Парламент қабылдаған заңға қол қояды.

Президенттің ерекше вето құқығы бар. Ол құқық бойынша, Президент заңды қабылдамай, әлі жетілдіріп, пысықтай түсу үшін Парламентке қайтара алады.

Вето (лат –тыйым саламын) Ежелгі Рим империясында Рим магистратының өзге магистраттардың жарлықтары мен әрекеттеріне тиым салу, мемлекет басшысының заңды орган қабылдаған заң жобасын әрекетке қосудан бас тарту құқығы.

Парламентті таратып жібере алады;

Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды;

Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады;

Парламент Мәжілісінің келісімімен Премьер-министрді, Ұлттық банк төрағасын тағайындайды және орнынан босатады.

Сенаттың келісімімен ҚР Бас прокурорын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындайды, оларды қызметтен босатады.

Президент Үкімет

Премьер-министр лауазымына адам ұсынады;

Үкіметтің құрылымын айқындайды;

Министрлерді тағайындайды және қызметтен босатады;

Министрліктерді, мемлекттік комитеттерді құрады және таратады;

Үкімет мүшелерінен ант қабылдайды;

Үкімет отырыстарына төрағалық етеді;

Мәжіліске заң жобаларын енгізу жөнінде үкіметке тапсырма береді;

Үкімет шешімдерінің күшін жояды және тоқтата алады.

Келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды;


Президент Сот билігі

Президенттің сот билігіне де қатысы бар:

Жоғарғы Сот Сот кеңесін құрып төрағасы болады.

Жоғарғы сот төрағасын тағайындайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғарғы Сот Кеңесін құрады;

Президент сонымен қоса мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелері бойынша референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) өткізу құқығы;

Қазақстан халқына жыл сайын Жолдау арнайды;Жарлықтар мен өкімдер шығарады:

Мемлекеттік органдар, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін айқандайды;

Республика азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді;

Азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады;

Халықаралық қатынастарда халық пен мемлекет атынан сөйлейді;

Төртінші аялдама: Қ а р а ғ а н д ы

Барлық елдердің мемлекеттік рәміздері сияқты президенттердің де өзінің айрықша белгілері болады. ҚР Президентінің айырым белгілері «Алтын Қыран» ордені, төсбелгі, Мемлекет басшысының байрағы оған қоса Астана қаласындағы Президентінің резиденциясы болып табылады.

Төсбелгі

Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып саналады. Оны ресми пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы №2736 «Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылу тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес айқындалған.  Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының  1995 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысымен белгіленген


«Алтын Қыран» ордені- 1995 жылғы 12 желтоқсандағы №2676 «ҚР мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңына сәйкес, «Алтын Қыран» ордені жоғары дәрежелі айырым белгісі болып саналады. Онымен мемлекетке айрықша еңбек сіңірген азаматтар марпатталады. ҚР Президенті лауазымы бойынша айрықша үлгідегі «Алтын Қыран» орденінің иесі.



Мемлекет басшысының байрағы – Қазақстан тарихында тұңғыш рет Мемлекет басшысының байрағы 1995 жылдан қолданыла бастады. Республика Президентінің төсбелгісі сияқты, ол да мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып саналады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 31 қазандағы Жарлығында Президент байрағының сипаттамасы берілген. Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы- көгілдір түсті (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен түстес) тікбұрыш нысанындағы жақтары екіден біріне сәйкес келетін кездеме. Тікбұрыштың ортасында Қазақстан Республиткасының алтын түсті Мемлекеттік Туы бейнеленген. Саптың тұсына тік сызық түрінде алтын түсті ұлттық нақыш орналастырылған.

Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Байрақтың сабы "қошқар мүйіз" түріндегі сретті қола кескіндемемен тұйықталған, оған көбілмелі шашақ бекітілген. Байрақтың сабына Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік тілде тегі, аты мен әкесінің аты және оның сайланған мерзімін көрсететін даталар өрнектеліп жазылған күміс темірше бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы Мемлекет басшысының Астанадағы резиденциясында тұрады, Елбасы сапарларында басқа резиденцияларда, оның көліктерінде болады.

Президентінің резиденциясы

Егемен Қазақстанның жаңа астанасында көркемдік маңызы мен ауқымы жөнінен қала орталығының бірегей сәулеттік ансамблі бой көтерді. Оның құрамындағы ең басты туынды- Ақорда-Қазақстан Республикасы Президентінің резденциясы.

Мемлекет басшысы атауында терең мағына бар. Тікелей аударғанда «Ақорда» (белая ставка) дегенді білдіреді. Резиденциясының Резиденцияның қасбеттері мен ішкі көріністерінің түстеріне қатысты шешімде ақ түс пен ашық реңктер басым. «Ақ» сөзі түркілік мәдениет семантикасында ең алдымен қасиеттілікті (киелілікті) білдіреді.  Бұл ұғым шаттық пен сәттіліктің, шынайылық пен мәрттіктің, ар-ұят пен жақсылықтың нышаны.Ақ түстің бай символикасы Ақорданың сәулеткерлік келбетінде көрініс тапқан.

Бірінші қабатта көлемі 1 800 шаршы метр Орталық салтанатты холл орналасқан. Ол құрметті қарауылдың қатысуымен өтетін ресми қабылдауларға арналған. Холдың ортасына зәулім күмбезді хрусталь аспалы шам ілінген.

Сонымен қатар, бірінші қабатта Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдаулар өткізуге арналғанСалтанат залы,  Мемлекет басшысының БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы және кездесулер өтетін зал, сондай-ақ Қысқы бақ орналасқан.

Екінші қабатта қызметтік бөлмелер бар.

Үшінші қабатта мынадай залдар орналасқан:

- Шығыс залы киіз үй түріне орайластырылып, мәрмәр мен гранитпен безендірілген.

Мәрмәр залы.  Қазақстан Республикасының Президенті мен шетел мемлекет және үкімет басшыларының ресми сапарлары мен саммиттерінің барысында құжаттарға қол қоюға арналған. Осы залда Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттер елшілеріне сенім грамоталарын тапсыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен және құрметті атақтарымен марапаттау рәсімдері өтеді.          

Алтын зал.  Қазақстан Республикасы Президентінің шетелдердің мемлекет және үкімет басшыларымен шағын құрамда келіссөздері мен кездесулері, Мемлекет басшысының шетелдік делегациялармен, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттер елшілерімен кездесулері мен әңгімелесулерін өткізуге арналған.

Доғал зал . Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі делегациялармен келіссөздер және Мемлекет басшысының шетелдік делегациялармен, шетелдік іскер топтар өкілдерімен кездесулері мен әңгімелесулері үшін пайдаланылады.

Қонақ бөлме Қазақстан Президентінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімінен кейін шет мемлекеттер елшілерімен әңгімелесуіне арналған.

Кеңейтілген келіссөздер залы Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің жоғары деңгейдегі делегацияларымен келіссөздер өткізуіне арналған.

Қауіпсіздік кеңесінің залы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын өткізуге арналған.

Төртінші қабатта мынадай залдар орналасқан:

Күмбезді зал Мемлекет басшысының жоғары деңгейдегі кеңестер, Қазақстан Президентінің министрліктер мен ведомстволар, партиялар, қозғалыстар мен елдің шығармашылық өкілдерімен кеңестер, Қазақтан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын өткізу үшін пайдаланылады. 

Отырыс залы Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметпен, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, облыстар және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерімен, министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен кеңестер, сондай-ақ Мемлекет басшысының республиканың іскер топтар өкілдерімен кездесулерін өткізуге арналған. 

Келіссөздер залы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының, ҚР Президенті көмекшісінің шетелдік делегациялармен, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттер елшілерімен, шетелдік іскерлік топтар өкілдерімен кездесулері мен әңгімелесулері үшін пайдаланылады.  

Кітапханада кітаптардың бірегей коллекциясы жинақталған.

Астыңғы қабаттарда түрлі техникалық қызметтер, гараж, асүй мен асхана орналасқан.

Жалпы, Ақорданың ішкі сәулеті мен безендірілуі Қазақстанның заманауи мемлекеттік стилін көрсетеді. Бұл стильдің негізі  тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қаланған және бүгін де өзінің негізгі бағыттары – мемлекеттік символикада, билік белгілерінде, ресми униформаның пішімінде, ұлттық валютада сақталған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясы біздің еліміздің ең маңызды және танымал символдарының бірі мәртебесін иеленген.


Бесінші аялдама: А с т а н а

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.

Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-1977 жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы.

1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.

1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы.

1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіске жетті.

1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде

Н. Назарбаев 79,78 процент дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта  сайланды.

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.

"Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының төрағасы.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы.

Зайыбы – Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылдың ақпан айынан бері - Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының  негізін салушы және президенті. 1994 жылдың шілде айынан С.Назарбаева - "SOS  - Қазақстанның балалар қалашықтары" қорының президенті.

Президенттің үш қызы бар.

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (1963 ж.т.) үлкен қызы. Екі ұл, бір қызы бар. Саяси ғылымдар докторы. 5-ші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі  комитеттің төрайымы. 

Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.) ортаншы қызы. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. 2004 жылдан бері - Қазақстан-Британ техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы.

Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.) кіші қызы. Екі қыз тәрбиелеп отыр. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.

















«Шежін орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















/саяхат сабағы /

Тарих-құқық пәнінің мұғалімі Қ.Ү.Құдайбергенов






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Саба? жоспары: "?аза?стан Республикасыны? Президенті"

Автор: Кудайбергенов Кайсар Усен?лы

Дата: 14.04.2016

Номер свидетельства: 318544

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(15) ""А? орда" "
    ["seo_title"] => string(9) "ak-orda-1"
    ["file_id"] => string(6) "179611"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425038116"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства