kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін- өзі тану пәнінен 5 сынып, Адамның жан сұлулығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

кпыпеыкупеыукпмыкаыфвукааааааааааааааааааааааааааааааааааыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыавуыфкецукеккккккккккккккккккккккккккккккккккккккк

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін- өзі тану пәнінен 5 сынып, Адамның жан сұлулығы»

Бекітемін:


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: Ақтоғай ауданы, Абай ОМ

Мерзiм: 23.09.16

Мұғалiм: Рахимжанова Балжан Аманжолқызы

Сынып: 5 «_а_»

Оқушылар саны:20

Тақырып: №4 Адамның жан сұлулығы

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әділдік, қайырымдылық, жауапкершілік.

Мақсаты:

Оқушыларға адам жанының сұлулығының мәні жайлы түсініктерін кеңейту арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

а)Оқушыларға жан сұлулығы ұғымы туралы түсінікті бере отырып, жауапкершілік, қайырымдылық қасиеттеріне түсінік беру;

ә)Оқушыларға жан мен тән сұлулығын ажырату арқылы қайырымдылық, әділдік, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

б) Оқушылардың бойында әділдік, қайырымдылық, жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)интербелсенді тақта

«Хрустальная грусть»әуені,

«Бала тілегі» әні, оқулық, құрал жабдықтар

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу

5«Т»еске түсіріп тәртіпке шақырып сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.

Тыныштық сәті:(Баяу әуен қойылады)

«Нұрға бөлену»

- Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

-Рахмет
-Осы тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңдар?

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтың 17-бетіндегі берілген А.Л.Бжисканың «Сұлулық сыры» әңгімесін оқып келу.

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Бейбітті қандай ой толғандырды?

2.Сұлулықтың сыры неде?

3.Бейбіт Мақсұт ағайының берген ақылынан қандай ой түйдіндер?

4.Жаны сұлу адамның бойында қандай қасиеттер кездеседі?

5.Сұлу адам болу үшін қандай құндылықты ұстану қажет?

6. Қалай ойлайсыз, ішкі сұлулығы мен сыртқы сұлулығы бір-біріне сәйкес келмейтін адамдарды кездестіруге бола ма? Мысал келтір.

Ескерту







«Хрустальная грусть» музыкасы жай дауыспен қойылады. Осы кездеоқушылар денелерін бос ұстап, көздерін жұмып отырады.






































Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын


Дәйексөз.

«Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек»

Виктор Гюго

Сұрақтар:


Дәйексөзді қалай түсіндіңдер?

Дәйексөзді ұлдарға оқыту. Қыздарға оқыту. Хормен оқу, дәптерге көшіріп жазу



Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

Мұғалімнің сыйы.

Ы.Алтынсарин

Алтын шекілдеуік

Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді. Леночка деген кіші қызы сол келтірген көп жемістің ішінде, сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады.

Шешесі айтты:

- Бұл шекілдеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал,- деп, бөтендерін беріп еді, Леночка жылай бастады:

- Мен қара шекілдеуіктерді алмаймын, алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні де тәтті шығар- деп. Шешесі тіл алмайтын қисық баланың дегенін істегеннен артығы жоқ екенін ойлап, Леночкаға алтын тыстыларын, бөтен балаларына бөтен шекілдеуіктерді таратып берді. Леночка қуанып шекілдеуіктерін дереу шаға бастады, қараса, бірінің де ішінде дәні жоқ, бос қабықтар екен. Мұны көріп қасындағы балалар мазақтап күле бастады. Сондаатасы айтты:

- Бұл шекілдеуіктер жеу үшін істелген емес, тек көзге әдемі көріну үшін қойылған; мен шекілдеуіктердің бос қабығын алып, сыртын күміспен бояп қана қойып едім, екінші рет не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы

ішінде болар,- деді.

Сұрақтар

1. Лена қандай жеміске қызықты?

2.Неге Ленаның таңдауы дұрыс болмады?

3. Ленаның атасы қандай кеңес берді?

4. Адамның асылы ішінде болу үшін қандай қасиеттер мен құндылық болу қажет?

5.Қасында отырған сыныптасының бойындағы қасиеттерін ата. Ол қандай сұлулық түріне жатқызылады?































Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын


Шығармашылықіс-әрекет, топтық жұмыс. «Мазайка құрастыру» (төрт сурет беріледі, мазайканы құрастырып топқа бөлініп отырады)

1-топ Әр жаңбыр тамшысына «Адамның жанын сұлуландыратын» қасиеттерді жазыңдар

2-топ «Адамның жан сұлулығы» тақырыбына өмірдегі жағдаятардан мысал келтіріңдер, сахналап көрсетіңдер

3-топ «Адамның жан сұлулығы» тақырыбына эссе жазу.

4- топ «Мен қайырымды баламын» 4 жол өлең құрастыру


4 топқа бөлініп отырған оқушылар тапсырмаларды бірге орындай бастайды.

Топпен ән айту.

Сөзі: С.Молдасанұлы Әні: Ф.Лұқпанова

Бала тілегі

Бал-балалық балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел достарым әндетіңдер ,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.


Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жерді түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.


Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген бата менен көркейсін,

Ұлы отаным тілегім сол менің де.


Бұл әнде қандай құндылық көрсетілген?

Қызылмен белгіленген өлең жолдарының мағнасын қалай түсінесіздер?




Музыка қойылады. Оқушылар мұғаліммен бірге қосылып ән айта бастайды.







  1. Үй тапсырмасы

5-сабақ 28-бет Л.Воронкова «Қуаныш» мәтінін оқып келу.

Адам жанының сұлулығы жайлы мақал – мәтелдер жазып келіндер

Оқушылар берілген үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Мұғалім жәй дауыспен:

-Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы... Сабаққа қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін, сау болыңдар!


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін естеріне түсіріп, ойларын қорытындылай бастайды.







Ы.Алтынсарин

Алтын шекілдеуік

Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді. Леночка деген кіші қызы сол келтірген көп жемістің ішінде, сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады.

Шешесі айтты:

- Бұл шекілдеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал,- деп, бөтендерін беріп еді, Леночка жылай бастады:

- Мен қара шекілдеуіктерді алмаймын, алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні де тәтті шығар- деп. Шешесі тіл алмайтын қисық баланың дегенін істегеннен артығы жоқ екенін ойлап, Леночкаға алтын тыстыларын, бөтен балаларына бөтен шекілдеуіктерді таратып берді. Леночка қуанып шекілдеуіктерін дереу шаға бастады, қараса, бірінің де ішінде дәні жоқ, бос қабықтар екен. Мұны көріп қасындағы балалар мазақтап күле бастады. Сондаатасы айтты:

- Бұл шекілдеуіктер жеу үшін істелген емес, тек көзге әдемі көріну үшін қойылған; мен шекілдеуіктердің бос қабығын алып, сыртын күміспен бояп қана қойып едім, екінші рет не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы

ішінде болар,- деді.

Сұрақтар

1. Лена қандай жеміске қызықты?

2.Неге Ленаның таңдауы дұрыс болмады?

3. Ленаның атасы қандай кеңес берді?

4. Адамның асылы ішінде болу үшін қандай қасиеттер мен құндылық болу қажет?

5.Қасында отырған сыныптасының бойындағы қасиеттерін ата. Ол қандай сұлулық түріне жатқызылады?



Балалар, адам жанының сұлулығы сыртында емес оның ішкі жан дүниесінде. Өйткені жан дүниесі сұлу адам бойында қарапайымдылық, аққөңілділік, қайырымдылық, мейірімділік , сүйіспеншілік нұры шашып тұрады. Адам тәнінің сұлулығы ол табиғи әсемділік, көркемділігі.Адамның ішкі дүниесі, мінезі жаман болса, сұлу келбетіңнің құны көк тиын.






















Мұғалімнің сыйы


Хабарландыру!!!

Құрметті әріптестер!

Бүгін мен сіздерді 5 «а» сынып оқушыларымен «Адамның жан сұлулығы» тақырыбында өткізілетін ашық сабаққа қатысып, көруге шақырамын!!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Обществознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Өзін- өзі тану пәнінен 5 сынып, Адамның жан сұлулығы

Автор: Рахимжанова Балжан Аманжоловна

Дата: 04.05.2017

Номер свидетельства: 413299

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "?зі?ді тану-?мірді тану 9 сынып"
    ["seo_title"] => string(32) "ozin-di-tanu-omirdi-tanu-9-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "273616"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452251457"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "?зі?ді тану-?мірді тану 9 сынып"
    ["seo_title"] => string(34) "ozin-di-tanu-omirdi-tanu-9-synyp-1"
    ["file_id"] => string(6) "273617"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452251465"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Биология п?нінен ашы? саба?.Та?ырыбы: "Балдыр""
    ["seo_title"] => string(41) "biologhiiapninienashyksabaktakyrybybaldyr"
    ["file_id"] => string(6) "300073"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456663358"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Биология п?нінен  саба?.Та?ырыбы: "Балдыр""
    ["seo_title"] => string(36) "biologhiiapniniensabaktakyrybybaldyr"
    ["file_id"] => string(6) "300076"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456663503"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Химия п?нінен ашы? саба?.Та?ырыбы:"Темір""
    ["seo_title"] => string(38) "khimiiapninienashyksabaktakyrybytiemir"
    ["file_id"] => string(6) "300080"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456664041"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства